Просмотр содержимого документа
«Шаш – ?ызды? к?ркі »
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан Білім басқармасы
Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы:
Шаш – қыздың көркі
Орындаған: Абабаева Айдана, Байбурина Дария
Ғылыми жетекшісі: Б.Б. Кенжетаева
Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің 2 «Ә» сынып оқушылары Абабаева Айдан мен Байбурина Дарияның «Шаш-қыздың көркі атты» тақырыбына жазылған ғылыми жобасына
П І К І Р
Ғылыми жұмыста авторлар ұзын шаш қыздың көркі -шашқа тағатын әшекей бұйымдар туралы ақпараттар жинақтап,кесте,диаграмма жасап,шаштараздан сұхбат алып зерттеу жұмысын жүргізген.Зерттелген нысаналарды зерделеп, тарихи маңызын ашып,мәліметтер жинақтап,жүйелеген.
Бұл жұмыс осы бағыттағы алғашқы талпыныстар болғандықтан, жұмыс қызығушылық тудырды. Авторлар жас ерекшеліктеріне қарамай, өз зерттеулерін нақ және ашық түрде,өздігімен жүргізген.
Қожаберген жырау атындағы
№6 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі
директордың орынбасары А.С.Ташетова
Мазмұны
I.Кіріспе...................................................................................................4 - бет
1.Қыз бала тәрбиесі...............................................................................5-бет
1.Ұзын шаш қыздың көркі екенін дәлелдейтін ауыз әдебиеті үлгілерінен мәліметтер жинастырдық.
2.Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерімен таныстық.
3.Жинаған әдебиеттерді талдадық.
4.Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдедік.
5.Ұзын шашқа шығармаларын арнаған сазгерлердің әндерімен таныстық.
6.Сыныптас құрбыларыммен сұхбаттасу барысында ұзын шашты қыздардан анкета алдық.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
Тақырыбымызды ашу барысында ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасалды.Өзіндік тұжырым жасала отырып,салыстыру әдісі де қолданылды.
Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы
Қазіргі заманғы құрбыларымның шаш қою үлгілері мен шашқа тағатын әшекей бұйымдарды орынды пайдалануда өзімдік пікірімді айтпақпыз.Ұлттық салт-дәстүрден алшақтамауға,құрметтеуге,жаңартуға шақырамыз.
Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:
Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткіздік.Өз қатар сыныптастарымыздың ұзын шаш өсіру жайлы ойлары белгілі болды.
Кіріспе
«Ұзын шаш-қыздың көркі»
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Шаштың адам ажары екенін, оның сұлулық қасиетіне толы екенін жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу.
Қазіргі ақпарат құралдары арқылы теледидарда көрсетілетін бейнебаяндағы әнші, кинодағы әдемі актер,мультфильмдегі қыздар бейнесі ұзын шаштары арқылы айқындалатыны белгілі болды.
Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:
Ұзын шаш қыздың көркі екеніне көз жеткізу.
Ғылыми жобаның міндеттері:
1.Ұзын шаш қыздың көркі екендігін дәлелдейтін әр түрлі ақын-жазушылар
шығармаларын жинастыру.
2.Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерін жинастыру.
3.Жинаған әдебиеттерді талдау.
4.Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес, өзіндік сал-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.
5.Өзіндік пікір,тұжырым жасау.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:
- Жинақтау, топтау;
- Салыстыру;
- Өзіндік ой топшылау;
Ғылыми жобаның нәтижесі мен қорытындысы:
Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім.
1.Қыз бала тәрбиесі
Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап,періштедей аялаған. Қыз баланы кішкентайынан әдепті,инабатты етіп тәрбиелеген.Дана халқымыз бойжеткендерін пәле-жаладан,жамандықтан аулақ ұстап,сақтандырған. Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп,сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады.
Ерте замандағы Қыз Жібек ,Баян сұлу, т.б. Қазақ қыздары ерекше сұлу болған.Себебі ,олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұлаңдатып жүрген.
1.1. Шашқа тағатын әшекейлері
Шашбау.
Ол қыз-келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылады. Шашбау
қыздардың шашының әр-ажарын ашады.Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағылатыны мәлім.
Түркі халықтары алтын,күміс тиындар,кейде маржан қадалған,ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді.Шашбаудың жасалу,әшекейлену әдістері әр түрлі.Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді:
1.Үзбелі шашбау; 2.Шашақты шашбау;
Қазақтар шашбаудың ; сөлкебай шашбау, теңге шашбау, шаштеңге,үкі аяқты шашбау, шаш-түлек (лентадан жасалады) шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар. Қазақ зергерлері шашбауды негізіненн
Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады,оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды.Шашбауды бұрымға қоса өреді,сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды,сөйтіп бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбауы қарапайым болады.Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды,басқа массаж істеп денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным -сенімі бойынша шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады.
Шолпы
Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» -деп атайды.
Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзету үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде,жүгіргенде,күлгендеол сыңғырлап дыбыс беріп ,үйдегі үлкендер қалжыңын қойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып,жүгіріп,секіруін тыйған.
«Шолпы»-деген ұғым балықтың судағы секіріп,ойнағанынан шыққан сияқты.
Жас қыздар мынадай шолпы таққан: 1.Үзбелі шолпы; 2.Қос үзбелі шолпы; 3.Маржанды шолпы; 4.Меруертті шолпы; 5.Ақық шолпы; 6.Қоңыраулы шолпы;
Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайды,сәндік бұйым ретінде падаланады.Оны мақпал,шұға,барқыт,мауыты тәрізді көк,қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп,тігеді.Шашқаптың жоғарғы ,төмен жағына ою-өрнекпен безендіреді,зер,оқа моншақтарымен сәндейді, кейде оған маржан,меруерт,күміс шеттіктер тағады.
Шаштеңге
Шолпының күміс,алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпымен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады.Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс.Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінен хабар беріп,айтып отырады.Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты әшекейлі арқалық,шүйдег тағылған әшекейдің аты-желкелік.
Шекеде кәмшат бөрік,киген асыл,
Сылдырлап алтын шолпы,иықта шаш.
1.2. Шашқа байланысты ырымдар:
Қазақ халқында екі қабат кезінде әйелдер шаын кеспейді.Олай жасаса іштегі бала кемтар болып туады.
Әйелдер тектен-текке шашын жайып жіберіп жыламайды.
Қыз келіншекті шашын жұлып сабамайды.Бұл олардың басынан бағын тайдырады,шаңырақтың ырыс-құтын қашырады.Бұрымыңды кеспе бойжеткен .
Халқымызда: «Бұрымыңды кескенің-ақылыңды кскенің», « Бұрымыңды кескенің-өмір жолыңды кескенің» деген ғибратты сөздер бар.
Ақ шашты әжелердің айтуынша,бойжеткен кімге бұрымынын кестірсе, соның тағдырын басында қайталап өткізеді.Егер бұрымын кесе қалса,оны таза шүберекке орап , адам баласының табаны тимейтін жерге апарып көмуге тиіті.Өйткені ,бұрым бойжеткеннің ана құрсағынан өзімен бірге келе жатқан жолдасы,қарын шашы.
Ел аузында бұрымын кескісі келген бойжеткенге байланысты талай-талай аңыз әңгімелер бар:
Бір қыз бала тобығына дейін түскен қалың шашын кепекші болып қолына қайшысын алғанда мынадай оқиғаларды ап-анық көреді:
Бұрымын кеске күні әкесінің бұл өмірмен қоштасатынын;
Бұрымын кескен күні ешкімнің оған алғыс айтпайтынын,одан түңіліп теріс айналатынын;
Бұрымын кескен күні өмір жолының кілең сәтсіздіктен басталатынын;
Бұрымын кескен күні жігіттердің одан безіп,онымен ешқайсының таныспайтынын,жапанда өске жалғыз ағаш сияқты қалатынын...
Осы көріністер оған аян бергендіктен ,бойжеткен бұрымын кесуден бас тартады.Сол сәттен бастап оның өмірі қуаныш-қызыққа толып, бақытты тұрмыс құрады,үбірлі-шүбірлі,дәулетті отбасының анасы болып қосағымен қоса ағарады.
Аңыз әңгіме болса да,оның негізі ақиқат екеніңе күмәніміз жоқ,
Бексұлтан Нұржекенің жазуынша, ертеде түркілер Қытайдан жібек матасының қалай жасалатынын білу үшін пысық бір жігітті сапарға шығарады.
Ол барған жерінде қолаң шашты бір қызға үйленеді де, оның шашын ұп-ұсақ қырық өрім етіп өреді.Осылайша түркілер бұрымның көмегімен жібек мата жасаудың құпиясын ашады.Аңыз-әңгімеге сенсек, содан бері түркілер де қыз-келіншектерінің бұрымын ұсақ-ұсақ етіп өрген, ұлттықт салт болып қалыптасқан.Негізінен көшпелілердің қыздары шашын жұп етіп өрген.Этнограф жазушылардың айтуынша,бұрымның жұп болатын сыры:бір жағынан бұрымның әрі ұзын, әрі тоқ екендігін көзді сүріндіру,көргендерді тамсандыру.Екіншіден қыз жұбайлы,яғни жұптасып өмір сүруге тиісті.
Қазақ қызы жаугершілік заманда қанжармен шашын тарап,шашын төбесіне тарақтай түйіп,ерлермен бірге атқа қонып,елін қорғағанымен,1941-1945жылдары соғыс кезінде майданға аттанғанда бұрымдарынан амалсыз айырылуға мәжбүр болды.Солардың бірі Шығыстың шолпаны-Мәншүк Мәметова еді.Оның бұрымынан айырылған алақайғысы туралы ақын Дүйсенбек Қанатбаев тіпті,былайша жырлайды
Айқасқа барам өліммен,
Қайтемін жалғыз бас қамын.
Бұрымымды төгілген,
Туған жер саған тастадым.
Шашымды мақтап айтса наз,
Қинап ем жігіт талайын.
Тоқташы,сәл-пәл, шаштараз.
Айнаға қарап қалайын...
Шақырып апат гүрілі,
Майданда жатты ұйып қан
Арудың әсем бұрымы,
Кесіліп түсті иықтан!
Қара жер бетін қан қылып,
Окоптан талай тұрмады.
Ұйқыда қазір мәңгілік,
Батыр қыз майдан құрбаны.
Омырауын оқ тесіп,
Қиса да сол қыз ғұмырын
Жүргендей әлі от кешіп,
Қия алмай қара бұрымын!
1.3.Шашқа арналған әндер
Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын шашты қызы елестейді:
Сыңғыр шолпы шашбаулым,
Жарасады таққаның.
Осы сәнің тұрғанда,
Қаламаймын басқаны.
Сүйіншілер жеңгелер,
Шашбаулы қыз кеді деп.
Негізгі бөлім
Соңғы уақытта шашты сәндеп өру түрлері өте көп , бізді біріншіден қызықтырғаны, екіншіден « өзіміз шашымызды күтетін кез келді»- деп ойладық.
Зерттеу жұмысымызды шаштаразға барып ақыл-кеңестерін алудан бастадық,бірнеше сауалымыз да болды:
Шашты қалай күту керек?
Шашқа қандай сусабын пайдалы?
Аптасына неше рет жуу керек?
Жаңа жылдық ертеңгілікке шашты қалай сәндеп баруға болады?
Шаштараз ақыл-кеңесі:
Шашты қалай дұрыс жуу керек? Ең алдымен әрі-бері тарау керек сол кезде шашқа жаттығулар жасалады. Шаштың типіне байланысты сусабындарды дұрыс пайдалана білу керек. Шашыңды аптасына екі рет жу. Ол «Мои кудряшки» немесе балаларға арналған сусабынды пайдалан-деді.Сол сусабындар шашты ұйыстырмай тарауға көмектеседі. Шашты жуғаннан соң 3 есе артық сумен шаю керек.Жақсы шайылған шаш кепкеннен кейін жылтырап тұрады.Шашыңды 2 айда 1 рет айранмен жуу пайдалы.Айранмен жуылған шаштың тамыры жақсы бекиді.
Шашты жуып болған соң, бос жіберіп еркін кептір .Фен қолданба,себебі ол шашты шамадан тыс кептіріп, шашқа зиян келтіреді.
Тек 1-2 айда шашыңның ұшын ғана сәл қиып отыр.Ол шаштың дұрыс бұзылмай өсуіне жақсы әсер береді.
Күнде мектептен келген соң ,шашыңды бос жібер. Себебі шаш арасына ауа кіру керек.Шашыңды әр түрлі бағытта тара.Сол кезде бастың қан айналымы жақсарады.Өзің де жақсы әсер аласың. Мен ағаштан жасалған тарақтарды пайдалануға ұсыныс беремін.
Ұйықтар алдында шашыңды тарап, бос өріп жат. Ұзын шаш өзіме өте ұнайды, себебі неше түрлі өруге, жинап түюге, шашқа арналған әшекей-бұйымдарды тағуға болады. Жаңа жылдық ертеңгілікке былай шашты әсемдеуге болады (көрсету шашты өріп)
Өз зерттеу жұмысымызды мектеп ішіндегі қыздардың шаштарының қаншалықты ұзын екендігін көргіміз келді. Осы мақсатта ұстазымзбен бірге мектептегі қыздардың шаштарының ұзын-қысқасын тексердік.
Қыздарды үш буынға бөлдік : Бастауыш сынып , орта буын, жоғарғы буын.
Бастауыш сыныптарда
Бастауыш
сынып
Қыздар саны
Шашы ұзын қыздар
Шашы қысқа қыздар
1,2,
53
52
1
3,4
60
58
2
Барлығы
113
110
3
Орта буын
Орта буын
Қыздар саны
Шашы ұзын қыздар
Шашы қысқа қыздар
5,6
81
70
11
7,8
56
41
15
Барлығы
137
111
26
Жоғарғы буын
Жоғарғы
сынып
Қыздар саны
Шашы ұзын қыздар
Шашы қысқа қыздар
9,10
33
30
3
11
12
10
2
Барлығы
45
40
5
Бұдан біз қазақ қыздары салт-дәстүрді сақтап жүргенін көреміз.
Осы шаштарды қазіргі кезде неше түрлі қылып өреді. Міне (буклеттен көрсету)
Өрілген шашты сәндеу үшін шолпы немесе тағы басқа ұлттық әшекейлік бұйымдарды тағуға болады. (көрсету) Сонда қыздарымыз әдепті,инабатты болар еді.
Үлкендердің ойын білгіміз келіп,біз олардан мынадай сауалнама алдық.
Сұрақтар:
1.Қыз баланың шашы ұзын болғаны ұнай ма?
2.Қыздардың шолпы,шашбау тағуларына қалай қарайсыз?
Жауаптары:
Қыз баланың шашы ұзын болғаны әрине ұнайды,ұзын шаш қыздарға ерекше сән береді.
Шолпы,шашбау таққан шаш қыздың көркі, күнделікті тақпаса да,мерекелерде тақса деймін.
Өкінішке орай біздің қалада шашқа тағатын ұлттық әшекей бұйымдар аз.Тек мұражайлардан ғана көруге болады.
Ал басқа шашқа тағатын сәндік бұйымдар өте көп.
Қорытынды
Зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе шаштың қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретініне көзіміз жетті.