?лтты? ойындарды саба? ?рдісінде пайдалану ?діс -т?сілдері
?лтты? ойындарды саба? ?рдісінде пайдалану ?діс -т?сілдері
Та?ырыбы: «?лтты? ойындарды саба? ?рдісінде пайдалану ?діс- т?сілдері».
І.Кіріспе
Хал?ымызды? тарихи – м?дени м?раларыны? т?рлері сан алуан. Осындай ??нды м?дени игіліктерді? бірі – ?лтты? ойындар. Ойын дегеніміз – адамны? а?ыл-ойын дамытатын, ?ызы?тыра отырып ойдан - ой?а жетелейтін, тынысы ке?, алыс?а ме?зейтін, ?иял мен ?анат бітіретін ?ажайып н?рсе.
?аза? хал?ыны? ?лы а?ыны Абай ??нанбаев: «Ойын ойнап ?н салмай, ?сер бала бола ма?»-деп айт?андай, бала ?мірінде ойын ерекше орын алады.
Баланы? ?мірі, ?орша?ан ортаны танып, е?бекке ?атынасы, психологиялы? ерекшеліктері ойын ?стінде ?алыптасады. Балалар ойын ойнау барысында ?здерін еркін сезінеді. ?зін еркін ?стайды, ал еркіндік дегеніміз барлы? дамуды? баспалда?ы. Іздемпазды?, тап?ырлы? ?рекеті (сезіну, ?абылдау, ойлау, зейін ?ою, ерік ар?ылы) бай?алады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?лтты? ойындарды саба? ?рдісінде пайдалану ?діс -т?сілдері»
Тақырыбы: «Ұлттық ойындарды сабақ үрдісінде пайдалану әдіс- тәсілдері».
І.Кіріспе
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.
Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Ұлттық ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады.
Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған есептерді алу.
«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білімімен сынасады. Алдымен ойын шартын түсіндіру. Ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қою.Арқанның қызыл мата байлаған жерін тең етіп қою. 2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса, жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол топ жеңді деп есептеледі.
Ұлттық ойындар ата-бабаларымыздан бізге жеткен «ханталапай»
ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады. Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты алу арқылы тапсырмаларды орындау тапсырылады. Математика сабағында 2- топтан 2-оқушы қатысады. Асықтағы нөмер бойынша сол тапсырмаларды орындайды. Бұл баланы жылдамдыққа, жылдам есептеуге, ептілікке үйретеді.
«Ақсүйек» ойынын сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Тақтаға нөмерленген, артына тапсырмалар жасырылған әртүрлі түсті қағаздар ілінеді. Тапсырманың біреуінде ақсүйектің суреті жасырылған. Нөмерлерді таңдау арқылы ақсүйекті табу тапсырылады. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдалануға болады. Ойын ойнау барысында балалар өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою) байқалады.
«Сиқырлы қоржын». Бұл ойынды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдануға болады. Ойынның шартына сәйкес оқушылар кезекпен қоржын iшiнен асық алады. Асықтарда сандар жазылған, қай сан шықса, сол санға берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Күтілетін нәтиже:
-сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.
-оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
-ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
-оқушылардың қабілеттері айқындалады.
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Қорытындылау.
Қорыта айтқанда, ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі болмақ.