kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шеберлік класс: "Математика саба?ында инновациялы? технологияларды пайдалана отырып, жеке т?л?аны дамыту жолдары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

     «Келер ?рпа? алдында зор жауапкершілік ж?гін ар?алап келеміз»,-деген Елбасы Н.?.Назарбаевты? с?зі ?стаз ?ауымына ?лкен тапсырыстарды артып отыр. Елімізді? болаша?ы к?ркейіп, ?ркениетті елдер ?атарына ?осылуы, б?гінгі ?рпа? бейнесімен к?рінеді. Д?ниеж?зілік озы? т?жірибелерге с?йеніп, жа?а типті о?ыту, я?ни ?р баланы? таби?и ?абілетін дамыту ?шін ?олайлы жа?дайлар жасай отырып, оны жан-жа?ты дамыту керек. ?азіргі білім беру мазм?ны жа?арып, жа?а к?з?арас пайда болып, о?ытуды? жа?а технологиясы ?мірге келді. Я?ни педагогикалы? технология ??ымы іс-?рекетімізге ке?інен еніп, ?олданылуда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шеберлік класс: "Математика саба?ында инновациялы? технологияларды пайдалана отырып, жеке т?л?аны дамыту жолдары"»

Математика сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жеке тұлғаны дамыту жолдары

Шеберлік класс:

Күні: 23.01.16ж

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,-деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

1. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.

2. Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Математика сабағында «Кім жылдам?», «Кім тапқыр?», «Шыңға шығу», «Ойла, ізде, тап!», «Көршісін тап!», «Білім бәйгесі», «Жұлдызды сәт!», «Бәйге» ойындарын пайдаланамын.

3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Қалыптастырылатын дағдылар: креативтілік; ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу; бірлескен жұмыс. Жалпы сипаттама Бұл әдіс оқушыларды жағдайлардың, нұсқаулардың, идеялар мен оқиғалар топтамасы туралы (болжамды түрде) креативті ойлауға ынталандырады. Бұл ойлау және проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, оқушыларға сұрақтарға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Нұсқаларды зерделеп, басқа оқушылар идеяларының негізінде өз нұсқаларын сындарлы әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді. Есеп шығару алгоритмін кеңінен , толық меңгереді.

Мысалы: Есеп. Құрылысшылар ені 6м, ұзындығы 8 м үйдің фундаментін құю үшін периметрін табу керек. (жұптық жұмыс)

4. Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

5. Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

Математикада мен сыныпты микротоптарға бөлемін. Әсіресе мәселе есепті шығаруға өздеріне беремін.

Мысалы: мұғалімдер жұмыс.

11. Дамыта оқыту технологиялары.

1. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

Логикалық тапсырмалар

Білімге қызығушылығын арттырудың ең басты әдісі ол –мадақтау.

Тамаша!

Қандай ақылдысың?!

Керемет, сен бүгін тіпті ғажапсың!

Азамат екенсің!

Сен күннен күнге керемет болып барасың!

Сен нағыз болашақ әкімсің!

Сен нағыз президент сияқтысын, ақылдысың!

Сен өте білімді екенсің!

Жарайсың!

Сен бүгін сабақта өзіңді жақсы көрсеттің!

Бүгін мен сенің ақылдылығыңа таң қалдым!

Сен менненде ақылды екенсің!

Сен ертең бүгінненде білімді болып келесің деп сенемін!

Жазуың қандай әдемі!


Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды.








Дайындаған:

Бастауыш сынып мұғалімі: Карибаева З.О.


































26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп
















Шеберлік класс:




Тақырыбы:

«Математика сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жеке тұлғаны дамыту жолдары»










Дайындаған:

Бастауыш сынып мұғалімі: Карибаева З.О.


2016ж 23 қаңтар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Карибаева Замира Орунбаевна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291297


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства