kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Жолың болсын, балақай.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің түрлерін, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету; есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, борлығымызғы қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Жолың болсын, балақай.»

Тақырыбы: Жолың болсын, балақай.

Мақсаты: жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің түрлерін, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету; есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, борлығымызғы қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол белгілерінің суреттері, жұмбақтар, «Бағдаршам» әні, бағдаршам макеті, көлік құралдары

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойын, жол белгілерін құрастыру.

Түрі: сайыс Барысы:

Жүргізуші:

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді.

Жаяу адамдар мен көшедегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларынан көбіне балалар зардап шегуде, өйткені көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз бүгін «Жолың болсын, балақай!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше қош кедіңіздер!

Іс-шара бес кезеңнен тұрады.

І.Таныстыру.(Әр команда өз топ атауын,ұранын айтады.)

ІІ. «Білгенің жөн» (Саптық жүріс)

ІІІ. «Жол ережесін еске түсірейік» (Сұрақ-жауап)

ІҮ. «Үгіт-насихат»кезеңі(жол ережесінен көрініс)

Ү. «Капитандар сайысы»

Сайысымызға 5 топ қатысқалы отыр.Олар:

1-топ – «Жас ұлан»

2-топ «Бағдаршам»

3-топ «Жол белгілері»

4-топ «Сәт сапар»

5-топ « Ақ жол »

Арманға алда күткен асығамыз,

 Біз қалай толқын атпай басылармыз.

 Жол жүру ережесін жақсы біліп,

 Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

 Жалғайтын достастырып бар елменен,

 Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

 Бүгінгі бізге келген қонақтарға

 Кешіміз басталсын сәлемменен!

4сынып оқушысы Сәдібекова Ә орындауындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

 І кезең «Таныстыру»

Әр топ өз топ атаулары,ұрандарымен таныстырады

ІІ кезең «Білгенің жөн»

Әр топ саптық жүріс элементтерін көрсетеді.

2 кезең қорытындысы бойынша әділ қазылардың ескертулері мен ұпай сандарының қорытындысы.

Қауіпсіздік ережелері.

1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.

Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді аман сақтап.
ІІІ кезең «Жол ережесін еске түсірейік»

Әр топ таңдау бойынша әріп алады .

І-топқа:

1. Жиек жол дегеніміз не?

2. Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

ІІ-топқа:

1. Аялдама  деген не?

2. Жолдан өтерде бірінші қай жаққа қарау керек?

ІІІ-топқа:

1. Жаяу жүргіншілерге жолды қай жерден өтуіне болады?

2. Бағдаршам  неге керек?

ІVтопқа:

1.Жүргіншілер деген кім?

2. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

V топқа:

1. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс

2. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?

ІV кезең «Үгіт-насихат»кезеңі(жол ережесінен көрініс)

Мұнда әр топ үй тапсырмасы ретінде дайындап келген материалдарын ұсынады.

Қауіпсіздік ережелері.

5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.

8. Жүк автокөлігінің үстіне мінуге болмайды.

Қай көше, қай қалаға барсаңызда,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жол жүру Ережесі – заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршаңызға!

Ү. «Капитандар сайысы» Әр топтың капитан командаларына арнайы сұрақ беріледі.

1сұрақ

Жол жүру ережелерін білу не үшін қажет?

Дұрыс жол тауып өту үшін

Дер кезінде жұмысқа, сабаққа жету үшін

Өмір қауіпсіздігі үшін

Көліктерге кедергі келтірмеу үшін

Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелері

2-сұрақ

Жағажолмен немесе жолдың шетімен жүру

Көлік құралда

рының қозғалы

сына қарсы жүру

Жолды арнайы белгі орнатылған

жерден кесіп өту

Автобусқа артқы

есіктен кіріп, алдыңғы

есіктен шығу

Ең қауіпсіз жерді таңдап алу

Көшенің ортасымен

жүрмеу

Көлік тоқтағанша күту

Әуелі оң жаққа,

Содан кейін сол

Жаққа қарау

3-сұрақ

Жол белгілері

Ескерту белгілері

Басымдылық

белгілері

Тыйым салу белгілері

Ақпараттық көрсеткіш белгілері

Нұсқау белгілері

Қызмет көрсету белгілері

Қосымша ақпарат белгілері

4-сұрақ

Бағдаршамның неше түсі бар,олар нені білдіреді?

5-сұрақ

Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі

Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық

9.Біреудің көлігін немесе велосипедін рұқсатсыз айдап кетуге болмайды.

10.Бөтен көліктің эмблемаларын,айнасын,терезесін ойнап сындырған,ұрлаған бала қылмыс жасаған болып есептеледі.

Қорытынды.

Ирек-ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп!

Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.
Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Тақырыбы: Жолың болсын, балақай.

Автор: Отаралиева Бақытжан Еңсепқызы

Дата: 28.09.2021

Номер свидетельства: 587701

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Жолың болсын балақай"
    ["seo_title"] => string(22) "zholyn_bolsyn_balak_ai"
    ["file_id"] => string(6) "383393"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485276895"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Та?ырыбы: Жолы? болсын!"
    ["seo_title"] => string(20) "takyrybyzholynbolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "289290"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454772389"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Та?ырыбы: Жолы? болсын!"
    ["seo_title"] => string(21) "takyrybyzholynbolsyn1"
    ["file_id"] => string(6) "289291"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454772397"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Cа? бол, бала?ай!"
    ["seo_title"] => string(16) "cak-bol-balak-ai"
    ["file_id"] => string(6) "342116"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1472881370"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Жолы? болсын балдыр?ан! "
    ["seo_title"] => string(24) "zholyn-bolsyn-baldyrg-an"
    ["file_id"] => string(6) "160731"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422109124"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства