1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық «Шаттық шеңберін» құру. Мейірімді жүрекпен Ақпейілді тілекпен Амандасып алайық Бір жадырап қалайық! «Күзгі жапырақтар» арқылы топтасу. Топ лидерлері атау,бағалау түрлерімен таныстыру. Топқа бөлу. І-топ: Биік болсын санамыз, Білімнен бақыт табамыз. Өнер,білім көп оқып, Біздер өсіп толамыз. ІІ-топ: Қайырлы күн достым, Ашық аспан болсын. Біздің алар бағамыз, Күнде бестік болсын. ІІІ-топ: Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талапты жасұлан Үлгі аламыз жақсыдан. 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Комбайншы»Ғ.Қайырбеков. а) Егін жинау науқаны қай кезде басталады? ә) Комбайншы туралы айтылған қандай мәтінмен танысып едік? б) Үзінді айтып бере аласың ба? Сабақтың жүру барысы (Блум таксономиясы бойынша) Білім. Сабақтың тақырыбын шығару. Жұмбақ жасыру. 1.Қылдай белі бүгілген, Өзінен де жүгі үлкен. 2. Өзі жасыл шекілдек, Секіреді селкілдеп. Ал енді ненің суреті шықты? Түсіну. 1.Мысал-адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді,мінез-құлықтарды жан-жануарлардың іс-әрекеттері арқылы суреттеп жазатын шығарма. 2.Құмырсқа,шегіртке-жер шарында ең көп тараған жәндіктер.Олар тек Қиыр Солтүстік пен Антарктидада ғана кездеспейді. 3.Құмырсқа-муравей-ant Шегіртке-кузнечик-drasshopper Авторлармен таныстыру. 1.Мысалдың авторы И.А.Крылов1976 ж. 2 ақпанда Мәскеуде дүниеге келген. Ұлты орыс.ақын,жазушы. 2.Абай Құнанбаев-ақын,жазушы,аудармашы.Ол 1845 ж Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абайдың қандай еңбектерін білесіңдер? Сергіту сәті: «Жұмысшы құмырсқа» Қолдану. 1.Суретпен жұмыс 2.Мысалды мәнерлеп оқу.(рөлге бөліп оқу) 3.Сұрақтарға жауап алу.Ашық сұрақтар. -Шегіртке жазды қалай өткізді? -Жазда оның жағдайы қалай болып еді? -Ал құмырсқа қандай тірлікпен айналысты? Топтық жұмыс. Оқушыларға мақалдың мағынасын мәтінге сәйкестендіре ашуды тапсыру. «Топтас,ойлан,пікірлес»,ЖИГСО. Өлеңмен жұмыс. Бағалау. Талдау. Қойылым.(рөлде ойнау), бағалау —Мысал арқылы адамдар бойындағы қандай қасиеттерді аңғаруға болады? -Біздің арамызда осындай адамдар бар ма? Жинақтау. 1.Мысал кейіпкерлеріне сипаттама беріңдер. Еңбекқор,жалқау,ақылды,еріншек,ұйымшыл, Сауықшыл,адал,бас пайдасын білмейді.(бағалау) 2. «Синквейн» төрт жол өлең құру.(формативті бағалау) 3.Ойын : «Шегірткені қиыншылықтан құтқар!» Рефлексия. Мұғалім: -Бүгінгі сабақ ұнады ма? Олай болса, бүгінгі сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын стикерге жазып тақтаға ілейік. Үйге тапсырма: Шегіртке мен құмырсқа. |