kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: "?ош бол, ??тты ?ліппем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кел балалар о?ылы?

о?ы?анды к??ілге

Ы?ыласпен то?ылы?

О?ыса?ыз балалар

Шамнан шыра? жа?ылар

Іздегені? алдынан

Іздемей а? табылар

Сауыс?анны? тама?ы шо?уменен табыл?ан

Сыйса к?йлек ?сті?е то?уменен табыл?ан

Кел, балалар, о?ылы?

О?ыса?ыз балалар

Шамнан шыра? жа?ылар

Іздегені? алдынан

Іздемей-а? табылар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "?ош бол, ??тты ?ліппем"»

Ертеңгілік: «Қош бол, құтты Әліппем»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
1. Безендірілуі: «Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.


Мұғалімː Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар.

Бүгінгі «Қош бол, құтты Әліппем» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Осыдан 4–ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да, қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл- қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған әліппемен бүгін қоштасқалы отыр.

Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта мерекемізге тағы бір мереке қосылмақ. Бұл мереке бүгінгі қуанышты күн Әліппемен қоштасу мерекесі. Кеше ғана мектеп табалдырығынан аттаған бүлдіршіндер бүгінде сапалы оқушы болып, ғылымның атасы- Әліппені бітірді. Бұдан былай да білім жолындағы белестерге қанаттары таламай көтеріле берсін дегім келеді. Балаларымыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың! 

Ақылбек:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Ендігі, сөз кезегін ертеңгілігімізге келген қонақтарымызға берейік.

Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Ал, ендеше бүгінгі мерекелік шарамызды Серік Риза атты оқушымыздың «Мектебім» өлеңімен бастайық.

Жарайсың, Риза. Өркенің өсіп, өнеріңмен өрге жүзе бер
- Оқушылар, мен сіздерге бір сұрақ қояйын. Ал сіздер сол сұраққа жауап айтыңыздаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе.
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.

Оқушылар ендеше алған білімдеріңізді сынап көрейік. Оқушылар, мен сіздерге тапсырмалар әкелдім. Сол тапсырмаларды орындап менің көңілімнен шығыңыздар.

Мұғалім: Әліппе, ендеше сен отырып жайғас. Алдымен біздің оқушыларымыздың сізге арнаған өлеңдері бар екен. Соны қабыл алғайсың.

Аман:

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Эхсан:

Үйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Айжарық:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.



Ақжүніс:

Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
Риза:

Әліппе, әліппе
Алғашқы әріппен
Ана деп қазір біз,
Жазуға әзірміз.
Әліппе , әліппе,
Екінші әріппен,
Бала деп қазір біз
Жазуға әзірміз.

Донйа:

Жақсы кітап әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.

Мұғалім: Ендеше, «Әліппе» әнімен ортаға Ерсайын Ақжүністі қарсы алайық.

Мейірімжан:

Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Өлеңдерін бастайық

Адай:

Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман. (А)

Эхсан:

Таныстырар әріппен

Мынау кітап-Әліппең.

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен? (Ә)

Инабат:

Бастайды ол «таңды» да.

Бастайды ол «талда» да.

Келіп тұрған қай әріп,

«Тау» мен тастың алдында? (Т)

Аман:

Ата-анаңмен барып сен,

«Пілді» көрдің «парктен».

Осы атаулар, зер салшы,

Басталған қай әріптен? (П)




Әсемай:

«А» дегенің- ана ғой,

Ана деген дана ғой.

«Б» дегенің бала ғой,

Жұмсаса анаң, бара ғой. (Б)

Мұғалім: Бұл өлеңде кімдер туралы айтылған?

Оқушылар: Ана мен бала.

Мұғалім: Ендеше, бізді аялап өсірген, түн ұйқысын төрт бөлген, алғаш әліппені қолға алғанда-ақ оқытып үйреткен, оқуға дайындаған аналарымыз. Осы аналарымызға арнап өлең айтып берейік:

Хормен: «Менің анам» әні

Ислам:

Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.(Н)

Назира:

Баратыным-қыр.

Қонатыным-гүл.

Теретінім-нәр.

Беретінім-бал. (Ара)

Құралай:

Уықтардың барлығын

Уыққапқа сал, күнім.

Уыққапқа салған соң,

Уыздан жеп ал, күнім! (У)

Әли:

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын,

Бұл немене, балалар,

Үзуге адам қимайтын (Гүл)

Ақылбек:

Ірімшікті жедің ғой,

«Тәтті екен» дедің ғой.

Оның аты біз жазған

Қайсы әріптен басталған? (І)

Мұғалім: Жарайсыңыздар, оқушылар. Ендігі кезекті Төлеген Инабаттын орындауында шетелдік «Шарара» биіне берейік.

Жарайсың, Инабат өркенің өссін. Ал, оқушылар тағы да кім әліппеге тақпақ-өлең айтады екен.

Саят:

«Қарада» жоқ, «ханда» бар,

«Қағазда» жоқ, «хатта» бар.

Кәне ойланып көрейік,

Бұл әріпті кім табар?(Х)

Қасымжан:

Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. (Ешкі )


Алуа:

Қызыл, сары, қоңыр, көк,

Алуан-алуан көбелек,

Торға түсіп қалмашы,

Торғайға жем болмашы. (Көбелек)

Әсем:

Темір құсты алып батпан

Көк аспанда қалықтатқан

Ағаларды кім дейді?

Алдымен тез тауып мақтан.(Ұ)

Мерей:

Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары. (О)

Сағадат:

«Ұя» десе, соңында,

«Сия» десе, соңында

Тұратұғын қайқайып,

Айтыңдаршы қай әріп? (Я)

Саят:

«Қарада» жоқ, «ханда» бар,

«Қағазда» жоқ, «хатта» бар.

Кәне ойланып көрейік,

Бұл әріпті кім табар?(Х)

Донйа:

Щётка деген ғажап-ақ!

Щётканы әжем мақтайды.

Щёткамен тіс тазалап,

Щёткамен үй ақтайды.(Щ)

Айжарық:

«Е» әрпінің үстіне

Екі нүкте қойғанда,

Қандай әріп шығады?

Жауабын айт, ойлан да.(Ё)

Мейірімжан:

Жарықсың ғой, электр,

Алыпсың ғой электр!

Сен үйіме келмесең,

Мультфильм де көрмес ем.(Э)

Мұғалім: Жарайсыңыздар, оқушылар. Ендеше біз алған білімдерімізді пысықтау мақсатында сіздерге бірнеше сұрақтар қоямын. Ал,сіздер қол көтеріп жауап беріңіздер.

Барлығыңыз әріп тағып алыпсыңыздар, ендеше сол әріптеріңізге байланысты сөздер айтып көріңіздерші.

-Оқушылар, алфавитте неше әріп бар?

Оқушылар: 42

Дыбыстар туралы сұрақтар. Дыбыстар дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты, дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Сөздер нелерден құралады?

-сөздер буындардан, әріптерден, дыбыстардан құралады.

-Сөйлемде сөздің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады?

-бас әріппен

-Сөйлемдер нелерден құралады?

-сөйлемдер сөздерден құралады.

Ал, ендеше математика және дүниетану пәндерінен алған білімдеріңізді пысықтайық.

0-ден 10-ға дейін тура және кері санайық.

Геометриялық фигураларды атау: нүкте, кесінді, үшбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, сәуле.

Сандар құрамын атаңыздар: 4,2,7,5,6,5,9,10,8,3,1 (сандар көрсетіледі. Ал оқушылар құрамдарын айтады)

-5пен3тің қосындысы берілген. Бұны не деп айтамыз?

-Өрнек

-5пен 3тің қосындысы нешеге тең?

-8-ге тең. Осы өрнектің мәнін тапқанда өрнек неге айналды?

-5+3=8 теңдікке

-Осы теңдіктің компоненттерін атайық?

-Бірінші қосылғыш, екінші қосылғыш, қосындының мәні.

-9 бен 7нің айырмасы нешеге тең;

-2-ге

-9-7=2 Бұл теңдіктің компоненттерін оқып көрейік

-Азайғыш, азайтқыш,айырманың мәні

Жұмбақ есептер:

Бесбайда бар 5іні

Естайда бар 2іні

Қоссақ барлық ініні

Бесбай мен Естай болады екен неше інілі (7)

Қазып жүр құмды 5мысық,

3-і жатыр күн ыстық

2-і жүр шомылып,

Барлығы қанша санап шық?(10)

Мұз айдынында жеті бала

Асыр сап жүр сырғанап

Сырғанамай екі бала

Жағалауда тұр қарап

Енді осы бар баланың

Санын айтсаң жарадың. (9)

Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз,

Қонбады оның нешеуі?

Кәне, кім тез шешеді? (5)

Дүниетанудан:

1.Өлі және тірі табиғатты атау

2.Сезім мүшелерін атау.

3.Бір жылда неше мезгіл бар?

4.Қыс мезгілінде ағаштың, бұтаның нелері сақталып қалады?

Міне, қонақтар біздің оқушыларымыз бәрін де біледі екен

Мұғалім: Жарайсыңыздар, оқушылар.

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? 
Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз, 
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Оқушылар, ата-аналар, бүгін осымен біздің «Қош бол, құтты Әліппем» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге мың да бір алғыс. Балаларымыз тек білімге ынталы болып, еңбектеніп, жақсы оқып, алдағы уақытта білімді, тәртіпті азамат болып өссін дегім келеді.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Та?ырыбы: "?ош бол, ??тты ?ліппем"

Автор: Суюнова Орынкул Балтабековна

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312577


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства