?аза? елі талай ?иынды?ты бастан кешті. ?аза? ел басына к?н ту?анда толарса?тан саз кешетін жауынгер халы?. ?лыОтан со?ысыны? тарихына ??ілсек, ?аза?тарды? ?анды ?ыр?ында ?аймы?пай со?ыс?анына ашы? к?зіміз жетеді. О?ан мысал ай?ас ала?дарында ?шпес ерлік жаса?ан бес ж?з ?аза?ты? Ке?ес Ода?ыны? батыры ата?ын ал?анын айтса? та жетеді.
Биыл ?лы же?іс мерекесіні? 70 жылды?ы тойланып жатыр. Ардагерлерді ??рметтеу- бізді? міндетіміз. Же?іс ?шін ашты??а да, ауыр ж?мыстар?а да, тіпті ?лімге де ?арсы т?ра білді. ?аншама азапты к?ндерді басынан кешіріп, б?гінгі к?к аспанында а? к?гершіні ?алы?та?ан бейбіт к?нді сыйлады.
22 маусым - барлы? постке?есті? елдерді? тарихында?ы е? ?ай?ылы датаны? бірі. Осыдан 70 жыл б?рын, д?л осы к?ні та? ?ыла? бере фашистік Германия Ке?естік Социалистік Республикалар Ода?ына шабуыл жасады.
Со?ысты бірінші болып ?арсы ал?андарды? ?атарында Ке?ес Ода?ыны? батыс шебін к?зеткен онда?ан мы? ?аза?станды?-шекарашылар болды. Ата?ты Брест гарнизоныны? ?зінде 1941 жылды? к?ктемінде бізді? 3 мы?дай жерлесіміз ?ызмет еткен, шілде айында оларды? к?пшілігі ?скерден елге ?айтулары керек бол?ан. Біра? жауды? шабуылы оларды? б?л жоспарларын к?л-тал?ан етті. Со?ыс ?рті ішке ?арай тез еніп, Брест ?амалыны? тірі ?ал?ан ?ор?аушылары партизандар ?оз?алысына ?осылды. Оларды? ?атарында 190 ?аза?станды? бол?ан ж?не оларды? к?бісіні? с?йегі беларусь жерінде ?ал?ан.
Со?ыс кенеттен бастал?анымен, ?аза?стан, б?кіл Ке?ес Ода?ы сия?ты, ал?аш?ы к?ннен бастапж?дыры?тай ж?мылды. Республиканы? т?кпір-т?кпірінде ?скери комиссариаттар?а еріктілер а?ылды. Кеше ?ана мектеп партасында отыр?ан бозбалалар мен бойжеткендер де, ?ала мен ауыл т?р?ындары да со?ыс?а с?ранды.
?аза?стан армия мен флот ?шін офицерлік кадрлар ж?не резервтік к?штер дайындау?а да лайы?ты ?лес ?осты. 1941-1945 жылдары ?скери о?у орындарына 42 мы?нан астам жас ?аза?станды? жолданды, ал ?аза?станны? аума?ында сол жылдары ж?мыс істеген 27 ?скери о?у орны толы? емес м?лімет бойынша 16 мы?дай офицер дайындап шы?ар?ан.
Т?рт ?аза?станды? екі м?рте Ке?ес Ода?ыны? Батыры атанды, олар - Тал?ат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов ж?не Леонид Беда.
Ке?ес Ода?ы Батырларыны? ?атарында ?аза?ты? екі ?ызы - мерген ?лия Молда??лова мен пулеметші М?нш?к М?метова бар. Рейхстаг?а Же?іс туын тіккендерді? бірі - ?аза? жігіті Рахымжан ?ош?арбаев. Жауды? тылында партизандарды? ?атарында да ?аза?станды?тар шай?ас?ан. Соларды? бірі - ?асым ?айсенов. Ал танымал ?олбасшы, ?скери жазушы Бауыржан Момыш?лын, 28 панфиловшыларды? ерлігін білмейтін ?аза? жо? шы?ар.
Со?ысты? тек майдан даласында ?ана емес, тылда ж?ргені м?лім.
Б?гін ?аза?станны? барлы? ?алалары мен ауылдарында Да?? монументтеріне, ?лы Отан со?ысында ?аза тап?ан жауынгерлерді? ескерткіштеріне г?л шо?тарын ?ою р?сімдері ?туде. Б?л со?ысты ешкім де ?мытпауы, ешн?рсе де ?мытылмауы керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Же?іс Туы м??гілік желбіремек! »
Жантаева Айдана Ермекқызы
Тараз қаласы
Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жеңіс Туы мәңгілік желбіремек!
(Жеңістің 70 жылдығы)
Қазақ елі талай қиындықты бастан кешті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. ҰлыОтан соғысының тарихына үңілсек, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Биыл Ұлы жеңіс мерекесінің 70 жылдығы тойланып жатыр. Ардагерлерді құрметтеу- біздің міндетіміз. Жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра білді. Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көк аспанында ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлады.
22 маусым - барлық посткеңестің елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастапжұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110400 жылқы, 16200 арба жөнелтілді.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім.
Бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде. Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек.