kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Топты? ж?мыс ар?ылы о?ушыларды? сыни ойлау ?абілеттерін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш?кір Айнаг?л Бахытжан?ызы А?мола облысы жар?айы? ауданы Гастелло орта мектебіні? бастауыш сынып м??алімі

      «Жай м??алім хабарлайды,

 Жа?сы м??алім т?сіндіреді,

Керемет м??алім к?рсетеді,

 ?лы м??алім шабыттандырады »

                                 Уильям Уорд

    Орта білім беру ж?йесіні? іргетасы бастауыш сыныптарда ?аланады. Б?л – ?здіксіз білім беру ж?йесіні? ал?аш?ы ма?ызды сатысы.
Бастауыш білім беруде со??ы жылдары о?ушы т?л?асын дамыту, бастауыш сынып о?ушыларыны? о?у білігін ?алыптастырып, оларды? білім, білік, да?дысын жо?ары де?гейге жеткізу ма?саттары ?ойылып отыр.
Озы? ойлы, тап?ыр да, н?зік сезімтал, пайымды ш?кірттерді? іскерлігін, м?мкіндігін ескеріп, ба?ыт - ба?дар беру, ой - ?рісін дамытатындай логикалы? ой тастау ?рбір ?стазды? міндеті.
Бізді? міндетіміз – д?ниеж?зіндегі жа?алы?тар мен дамуларды назар?а ала отырып, одан да жа?сысын, тиімдісін ?сыну. ?йткені ?асырымызда барлы? салада даму ?те жедел ж?зеге асуда. ?рине, дамуды? негізі – білімде.
?р бала жас кезінен еркін ойлау?а, алдына ?ой?ан істі жоспарлап, оны со?ына дейін жеткізуге, кедергілерге ?арсы т?ру?а бейімделгені ж?н.
Сонды?тан да ?р саба??а о?ушыларды? ?р м?селеге сыни к?з?арасын ?алыптастырып, оларды ашы?, еркін с?йлеуге баулу – ?р ?стазды? міндеті.
  Мен о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін ?алыптастыру, о?ытуды? жа?а ?діс - т?сілін ?олдану сия?ты м?селелерді басты міндетке ?оя отырып, ?азіргі заман талабына сай  ?шінші (негізгі) де?гей ба?дарламасы бойынша курс?а ?атысып, сертификат алып, ал?ан білімімді ?з сыныбымда ?олдану?а тырыстым.
 Саба? процесінде е? басты т?л?а о?ушы екенін т?сіндім. ?рине, б?рын?ы д?ст?рлі ?дістерге ?бден ?алыптасып ?ал?ан м??алімге ?зіні? к?з?арасын, философиясын ?згерту о?ай емес. Осы ба?дарлама бойынша ж?мыс істегеніме бір жыл. Сын т?р?ысынан ойлау ?дісін топпен ж?мыс істеуді ?олдана отырып, о?ушыларды? ойын, еркін с?йлеуін, тілін дамытып, бір - бірін ты?дай білуге, ?зіні? де бас?аны? да жауабын сын т?р?ысынан ба?а бере отырып, ??рмет к?рсетуге ба?ыт беремін. Мен осы ба?дарламаны? ?діс- т?сілдерін ме?геріп, т?жірибе ж?зінде ?олдану барысында к?птеген жетістіктерге жеттім.
Осы ба?дарлама бойынша ат?арып жат?ан т?жірибемді орта?а саламын.

  Ана тілі п?нін ?ткізу кезінде ба?дарламада ?сыныл?ан жеті модульде ?арастырыл?ан идеяларды пайдалана отырып, саба?тарымды ?ткіздім. О?ушыларды ?р саба?та бірлескен топты? ж?мыстар?а тарту?а тырыстым. Топты? ж?мыстарды? ережелерін о?ушылармен бірігіп ??растырды?. Топты? ж?мысты жасауда ынтыма?тасты? атмосфера жасадым.Топтасу барысында ?р о?ушы ?амтылды. Оны  тренингтер ар?ылы ж?зеге асырып отырдым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Топты? ж?мыс ар?ылы о?ушыларды? сыни ойлау ?абілеттерін дамыту »

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

«Гастелло орта мектебі»ММ





























Шәкір Айнагүл Бахытжанқызы

бастауыш сынып мұғалімі

санаты- бірінші, білімі- жоғары

Аудандық тамыз кеңесі




Тақырыбы:

Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту



«Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады »

Уильям Уорд

Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл – үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы.
Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып отыр.
Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.
Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде.
Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті.
Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс - тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша курсқа қатысып, сертификат алып, алған білімімді өз сыныбымда қолдануға тырыстым.
Сабақ процесінде ең басты тұлға оқушы екенін түсіндім. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес. Осы бағдарлама бойынша жұмыс істегеніме бір жыл. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін. Мен осы бағдарламаның әдіс- тәсілдерін меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім.
Осы бағдарлама бойынша атқарып жатқан тәжірибемді ортаға саламын.

Ана тілі пәнін өткізу кезінде бағдарламада ұсынылған жеті модульде қарастырылған идеяларды пайдалана отырып, сабақтарымды өткіздім. Оқушыларды әр сабақта бірлескен топтық жұмыстарға тартуға тырыстым. Топтық жұмыстардың ережелерін оқушылармен бірігіп құрастырдық. Топтық жұмысты жасауда ынтымақтастық атмосфера жасадым.Топтасу барысында әр оқушы қамтылды. Оны тренингтер арқылы жүзеге асырып отырдым.

Сынып оқушылары өте жоғары қызығушылықпен кірісіп кетті. Сабақ барысында

тапсырмаларды өздері талдап, бір шешімге келіп, бір-бірін тыңдап, әрқайсысының пікірі құнды екенін білді. Алғашқы сабақта оқушыларды біріктіру үшін топтарға бөліп отырғыздым. Кейінгі сабақтарда топтағы оқушылар орындарымен ауыстырылды.Әр сабақта топтарды өзгеріп отырғанын қадағалауға тырыстым. Өткізген сабақтарымдағы менің ендігі рөлім бағыт беруші, оқушының ойын толықтырушы, топтық ережелерді сақтау барысын қадағалаушы, оқушылардың білім деңгейін бағалаушы, бақылаушы. Сабақ барсынды АКТ-ны жиі пайдаланып отырдым.Өйткені АКТ арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен тіл байлықтары дамыды.

Сабақта берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылау барысында оқушы өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, өзгенің түсінгенін ой иелегінен өткізу арқылы пікір алмасуы, ойларын толықтыруы, жинақтауы айқын байқалып отырды. Жаңа бағдарлама бойынша өткізген сабақтарымда оқушылар жауаптарын ауызша айтып ғана қоймай, ойларын жеткізу мақсатында қағаз бетіне түсіріп немесе презентация құрып, тіпті тақырып бойынша көрініс көрсетіп, өлең жолдарын шығарды. Бұдан қорғаудың әр түрін қолдана отырып, әр оқушыға өзін әр қырынан көрсетуге мүмкіндік болды.

Топтық жұмыс ана тілі сабақтарында өте тиімді, себебі оқушылар өз ойларын жеткізе біледі. Топтық жұмыс өткізген барысымда мынадай өте қызықты сабақ өтетінін білген жоқпын. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, біреуі сурет салса, біреуі өз ойын салуда. Дәстүрлі сабақтарымды салыстырып кететін болсам, оқушыларым жалығып отырушы еді.

Ал топтық жұмыста жалығып отырған оқушылардың қызығушылығы артып, жұмылдыра жұмыс жасай біледі. Орташа оқитын оқушы төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатыр.

Ал дарынды балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра көмектесті. Жаңа әдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау жолдарын іздеу барысында топпен шешіп, бір- бірінің көмегіне жүгінді. Яғни, бұл жерде Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Бұдан оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, әрқайсысы өз қабілеттеріне қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында әркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырды. Ал түсінгендерін топпен қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы кеңінен талқылап отырды. Менің ойымша осы сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауға, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім берудегі басқару және көшбасшылық және талантты мен дарынды балаларды оқыту модульдері араласып өтілді. Әсіресе, ана тілі пәнінде «Көктем» тарауы бойынша өтілген әрбір тақырыпты өту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі қолдандым. Себебі, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады.Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтап алдым, тексеру мен бағалаудың әділдік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу біздің өтіп жатқан тәжірибеміздің болашағы деп ойлаймын. Сабақ тиімді өту үшін көп ізденушілік, жауапкершілік керек.
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.
Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыпта түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды.

Сабақтарды өткізу барысында мен мынандай жетістіктерге қол жеткіздім: топқа бөліну кезінде тез орындарын таба білу, жұппен, топпен жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып өз пікірлерін ортаға сала отырып талқылай алатынына көзім жетті . Бұл сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар жаңа тақырыпты ашуға атсалысады. Сұрақтарды барлық сабақ кезінде қолданым – деп айта аламын, себебі біздің сабағымыз үнемі сұрақтар беру арқылы оқушыны жетелей отырып, өзі түсініп жазғанға дейін жүргізіледі. Сынып оқушылары бір-бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. Түсініксіз жерлерін сұраудан қорықып қысылған жоқ.Жас ерекшеліктеріне сай балаларға мазмұнын бірнеше шағын бөлімдерге бөліп ресурстар дайындап, сабақ жоспарының тапсырмаларына сай таратып отырдым. Оқушылар тапсырма бойынша өз ойларын постерге, «Венн диаграммаға» жазып қорғады. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың тақырыпты өздігінен түсінуге құлшынысы байқалды.Постер құру-оқушыларға ең ұнаған әдістердің бірі. Топпен жұмыс жасауға тиімді тәсіл деп ойлаймын. Топ мүшелері өз міндеттерін белгілеп алғансын жауапкершілік сезінді. Үлгерімі төмен оқушылардың өздері белсенділек танытып, басқа қырынан көрінді. Постерді тақтаға шығып қорғау оқушыға сөйлеу мәнерін үйретті. Көпшілік алдында сөйлеуге үйренді. Бір айналым сөйлесу кезеңінде оқушылар өз ойларын ашық айтуға дағдыланады. Оқушылардың деңгейлік тапсырма бойынша ынтасын арттыру үшін топтарға біріктіріп, әр тапсырмадан соң топтарын деңгейлеп ауыстырдым.Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында рефлексия кезеңінде «Ыстық орындық» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекітуде жөн санадым. Бүгінгі сабақты жақсы меңгердім деген оқушы шығып, ыстық орындыққа келіп отырды, осы оқушыға сыныптастары сұрақ қойды. 



Топтық жұмыстың артықшылығы: 


1-Оқушылар өзара достық қатынаста болады; 
2-Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді, 
3-Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дәлелдеп үйренеді; 
4-Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді; 
5-Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. 
6-Уақыттары қызықты әрі тиімді өтеді. 
7-Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды. 
Сөйлеуі қиын, сыныпқа араласа алмайтын оқушының да бұл пікірталас, топтық жұмыстарда белсене араласуы таң қаларлық жағдай. Топпен жұмыс барысында оқушылардың ойы сан түрлі болды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың тақырыпты өздігінен түсінуге құлшынысы байқалды ,оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады. Күнделікті сабақ жоспарларын жеті модульді ескере отырып өзгертіп беру арқылы сабақтарым қызықты өтті. Мектептегі іс-тәжірибемде енгізген жаңа идеяларым сабақтың мазмұнын ашуға көмек берді деп нақты айта аламын. 
Тәжірибемде өткізген әдіс-тәсілдерімді әлі де түрлендіріп қолдану менің мақсатымның бірі. Сабағымда оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында диалогтың түрлерін қолдана алуды шыңдау қажет. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын қалыптастыратын сұрақтар түрлерін енгізуім шарт. Сыни ойлау қабілеттерін шыңдау барлық мұғалімдердің құзырында деп білемін. Сондықтан да алдағы жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушылардың сыни ойлана бағалауын дамытуым қажет. Сонымен қатар, сапалы және табысты оқыту барысында оқушылардың бойындағы сыңаржақтылықтың болмауына жағдай жасау, ұтқырлығын тиімді пайдалануға дағдылануды қолға аламын.  


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Топты? ж?мыс ар?ылы о?ушыларды? сыни ойлау ?абілеттерін дамыту

Автор: Ш?кір Айнаг?л Бахытжан?ызы

Дата: 24.09.2014

Номер свидетельства: 114625


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1520 руб.
2530 руб.
1580 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства