Елімізді? болаша?ы - ?рпа? т?рбиесінде.?азіргі заманны? талабына сай білім беру ?шін б?гінгі та?да о?ытуды? мазм?нын ?згерту, я?ни білім беру сапасын арттыру ?ажеттілігі туындап отыр. Б?гінгі білім беру ж?йесіндегі басты жа?алы? - м??алімні? жа?аша форматта білімін жетілдіру. ?азіргі ?ркениетке ілесетін адам ?мір бойы білімге ?мтылуы тиіс.Себебі ?ай кезде болсын жеке т?л?аны? ?алыптасуы ?стаздан басталады.Білім саласында?ы ?згерістер ?стаздан ?лкен жауапкершілікті талап етеді. Сапалы білім ел болаша?ын ай?ындайтын басты к?рсеткіш болып табылады. ?азіргі мектеп партасында отыр?ан б?лдіршін балалар ерте? ел та?дырын шешетін азаматтар.
Білім саласында?ы ?згерістерді ж?зеге асыру ?стаздарды? біліміне, к?сіби шеберлігіне к?п байланысты.Осы ?згерістерді ж?зеге асыру ?шін ,білімні? биігіне к?терілу ?шін б?ріміз атсалысуымыз керек.О?у - білімсіз а?ын да жо?, ?нерпаз да болуы м?мкін емес. Парасаттылы?ты, адалды?ты ш?кірттеріні? бойларына жас кезінен ?ялататын ?стаздар десек ?ателеспейміз. Сонды?тан да, ?стаз е?бегіне еш ба?а жетпек емес.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жа?сы ?стаз – мектеп ж?регі»
Жақсы ұстаз – мектеп жүрегі
Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде.Қазіргі заманның талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі басты жаңалық - мұғалімнің жаңаша форматта білімін жетілдіру. Қазіргі өркениетке ілесетін адам өмір бойы білімге ұмтылуы тиіс.Себебі қай кезде болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.Білім саласындағы өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Қазіргі мектеп партасында отырған бүлдіршін балалар ертең ел тағдырын шешетін азаматтар.
Білім саласындағы өзгерістерді жүзеге асыру ұстаздардың біліміне , кәсіби шеберлігіне көп байланысты .Осы өзгерістерді жүзеге асыру үшін ,білімнің биігіне көтерілу үшін бәріміз атсалысуымыз керек.Оқу - білімсіз ақын да жоқ , өнерпаз да болуы мүмкін емес. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек қателеспейміз. Сондықтан да , ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға ,әлеуметтік өзгерістерге толы.
Мектебіміздің басшысы Ш.Ж. Шарипбаева да директорларларға арналған деңгейлік курсты оқып , мектеп мұғалімдерін көшбасшы ретінде алға жетелеуде. Желтоқсан айында Алматы қаласындағы Республикалық педагогикалық шеберлік орталығының тренері Толықбаева Ғ.Н келіп мектеп директоры мен мұғалімдерге оң баға берді.Осы күні мұғалімдер көптеген іс- шаралар өткізді. I деңгейлі мұғалімдер Г.С.Жунусова , Г.М.Кожахметованың ұйымдастыруымен «Өмір сүру дегеніміз - үйрену» тақырыбында 8 «ә» сынып оқушылары бірлесіп сынып сағатын өткізді. III -деңгей мұғалімі Г.Қ. Абдильданова ағылшын тілінен ашық сабақ берсе,Г.М. Жанабаева «ҚР –ғы білім жүйесі... ХХI ғасыр оқушылары» тақырыбында 10 сынып оқушылыры арасында дебат және I деңгей мұғалімі Ж.Б.Нугербекова «Семья ишкола. Новые подходы в обучении» тақырыбында ата- аналармен коучинг өткізді. Ш.Ж. Шарипбаеваның тәлім алушысы Б.Т.Нурланова ашық сабақ көрсетті.Н.Қ.Чумекбаева мен Ш.Ж.Шарипбаева «Дарынды және талантты балалармен жұмыс» тақырыбында мұғалімдермен коучинг өткізді. Ғ.Н. Толықбаева атқарылған іс - шараларға оң баға беріп ұстаздарға ризашылығын білдірді.
«Жас келсе іске дегендей» - жас ұстаздарға кәсіптік шеберлігін нығайтып олардың өсуіне жол ашу Қаратал аудандық білім бөлімінің негізгі мақсаты.Шығармашыл ұстаздардың іс-тәжірибесін насихаттап, жас мамандар кәсіптік қарым – қатынастарының тәжірибе алмасуына ықпал ететіндей бір топ ұстаздардың шебер, озық үлгідегі сабақтары көрсетілді. Бұл семинарға аудан мектептерінен 38 жас маман қатысты. Сонымен қатар сабаққа қойылатын талаптар мен міндеттер және әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары сабақ беру барысында шебер әрі қызықты өткізілді.
Семинарда өз іс-тәжірибесімен бөлісіп , насихаттап , тиімді қолдана білген ұстаздар қатарында №13 орта мектеп мұғалімі Нұрланова Б.Т. «Қуаныш – жан шуағы» шебер сынып сабағын көрсетсе, мектеп психологы «Психологиялық тренинг», тарих пәні мұғалімі Жанабаева Г.М. «Шығармашыл ұстаз тәжірибесінен» таныстырылым көрсетіп , семинарға қатысқан жас ұстаздарды білімге деген құштарлығын арттырып, жаңа замандағы білім беру саласындағы оң өзгерістерді танып білуіне жол ашты.
Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскер А.С. Амиржанова «Заманауи сабақ және инновациялық әдіс – тәсілдерге» байланысты сабақтардың әдіс – тәсілдермен таныстырып семинарды қорытындылады.
Әр мұғалім өз сабағының - көшбасшысы . Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу - ұстаз шеберлігіне байланысты.
Мектеп директоры және мектеп әкімшілігінің қолдауымен жоспарға сәйкес коучинг сессиялар, семинарлар, әдістемелік күн мен ашық сабақтар өткізіліп жүр.
Әр пән бірлестігі онкүндгінде жаңа форматтағы сабақтарды өткіздік.Атап айтсақ, Г.Қ. Абдильданова ағылшын тілі пәні мұғалімі, Р. Е. Жексенбекова математика пәні мұғалімі , Н.Қ.Чумекбаева география пәні мұғалімі,Г.С. Жунусова, Ж.Б.Нугербекова орыс тілі пәні мұғалімі С.К.Найзабекова, Ғ.М. Қасымова, С.О. Жангирбаева бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізе бастады. Мектебіміздің барлық мұғалімдері жаңа идеяларды қолдап, өз көзқарастарын өзгертті. Бұл бүкіл мектептің өзгеруге бет бұрғаны деп санаймын.
«Әлем өзгереді ,мен де өзгеремін » қағидасын ұстанған сындарлы оқыту теориясы бүгінгі күннің талабына толық жауап беретін бағдарлама. Сондықтан оқушылардың ынтасын артыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен олардың терең игеруін , іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.
Әр уақытта бала білімін алға коюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай енбектенеді. Сонда ғана еліміз көкке шарықтап басқа елге елді танытады, елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды пайдалана білу біздің үлесімізде