kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таза болса табиғат,аман болар адамзат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: «Табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері: -Табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсініктерін,экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;
-Денсаулығын күту іскерлігін дамыту,денсаулығын нығайтуға деген іскерлігін арттыру,
-Табиғатты қорғау,сақтау қажеттігі туралы ой,ынта туғызу,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Елін,жерін Жер ананы құрметтеуге тәрбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таза болса табиғат,аман болар адамзат»

Тақырыбы: Таза болса табиғат,аман болар адамзат
Мақсаты: «Табиғат», «денсаулық» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері: -Табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсініктерін,экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;
-Денсаулығын күту іскерлігін дамыту,денсаулығын нығайтуға деген іскерлігін арттыру,
-Табиғатты қорғау,сақтау қажеттігі туралы ой,ынта туғызу,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Елін,жерін Жер ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:ағаш макеті,оқушылар шығармашылығы,нақыл сөздер, арнайы дайындалған слайдтар мен өзеннің,балықтың макеттері.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психалогиялық ахуал: Шуақ шаша
Алтын таңда
Мөлдір таза ауада
Табиғатта бәрі оянды
Оян сен де, бар бала!
ІІ Кіріспе: «Бақытты бол,бөбегім!»
Таза ауасы даланың,
Салтанаты баланың
Әлдилейді тербетіп,
Жас жүрегін баланың.
Естіп жүрсем күлкісін
Мәз-мейрам боп қаламын.
- Балалар,бұл өлең жолы не туралы? (оқушы ойы тыңдалады)
ІІІ Әңгімелесу: - Жасыл ел туралы естігендерің бар мА?
-Жасыл ел тобын құрған адамдар немен айналысады?
-Олардың атқарып жатқан жұмыстары қандай мақсатпен жалғасуда деп ойлайсыңдар?
Оқушылар жауаптарын түйіндеу: (Слайдтан эмблемасы мен қашан, қандай мақсатта құрылғанын көрсету.)
-Ия,балалар,жас табиғат қамқоршылары жиналған топ «Жасыл ел» деп аталады.Олар «Таза болса табиғат,аман болар адамзат » деген ұранмен,адамдардың таза ауамен демалуы үшін,жаны,тәні таза болу үшін осындай іс-шаралар жүргізуде. (Суреттен көріп танысамыз)
-Ендеше,бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын «Таза болса табиғат,аман болар адамзат » деп алып отырмын.(Дәптерге жазу)
ІҮ. Адам денсаулығын жақсарту үшін табиғат аясында тағы да қандай жұмыстар атқарғанымыз абзал деп ойлайсыздар?(Сұраққа жауап іздестіру)
Толықтыру: Дұрыс айтасыңдар,балалар,адамдарға саулық пен қуаныш сыйлау үшін алдымен жұмысты тазалықтан бастағанымыз жөн.Тазалық болған жерде өсімдік те,адам да жайнай түседі.Олай болса біздің атқарар жұмыс табиғатқа күтім,қамқорлық жасау.
Оқушылар мен мұғалімдердің мектеп ауласы мен саябақты тазалау сәтінен көрініс көрсетіледі.(слайд)
Ү.Табиғат-адамға баға жетпес байлық.Сондықтан да дана халқымыз «Табиғатқа тазалықты тарту ет» деп дәріптеген.Табиғаттың әсем көрінісіне ақындарымыз өлең жазған,күйшілеріміз күй шығарған.
ҮІ.Әдеби монтаж: «Табиғатпен тілдессем»
ҮІІ. Проблемалық сұрақ қою: «Табиғаттан ешқашан қаша алмайсың,
Әуелбастан егіз боп жаралғансың» деген өлең жолдарынан нені түсіндіңдер?
-Адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге.Өйткені, оның жерінде дүниеге келіп,суын ішіп,ашық аспан астында күніне малынып өсіп келеміз.Сондықтан табиғатта адамнан оны күтуін,сақтауын қалайды.
ҮІІІ.Көрініс: «Алтын балық» ертегісінен өзгертіліп алынған.
Орындаушы:Хусаинов Эмир
ІХ. Мінекей,балалар,адам кейде өз қолындағы байлығын қадірлемейді.Әдемілікке толы табиғатын,тап-таза суын,тұнық ауасын қымбат дүниелерге айырбастап жібереді. Табиғат тазалығы бұзылғанан соң адамдардың денсаулығы,көңіл-күйі бұзылары анық.Сондықтан табиғатты таза ұстауға ұмтылайық.
Х. Шығармашылық тапсырма: Оқушылар екі топқа бөлінеді.
1 топ:Ертегінің басындағы «Алтын балық» кездеспеген кезіндегі табиғатты суреттейді.
2 топ: «Алтын балық» тілегін орындаған сәттегі табиғаттың суретін салады.
ХІ.Жұмбақтар шешу:
1.Әдемі түнде
Мен жүрсем,жүреді бірге. (ай)
2.Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күннің көзі)
3.Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем. (жер мен аспан)
4.Бар ма,жоқ па -оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүргейсің. (ауа)
5.Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)
- Бұл жұмбақтың шешулерін қайталап өтейікші!
Күн,ауа,жер,сусыз біздің өмір сүруіміз мүмкін бе,балалар?
Қазір табиғаттың адам өміріне қажеттілігі туралы шағын көріністі тамашалауды ұсынамын.
ХІІ.Көрініс.
Қатысушылар:Алтын күн,Таза ауа,жер-ана,Мөлдір су,оқушы.
ХІІІ. Ауамызды таза ұстау үшін не істеуіміз керек? (өсімдіктер өсіруіміз қажет) «Мың шыбық шаншып,өсірсең,халқыңа орман салғаның,өзіңе қорған салғаның» деген халық даналығына сүйене отыра оқушылар
топқа бөлініп, сыныпқа арнап гүл отырғызады.
ХІҮ.Сонымен «Басты байлық- денсаулық» деніміз сау болу үшін табиғатымызға өз тілектерімізді тілейік.
-Ағаштың макетіне ақ матаны байлай отыра табиғат анаға деген ізгі тілектерін айтады.
Мысалы:Саялы ағаштар жайқалып өссе деймін.т.б.с
-Олай болса,балалар,мен де сендердің күндей күлімдеп,гүлдей жайнап,ағаштай биік,судай таза болып өсулеріңді тілеймін.
ХҮ.Қорыту:Оқушылар хормен
Тазалықты сақтайық,
Табиғатты баптайық.
Бізге деген пайдасын,
Жақсылықпен ақтайық.
Табиғатты қорғау ережесі:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Қастерлейік оның асыл бар қазына ырысын
Ей,адамдар,қалайғана қатыгездік жасайсың
Табиғат –Анаң,ал сен-оның ұлысың,- дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Таза болса табиғат,аман болар адамзат

Автор: Касенова Толкын Амангельдиновна

Дата: 16.11.2016

Номер свидетельства: 359313


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства