Статья на тему: Саба?та ж?не саба?тан тыс уа?ытта о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту
Статья на тему: Саба?та ж?не саба?тан тыс уа?ытта о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту
Б?гінгі жас ?рпа??а жан-жа?ты білім беру, т?рбиелеу ?рбір ?стазды? басты міндеті. Білім негізі мектепте ?аланатын бол?анды?тан, о?ушыны? жеке т?л?алы? к?шін дамыту, оны? шы?армашылы? м?мкіндігіні? дамуы басты р?л ат?арып отыр. Олай болса, ?азіргі ?стаздар ?ауымыны? алдында?ы ?лкен ма?сат: ?мірді? барлы? саласында?ы белсенді, шы?армашылы? іс-?рекетіне ?абілетті, еркін ж?не жан-жа?ты жетілген т?л?а т?рбиелеу.
М??алім ал?аш?ы саба?тан бастап ?рбір о?ушыны? жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, о?у мен е?бекке ??ыптылы?ын ескере отырып о?у ?рдісін ж?ргізуі керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Статья на тему: Саба?та ж?не саба?тан тыс уа?ытта о?ушыларды? шы?армашылы?ын дамыту»
«М.Ғабдуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту
Дуйсенбаева А.Т.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие үрдісін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді де, даму өнімі – оқуға құштарлық, қызығушылық болып табылады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай - ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді. Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез - құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым - қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданамын: 1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. 2. Мәтін бойынша мақал құрастыру. 3. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. 4. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу. 5. Шығарма, мәтін құрастыру. 6. Өлең құрастыру. 7. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу. 8. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.) 9. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, журналдардан оқығандардан, алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
Сабақты түрлендіріп өткізу;
Сабақта оқушылардың өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс - әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.
Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып, сыныптан-сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық.