kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жаңа форматты оқыту-кәсіби кемелденуіміздің жаңа жолы "Баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа форматты оқыту- кәсіби кемелденуіміздің жаңа жолы 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жаңа форматты оқыту-кәсіби кемелденуіміздің жаңа жолы "Баяндама»

"Жаңа форматты оқыту-кәсіби кемелденуіміздің жаңа жолы"

   Баяндама

 

"Басты мақсатымыз - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол-«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа  дәуірдің кемел келбеті"

                                             Н.Ә.Назарбаев

        Мақсаты:

Білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру, саралау. Оқушының  даралық потенциалын есепке ала отырып, сапаға қол жеткізу.

Міндеттері: 

- Білім беру саласындағы  нормативті құжаттарды басшылыққа алу;

- ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психология жетістіктерін тиімді әдістер арқылы меңгерту;

- оқыту технологияларын,қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды, интернет  ресурстарын тиімді пайдалану

- педагог кадрлардың қол жеткізген жетістіктері мен мүмкіндіктеріне жаңаша көзқарас қалыптастыруына жағдай жасау;

Президент   «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген. Ал оны жүзеге асыратын ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім. Еліміздің білім беру жүйесінде түбірлі өзгерістер мен жаңашылдық Дүниежүзілік білім стандарты кеңістігі деңгейіне жету жолында қадамдар жасалуда. Оған дәлел 2011-2020 жылғы Білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес Кембридж университеті мамандары мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен елімізде, Қазақстанда, үш айлық курстың өткізіліп жатқаны.

     Қазіргі заманның негізгі талабы – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу,сондықтан жаңа технологияларды игеру және сабақта қолдану әр ұстаздың басты міндеті.

Жаңа форматты мұғалімнің жеке тұлғалық қасиетіне:

1. Проблеманы өз бетінше шеше білуі

2. Өз әрекеттерін үйлестіре білу

3. Дұрыс мақсат қоя білу

4. Бірлесе әрекет ету

5. Тәуекелшілдік

6. Бастамашылдық

7. Білім деңгейін арттыруға талпыныс

8. Өз еңбегі нәтижесін талдай және жинақтай білуі

Мектебімдегі  жаңа бадарлама негізінде оқып келген мұғалімдер

бағдарламаның модульдерімен таныса отырып,  игеру барысында шешімін таба алмай жүрген сұрақтарының  жауабын тауып, көптеген нәрсеге  басқаша көзқараспен қарай бастағанын көруге болады. Пән мұғалімдерінің сабақтарында  7 модульды басшылыққа ала отырып, жаңа  әдіс-тәсілдерді пайдаланып,  сабақ өткізсем деген ынта, ниет пайда болды. Әрине, олардың бойында "Алдағы  сабақтарым қалай болады?" Жаңа  форматты сабақ өткізу өзгерісін қалай жеткіземін? Оқушыларымды қалай жаңаша бағытта өзгерте аламын? деген қорқыныш та болды.

Әр оқушы өзіне ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсетіп,  бірлесіп жұмыс жасауды қалайтынын дәстүрлі сабақтан білемін, бірақ  қолдау көрсетуіміз жеткілікті дәрежеде  болмай жатады. Бұл жұмысты  жаңа өзгерісте ұйымдастыру және әр сабағымда  диалогқа, сыни ойлауға, жас ерекшелікке, талантты балаларды жетілдіру  бағытында болуы үшін  "Ортақ талқы", "Жұптық жұмыс", " Сұхбат алу", "Алтын балық аквариумы", "Рөлдік ойын"тәрізді  жаңа әдіс-тәсілдерді  тиімді таңдауға мән берілу керек. Топта  оқушылар бір-біріне көмектесіп, идеяларын тыңдап, бірлесе  талдап, белсенді оқушылар "көмекші" ретінде  қызмет атқарады. Дәстүрлі сабағымызда  "оқушыға не ұнады, не ұнамады, өзіне қойған баға туралы  не ойлайды деп көңіл бөлмегенімізді байқауға болады. Ал жаңа форматты  сабақтарда  оқушылардан кері байланыс сұрау әдетке айналса: Сабақты  өткізу тәсілі  сендерге ұнады ма? Өзгерістер қалай әсер етті? Не нәрсе  ұнады, ұнамады? Болашақта сабақты қалай өткізуді қалар едің?

Оқыту технологияларын жүзеге асыру  жолдарына:

1.     Авторлық технологиялар бойынша міндетті білім сатысынан өту.

2.     Оқыту мен тәрбие үрдісіне енгізу

3.     Жыл сайын жұмыс нәтижесін шығарып, мониторинг жасау

4.     Аудандық семинарларда талқылап, педагогикалық оқу, конференциялар арқылы тәжірибе алмасу

5.     Оқыту технологияларының түрлері бойынша      

                     шығармашылық орта қалыптастыру

 Оқушылар  жаңа тәсілдерді қабылдауға, өзгеруге дайын екендігін, олардың мұғалімге берген кері байланыстарынан  да байқалады. Олардың: "Осындай тапсырмалар тағы да  болса", "Бұдан да қызықты әдістер  жүргізілсе","Маған жұбыммен жұмыс жасау ұнады", "Маған  шығармашылық жұмыс қатты ұнады" деген оқушы  жүрегінен орын алған сөздер  мұғалімнің келесі сабағын қалай жоспарлау керектігіне үлкен ой салары анық.

 Жаңа бағдарламаға сәйкес оқушылардағы өзгерістер:

Ø Оқушылардың  сабаққа қызығушылығының артуы

Ø Оқу үдерісіне белсенді араласуы;

Ø Болжам, сұрақтарын құрастырып, нәтижелерін қадағалауы;

Ø Қателердің  оқудың ажырамас бөлігі ретінде қарап, тәуекелге баруы;

Ø Өзіндік мақсат пен ішкі уәждің пайда болуы;

Ø Өз пайымдауын жасау  қабілеті;

Ø Дарынды оқушының көпірше міндетін атқаруы;

Ø Маслоудың бесінші яғни өзін- өзі таныта білу  деңгейіне ұмтылуы;

Ø Игеру тәжiрибесіне  талпынысы;

Ø Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;

Ø Топта өзара білім алмасуды тиімділігін түсіну;

Ø  Қолдаушы дәрежесіне жетуі;

Күтілетін нәтиже:

Ø  Қазақстан Республикасының әлеуметтік және саяси өміріне белсене қатысуға дайын, мектепке дейінгі ұйымдарда оқу – тәрбие әрекетін тиімді ұйымдастыра алатын,бәсекеге қабілетті, кәсіби потенциалы жоғары, құзіретті маман қалыптасады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жаңа форматты оқыту-кәсіби кемелденуіміздің жаңа жолы "Баяндама

Автор: Усенкулова Жамила Болатовна

Дата: 12.10.2017

Номер свидетельства: 432033


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства