kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: «Береке-бірлікте, ырыс-ынтыма?та»

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 мамыр ынтыма? к?ні ынтыма? бірлікте.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «Береке-бірлікте, ырыс-ынтыма?та»»

Тақырыбы: Береке – бірлікте, ырыс-ынтымақта.

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шарлар, ұлттық костюмдер.

Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн! Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
-    дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.

Жүргізуші:
Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды.Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

Ж.Кәусар:

Мамыр қандай, шіркін- ай, мамыр қандай ! Айнала жасыл кілем жамылғандай. Алатауым басына ақ шәлі орап
Мойнына гүлден алқа тағылғандай.

Нұрислам:

Біз балдырған тең басқан Дос құшағын кеңге ашқан Тілегіміз әділдік Ашық болсын кең аспан


Би: «Испан» орындайтын «Айгөлек» тобының тәрбиеленушілері


Жүргізуші:
Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кең биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!
-демекші біздің Республикамызда әр ұлшттың өкілдері тұрады.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Би: «Үнді»


Жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауыласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
-    дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып, еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.


Малика:

Сары, ақпыз, қарамыз Бәрімізде баламыз Бір Отанда тұрамыз Бір бақшаға барамыз


Жүргізуші:
Міне, осындай кең байтақ Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы өрісі, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Елбасының «Қазақстан-2030» бағдарламасында:
«Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшына алу керек» делінген.


«Құлыншақ» тобының орындауында би: «Ромашка»


Жүргізуші:
Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылған жай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағылғандай.
Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.
Күй толқын көңіліне жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.


Би: Қазақ биі


Жүргізуші:
Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен.
Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.
Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді.


Дастан:

Болсын жер мен суда ортақ, Болсын біздің туда ортақ Ақпыз, қара, сарымыз Ағайынды бәріміз

Гүлназира:

Қазақ елі қашаннан да жыр елі Тарихында тұлғалар көп киелі Қазақстан аясында бұрыннан Бірнеше ұлт өмір сүреді

Айқын:

Енді бүгін қарасам Айналам бақыт кең жатыр Бірімен-бірі туысқан Қол ұстасқан ел жатыр
Жүргізуші:
Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады».
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.


Би: « Өзбекше» 

Ән: «Атамекен»
Жүргізуші:
Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.









































«Бекітемін»

«Бекітемін»

МКҚК №22 «Ақбұлақ» балабақшасы

директоры__________Джаманшалова Г.Н.

«___»______________2016 ж








Мерекелік іс шара

Тақырыбы: «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта»













Дайындаған: тәрбиешісі: Чуйтанова Р.Е.











2016 ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Та?ырыбы: «Береке-бірлікте, ырыс-ынтыма?та»

Автор: Чуйтанова Рахила Ерсолтановна

Дата: 02.07.2016

Номер свидетельства: 336851


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства