kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ШЕБЕР СЫНЫП "ОМЖ мен КМЖ-ны 7 модульге ы?палдастыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Талды?ор?ан  ?аласыны? № 14 орта мектеп – гимназиясында 95 м??алім д?ріс береді. ?жым – шы?армашылы?пен айналысатын, жа?ашылды??а бейімді, ізденімпаз, ?йымшыл.  «О?уда?ы жа?а ?діс- т?сілдер» та?ырыбында ?ткен  коучингте алын?ан кері байланыста біраз м??алімдерді? «Орта мерзімді, ?ыс?а мерзімді жоспарлауды ?йретсе?іздер», «7 модульді ы?палдастырып саба? жоспарларын ??руды ?йренгім келеді» сия?ты жазбаларды басшылы??а ала отырып «Орта мерзімді ж?не ?ыс?а мерзімді жоспарды 7 модульге ы?палдастыру» та?ырыбында откизилген шебер сынып жоспары мен рефлексиясы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ШЕБЕР СЫНЫП "ОМЖ мен КМЖ-ны 7 модульге ы?палдастыру"»



ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП


Мұғалімнің аты-жөні: Джилкибаева Гулжан Хасановна

Жұмыс өтілі: 14 жыл

Санаты: бірінші

Жұмыс орны: Алматы облысы Талдықорған қаласы

14 орта мектеп-гимназиясы

Қызметі: бастауыш сынып мұғалімі.

Байланыс телефоны: 87784411284 , what’s app 87025393256. E-mail: [email protected]


ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:

ТАҚЫРЫП: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру.

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

Мектеп ұжымына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыруды үйрету. Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу туралы түсінік беру, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Білім сапасы артады, мұғалімдер орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарына 7 модульді жоспарларына ықпалдастыра алады. Қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясына салуды үйренеді, оқушылардың ынталануына , критерийалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізеді

МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Мектеп ұжымы.

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Қызығушылықты ояту, Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: «Миға шабуыл»(стратегиялық сұрақтар) . Топтық жұмыс(бірлесіп талқылау) , мәтінмен жұмыс, постер қорғау, кері байланыс түрлерімен таныстыру.

  • ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта ,таныстырылым,аудио және видио материалдар

  • ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: үлестірме материалдар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар үлгісі, « кері байланыс» түрлері.



ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП МАЗМҰНЫ :

Жұмыс кезеңі:

Кіріспе бөлім

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Ресурстар


Ой қозғау.

«Дейін-кейін» кестесі

Бірлескен талдау.

Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар дегенді қалай түсінесіздер.

Мақсат:

Қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастырып белсенділігін арттыру,топтық жұмысқа жұмылдыру.

Міндеттер:

Қатысушылар топқа бөлініп,бір-біріне жылы лебіздерін жолдап,ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Әдістер:

әңгіме; диалог топпен жұмыс.


Ұйымдастыру кезеңі Қатысушыларды шеңберге турғызып бір-біріне комплимен айтады. Ынтымақтастық орнайды.

Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын.Түрлі түсті стикерлерді тарату арқылы топқа бөлу.



5мин.










Стикер түстеріне қарай топқа бөліну.

Мағынаны ашу

Мақсат: Мұғалімдерге орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құруға үйрету. Қолданылатын стратегиялармен таныстыру.







Әдістер:

Сұрақ-жауап

«Орта мерзімді жоспар», «Қысқа мерзімді жоспар» « 7 модуль» жайлы не білесіздер? Деген сұрақты «дейін» кестесіне толтырды.

1.Таныстырылым. « Орта мерзімді жоспар» үлгі бойынша кесте түрлері, мақсаты, маңызы,мәні

-қадағалау;

-интерпретация;

-қорытынды.

2.Таныстырылым: Блум таксономиясы презентациясы.

3. Таныстырылым: «Қысқа мерзімді жоспар» үлгісі, мақсаты, маңыздылығы.

4. Таныстырылым: Сабақта қолданылатын стратегиялар, талқылау тәсілдерінің жинағымен таныстыру.


Таныстырылымды көре отырып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар туралы түсінік қалыптасады.

20

мин





















Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспармен танысады

Топтық жұмыс

Постер қорғау.


Практикалық тапсырмалар арқылы орта мерзімді жоспарды құруға үйрету.


Мұғалімдер бірлестік болып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрып үйренеді.

20 мин

Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар

Сергіту сәті

«Вокзал» биі

Би ырғағын қайталайды

2 мин

Видеозапись

«Дейін-кейін» кестесі

Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанын толтыруды сұраймын.


«Дейін-кейін» кестесін толтырады

10 мин

Кері байланыс түрлері .


Ассоцияция тәсілін талдау

Екі мұғалімнің сабақ бойы алған әсерін тыңдау.

2 мұғалім сөйлейді

5мин

Сұрақтар қатары.

Кері байланыс


«Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс жазады

3 мин


«Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарға 7 модульді ықпалдастыру» тақырыбында өткен коучингіге

РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП.

Талдықорған қаласының № 14 орта мектеп – гимназиясында 87 мұғалім дәріс береді. Ұжым – шығармашылықпен айналысатын , жаңашылдыққа бейімді, ізденімпаз, ұйымшыл. «Оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер» тақырыбында өткен коучингте алынған кері байланыста біраз мұғалімдердің «Орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлауды үйретсеңіздер», «7 модульді ықпалдастырып сабақ жоспарларын құруды үйренгім келеді» сияқты жазбаларды басшылыққа ала отырып «Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру» тақырыбында коучинг жоспарладық. Әдеттегідей тақырыпты басшылыққа ала отырып үйрету сабағы деп ұжымға хабарладық. Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «комплимент» тренингісімен бастадық. Келген мұғалімдерді шеңбер бойымен тұрғызып бір-біріне комплимент айтты. Жағымды атмосфера орын алғанын мұғалімдердің «жақсы боп қалдық», «5 жасқа жасарып кеттік» деген сөздерінен байқадым. Келесі стикерлер арқылы

1 топ 2 топ 3 топ 4 топ

Қазақ тілі, Математика Бастауыш Орыс тілі

География, Информатика Эстетикалық цикл Ағылшын тілі

История Физика

Биология пәндері бойынша бірге топтастырып отыруға тырыстық, себебі орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды құруға ыңғайлы болу үшін. Топқа бөлініп отырғанан кейін топ ережесін құрып алды. Топ спикерін, тайм-кипперді сайлап алды. Әдеттегідей коучингті диалогқа түсуден бастадым. «Орта мерзімді жоспар», «Қысқа мерзімді жоспар» « 7 модуль» жайлы не білесіздер? Қолдарына «дейін-кейін» кестесін таратып бердім. Сұраққа берілетін жауапты «дейін» бағанына толтыруды өтіндім. Әр топ қатысушысы топтарында жеке орындап, одан топта талқылап «дейін» бағанына жазғандарын оқып берді. Жауаптары шашыраңқы болды.

Сөз кезегін әріптесім Аппасова Еркежан Жиенбайқызына бердім. Еркежан Жиенбайқызы «Орта мерзімді жоспар» жайлы таныстырылым көрсетті. Мақсатына, маңыздылығына тоқталды. Үлгі бойынша кесте түрінде көрсетілген орта мерзімді жоспар жайлы түсінік берді. Коучингіге қатысушы әріптестер бірден күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын алып орта мерзімді жоспарды құруға қызығушылық танытты. Орта мерзімді жоспар үлгілерін топтарға үлестіріп бірден бір жоспарды құруға тапсырма бердік. Әрине бұл бастапқы жоспарда жоспарланбаған сол себепті, коучинг үстінде жоспардан тыс әрекеттер орын алды. Құрған орта мерзімді қорғап берді. Қорғау барысында жалпы түсінгендерін байқадым. Дегенменде 7 модульді ықпалдастыруды, қолданатын талқылау құралдары туралы мағлұматтар аз болғандықтан біраз қиындықтар туындады. Себебі әріптестерімнің «ДЖИГСО, Аквариумдағы балық, Ыстық орындық» деген не? Деген сұрақтарына жауап беру үшін келесі сөзді өз кезегіме алып

сабақта қолданатын стратегияларды, талқылау тәсілдер жинағымен таныстырдым. Тәсілдерді қайкезде қолданғаны тиімдірек жайлы мағлұматтар бердім. Әріптестер бұл тәсілдерге қызығушылық танытып бірден электронды нұсқаларын алып жатты.

Келесі сөзді І деңгей бойынша сертификатталған ұстаз Нурсейітова Айгуль Канапияновна алды. Блум таксономиясы туралы таныстырды. «Қысқа мерзімді жоспарды» құру туралы түсіндірді. 7 модульді ықпалдастыру жолдарына да тоқтала кетті. Мақсатын, маңыздылығын айтты. Әріпестерді серпілдіріп алу мақсатында «Вокзал» биін билеттік.

Постермен жұмыс жасау мақсатында әр топқа қысқа мерзімді жоспар құру тапсырмасы берілді. Мұғалімдер топтарда өткен бірінші коучинг сабағына қарағанда, әлде қайда ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланып қалғаны байқалады. Топтарда берілген тапсырманы ықыласпен орындады. Әріптестеріміз алаңдап қалмас үшін Блум таксономиясын білім игеруге бағытталған 6 қадамды түсіндірмесімен, қысқа мерзімді жоспар үлгісін алдарына бердім. Жаңашылдыққа жаны құмар әріптестерімнің бастамасымен әр топ бірден қысқа мерзімді жоспарды құруға әрекеттенді. Топ мүшелері толығымен қатысып жоспарларын құрып жатты. Математика пәнінің мұғалімдері біраз қиналды. Арасында «-Математика пәнінде қолданылатын стратегиялар бар ма?»- деген сұрақтар туындады. Сәтсіз тұсы осы болды себебі, математикалық циклдағы талқылау құралдарын дайындап алып келмегениме қынжылдым. Математика пәнінің мұғалімдерімен бірлесе құруды ұйғардым. Қысқа мерзімді жоспарды құрды. Әріптестер - «Математика пәніне қиындау екен» - деді. Әр топ өздері құрған қысқа мерзімді жоспарларын қорғады. Мұғалімдер ұжымдық сезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екенін көрсетті. Мұғалімдер «мен» қағидасынан гөрі «біз» тұжырымының анағұрылым пайда екенін түсінді. Постерлерін қорғап шықты. Бірінші топтан Айнаш Серікқызының топ атынан сөйледі. Қысқа мерзімді жоспардың маңыздылығын айтты. - Сабақтың тақырыбын толық ашылатынының арқасында оқушының сабаққа қызығушылығы оянатынын, белсенділігі арта түсетінін, осыдан білім сапасы жоғарғы көрсеткіш көрсетуіне бірден жол – деді. Қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімділігіне тоқталып өтті. Екінші топ Елназ Болатхановна қысқа мерзімді жоспардың ерекшелігін айтты, - алдымен қысқа мерзімді жоспар құрып алғанан кейін орта мерзімді құру тиімді екенін айтты. Әріптестерім барынша шынайы жауап беруге тырысты. Олардың әрқайсысы да өзінің серігіне, тыңдаушысынан түсінушіге қаратып сөйледі. Топта жұмыстан тыс қалған әріптес болған жоқ. Барлығы да қызу әрекетте болды, жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосуға тырысып бақты. Топтардың жұмыстарын мақтап , мадақтадым. Өзара бір-бірін жест арқылы бағалады.

Коучинг сессияның әріптестерім үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы «кейін» бағанасын толтырды. Коучинг барысында көптеген жаңалықтар естіген және де, кешке өткізілген соң әріптестерімнің шаршағанын басып өздеріне деген сенімдері нығая түсу үшін музыкамен тілек тыңдаттым «СІЗДІҢ өмірлік істеріңізге күш - қуат және сәттілік тілеймін»

Аралдар

саны

1

Қуаныш аралы

20 мұғалім

2

Бақыт аралы

2 мұғалім

3

Жаңалық аралы

7 мұғалім

4

Жалығу аралы

0

5

Реніш аралы

0

6

Мұңаю аралы

0

7

Күтпеген жағдай аралы

36 мұғалім

Сабақтың қаншалықты сәтті өткенін білу үшін «Аралдар» парақшаларын үлестіріп бердім. Әріптестеріміздің жауаптары келесідей болды.





Қорыта келгенде бүгінгі коучинг нәтижесінде әріптестерім орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды құру туралы мағлұматтар алды. 7 модульді ықпалдастыруды меңгерді. Топпен жұмыс жасауды, топқа бөлуді, сергіту жаттығуларын жасатуды, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы сабақ өту барысын үйренді деп ойлаймын. 7 модуль әдіс-тәсілдерінің тиімділігін түсінді. Бұдан кейін де әріптестеріме көмек беруге, тәжірибе алмасуды жалғастырамын.«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қазақта сөз бар. Болашақта әріптестеріммен мектептегі оқыту мен оқудың сапасын арттыру үшін, 7 модуль әдіс-тәсілдерін қолданып жұмыс жүргіземін, оқушылардың танымын қалыптастыру мақсатында әдіс-тәсілдерінің тиімділігін арттырып, АКТ-ны пайдаланып, сабақтың тиімділігін арттырамын. Білім алу үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдер оқушы білімді өздігінен меңгеріп, білім дағдыларын қалыптастырып, зерделей білуінде деп ойлаймын. Заман талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беріп,тұлға етіп шығаруда ұстаз талмай ізденіп, еңбек етуі керек.. Өткізген коучинг сабағы көңілімнен шықты. Жаңа әдіс- тәсілдерді қолдана отырып мұғалімдермен жұмыс жүргізу айтарлықтай қиындықтар тудырған жоқ. Себебі өз қалауларымен қатысқан бұл әріптестердің үйренуге деген, жаңалыққа деген құлшынысы зор болды. Әріптестерімнің сенімі, ыстық ықыластары, жаңалыққа құлшыныстары менің осы кезге дейінгі «қалай болар екен?» деген барлық қобалжуымды тарқатып, сеніміме қанат бітіріп, ерекше жігерленуіме сеп болды. «Бір нәрсе біліп, үйреніп кетемін» деген оймен келіп отырған оларға мен де оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мүмкіндігінше көбірек танытуға тырыстым. «Сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйрену» ұстанымын басты назарда ұстап, түрлі тапсырмалар арқылы олардың пікірін, көзқарасын көбірек білуге, өз идеялары арқылы жаңа білімді өздері үйренуге жағдай жасауға ұмтылдым. Өзгелерді оқыту арқылы өзім де көп нәрсеге үйрендім. Ересектер де балалар сияқты, оларға да ынталандыру, қолпаштау, қолдау көрсетіп, тиісті жерінде мадақтап отыру керектігін ұғындым. Ақпарат пен ұсынымдар мұғалім үшін де және олар өткізетін оқу сабақтары үшін барынша өзекті болуы керек (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 82- бет). Әріптестеріммен өзім үшін маңызы бар мәселелерді бірлесе талқылағанды жөн көрдім және олардың да өз сабақтарына өзгеріс енгізіп, кәсіби тұрғыдан дамығандарын қаладым.

Коучинг сабағының соңында мұғалімдер сөздерінен үзінді, тарих пәні мұғалімі: «Маған сабақтың мақсаты түсінікті болды. Жалпы коучинг сабақ маған ұнады. Жаңа үлгі бойынша жоспар жазуды үйрендік. Коучинг сабағы мені оқу тәжірибеме өзгеріс енгізуге жігерлендірді. Рахмет!»

Математика пәні мұғалімі: Топтық жұмыс арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын үйрендік. Коучинг сабағынан алған әсерім мол. Өз жұмысымда оқыту мен оқу тәжірибемде өзгеріс енгізуге жігерлендірді. Коучинг сабағының мақсатын түсіндім, өз қажеттілігіме сәйкес келетінін мойындаймын. Алдағы уақытта өз жұмысымда ескеріп отырамын, сабақ жоспарларын осы үлгіде жазамын. Коучинг барысында математика пәні үшін қиындау т.с.с айтып отырған әріптесімнің ойы өзгергеніне қуандым.

Келешекте де әріптестерімнің кәсіби дамуына қолдау көрсете отырып, оларды оқыту үдерісін жалғастыра бермекшімін. Мектепте оқытудағы өзекті проблемаларды бірлесе талдайтын мұғалімдер қауымдастығын құрып, пән бойынша сапалы оқыту, сыныппен жұмыс жасау, оқушылардың оқуын бақылау, бағалау және өз жұмыстарына рефлексиялы ой- толғау жүргізуді үйрету мәселелерін қолға аламын.

Болашақтағы жоспарым:

1.7 модуль әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,білім сапасын арттыру.

2.Коучинг сабағын ары қарай жалғастырамын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ШЕБЕР СЫНЫП "ОМЖ мен КМЖ-ны 7 модульге ы?палдастыру"

Автор: Джилкибаева Гульжан Хасановна

Дата: 25.01.2016

Номер свидетельства: 282763


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства