?аза? жазба ?дебиетіні? негізін ?алаушы, а?ын – жазушы, т???ыш а?артушы, ?о?ам ?айраткері Ыбырай Алтынсарин ?аза? м?дениетіні?, о?у – а?арту ісіні? к?шбасшысы, кеме?гері болып саналады.
«Ыбырай Алтынсарин ?аза? арасына шы??ан т???ыш кеме?гер адам еді, ол ?ара??ы, к?шпелі, ?з хал?ыны? ішіне еуропалы? м?дениетті? жары? с?улесін тартты» деп, «Оренбургский листок» газетінде орыс достары а?артушыны? тарихи е?бегіне зор ба?а берген еді.
?аза? ?дебиетіні? негізін ?алаушы, ?аза? м?дениетіні? к?шбасшысы Ыбырай Алтынсарин туралы баяндама.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ы.Алтынсарин ?аза? м?дениетіні? к?шбасшысы. »
Ы.Алтынсарин қазақ мәдениетінің көшбасшысы.
Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын – жазушы, тұңғыш ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ мәдениетінің, оқу – ағарту ісінің көшбасшысы, кемеңгері болып саналады.
«Ыбырай Алтынсарин қазақ арасына шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы, көшпелі, өз халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін тартты» деп, «Оренбургский листок» газетінде орыс достары ағартушының тарихи еңбегіне зор баға берген еді.
Ал заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Қазақтың ең алғаш мәдениеті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы», деген еді «Ыбырай Алтынсарин қазақ мәдениетінің зор қайраткері» мақаласында. Шынында да, Ыбырай атамыз қазақ арасына мәдениетті, ғылым мен білімді насихаттаушы алғашқы ағартушы еді.
Ол қазақ сахарасында тұңғыш білім шамшырағын жағып, тұңғыш білім қоңырауын қақты, өз халқын білімге, сауаттылыққа шақырғанда өркениетті елдер қатарына көтерілуді армандады.
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы – қазақ жазба мәдениетінің бастауы, қайнар бұлағы болып табылады. Жазушының кез –келген өлеңін, не әңгімесін алып қарасақ, мәдени желіс сезіліп тұрды.
Ағартушы ақынның өлеңдері сан жағынан көп болмаса да, мазмұны, тәрбиелік мәні өте құнды туындылар.
Шығармаларының тілі қарапайым, көлімі шағын бола тұра көтерген тақырыбы – бүгінгі күннің де өзікті, көкейтесті мәселелерінің өміршендігі таңқалдырады.
ХХІ ғасырдың басында да, ғылым мен техника өз дамуының шыңырау шыңына жеткенде де, жазушы туындылары теңдесі жоқ, әркімге берері мол рухани азық болып отыр.
Ақынның атақты «Кел балалар оқылық!» өлең – мәдениет, білім жаршысы іспеттес.
Бір құдайға сыйынып,
Кел, балалар оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықылас пен тоқылық!
Небәрі төрт жолдан ғана тұратын осы өлең шумағын бүкіл қазақ даласында білмейтін адам кемде кем. Бұл өлең сол жарық көрген 1879 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін мектеп табалдырығын аттаған әрбір баланың алғашқы әліппесі болып келеді. Сондықтан да әрбір қазақ баласының көкірегінде сақталып, жүрегінде жатталып келеді.
Ыбырай Атамыздың бұл туындысы қазақ оқушысына ғылым білім туралы жаңа түсінік әкеледі.
Бұдан кейінгі «Өнер – білім бар жұрттар» атты өлең жоғарыдағы жырдың жалғасы іспеттес. Мұнда да автор әдебиетімізде бұрын – сонды арнайы сөз бола қоймаған тың тақырыпты толғайды. Осындағы келелі әңгіме болатын техника тетіктерін (радио, телефон, газ, электр, т.б.) қазақ тілінде баламасы болмаса да, соны байырғы түсінікті сөздермен жұмбақ іспетті орағыта баяндайды. Ағартушы ақын сол сөздерді ұғындыруда тыңнан жол салып қана қоймай, өзінің шеберлік қырын танытты.
Өнер білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды....
Еуропа халқына «Өнер – білім бар жұрттар»деп айдар тағып, олардың озық мәдениетінің үлгі алайық, енді отыру жарамас деп жас достарына үлкен сенім артады.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым
Сіздерге бердім батамды!
- дейді.
Осыдан 126 жыл бұрын дүниеге келген бұл туынды бүгінгі егеменді еліміздің де жастарына арналып айтылған арнау десек, артық айтылмағандық болар еді.
Дана бабамыздың өлеңдері бүгінгі қазақ жастарына дипломы бар «жоғары білімді» маман болып қана қоймай, туған халқына пайдасын келтірер ұлтжанды азамат болғанды меңзейді.
Ыбырай атамыздың этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңыздылығы жағынан ерекше орын алады. Мысалы «Жаз», «Өзен» деген өлеңдерде табиғаттың сұлулығы, көкорай шалғынды көркі, күмістей сылдыраған суы, көкжиектің мұнарланған сағымы шебер тілмен суреттеледі. Лирик ақынның бұл өлеңдерін оқығанда, көз алдымызға сол сұлулықты елестеп, ақ қағазға түсіруге итермелейді; сол арқылы әлемдік мәдениетке жақындатады. Бұл шығармалар жастарды сұлулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге, құрметтей білуге тәрбиелейді. Бұдан Ыбырай атамыздың жастарға эстетикалық тәрбие берудің маңызын жоғары бағалағанын көреміз.
«Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба деді- дейді...». міне осы әкімнің әдептілігін үлгі ете отырып, сол арқылы кішіпейілділікке, сыпайлыққа баулиды.
Қазіргі кезде қазақ жастарының мәдениеті төмендеп кеткен уақытта Ыбырай атамыздың мұрасына ден қойып, тереңірек үңілсе, әркім мәдени азықтанып, ілгерілей түсер еді деген пікірдемін.
ХХІ ғасырда Ы.Алтынсариннің есімі қайталанбас орын алды. «Даланың алып қоңырауы» атанған бабамыз туған халқымен мәңгі жасай бермек.
175 жылдық мерейтойына қарсы дана бабамыздың бай рухани мұрасы жаңадан толықтырылып, өңделіп, тың зерттеулер еңгізіліп, шығармаларының толық жинақтары қайтадан басылып шықса деген тілегіміз бар.