kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тола?ай" сайыс саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Уа, хал?ым назар аудар денсаулы??а!
?мірде ба?ыттысы? дені? сау да.
Денсаулы? тере? ба?ыт деген с?зді
??р айтпа?ан ?лы Абай данамыз да!
Елбасымыз Н. ?. Назарбаев «?аза?стан - 2030» стратегиялы? жолдауында бізді? болаша? балаларымыз арыстандай айбаттылы?ымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ?стайды деп болаша? жастар?а ?лкен сенім артады.

Салауатты ?мір с?ру ?з ?олымызда. Осы ма?сатта біз б?гін «Тола?ай» отбасылы? спортты? сайысты ?йымдастырып отырмыз. Сайысымыз?а ?ош келді?іздер! Сайыс?а о?ушылар  ата-аналарымен ?атысады. Сайысымыз?а 7 топ: «?ыран» тобы (2Д), «С???ар тобы» (2Д), «Бірлік тобы» (3А), «Барыс тобы» (2Г), «Шымыр» тобы (3?), «Айг?лек» тобы (2 А), «Байтерек» (2В) топтары ?атыс?алы отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тола?ай" сайыс саба?»

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады.

Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. Сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысқа оқушылар ата-аналарымен қатысады. Сайысымызға 7 топ: «Қыран» тобы (2Д), «Сұңқар тобы» (2Д), «Бірлік тобы» (3А), «Барыс тобы» (2Г), «Шымыр» тобы (3Ә), «Айгөлек» тобы (2 А), «Байтерек» (2В) топтары қатысқалы отыр.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да, шапшаң,
Топтарымызды шақырамыз.

( Музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)

Олай болса әр топ өздерін таныстырып өтсін.

Топ атауы: «Бірлік» Ұраны: "Бәріміз - біріміз үшін, біріміз - бәріміз үшін". Киім: (ақ түсті)

Топ атауы: «Қыран» Ұраны: «Қыран алға, жасыма талма, жеңіс біздің қолда!» Киім:( көк түсті)

Топ атауы: «Сұңқар» Ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз ,                                                                                            Желден озған жүйрікпіз.                                                                                            Жарысуға сендермен,                                                                                                Келіп тұрған мықтымыз.   Киім: (ақ түсті)

Топ атауы: «Барыс» Ұраны: Қатар өскен құрдасқа,                                                                                               Жарыс ұнап  тұрмасқа.                                                                                               Қуып жету жақсы гой,                                                                                             Озып шығу бір басқа.      Киім: (сары түсті)

Топ атауы: «Шымыр» Ұраны: «Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.» Киім: (қызыл түсті)

Топ атауы: «Айгөлек» Ұраны: «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз.» Киім: (жасыл түсті)

Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз.
«Бәйтерек» тобын ортаға шақырамыз. Киімі: (сары түсті)

Сайысымызды бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділ-қазылармен таныс болыңыздар:


Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайларымен бағаланады.

Сайыс 8 кезеңнен тұрады ,сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1-кезең «Тасымақ»

2-кезең «Қаппен секіру»

3-кезең «Кім тапқыр?»

4-кезең «Тунельден өту»

5-кезең «Кім жылдам?»

6-кезең «Шығыршық»

7-кезең «Эстафета»

8-кезең «Арқан тарту»

Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете білсең,
Жақсы азамат боласың-дей келе,

1 - кезең: «Тасымақ» Шарты: Анасы мен әкесі қолдарына баланы отыратындай етіп ыңғайлап, баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

2- кезең: «Қаппен секіру» Шарты: Әр ойыншы қаппен жүгіреді, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп, сол күйінде қайта жүгіріп келу.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

3-кезең «Кім тапқыр?» Шарты: Әр ойыншы жүгіріп барып, шарды жарып, шардың ішінде берілген сұраққа жауап беріп. Қайта жүгіріп келеді.
Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

Тал шыбықтай бойына,

Әдемі көйлек жарасар.

Шақырайық ортаға,

Біздің биші қыздарды!- Ортада «Гүлдәурен» би тобы. «Маңғыстау» биімен.

4-кезең «Тунельден өту» Шарты: Әр команда мүшелері тунельден өтіп, матрастан домалап, айналып жүгіріп келеді.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

5-кезең «Кім жылдам?» Шарты: Әр команда мүшелері, секіргішпен секіру арқылы, жүгіріп барып келеді.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

6-кезең «Шығыршық» Шарты: Отбасы мүшелері барлығы, шығыршық ішіне жиналып, жүгіріп барып келеді.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
Ән мен шашу шашайық.

Ортада

7-кезең «Эстафета» Шарты: Әр команда мүшесі эстафета таяқшасымен жүгіріп келіп келесі ойыншыға таяқшаны береді. Бұл жерде жылдамдық қажет.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

8-кезең Ең соңғы кезең.«Арқан тарту» ойыны. Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

Әділ - қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз!

Бұл кезең бізде соңғы кезең болып өтті. Ендеше әділ-қазылар алқасы әділ бағаларын есептеп шығарғанға дейін ортаға

Әділ - қазылар алқасына сөз бермес бұрын, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.Әділ-қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. Марапаттау рәсімі! 
Біз қазақпыз,
Ел үшін атқа мінген.
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,
Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген - дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!



























Жаңаөзен қаласы

№6 орта мектеп











«Толағай

(отбасылар сайысы)



























2015/2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Тола?ай" сайыс саба?

Автор: Реимбаева Салтанат Мухитовна

Дата: 18.12.2015

Номер свидетельства: 267763


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства