kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шын дос-таусылмас қазына"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
  2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шын дос-таусылмас қазына"»

Тақырыбы: «Шын дос – таусылмас қазына»

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

  2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

  3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, сандық, үнтаспа

Тәрбие сағатының түрі: дамытпалы саяхат сабақ.
Мұғалім сөзі: — Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын. Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз төрт топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.

Топты түрлі-түс қағаздармен бөлу. Топтың атын оқушыларлың өздері қою.

  • Топ. «Татулық»

  • Топ. «Сыйластық»

  • Топ. «Ынтымақ»

  • Топ. «Бірлік»

Ойын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру
1-өлке. «Аққуды атпа,

Досыңды сатпа!»
2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.

3-өлке. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған.

4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

5-өлке. « Әдебиет – өмір айнасы,

                Сахна оның жолдасы»            

1- өлке. «Аққуды атпа, Досыңды сатпа»
Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу – киелі құс, сұлулық символы. Ал достықты сатпау деген не?
— Дос алдамау керек
Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек.
Достар ұрыспау керек.
Достар тату болу керек.
— Досы үшін өзінің басын қатерге тосу керек.

 

 

2-өлке. Достық туралы мақал-мәтелдер.

Мақалды жалғастыр

  1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».

  2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады».

  3. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».

  4. «……….ақшаң болғанша, көп досың …».

  5. «Досы көппен …. ,

Досы жоқпен … ».

  1. «Досы … , өзі де жақсы».

  2. «…. басқа қарайды,

аяққа қарайды».

  1. «Ақылсыз ….ақылды дұшпан ….».

  2. « Досың мың ….,

біреу болса да көп».

  1. « … адам тамыры жоқ … тең»

  2. « … дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

Жауаптары

  1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

  2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

  3. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

  4. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».

  5. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

  1. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

  2. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

  1. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

  2. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

  1. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»

  2. «Білімдімен дос болсаң,

Сасқанда ақылың айтар.

Білімсізбен дос болсаң,

Топ ішінде бетің қайтар».

3-өлке. Достық туралы сұрақтар. Сандыққа салынған сұрақтар.

1.Дос сөзін қалай түсінесіндер?

  1. Достық дегеніміз не?

  2. Шын дос қандай болуы керек?

  3. Жалған достық дегенді қалай түсінесіңдер?

 

4-өлке. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»

Достыққа байланысты ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін айту.

М. Мақатаев

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген — адамның көрігі екен,
Достық деген адалдың серігі екен.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің…
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десен,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Дос жүрегі шар айна,

Сылтауыңа қарай ма,

Бүлдіріп алма қалайда,

Кір шалдырма жарай ма!

Шимайланса шар айна,

Жанарды тартар жалтырап,

Дос жүрегі – бал бұлақ.

 

5-өлке. « Әдебиет – өмір айнасы,

                Сахна оның жолдасы»   

  Екі дос ертегісін үнтаспадан тыңдау

     Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-          Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-          Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-          Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-          Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

     Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

1.    Екі жауынгер қалай дос болыпты?

2.    Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?

3.    Қолбасы оны қалай сынамақ болды?

4.    Бұлар қалай достасты?

Қорытындылау
— Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір — біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілеп жүрейік.

Дос болайық бәріміз
Сөзін жазған X. Талгаров Әнін жазған И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер.
Қайырмасы:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
















































Сабақтың тақырыбы: Шын дос – асыл қазына

Сабақтың мақсаты: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Жостық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.
Оқушылар алдымен достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып алайып алайық. Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?

Оқушылар: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.
Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.

Жүргізуші: Иә, достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.
«Достықты жырлаймыз»
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?
Ән: «Достар»

Жүргізуші: Ендігі кезекті ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.
1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
7. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)

Жүргізуші: Сәлем өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты – дей отырып, келесі кезекті әнге береміз.

Достық туралы мақал – мәтелдер:
1. Сенімді дос тірегің,
Қалдырма оны бір елі.
2. Досты кекетпе,
Сөзін екі етпе.
3. Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.
4. Алдымен достың қамы,
Содан соң бастың қамы.
5. Достардың пұлы ортақ,
Тілі ортақ.
Достардың дауы ортақ,
Жауы ортақ.

«Пікір алысу»
1. Дос пен жолдастың айырмашылығы.
2. Үш адам нағыз дос бола ала ма?
3. Нағыз дос қандай болуы тиіс?
4. Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?

Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.

Адам бойындағы жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап.
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.
Қорытынды: Достығымыз әрқашан берік болсын! Келгендеріңізге көп – көп рахмет!


















Достық

                    

Тақырыбы: ДОСТЫҚ

Мақсаты:    Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру

                 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету 

                 3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа  тәрбиелеу.

І. Сәлемдесу.

ІІ. Шаттық шеңбері.

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар достарына  арнап  бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)

Сабағымызда « Достық  жырын» айтайық.

1.    Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2.    Шын досты қалай білуге болады?

3.    Өзіңнің  досың  туралы  не  айтасың?

4.    Дос  болу үшін адам қандай болуы қажет?

ІІІ Мәтінмен жұмыс

  Екі дос ертегісін үнтаспадан тыңдау

     Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде  қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

     Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім.  Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

     Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-          Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

-          Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

-          Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

-          Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

     Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

     Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

     Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

1.    Екі жауынгер қалай дос болыпты?

2.    Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?

3.    Қолбасы оны қалай сынамақ болды?

4.    Бұлар қалай достасты?

ІV. «Достық туралы мақал -мәтелдер

 

1.      Шын дос үшін қалайда,

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда,

Досыңменен қасыңды.

2.       Аққуды атпа,

Досыңда сатпа.

3.      Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

4.      Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

5.      Жүз  теңгең болғанша,

       Жүз  досың  болсын.

6.      Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

7.      Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

V. Тыныштық сәті.

-          Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досына  жақсы  тілектер  ойлайық. (2-3 секунд)Тілектер ойлап  болсақ, көзімізді ашайық.

VI.Дәйек сөз.

-          Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай  дәйек сөзді  дәптерімізге жазып алайық. «Шын дос – таусылмас қазына»

VIІ.Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.

-          Балалар  шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып беру.

VIІІ. Қорытынды.

 

Ризашылық әні 

                Сөзі мен әнін  жазған Луиза Хей

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз бүгінге біз.

Ризамыз бүгінге біз,

Ризамыз қазірге.

Ризамыз3 бүгінге біз,

Ризамыз3  қазірге.

 Үйге тапсырма.




































Ақшұқыр мектеп – лицейінің мұғалімі Нуржанова Гульден


Тақырыбы: Қанағат – асыл қасиет

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету.

Тәрбиелік: оқушы бойына адамгершілік, қарапайымдылық, қанағаттылық, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.

Дамытушылық: өз ойын мақал - мәтел жүйелілігін пайдалана отырып дәлелдеуін, ізденушілік белсенділігін, қабілетін арттыру, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру; әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту.

Сабақтың түрі: сабақты қорыту, білімді жүйелеу

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)


Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Топты екіге фигура таңдауы арқылы бөлу

III. Топ атауына талдау жасау,

IV. Тәрбие сағатпен таныстыру

V. Нақыл сөздермен таныстыру

VI. Сұрақ – жауап

VII. Бейне ролик

VIII. Ой - қозғау

IX. Қанағаттану сәті

X. Қорытындылау


Сабақтың жүру барысы:

I. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қанағат – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен жоспарын айтып түсіндіру.


II. Мұғалім: оқушылар мен сіздерге кеспе қағаз ұсынамын, сіздер осы кеспе қағаздардан біреуін таңдайсыздар.

Кімде дөңгелек белгісі болса – төзімді тобы болады

Кімде шаршы белгісі болса – сабырлы тобы болады

Кеспе қағаз ішінде ерекшеленген смайлик алған оқушылар бүгінгі сабақтың бақылаушысы болады. Әр сабақ сайын өз достарының мінезін бақылап отырады


III. Мұғалім: сонымен оқушылар екі топтың атауына талдау жасап көрейік. Төзімділік дегеніміз не?

Сабырлылық дегеніміз не?

Төзімділік қасиет қандай адамның бойынан байқауға болады?

Сабыр түбі сары алтын дегенді қалай түсінесіздер?

Мұғалім: менде әр топқа арналған бау бар сол бауды әр топ өз тобындағы оқушыларының мойынына бойындағы жақсы қасиетін айтып байлайды


IV. Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қанағат – асыл қасиет». Пікірлесу

Қанағат дегеніміз не?

Қанағатшылдық сезімі адамды үнемі жақсылыққа жетелей ме?

Қанағатсыздық адамды қандай жағдайларға итермелейді?

Сабақтың тақырыбына сай мынадай эпиграф алдым:

Қанағат – қарын тойдырар,

Қанағатсыздық жалғыз атын сойдырар.

Осы эпиграфтің мағынасын ашайық.


Оқушылар жауабы:

1 - оқушы: Адам бойында көптеген жаман да, жақсы да қасиеттер болады. Соның бірі – қанағат. Қолында барына қанағат ету керек. Тойымсыздық, қанағатсыздық жақсылыққа алып келмейді. Адамның сұрауында, қалауында шек болу керек.

2 - оқушы: Әр адамның мінезі әр түрлі болып келеді. Бірі жомарт болса, бірі – сараң. Енді біреуі қанағатты болса, екіншісі қанағатсыз, парықсыз болады.

− Неге бұл мақалды бүгінгі сабаққа негіз етіп алдық?

Оқушылардың жауабы:

− Бүгінгі сабағымыз қанағатқа байланысты болуы керек.

− Қанағатқа байланысты әңгіме оқимыз.


V. Нақыл сөздер. Мұғалім: оқушылар қандай қанатты сөздерді білеміз. Қанекей кім айтады?

Не пайда күш жоқ болса, нарлығыңнан,

Пайда жоқ, кең болмасаң, тарлығыңнан.

Көрінбеген нәрсені аламын деп,

Айырылма қолыңдағы барлығыңнан.

( Мәшһүр Жүсіп Көпеев)

Қанекей кім айтады?

Оқушы: Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.

(Аристотель)

Оқушы: Барға - қанағат, жоққа - сабыр!

Оқушы: Жоқты бар десең – құт болар,

Барды жоқ десең – жұт болар.


VI. Сұрақ – жауап – 10 әдеттен қашық бол!

Фьоре Нейлдің «Жаңа өмірді бастаудың жеңіл жолы» атты кітабынан үзінді.

10 әдеттен қашық бол

1. Сенің өз - өзіңе бағаңды төмендететін адамдармен араласу

2. Ағыспен жүзу және кедергісі аз жолды таңдау

3. Өз пікірің мен сезіміңді өзіңде сақтау

4. Барлығына жағуға тырысу

5. Жақындарың мен ата - анаңды ұмытудан қашық бол

6. «Қолымнан келмейді» деп айту және өзіңді сәтсіздікке байлау

7. Кек сақтаудан қашық бол

8. Жауапкершілікті басқаларға артудан қашық бол

9. Орындай алмайтын уәде беру

10. Көре алмаушылықтан қашық бол


VII. Бейнеролик

VIII. Ой қозғау

Мұғалім: осы бейнероликке қалай түсіндіңіздер?

Сендердің ойларыңша бала жалқау ма?

Неліктен ол осындай күй кешті?

Осындай жағдайға соқтыратындай оған не түрткі болды?

Сен осы баланың орнында болсаң не істер едің?

Төзімді тобы:

- Бала төзімділік танытып жүру керек еді

- Бала жалқау болмағанда барға қанағат етер ме еді деп ойлаймын.

- Жалқау болмау керек сонда өз мақсатына жетеді

Сабырлы тобы:

- Сабырлық танытып айналасында жүрген балалармен тіл табысуға талпынар едім

- Сабырсыздығының арқасында ол осындай күйге түсті деп ойлаймын.


IX. Қанағаттану сәті:

Мұғалім: Менің сендерге арнаған сыйлығым бар кімде кім осы сыйлықты төзімділік танытып, сабыр сақтап ашса сол топ өз сыйлығын иемденеді

Олай болса іске сәт! Бастаймыз! (оралған шоколадты ашу керек)

Сыйлықты ашып болсаңыздар енді осы сыйлыққа қанағат етіп бөлісулеріңізге болады!

Бақылаушы тобы - сендер қай топ төзімділік танытып, сабыр сақтап отырғанын анықтап отырыңыздар!


X. Қорытынды: бақылаушылар бағасы

Постер қорғайды

Қанағатшыл қасиет: кішіпейіл, қарапайым, шүкіршілік ету, мейірімді, парасатты, инабатты, адамгершілік

сонымен оқушылар қанағат - Адамның барға риза болып, місе тұтуынан, нысаптан шықпай, нәпсіге ермеуінен қанағатшылдық қасиеті көрінеді. Бойына қанағатшыл қасиет дарыған адам өмірде кішіпейіл, қарапайым болады әрі қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болып, шүкіршілік етеді. Қанағатшылдық ашкөзділікке жол бермей, біреудің байлығына, дүниесіне сұғанақтық жасаттырмайды. Сондықтан халық: «Адамды қанағат аздырмайды», - дейді.

Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін – өзі тежеп, құнығудан бас тарту.

Осымен «Қанағат – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!










































Сабақтың тақырыбы:   Тілге құрмет- елге құрмет

Сабақтың мақсаты:

                                 А) білімділік:    Оқушыларға тіл туралы заңның қабылданғанынан мағлұмат    беру және ана тілінің қоғамдағы алатын орны туралы айтып жеткізу. Қазіргі қоғамдағы тіліміздің дәрежесін көтеру;

                Ә) дамытушылық: Оқушыларды тілдік норманы сақтай отырып дұрыс , анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге тәрбиелеу.

Б) тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін құрметтеуге шақыру және ана тілімізде ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Тақырыптық кеш сабағы.

Сабақтың  өту әдісі:    Сұрақ- жауап, тақырыпқа арналған кеспе қағаздармен              жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, «шешендіктануға» байланысты кітап көрмесі.

                         Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2.Еліміздің әнұраны

3.Мектеп оқушыларының анты

4.Саяси  хабарлама

5.Қорытынды

 

Мұғалім:

Оқушылар , біз білеміз ана тілі десек, барлық өткен кеткеніміз есімізге түсіп, сөнгеніміз қайта  жана түспек. Ана тілі десек, халқымыздың қазіргісі мен болашағы көз алдымызға келмек. Яғни, ана тіліміз арқылы халық тағдыры,                                                     ұлт болашағы өлшенбек. Тіліміз арқылы ұлттық мүддеміз бен мүмкіншілігіміз айқындалмақ. Демек, тіл тағдыры- ел тағдыры. Тілдің дамуы- елдің дамуы. Сонымен қатар,тілге құрмет-елге құрмет болып табылмақ!

Туған елімізді, туған жерімізді, Отанымызды, отбасымызды ана тілі арқылы қабылдасақ бізден асқан бақытты ұрпақ жоқ шығар сірә. Тілдің сойылын соғып, тіл үшін отқа түсіп жатқан аға- апаларымыз қаншама. Міне біз солардың ерен еңбектеріне аз ғана үлесімізді қоспақпыз. Сіздер жас ұрпақ ретінде ана тіліміздің одан әрі көркейтіп, дамуына ат салысуларың керек. Ендеше, тілім деп , елім деп соққан жүрегі бар алаштың айбынды ұл-қыздарын  22- қыркүйек тіл мерекесімен құттықтаймын!

1995 жылы 30 – тамызда қабылданған  жаңа Конституцияда қазақ тілі ҚР Мемлекетттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11-шілдеде «Тіл туралы» Заң  қабылданып, оның 4- бабында «Қазақстан Республикасының тілі- қазақ тілі» екені жазылды. (Дәптерімізге  жазып  аламыз!

Үйге берген жаттау өлеңдерімізді айтамыз:

  1. Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.

Әбу Сарсенбаев

Әділжан

 

  1. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске.

Айта бергім келеді, айта бергім.

Жұбан Молдағалиев

Тілек

  1. Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

Дихан Әбілов

Сержан

 

  1. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Әбділдә Тәжібаев

Аманат

 

  1. Ана – тілі – біздің туған анамыз,

Анамыздай  сыйлап бағып-қағып.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

Объявление скрыто.

« Анасынан безген ұл!» деп қараңыз.

Мұсафар Әлімбаев

Дәурен

 

  1. Сүйемін туған тілім – анам тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ерлан

 

Мұғалім:

Ал, балалар, енді бәріміз түгелдей назар аударып мына мақал- мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.

Тіл- адам ойының…. (айнасы)

Аңдамай сөйлеген…(ауырмай өледі)

Ойнап сөйлесең де … (ойлап сөйле)

Айтылған сөз … оқпен тең (атылған)

Таза сөйлеу – биік… (мәдениеттілік)

Бас кеспек болса да,… (тіл кеспек жоқ)

Жақсы сөз-… (ырыс)

Сөз тапқанға… (қолқа жоқ)

Ел тірегі-…. (тіл)

Тіл жетпейтін …. (түкпір жоқ)

 

Мұғалім:

Ендеше,  кім бізге өзінің жадында жүрген асыл сөздерді айтып береді?Мақалдан соң кезекті ақындардың асыл жырларына берсек. Тіл туралы тебіренбеген жан кемде –кем. Қане, кім бізге тіл туралы жыр оқып береді?

 

Мұғалім:  Ендеше оқушылар, мына сөз тіркестерінің мағынасын тауып көрелік!

Көздің жауын алады — әдемі, керемет;

Тілі мірдің оғындай — өткір, шешен

Тонның ішкі бауындай – Бірлік;

Айдай аузы, күндей көзі бар- әдемі, керемет;

Айрандай ұйып отыру- Бірлік;

Дәм-тұздас болу-дос

Аспан айналып жерге түскендей-ыстық

Көз байланды -қараңғылық

Ит өлген жер-алыс

Қас пен көздің арасында –жылдам

Мұғалім:     Мінекей оқушылар білімімізді сынап  көрдік. Бұл тіліміздегі  тіркестердің аз ғана бөлігі. Барлық  сөз түбіне үңілер болсақ біз көп нәрсені оқып үйренуіміз  керек. Сонда ғана біз өз ана тілмізге тереңнен үңіле аламыз.Ендігі кезекті ой-толғауға беріп көрсек. «Жасай бер, ана тілім-  қазақ тілі!» атты оқушылардың ой- толғауын тыңдап көрсек?

Мұғалім:    Ал келесі оқушылар,үйден дайындап келген тіл туралы асыл сөз,мақал-мәтелдерін оқып, бір мақалды талдап береді? Кезек сіздерде…

Мұғалім:    Жарайсыңдар балалар!  Халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар! Біздің ана тіліміз- қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана емес, мемлекеттік тіл. Міне, осыны бір сәтке де естен шығармауымыз керек!

Біздер «Жылы лебіз» стратегиясы бойынша өз ана тілімізде бір- бірімізге тілек айтып көрелік: (парталас көршісіне арнап тілек айтады)

Мұғалім:  

Ана  тілім-  бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің- анаң сыйлап өтіңдер.

Қорытынды

Мұғалім:  (Оқушылармен  бірге)

Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!

Мұғалім:  Ата- бабамыздың асыл аманатын, үкілі үмітін ақтайық.Сонда ғана болашағымыз жарқын, тіліміздің мәртебесі биік болмақ!













Тіл бірлігі - ел бірлігі  (Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне  арналған тәрбие сағаты)
Мақсаты: Оқушыларды ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге баулу; өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болып өсуге насихаттау; Қазақстан халықтарының тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тіл, Отан туралы нақыл, ұлағат сөздер жазылған плакаттар.
Барысы: Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері  мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекемізді бастайық!
1-жүргізуші: 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды.
2-жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.
1-жүргізуші:

Тіл деген – алып мұхит түбі терең,
Піспегі толқын шашқан күбі ерен.
Қадірін тілдің сұра сақаулардан,
Көзіне жас алып бір күбірлеген.
Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,
Арманның қиял жетпес баспалдағы.
Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,
Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.
2-жүргізуші:
Тіл деген – адастырмас темірқазық,
Өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.
Олай болса тізгінді көсемсөз шеберлеріне берейік! (4-ші сынып оқушылары тіл туралы өлеңдерін оқиды)
1-жүргізуші:
Қонақ келсе қазаққа той келеді
Әуелетіп әрі беріден соң ән кетеді
Қолына береді де домбырасын
Қонақтан ән, әңгіме дәметеді.
Екі немересін ерткен ата келеді
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ата!
Ата: Уағалейкумассалам, балам!
2-жүргізуші: Күйлі-қуаттымысыз?
Ата: Өркенің өссін балам, шүкір жүріп жатырмыз. Осы мектепте мереке болып жатыр екен. Өз білген түйгенімді ортаға салсам деген ойым бар. Тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай – ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді - осы.
1-жүргізуші: Ата, жоғары шығыңыз. Отырып дем алып, астан дәм татыңыз.
Ата: Менің немерелерім де жай келген жоқ, қазақтың тыйым сөздерін айтуға келді.
1-ші сынып оқушылары тыйым сөздер оқиды.
Осы кезде ішке ұлт өкілдері: орыс, өзбек, әзірбайжан келеді.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
Қонақтар: Біз сіздерге бос келген жоқпыз. Қиын қыстау кезеңде дархан ел, жайсаң халық бізді өз бауырындай құшағына тартты.
Орыстың дәмді наны каравайды қабыл алыңыз!
Мынау өзбек ұлтының тандыр наны, қабыл алыңыз!
Мынау әзірбайжан ұлтының лаваш наны, қабыл алыңыз!
Сыйымыз осымен біткен жоқ, өз ұлтымыздың биін билеп береміз. (орыс, өзбек, әзірбайжан билері орындалады)
Қонақтар: Қазақстан біздің де Отанымыз.Қазақ халқының тілін, ділін, салт- дәстүрін құрметтейміз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болған соң, тілді үйрену міндетіміз. Қазақ тілінде ән орындағымыз келеді.
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» орындалады
1-жүргізуші: Рахмет достар! Талаптарыңа нұр жаусын!
2-жүргізуші: Төрлетіп қонағымыз болыңыз.
1-жүргізуші: Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарноғаев айтқандай, халқын сүйіп те жарытпайды. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ.
2-жүргізуші: Қазақ тілі - дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса, тіл - бөбектің үні, тіл - ананың әлдиі, тіл - бесік жыры. Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. Ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі.
Сыныптардың дайындаған өлеңдері оқылады.
2-жүргізуші: Бүгін көңілдеріңіз біраз серпілтіп, тың мағлұматтар алдыңыз деген үміттеміз.
1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!
Кеш Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен салтанатты түрде жабылады.





















Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз


03.05.2013, 17:27

       Маңғыстау обылысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

       М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебіннің

       бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле

Сабақтың тақырыбы: Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз

Сабақтың мақсаты: Ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер айту. Оқушылардың ана тіліне

                                           деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:  ₺Қазақ тілі болашағым, ертеңім... ₺ атты газет көрмесі  , нақыл сөздер ,                                                            Шарлар

Сабақтың жүрісі:

-Құриетті оқушылар, ұстаздар . Бүгін біздің ₺ Ақыл көркі –тіл, тілдің көркі –сөз ₺ кешімізге қош келіпсіздер!

-  Балалар,  біз қай тілде сөйлейміз?

- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс  айтасыңдар. Ана тілі –атаңның , анаңның тілі, тауған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі , білімді, мәдениетті    қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз.  Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде тартады, шығамасын анатілінде жазып қалдырады. Халыңтың тарихта қалуы тіліне байланысты.  Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін  тіл мен ата-дәстүрі.Біздің тіл туралы заңымыз 1997 ылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының  ₺ Тіл туралы₺ жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан- балаға жеткен ұлы мәдени мұра. Сондықтанда ана тіліміз талай жылға ақау болған.  Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.    Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның ьнегізігі мекені -Қазақстан.  14 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттіктіл күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу- ізгілік пен мәдениеттің белгісі.

- Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

  Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

  Ел бетіне қалай түзеу қараймын,

  Ана   тілім сені егер білмесем-дегендей енді балалр қазір біздер топтық сайыс жүргіземіз. Мен әулеі сіздерге сайыстың жүрісімен таныстырып өтейін.

   Жүрісі: 1.Топ атымен , ұранымен таныстыру

                  2. Кім көп біледі?  Сұрақтарға жауап беру

                 3.Ана туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу

                 4. Даналар сөзінің сырын аш! Тіл туралы айтылған ой-пікірлерді  мағынасын түсіндіру.

                 5.  Тіл туралы берілген тақырыпқа шығарма жазу.

                6. Өз өнерін көрсету.(  Өлең айту, би билеу, көрніс көрсету)

           7. Ұйқасын тап.  Өлең шумақтарын құрастыру.

- Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.   Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.   ( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)

1. Әр топ өздерін таныстару.

2.  Кім көп біледі?  бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.

Сұрақтар:                                                                                                                                                                                       

1.Қазақ тілі туралы заң қашан қабылданды?                                                                                                  

2.21қандай мереке?                                                                                                                                    

 3.Мәтін дегеніміз не?                                                                                                                                                                                            4.Туған тілім тірлігімнің айғағы,   тілім барда айтылар сөз ойдағы- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт.                                                            

5.Буын үндестігі дегеніміз не?                                                                                                                                         

 6.Ең бірінші бақытым-халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін- деген өлең жолдары қай ақынның өлеңінен алынған. Ары қарай жатқа айт.                                                                                                        

7.Дыбыс үндестігі  дегеніміз не?                                                                                                                                      

3. Тамаша өлең таңдайға татып балдай,                                                                                                            

Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!                                                                                                                 

Жан-дүниең жарқырап сала берер,                                                                                                              

  Ағарып келе жатқан атып таңдай-  деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан  бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.

4.  Мәңгі өлмес, мейлі , заулап көшер заман,                                                                                                      Жиреншедей дария шешен бабам.                                                                                                                

 Қазыбек, Төле, Әйтеке ердің құнын,                                                                                                            

  Екі ауыз сөзбен шешкен шешен бабам –деп сайысымыздың келесі кезеңіне өтеміз. Бұл кезең                 

   ₺ Даналар сөзінің сырын аш₺  деп аталады. Бұл жерде әр топқа еліміздің белгілі ақын-жазушыларымыздың тіл туралы айтылған пікірлері беріледі.  Сол пікірлерді сіздер түсіндіруіңіз керексіздер. 

1. Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов

2.Ана тілін білмейтін адам- бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ.Мұстафин

3. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесіннің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі.   Ж.Аймуытов

4. Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.   Мағжан Жұмабаев

5.  Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.   Б. Момышұлы

5. Тіл туралы берілген тақырыпта шығарма жазу.

Тақырыптар:                                                                                                                                           

   1.Жасай бер , ана тілім, қазақ тілім!                                                                                                          

    2.Тіл біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.                                                                                                 

  3. Анамның тілі –ардақтым менің!

Оқушылар шығармаларын жазып болғанша, көрермендер арасынан жарыс өткізу. Әуелі үш мақал айтып, жалғасын тез табу. Тез тапқан  үш оқушыны ортаға шығару. Оларға тапсырма;                                 

    1.Тіл туралы мақал-мәтел айту.                                                                                                                      2.Берілген суреттегі затты жұмбақтап айту.                                                                                                  

  3. Мағынасын ашу.

6. Өз өнерін көрсету.   Әр топ өздері дайындалып келген  өнерлерін көрсету.

7.Берілген өлең жолдарына ұйқас құрастыру. Тез айту.                                                              

 а) Ана тілім-бала шағым өркенім,                                                                                                                      

 Ана тілім –болашағым, ертеңім, ...

ә) Ана тілім- бәрін сөйлер шежірем,                                                                                                                 

 Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

б) Ана тілін білмеген                                                                                                                                        

 ақылы жоқ желік бас.

в) Бұл жанды тіл- менің азат тілім,                                                                                                                      Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.  

-          Ал, балалар, тіл туралыкөптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Халқымыздың

бай тілін меңгеру, көркейту, қыр-сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние

.

 

 

 Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!

 














































Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл-татулық тірегі».
Тәрбие сағатының мақсаты:1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, 
                                                   өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін  
                                                түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға 
                                                үйрету.
                                                2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге 
                                                 баулу.
                                                 3.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбие- 
                                                леу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.
Өткізу әдісі: Ауызша журнал.
                               
                                     Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:   
        - Оқушылардың назарын аудару. 
ІІ.Кіріспе сөз:
       - Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. «Тіл-татулық тірегі» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.
     Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.    
 ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
       Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
  Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
       «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
     «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
     1- оқушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
     2- оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
     1- оқушы: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
                        Оқушы тақпақтары:
       1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
       2-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
                        Туған тілде әнім менен сәнім бар.
                        Туған тілім тіл болудан қалса егер,
                        Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
       3-оқушы: Сүйемін туған тілді анам тілін,
                        Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
                        Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
                        Құлағыма сіңірген таныс үнің.
       Ән «Ананың тілі»
       4-оқушы: Туған тілім- тілі ата бабамның,
                        Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
                        Қайда жүрсең меніменен біргесің,
                        Түсінікті сендей жақын маған кім.
                        Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
                        Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
       5-оқушы: Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
                        Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
       6-оқушы: Хандардың қайталама қатерлерін,
                        «Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
                        Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
                        Ұмытпа ешқашанда баталарын.
  Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
    Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.
        7-оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
        8-оқушы: Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.
                         Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
                         Асықпа түспеді деп қолыма тез.
                          Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
                          Керегің өміріңде болады кез.
         9-оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
                          Сенсің менің қасіретті шаттығым.
                          Сенсің менің тазалықты пәктігім,
                          Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
       10-оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
                          Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
                           Ел бетіне қалай түзу қараймын,
                           Ана тілі егер сені білмесем.
ІV.  «Кім шапшаң?».
     Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
       11-оқушы: Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,
                          Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін, - депті Абай атамыз.
       12-оқушы: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
                          Сөз өнері-киелі өнер.
       13-оқушы: Өнер алды- қызыл тіл.
                          Әдептің басы- тіл.
V. «Ойлан, тап!»
     Берілген сөздерден мақал құрастыру.
   ( ата, гүл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).
VІ.Қорытынды:
      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
       Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
       Оқушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
                                            Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
                                            Осы тілмен мен де бірге өсемін,
                                            Өшсе тілім мен де бірге өшемін-деп бүгінгі «Тіл татулық тірегі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

















Арал көпсалалы колледжінің №88 оқу тобында өткен «Ұстаз – ұлағатты есім» атты кездесу кешінің хаттамасы



03.10.2015 жылы №88 оқу тобында «Ұстаз – ұлағатты есім» атты

Арал көпсалалы колледжінің байырғы ұстаздарымен кездесу кеші болып өтті.Онда шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да олар әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. 
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. 
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. 
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. 
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы – 
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк.Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! 
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. 
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз-деген жақсы тілектер мен лебіздер айтылды.Кездесу кешінің соңы ән мен күйге ұласты.





Тақырыбы: Тіл- татұлық тірегі

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.



Мұғалімнің сөзі :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.

Оқушыларды тыңдайық

Қазақ тілі –ұлт тілі (1 оқушы)

Дүние жүзінде халықта тіл де көп.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие.

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.



Қазақ тілі өте бай тіл білгенге.

Оның сырын түсіну де тереңде!

Сан ғасырды бастан кешкен қазақ тіл

Дәл қазірде жойылуы мүмкінбе?



Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.

Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,

Жоғалту да, дамыту да тіліңді

Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл!



Кейбіреулер туған тілін білмейді.

Білмесе де білгісі олар келмейді,

Туған тілін түсінбеген азамат

Өз ұлтының қасиетін сезбейді.



Қате болар туған тілін білмесе.

Тілін сатып өзге тілге бой берсе,

Тілін сатып деп айтпасам не дейін?

Туған тілін білгісі де келмесе!



Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.

Отан тілі әркімге ыстық бір арман,

Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу

Бізге аманат қалған мирас бабадан.



Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі

Өзге тілмен араласып жүрмеуі.

Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.

Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!



Оқушы

Әлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілі және әдеби тіл

Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр.

белгілі.

1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.

Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерді айтайық



Өнер алды – қызыл тіл



Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.



Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.



Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.



Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.



Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?



Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.



«Тіл –құдірет».



«Тіл - тәуелсіздік тұғыры».



Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.



Әр халықтың өзінің ана тілі бар.

Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.



Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.



Тіл – еліміздің іргетасы

Ұлттың қуаты тілінде



Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша.

Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».



«Тіл – асыл ойдың бұлағы».



Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.



«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.



Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!



Қорытынды сөз

Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.



























Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шын дос болу-бақыт»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шын дос болу-бақыт»

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

3. Оқушылардың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:  Пікірталас

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұлы адамдардың нақыл сөздері, караоке, слайдтар, шарлар.

Сабақ барысы:

I. Кіріспе

II. «Досым, саған арнаймын»

III. «Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)

IV. Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

V. Жағдаяттан шығу

VI. Тосын сый

VII. Қорытынды.

I. Кіріспе

  Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі «Шын дос болу-бақыт» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Абай атамыз айтқандай:

Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,

Қиғаш біткен маңдайға қас та өзгеше.

Кеңшілікте дос та дос, қасыңда дос,

Таршылықта қайырылмаған дос та өзгеше.

Немесе оны Жүсіп Баласағұни былай деп толықтырады:

Дос табу оңай-сақтауы қиын,

Жау табу оңай-тоқтауы қиын.

Ал, Мұқағалиша айтсақ:

Досым саған сенемін, сеніп өтем!

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген-адамның көрігі екен.

Достық деген-ақылдың серігі екен.

Оқушылар, бүгінгі сабағымыз пікірталас түрінде өтпек. Сондықтан өз ойларыңды ортаға салып отырсаңыздар. Жоғарыда айтылған өлең жолдарынан не ұқтыңыздар?

Дос деген кім?

1.Сыр бөлісетін адам.

2. Мені өте жақсы түсінетін адам.

3. Көмекке ардайым дайын адам.

4. Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.

5. Сенімді адам.

Аңыз. «Екі дос»

Ертеде жаугершілік заманда қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болыпты. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Олардың мал-мүліктерін тиеп, қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Екі достың біреуі жау қолына түседі. Оны естіген досы күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Келген соң ол: «Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім, менің оған айырбасқа берер малым да мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін, ол-өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар! Ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім»-дейді.

Қолбасы оны сынамақ болып: -Жарайды мен сені қыршыныңнан қимай ақ қояйын, маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады-дейді.  –Ол не?-дейді досын құтқаруға келген, асыққан жігіт.

-Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, -дейді қолбасы.

-Олай болса, көзімді тезірек алда, досымды босат-дейді.

Жігіт бұл сыннан да мүдірмей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады.  Мұны көрген қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады»-деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген. Бұндай достармен мақтануға болады, солай емеспе?

-Достықтың екі түрі бар, олар: адал достық және амал достық.

Адал достық өмірлік нұсқа болады,

Амал достық өрісі қысқа болады.

II. «Досым, саған арнаймын»

Әрбір адамға дос керек, өйткені адамдарға сырласатын, қуаныш пен қайғыны бөлісетін, бір-біріне көмек беретін жақын адам керек.   

III. «Ойлан, тап!» (Мақал-мәтелдерді жалғастыру)

Енді, оқушылар, слайдқа қарап мақал-мәтелдердің жалғасын табайық.

1.Өз басыңды дауға берсең де, досыңды жауға берме.

2. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

3. Күлме досыңа, келер басыңа.

4. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас.

5. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

6. Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

7. Доссыз адам-тамыры жоқ ағашпен тең.

8. Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.

9. Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.

10. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

11. Екі ердің достығы  асулардан асырар.

Екі елдің достығы  ғасырлардан асырар.

Енді барлығымыз қосылып «Дос туралы жыр» әнін орындайық.

IV. Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»

Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, қасыңдағы сыныптасыңа бірінші жаман қасиетін, екінші жақсы қасиетін айтыңыздар. «Сын түзелмей, мін түзелмейді»-демекші сынды ашуланбай қабылдаңыз да, болашақта кемшілікті жоюға тырысыңыздар. Сонымен қатар, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!»-деп халқымыз айтқандай, жақсы қасиетінде айтып, мадақтап қойыңыздар.

Рахмет, оқушылар! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар!

V. Жағдаяттан шығу

  Ортаға ойынға екі ер баланың және екі қыз баланың шығуын сұраймын. Үстел үстінде жатқан кеспе қағаздағы ситуациялық сұрақтардың жауабын табыңыздар.

1.Саған ата-анаң үй шаруасын орындау керектігін ескертіп,  өздері жұмысқа кетіп қалды, кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып көмекке келуіңді өтінеді. Бұл жағдайда не істер едің?

2. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?

3. Екеуің жан доссыңдар, тағы бір досың бар. Сырткөзге қарағанда қызығарлықтай құрбысыңдар. Бірақта сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың. Сен қай досты таңдар едің?

4. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?

VI. Тосын сый

Енді достар бүгінгі тәрбие сағатымыздан естелікке бір-біріне дайындаған «тосын сыйлықтарын» жылы лебіздерімен білдіріп берсе.

VII.Қорытынды

Дос

Дос емес достық сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атыңа қосылады?

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе?

Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас.

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

 Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

 Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Осымен «Шын дос болу-бақыт» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңілдеріңізге, уақыт бөлгендеріңізге көптен-көп рахмет!

  

 





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Шын дос-таусылмас қазына"

Автор: Касенова Толкын Амангельдиновна

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392957


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства