?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?.Назарбаев халы? денсаулы?ы атты мемлекеттік ба?дарламада халы?ты? денсаулы?ын атап к?рсеткені баршамыз?а белгілі. Ба?дарламаны? басты м?раты - халы?. Халы?ты? денсаулы?ын са?тау, демографиялы? ахуалын жа?сарту.
Шы?ысты? ?йгілі ?л-Фараби "Жас жеткіншектері?ізді к?рсеті?із, мен сіздерді? болаша?тары?ызды айтып берейін" деген екен.
Расында да ел болаша?ы жастар. Ал жастарымыз нашар, маск?нем, ауру болса, ел та?дыры не болма?? Адамны? басты байлы?ы денсаулы?. Денсаулы? дегеніміз адам а?засыны? ?алыпты д?рыс ж?мыс істеуі. Денсаулы? адам?а таби?ат сыйла?ан басты ??ндылы?. Денсаулы?ты ны?айтуды? негізгі т?сілдеріні? бірі- салауатты ?мір салтын са?тау болып табылады. Сонымен, б?гінгі "Ба?ыты? да, байлы?ы? да-денсаулы?" та?ырыбында?ы сынып са?атымызды бастау?а р??сат еті?іздер!
Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да - денсаулық Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары байлық екенін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау. 2. Шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. 3. Ұқыпты, таза. салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: постер, интерактивті тақта, Түрі: топтық жұмыс. Сабақтың барысы:» І Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Кіріспе: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 2 - сынып оқушыларының «Бақытың да, байлығың да денсаулық» тақырыбындағы сынып сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл - Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ? Адамның басты байлығы денсаулық. Денсаулық дегеніміз адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық адамға табиғат сыйлаған басты құндылық. Денсаулықты нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі - салауатты өмір салтын сақтау болып табылады. Сонымен, бүгінгі «Бақытың да, байлығың да - денсаулық» тақырыбындағы сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! - Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып сәлемдеседі. «Қайырлы күн достар!, Қайырлы күн қонақтар!, Қайырлы күн бәріңізге!
Оқушыларды тәрбие сағатының кезеңдерімен таныстыру.
1-кезең. Оқушыларды топқа бөлу І топ – Денсаулық. ІІ топ - Тазалық. ІІІ топ - Сұлулық. Әр топ өз аттарын қорғау керек. Ол үшін өз аттары туралы ойларын топтастыру. Әр топ өздері жазған топтамаларды қорғайды.
2-кезең. «Сұрақтары бар қорап» Бұл кезеңде әр топтан оқушылар шығып, қораптағы сұрақтарға жауап береді.
Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
Жеміс-жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
Адам не үшін жуынады?
Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?
3-кезең. «Бірік. Ойлан. Бөліс» Бұл кезеңде оқушылар топтасып, денсаулықтың достары мен қастарын постерге жазып қорғайды.
Сергіту сәті.
Әр топқа қимыл-қозғалысқа байланысты өлеңдер беріледі. Өлеңнің мазмұнына байланысты қимылдар жасайды. «Қара жорға» биіне билейді.
1-топқа
Доп-домалақ доп ұстап,
Домалатып көрейік.
Диірмен болып ұн тартып,
Дым қалдырмай елейік.
2-топқа
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып жайқалған.
3-топқа
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
4-кезең. «Мақал –сөздің азығы, жұмбақ –ойдың қазығы». Оқушылар бұл кезеңде мақалдың жалғасын табады, жұмбақтар шешеді.
Денсаулық – зор байлық.
Ауруын жасырған өледі.
Денің сау болса, жарлымын деме.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Тазалық – денсаулық кепілі.
Дені саудың жаны сау.
. Одан кір қорқады Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәміде жоқ, түсіде жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
Бәтеңкесін, полтосын Өзі кие білмейді Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
Көзінен жас кетпейді Балалардан шетпейді Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
Шықпай жатып көшеге Үсті басы кірлейді Бұл баланы кім дейді? (салақ)
5-кезең. «Өлеңді құрастыр» Оқушылар топтасып берілген өлең шумақтарын құрастырады.
1-топқа
Аяқ-қолың болмай кір,
Тырнағыңды алып жүр.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Салдыр-салақ болмағын,
Саусағыңды сормағын.
2-топқа
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді.
Бола білсең төзімді
Тап-таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы
Сабын деген – осы.
3-топқа
Үстін көрсең кірлеген,
Айғыз-айғыз түр деген.
Таралмаған шашы да,
Барғың келмес қасына.
Бара қалсам кетуге
Жиналамын асыға.
6-кезең «Тез ойла, сөз ойла» берілген әріптерден тазалыққа қатысты сөздер құрап жазады.
( а, с, т, у, ү, г, л, н, ы, й, қ, і, р, п, о,д,ж)
Қорытындылау. «Бір тамшы ой»
Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерің қандай?
Қандай ой түйдіңдер?
Деніміз сау болу үшін не істеуіміз қажет? – оқушылар өз ой- пікірлерін қағаз бетіне жазады.
Міне құрметті қонақтар, сіздермен 2 - сынып оқушылары - Салауатты өмір салты жайында өздерінің білгендерімен, ойға түйгендерімен бөлісті. - Адам денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының қожасы. Салауатты өмір салтын сақтай отырып, тамаша денсаулықпен - тамаша өмір сүру өз қолыңызда! Сондықтан бүгінгі ашық сабағымызды Сара Алпысқызының мынандай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби – әр отбасының қуанышы бақыты. Ал, денсаулығы мықты сәби халқының болашағы, Отанының сенімді тірегі». Халқымыздың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болар өскелең ұрпағымыз - жаны таза, дені сау, сергек болып өссін! Бүгінгі жеткіншектеріміз - ертең көк туымызды көгімізде желбіретер мықты азаматтар болып өссін! Барлығы хормен: Дені саудың - жаны сау!
Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
Жеміс-жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
Адам не үшін жуынады?
Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?
1-топқа
Доп-домалақ доп ұстап,
Домалатып көрейік.
Диірмен болып ұн тартып,
Дым қалдырмай елейік.
2-топқа
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып жайқалған.
3-топқа
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен боп өседі.
1-топқа
Аяқ-қолың болмай кір,
Тырнағыңды алып жүр.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Салдыр-салақ болмағын,
Саусағыңды сормағын.
2-топқа
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді.
Бола білсең төзімді
Тап-таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы
Сабын деген – осы.
3-топқа
Үстін көрсең кірлеген,
Айғыз-айғыз түр деген.
Таралмаған шашы да,
Барғың келмес қасына.
Бара қалсам кетуге
Жиналамын асыға.
6-кезең «Тез ойла, сөз ойла» берілген әріптерден тазалыққа қатысты сөздер құрап жазады.
( а, с, т, у, ү, г, л, н, ы, й, қ, і, р, п, о,д,ж)
6-кезең «Тез ойла, сөз ойла» берілген әріптерден тазалыққа қатысты сөздер құрап жазады.
( а, с, т, у, ү, г, л, н, ы, й, қ, і, р, п, о,д,ж)
6-кезең «Тез ойла, сөз ойла» берілген әріптерден тазалыққа қатысты сөздер құрап жазады.
( а, с, т, у, ү, г, л, н, ы, й, қ, і, р, п, о,д,ж)