Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "Тазалы?- денсаулы? кепілі" (Т?рбие са?аты)»
Сабақтың тақырыбы: «Тазалық-- денсаулық кепілі»
Мақсаты: оқушыларды тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Тазалық құралдары туралы айта білуге,оларды пайдалана білуге үйрету.Медбикемен жүздестіре отырып, жеке бас тазалығын сақтауға, дұрыс тамақтанып жүруге, дене шынықтыру жаттығуларымен үнемі айналысып жүруге аса назар аударуларына септігін тигізу.
Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі. Мақал
Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін ұмытпау керек. Ережелер: ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қанша қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде, міндетті түрде беті-қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды орындау. Өз денсаулығын ойлаған адам осы ережелерді қадағаласа жөн болады.
Бүгін біздің тәрбие сағатымызға медбике апайымыз келіп отыр екен. Сол апаймен амандасып алайық.(Оқушылардың амандасуы)
1-оқушы: Сәулелі шуақты Сәулетті қуатты. Күн-елші анамыз. Күннен күш аламыз. 2-оқушы: Су-өмір жүрегі Денсаулық тірегі. Шөлдесең ,қанасың. Жуынсаң, тазасың. 3-оқушы:Қоршаған ауамен Шығып кең далаға. Шынық сен әрдайым. Керемет ауада. 4-оқушы: Тазалықты іздесең, Мөлдір судан аласың. Жиі-жиі жуынсаң, Аппақ,таза боласың. 5-оқушы: Тазалықты іздесең, Шампунь,сүлгі керегі. Бірі жуып шашыңды, Бірі сүртіп береді. 6-оқушы: Тазалықты іздесең, Айна,тарақ керегі. Бірі тарап шашыңды, Екіншісі көреді. 7-оқушы: Тазалықты іздесең, Тіс пастадан табасың. Тістеріңді шөткеге Тазалатып аласың. Ойын : «Жақсы-жаман» -Балалар,мен тақпақтар оқимын.Егер жақсы бала туралы болса,қолдарыңды шапалақтайсыңдар.Егер жаман бала жөнінде болса көздеріңді жұмасыңдар. 1.Шашымды тарадым. Айнаға қарадым. Ерте тұрдым ұйқымнан. Мен мектепке барамын. 2.Анау бала,бетін қара. Жуынбапты масқара.! Тырнағы өскен,шашы көптен Алынбапты масқара! 3. Мен кішкентай баламын. Айтқан тілді аламын. Көмектесем анама, Үйді жинап қоямын. 4. Тұрысбектің түрін-ай. Көйлегінің кірін-ай. Жейдесі мен шалбары. Бірі балшық,бірі лай.
Сіздерге ендеше, медбике апайымыздың сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға жауап берейікші.
- Сіздер зиянды нәрселер мен пайдалы нәрселерді ажырата білесіздер ме?
- Иә, мен оларды ажырата білемін.
- Зиянды нәрселерге не жатады?
- Зиянды нәрселерге( арақ ішу, темекі тарту, есірткі пайдалану т.б. өз пікірлерін айтуы)жатады.
- Пайдалы нәрселерге не жатады?
- Пайдалы нәрселерге (спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, дұрыс киіну, уақытымен ұйықтау т.б. оқушылардың өз пікірлері) жатады.
Оқушылар мен сіздерге тест беремін. Ал сол тестіні жылдам белгілеп берейік.
Тест
1. Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
А. спортпен жаттығу керек
В. темекі шегу керек
С. диванда жату керек
Д. нан көп жеу керек
2. Мақалды аяқта: «Денсаулық-.......».
А. көп байлық
В. зор байлық
С. үлкен байлық
Д.кең байлық
3. Адамның дене мүшелерін белгіле.
А. Шаш, өкпе, бауыр
В. Аяқ, қол, бас
С. Көйлек, өкпе, жүрек
Д. Көз, аяқ, асқазан
4. Көзге көрінбейтін ағзаларды белгіле.
А. Өкпе, асқазан, жүрек
В. Аяқ, қол, бас
С. Бала, үй, мектеп
Д. Бауыр, кірпік, тіс.
Медбике апайымыздың тазалық жөнінде айтар өз ойы, пікірі бар екен. Ендеше соған назар аударайық.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері. - Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; - Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; - Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; - Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; - Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл; -Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел; - Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой; - Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс;
Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн; - Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен; - Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл; - Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт; - Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой; - Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады.
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.