kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҮЗДІКСІЗ ДАМУ-МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ эссе

Нажмите, чтобы узнать подробности

"ҮЗДІКСІЗ ДАМУ -МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ" ТАҚЫРЫБЫНА ЭССЕ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҮЗДІКСІЗ ДАМУ-МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ эссе»

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі » КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Рахимжанова Данара Мусратовна

ҮЗДІКСІЗ ДАМУ-МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ (эссе)

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойы- лады.

К.Д.Ушинский

«Егер біз бүгін кешегідей оқытсақ, онда біз

балалардың ертеңін ұрлап аламыз»

Джон Дьюи.

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауыммен ұстаз болуым. Осындайда «Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын. Егер де шәкірттерім қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам болып,өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттаса – бұл менің өмірімнің ең шынайы, әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, 25 жыл қазақтың бүлдіршіндерін өмірге кірпіш болып қалануына жол ашқан келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын.

«Шәкірт болып көрмеген ,ұстаз болып жарытпас» деген нақыл сөздің мағынасы қандай тереңде жатқанына жылдар өткен сайын ,жасым ұлғайған сайын осы ойдың тұңғиығына көз жүгіртемін.Ұстаз өмір бойы ізденісте жүретін тау тұлға екенін біреу түсінсе ,біреу түсінбес.Осы сөздерді Семейдің М.Әуезов атындағы педагогика колледжінде оқып жүрген кезімізде сүйікті ұстаздарым Зайра Сләмбековна мен Галина Ирангалиевна және Шәкәрім атындағы Университетте тәлім берген Исин Амантай ұстазымыз жиі айтатын. Расында да қырықтың қырқасынан асып, бастауыш сынып буынының жілігін шағып,майын ішіп отырсақ та мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан кейін «Білгенім бір төбе,білмегенім тоғыз төбе» екеніне көзім жетті. «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде» жаттықтырушы Кусаинова Динара Бурабаевнаның үйреткен инновациялық стратегиялары және «ӨРЛЕУ» ПҚБАИ-ның қызметкерлерінің ұйымдастырған іс-шаралары педагогикалық кәсіби құзыреттілігімді арттыруға зор үлесін қосты. Курстан кейінгі өткізген іс-шараларым,сабақтарым шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып,олардың бойына жаңа бір серпіліс берді. Осындай тың идеялар мен түрлі жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді Динара Бурабайқызынан үйрене отырып, ұстаздық шеберлігіме жаңадан қос қанат біткендей сезімде болдым .Себебі,қазіргі оқушыларды таң қалдыру қиынның қиыны.Ал ,сәбиінің артында тұрған Асқар тауы ата-ананың жүрегіне жол табу- бұл нағыз «зергер» ұстаздың қолынан келетін ғана шаруа. Қазіргі қарқыны шектеусіз заманда осындай құлыптаулы жатқан педагогикалық «Сиқырлы сарайдың» «Алтын кілтін» осы «Өрлеу» атты киелі шаңырақтан таптым. Бастауыш сынып ұстаздарына қиындық көрсететін күнделікті сабаққа қолданатын көрнекі құралдар болса ,қолжетімді ресурстарды қолдану арқылы кез-келген сабақты жандандыруға болатынын да Д.Б.Кусаинова жаттықтырушымыз үйретті.Ал, осындай қарапайым ресурстарды қолдана отырып,бала өз қолымен жасап көріп,сабаққа деген құлшынысы оянатынын байқадым. Бастауыш сынып оқушысы тұрмақ ,өзіміз жаңа бір ғаламшарға саяхат жасағандай болдық. Сондай-ақ қысқа мерзім ішінде ұжымның бірлігін арттыруды үйретіп ,әріптестерге кәсіби көмек көрсету жағын жаттықтырушымыз шебер ұйымдастыра білді.
Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.
Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.
Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.

Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік- білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді.Ел болашағы – білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – ұстаздар қауымына ортақ іс. Өз білімін үнемі жетілдірмеген ұстаз- қоғам көшінен қалып қоятыны сөзсіз, сондықтан үнемі алдына жаңа мақсат- міндеттер қойып, жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа аранаға бұрып, өмір талабы мен оқушы талғамына, сұранысына бейімдеп отыру жаңашыл ұстаздың міндеті. Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:  инновация туралы білімі,инновацияны жан-жақты меңгеру, оны тәжірибеге ендіру жұмыстары және практикада дұрыс қолдану.Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін осы оқу жылында «Бастауыш сыныптарда білім сапасын арттыруда оқу-тәрбие үрдісіне білім берудің инновациялық технологияларын енгізу» бойынша өзекті тақырып таңдадым.Сондай-ақ курстарда үйренген түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды іс-тәжірибемді І (ілгері) деңгейлі мұғалім болғандықтан коучингтер,шеберлік сағаттар өткізу арқылы әріптестеріме үйреттім.Әсіресе ,«Дарынды балаларды анықтаудың тиімді әдіс-тәсілдері» және «Топтық жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдары» тақырыптарына өткен коучингтер жоғары деңгейде өтіп,әріптестер және әкімшілік тарапынан жоғары бағаланды.

Осы өткізген шараларыммен Республика деңгейіндегі сайыстарға қатысып, «Үздік шеберлік сабақ» республикалық оқытушылар сайысы І орын,«Үздік ашық сабақ» республикалық оқытушылар сайысы ІІ орын, «Үздік тәрбие сағаты» сайысында жүлделі ІІ орындарды иелендім .

Осындай сайыстар облыс көлемінде де өткізілсе де ұстаздар қауымына тәжірибе алмасуға ,желілік қоғамдастық құруға көмегі болар еді деп ойлаймын.Себебі,2016 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ өткізген «Білім берудегі тәжірибе мен инновация: уақыт талабы» атты ІІ Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңіндегі сайысқа қатысып,облыстың шебер ұстаздарынан үйренерім көп болды.

Кәсіби шеберлігімді шыңдаудаға мұрындық болған жоғарыда аталған институт басшыларына ,жаттықтырушы Д.Б.Кусаиноваға ұстаздық жүрегіммен алғысымды білдіремін ,әлі де кәсіби шеберлігімді арттыруда тығыз байланыста болуды алдыма мақсат етіп қойдым.Себебі ,берері мол киелі қара шаңырақтан әлі де аларым көп екеніне сенімдімін

Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыра-ды.Ал,ұстаздарды жаңашыл ұстаз етіп етіп қалыптастыратын киелі орда - «Өрлеу» ПҚ БАИ екені баршаға мәлім. Осындай жолы мен жөні ерен осы ұжым – ұстаздардың ғана емес, бүкіл облыс мақтанышы!
Қара шаңырақтың құрылғанына 70 жыл толу мерейтойымен осы ұжым мүшелерін құттықтай отырып, қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріне өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріне толымды табыс тілеймін. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерейлеріңіз үстем болсын!

.























































































































































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ҮЗДІКСІЗ ДАМУ-МҰҒАЛІМНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ эссе

Автор: Рахимжанова Данара Мусратовна

Дата: 05.11.2018

Номер свидетельства: 483683


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства