kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты. Бастауышым – балб?ла?ым!

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Білім негізі бастауыштан басталатынын, білімні? ке? д?ниеге есік ашатынын сезіндіру. О?у?а білімділікке ша?ыру.

2. Мектепті, білім ордасын, ?стаздарын ??рметтеп, е?бекті ба?алай білуге т?рбиелеу.

3. Ой-?рісін дамыта отырып, ?зін-?зі бас?ара алатын жеке т?л?а ?алыптастыру, шы?армашылы? ?асиеттерін аша т?су.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты. Бастауышым – балб?ла?ым!»

Тақырыбы: Бастауышым – балбұлағым!

Мақсаты: 1. Білім негізі бастауыштан басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Оқуға білімділікке шақыру.

2. Мектепті, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

3. Ой-өрісін дамыта отырып, өзін-өзі басқара алатын жеке тұлға қалыптастыру, шығармашылық қасиеттерін аша түсу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, ертеңгілік тақырыбы, шарлар.

Сабақ барысы: Мұғалім:

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырына тыңдарманым, сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,

Лаулап жансын болашағы шамшырақ.

1-жүргізуші: Армысыздар әлеумет, кеш қонағы,

Бүгін бізде мереке аса мәнді.

Қуанып зер салайық, ей халайық,

Балғындарды қошеметтеп қарсы алайық.

2-жүргізуші: Қош келдіңіз құрметті, ата-аналар!

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз бақытты балғын шақты балалар!

1-жүргізуші: Қадірменді қонақтар!

2-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар!

1-жүргізуші: Аяулы ата-аналар!

Біз бүгінен алғаш қалам ұстатып, әліппемізді ұсынған сүйікті ұстазымызға рақмет айту мерекесіне жиналып отырмыз. Жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, мектеп-анаға алғысымызды айтамыз.

2-жүргізуші: Сонымен, «Бастауышым – балбұлағым!»

Атты ертеңгілігіміз ашық.

(Оқушылар осы ретте бір-біріне жақсы тілектерін айтады).

Бәрі: Мектеп – кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.

1-оқушы: Шаттанамын, бүгін мен шаттанамын,

Ғылым сырын түсініп мақтанамын.

Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым-ай,

Түстей болып, міне бүгін артта қалды.

2-оқушы: Қоштасу тойы басталды,

Ән мен биге бастайық,

Өнерімізді көрсетіп,

Әнмен шашу шашайық.

1-жүргізуші: Сыныбымыздың оқушыларының орындауында,

Хор: Алғашқы ұстазым қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ұстаз жаққан шырақты

Өшірмейік, балалар,

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітапты-дей келе, балалар бәріңді зерделі,

көңілдерің сәулелі болуға шақырамын.

1. Біз нені үйрендік?

- Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.

- Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, елімізге жақсылық жасауды.

1-жүргізуші:

2. Біз нені сүйеміз?

- Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ұстазымызды, мектебімізді.

3. Біз нені ажырата білеміз?

- Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты.

4. Біз кім боламыз?

- Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер.

2-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде – дей келе сыныбымыздың биші қыздары Жазира мен Аружанның орындауында Испан биі қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Көрініс: «Пәндер айтысы»

«Пәндер айтысы» көрінісі көрсетіледі.

Математика: Достар, жүріңдер. Ғылымға барып ақыл-кеңес алып, даудың төрелігін сұрайық.

Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?

Математика: ( тізерлеп амандасып, қолын көкірек тұсына қойып):

- Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.

- Ендеше, баяндаңдар.

Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен болмасам, адамдар сағатты, сауданы, жерді т.б. ғылымдар есебін қалай есептей алады.

Ана тілі: Жоқ. Мәртебелі Ғалым, адам баласы ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.

Қазақ тілі: (жүгіне отырып, қолы көкірек тұсында):

- Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.

Ағылшын тілі: - Тоқтаңыз, Қазақ тілі. Сен осылай сайрап тұрғанда мен де қарап қалмаспын. Әлемді үш тұғырлы тіл жайлағанда ағылшын тілінің орны ерекше. Өйткені, мен арқылы компьютер, бүкіл дүние жүзі ғаламторға еркін самғай алады.

Орыс тілі: (басын иіп): Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса, қалайша ол үш тұғырлы болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?

Дүниетану: - Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?

Дене тәрбиесі (спорттық қимыл көрсетіп): - Қымбатты достар, барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға келдім. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы ширақ, шымыр болу керек қой.

Ғылым: Өнер , сен неге үнсіз қалдың

Өнер: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір-бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті, үлгілі болуды қалаймын.

Ғылым: Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін,бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп, татулықпен тарқасайық достар.

«Ата-аналармен» ойын

2-жүргізуші: Хор: «Ақ мамам» қабыл алыңыздар.

3-оқушы: Білімнің қайнар бұлағы,

Өнердің жарқын шырағы.

Тұрағы өзің мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.

4-оқушы: Өнерге ошақ тәрбиең,

Бір сеннен қуат аламын.

Жарылқашы тәңір ием,

Таудай ғой менің талабым.

5-оқушы: Мектебім- мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

1-жүргізуші: Көрініс: Әке мен бала.

2-жүргізуші: Бастауыш сыныпта біз мемлекеттік тілден басқа қай тілді жетік үйрендік? -Дұрыс орыс тілі. Келесі кезекті орыс тіліне береміз.

6-оқушы: 7-оқушы: 8-оқушы: 9-оқушы: 10-оқушы: 11-оқушы:

1-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде – дей келе сыныбымыздың биші

ұл-қыздарының орындауында «Флэшмоб» билерін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Хор: Ақ көгершін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Биылғы оқу жылында «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысып жүлделі ІІ орынға ие болған, Мұқағали Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқитын сыныбымыздың мақтанышы Ақбай Мараттың орындауында «Поэзия» қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Біздің сыныптағы өте ерекше, әрі ақылды, апайымыздың жолымен ұстаз болуды армандайтын, Бағданайдың орындауында «Эссе» қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Азаматы болсын деп саналы елдің,

Кілтін бердің білімнің, сан өнердің.

Қимай-қимай біздерді аяулы ұстаз,

Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердің.

Келесі сөз кезегін Бастауыш Оқу Ісінің Меңгерушісі Амангүл Пірәліқызына беріледі.

1-жүргізуші: Тал бойына шуақ тұнып, мейірлене есілген,

Тентектікті, еркелікті ақыл айтып кешірген.

Айналайын ата-аналар панамыз,

Әлпештеген, әлдилеген, ән-күйменен өсірген.

Құттықтау сөз құрметті ата-аналарға беріледі.



ЭССЕ «Алғашқы ұстазым»

Мен осы сынып оқушысы Бағданай боламын. Осы жылы бастауышпен қоштасқалы отырмын. Бастауыш – сенің алдыңғы өміріңнің бастауы. Мен жазу, сызуды, оқу мен санауды бастауышта үйрендім. Сол себепті алғашқы ұстазыма айтар алғысым мол. Әрине оның бәрін мектепке бара салып үйренбейсің. Сенің мінезіңе көніп, еркеліктеріңе шыдап, сені болашақ өмірге дайындап оқуды, жазуды, санауды үйрететін ол - алғашқы ұстазың. Алғашқы ұстазыңның да сенің өміріңде алар орны ерекше. Көп адамның ойынша, сенің мінезің де, оқып, жазуың да өсе келе алғашқы ұстазыңа ұқсап кетеді екен. Бұл шындық болуы да мүмкін. Мысалы, алғашқы ұстазың өнерге жақын болса, шәкірті де сол өнерге бейімделіп кетеді.

Менің алғашқы ұстазым Сугирова Калимаш апай. Менің апайыма айтар алғысым, ақ тілегім мол. Болашақта өмірінің ұмытылмас бөлшегі болып қаларыма сенімдімін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие са?аты. Бастауышым – балб?ла?ым!

Автор: Сугирова Калимаш Кулмаганбетовна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291127


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства