kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сарымсақ» тақырыбына ғылыми зерттеу жобасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пікір

      Ғылыми жоба тақырып негізінде жасалған. «Сарымсақтар туралы»  мәліметтер  жинақталып, оларға зерттеу  жұмыстары жүргізілген. Сарымсақтың дәрлік қасиеттерін анықтаған. Сарымсақты егіп, оған  тәжірибе жүргізілген. Зерттеу мақсаты мен  міндеті нақты қойылып, жүйелі түрде жұмыс  жүргізілген. Соның  нәтижесінде көзделген мақсатқа жеткен.

     Ғылыми жоба жас ерекшелігіне сай өз деңгейінде жасалған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сарымсақ» тақырыбына ғылыми зерттеу жобасы»





Зерттеудің мақсаты. Сарымсақ туралы жалпы мәліметтер жинақтап,

оның пайдасы мен емдік қасиеттерін ашу. Сарымсақ

жайлы қызықты мәліметтер жинақтап, білімді тиянақтау.

Зерттеу міндеті:

  • Сарымсақтың ең алғашқы Отаны .

  • Сарымсақтың түйнек арқылы көбеюі.

  • Сарымсақты медецинада қолдануы

  • Әдебиеттер мен баспасөздерден, интернеттен материалдар жинақтау.

  • Зерттеу кезеңдері:

  • Теориялық кезең Бірінші кезеңде 2011-2012 оқу жылында зерттеу

жұмысының тақырыбын анықтап, тақырыпқа байланысты

әдеби кітаптар мен, ғылыми пікірлермен, оқулықтармен

танысу, оларды жинақтау

  • Ізденіс кезеңі Екінші кезеңде 2012-2013 оқу жылының басында

зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жинақталған

ойды тұжырымдау, бір жүйеге келтіру.

  • Қорытынды кезең Үшінші кезеңде 2012-2013 оқу жылының соңында

зерттеудің жекеленген жайттары анықталып, материалдары

жүйеленеді. Барлық жұмыстарды қортындылау.













Тараз қаласы. Байзақ ауданы «Кеңес» орта

мектебінің 3 «А» сынып оқушысы

Жандос Жанель Русланқызына

«Сарымсақ» тақырыбына ғылыми зерттеу жобасы

жөнінде

 

Пікір

Ғылыми жоба тақырып негізінде жасалған. «Сарымсақтар туралы» мәліметтер жинақталып, оларға зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сарымсақтың дәрлік қасиеттерін анықтаған. Сарымсақты егіп, оған тәжірибе жүргізілген. Зерттеу мақсаты мен міндеті нақты қойылып, жүйелі түрде жұмыс жүргізілген. Соның нәтижесінде көзделген мақсатқа жеткен.

Ғылыми жоба жас ерекшелігіне сай өз деңгейінде жасалған.

 

 

Пікір жазған № 50 орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі Майманова Жайна

 























Сарымсақ түрлеріне жалпы сипаттама берілді.Сарымсақтың биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылықтағы маңызы анықталды.Зертханада сарымсақтың химиялық құрамын анықтауға байланысты биохимиялық талдау жасала отырып,сарымсақтың емдік қасиетін бұл өсімдіктің табиғи қорын көбейту талабын туғызып отыр

.

Аннотация

В данной работе дается общая характеристика видам семейства чеснок. Выявлены биологические особенности чеснока и её значения в хозяйстве.В лабораторий при определений химического состава чеснока и биохимического анализа,пришли к выводу, что это растение приносит пользу в народном хозяйстве и необходимо дальнейшее размножение о обогащение фонда растительности в природном мире.

 

Annotation

The Type family wormwood is given general feature. Was determined value darmina wormwood in farm and biological particularity. In laboratory determination of the chemical composition darmina wormwood and analiz biochemistries, was realized that went wormwood darmina in facilities it is necessary to multiply natural spare of this plant.



























Сарымсақ — пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны — Оңтүстік Шығыс Азия. Жабайы сарымсақ екі жылдық, ал шаруашылық мақсатында өсірілетін сарымсақ бір жылдық. Сарымсақтың дәмі ащы, иісі өткір.

Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі.

Сарымсақты әлемнің кез-келген елінен кездестіре аласыз. Тамақ жасау кезінде астың дәмін келтіру үшін пайдаланады. Медицинада табиғи антибиотик болып саналады. Өйткені, сарымсақ вирустарға қарсы жақсы қорғаныс болады. Көптеген халықтың халық медицинасында маңызды рөлге ие өсімдіктің бірі осы сарымсақ.

Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы. Сарымсақтың құрамында B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар және тағы да басқа микроэлементтер бар. Басым бөлігі судан, көмірсулардан, одан кейін, ақуыздардан тұрады.

Аздаған мөлшерде майлар болады. Солардың бірі — эфир майы.

100 г сарымсақта – 150 ккал бар.

Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушар сарымсақты тамақ ретінда пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген.

Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.



























Сарымсақтың өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса, сарымсақтың көлемі де үлкен болады. Сарымсақтың өнімі бернеше кішкене бөлікшелерден (көнектерден) тұрады. Оларды сарымсақтың ұрығы ретінде егеді.

Өсіп тұрған кезінде жапырағынан жебе тәрізді үрықтанған бөлігі шығады. Оны майға қуыруға, тамаққа қосуға болады. Сол ұрықтанған гүлін дер кезінде суырып алып тастау қажет. Егер алынбаса, сарымсақ өсімдігінің барлық күші ұрықтануға кетеді де, жер астындағы өнімі дамымай, кішкентай болып қалады.

Ертедегі Гректер мен Римдіктер: “Сарымсақ сарбаздарға батылдық, өжеттік береді” деп сенген. Қытайдағы халық медицинасында ас қорту жолдары мен тыныс алу жолдарына қатысты ауруларды емдеуге және оба мен тырысқақ індеттерінен қорғану үшін сарымсақ пайдаланылды. Орыс халқы сарымсақты уды кетіру үшін, жылан шаққандашипа болу үшін, жұқпалы індеттерден сақтану үшін пайдаланған. Қытайда тері ауруларын емдеу кезінде, ревматизм ауруына қарсы және авитаминозға қарсы пайдаланған екен.

Сарымсақ ертеден-ақ суық тиіп ауырға адамдарға ем-дом жасау үшін пайдаланылды. Алайда, ол кезде сарымсақтың аурға қарсықалай күресетіндігі белгісіз болатын. Сарымсақтың сырын Израильдік Давид Мирельман есімді дәрігер ашты. Сондағысы, сарымсақ өзінің құрамындағы аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен.

Күн сайынғы тамақта 10-15 гр. сарымсақ жеп тұру денсаулыққа пайдалы. Сарымсақ пияз (жуа) секілді ауыз қуысымен асқазан жарасына зиянын тигізбейді. Осы қасиеті де оны пияздан маңыздырақ қылады.

Сарымсақ адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын төмендетеді. Сарымсақ адам денсаулығына жан-жақты пайдалы болғанымен СПИД-ке қарсы егілген, қабылданған дәрілердің белсенділігін жояды екен. Бұл жөнінде америкалық бір топ фармацевт ғалымдар өздерінің зерттеулеріне сүйеніп айтқан.












Сарымсақтың пайдасы және қолдануы



Сарымсақтың адам өміріне пайдасы мол!Сарымсақтың құрамында селен, германий, магний және тағы басқа көптеген микроэлементтер, амин қышқылдары, А, В, С дәрумендері, калий, фосфор, кальций элементтері, темір, хлор, ақуыз бар.Жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуде сарымсаққа тең келетін ештеңе жоқ Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі.Сарымсақ – теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Сондай-ақ сарымсақ асқазан-ішек жолының қызметіне жағымды әсер етеді: ас қорытуды жақсартады, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бауырыңызды қорғап, өтті айдайды.жәнеде сарымсақ ол адамның минын жақсарттады,Тұмауғада өте пайдалы! Адамдар тұмау болған жағдайда оны жіптен өткізі,мойнына тағып алады сосын егерде сіз ауырған жағдайда қолыңыздың тамырының үстіне бассаңыз тез жазылады! Барлық ауруға таптырмайтын ем! Аурудың алдын алу үшін күніне 2-3 түйірін, ал ауруды емдеу үшін 4-6 түйірін жеу керек.

Пайдасы өте көп,әсіресе жұқпалы аурулардың алу мен емдеуде сарымсаққа тең келетін ештеңе жоқ десе де болады.
Сондай-ақ сарымсақ асқазан-ішек жолының қызметіне жағымды ісер етеді: ас қорытуды жақсартады, қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыпқа келтіреді. Бауырыңызды қорғап, өтті айдайды.
Асқазан-ішек жолында кездесетін ауру тудырғыш бактериялардың өсуін тежеп, ішек флорасын ретке келтіреді. Оның ішек паразиттеріне, майда саңырау құлақтарға қарсы әсері де зор. Сарымсақты жиі пайдаланып отыру асқазан мен ішек қатерлі ісігінің алдын алады деп есептеледі. Ол ағзадан сынапты, қорғасынды және басқа да уытты металдардышығарады. Эритроциттердің бұзылуына жол бермейді, темекінің түтінінде, қақталған етте жанә ластанған ауада болатын химиялық канцерогендерден бауырдың зақымдануын болдырмайды.

Сарымсақ адам денсәулығына жан-жақты пайдалы болғанымен вич-ке қарсы егілген, қабылданған дәрілердің белсенділігін жояды екен.Бұл жөнінде америкалық бір топ фармацефт ғалымдар өздерінің зерттеулеріне сүйеніп айтқан. 00 г сарымсақта – 150 ккал бар.

Сарымсақтың құрамында селен, кальций, фосфор, темір, магний, A, B1, C, PP дәрумендері бар.
Бактериялармен күрестегі жаны ашымас күрескер

Сарымсақ бактерияларға қарсы қосылыстарға, эфирлі майларға, сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай. Бактерияларға қарсы ең күшті қасиетке шикі сарымсақ ие, тіпті, өңдеуден кейін де ол қандағы холестерин деңгейін түсіреді, қанның ұюына қарсы әсер береді, қан айналымы жүйесін қорғайды және асқорыту жүйесіне жақсы әсер етеді. Микроағзаларды, ашытқыларды, саңырауқұлақтар мен вирустарды жояды. Оның вирусқа қарсы әсері қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін азайтады.




Алғашқы антибиотик

Антибиотиктер біздің өмірімізге енбес бұрын, өзінің қасиеттері арқасында сарымсақ вирусты аурулардан қорғаныш ретінде, сонымен қатар тырысқақ, оба немесе тұмау індеттері кезінде олардың алдын алатын құрал ретінде қолданылды. Оның дәрілер мен егулерден ерекшелігі бактерия штамдарында төзімділік туындамайды және адам үшін уытты емес.
Егер осы иіс болмаса …

Сарымсақтың өзіне тән иісі оны кескен немесе езген кезде пайда болатын күкірттің энзиматиялық қосылыстарының ыдырауынан туындайды. Бұл жағымсыз жанама әсерді алманы, ақжелкенді, жалбыз жапырақтарын, жебіршөпті, эстрагонды немесе балдыркөкті шайнау арқылы кетіруге болады
Халықаралық дәмдеуіш

Сарымсаққа міне 4000 жыл, ол Орта Азиядан шыққан және бүкіл дүние жүзінде өсіріледі. Әлемнің барлық тағамдарында, әсіресе жерорта теңізі, ресей, болгар, түрік және араб тағамдарында дәмдеуіш ретінде қатты бағаланады.

Сарымсақпен туберкулезді жеңуге болады


Қазіргі кезде ауыра қалсаң емделу оңай болмай отыр. Бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Емделу ауылдық жерде тұратындар үшін тіпті қиын. Қазір «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының арқасында дәрігерлік ем көрсету орындары қолға алына бастағаны дұрыс болды. Дегенмен шалғай ауылдарда аурухана тұрмақ дәрігерлік пункт те жоқ жерлер бар. Ауыра қалсаң аудан орталығына барасың, егер оған үнемі мүмкіндік бола берсе жақсы және бір рет қана емес бірнеше рет баруға тура келеді. Сондықтан сырқаттанып қалған жағдайда ауыл тұрғындары өздерін-өздері емдейді. Аурудың түрі көп. Әсіресе жылдан-жылға туберкулез ауруы дендеп барады.Туберкулезге қарсы пайдаланатын тұнба.
Сонымен: 1 шай қасыққа 20-25 тамшы сарымсақ (чеснок) сөлін тамызып, қасықтың ернеуіне дейін арақ құю керек. Күніне осындай 1 шай қасықтан үш рет ішу қажет. Қалған сарымсақтың сығындысын жатар төсектің тұсына іліп қою керек немесе сарымсақтың иісімен демалып жүру үшін дәкеге салып, мойынға іліп жүрген дұрыс.







Сарымсақтың қандай қасиеттерін білеміз?

Сарымсақ - адамзат асқа дәмдеуіш ретінде және медицинада кеңінен пайдаланатын көкөністің түрі. Сарымсақтың емдік қасиеттері 4000 жылдан бері белгілі болған.
Сарымсақ Орта Азиядан шыққан және бүкіл дүние жүзінде өсіріледі. Әлемнің барлық тағамдарында, әсіресе жерорта теңізі, ресей, болгар, түрік және араб тағамдарында дәмдеуіш ретінде қатты бағаланады.
Құрамында В1 тобының дәрумендері, С дәрумендері (жуашығында 10 мг пайыз, сабағында 55 мг пайыз) және Д дәрумені, йод, май, тағы да басқа заттар бар. Яғни 100 г сарымсақта – 150 ккал бар. Селен, кальций, фосфор, темір, магний, A, B1, C, PP дәрумендері бар.
Сарымсақ бактерияларға қарсы қосылыс-тарға, эфирлі майларға, сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай. Бактерияларға қарсы ең күшті қасиетке шикі сарымсақ ие, тіпті, өңдеуден кейін де ол қандағы холестерин деңгейін түсіреді, қанның ұюына қарсы әсер береді, қан айналымы жүйесін қорғайды және асқорыту жүйесіне жақсы әсер етеді. Микроорганизмдерді, саңырауқұлақтарды, бактериялар мен вирустарды жояды. Оның вирусқа қарсы әсері қатерлі ісік ауруларының пайда болу қаупін азайтады. Антибиотиктер біздің өмірімізде пайда болмас бұрын, өзінің қасиеттері арқасында сарымсақ вирусты аурулардан қорғаныш ретінде, сонымен қатар тырысқақ, оба немесе тұмау індеттері кезінде олардың алдын алатын құрал ретінде қолданылған. Оның дәрілер мен егулерден ерекшелігі бактерия штамдарында төзімділік туындамайды және адам үшін уытты емес.
Сарымсақтың құрамында ауру тудыратын микробтардың көптеген түрлерін жоятын ерекше бактерицидтік (фитонцидтер) заттар бол-ғандықтан, ол медицинада да қолданылады. Халық арасында сарымсақты көптеген ауруларды емдеуге ертеден пайдаланған. Әсіресе, қырқұлақ ауруын.
Емдік қасиеті ежелден белгілі сарымсақтың жаңа қасиетін жапондық, француздық ғалымдар дәлелдеп отыр. Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып отырады. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. 2006 жылы француз ғалымдары сарымсақтың қасиетіне қатысты өз зерттеулерінің нәтижесін жариялаған болатын. Бұл зерттеу Францияның солтүстік-шығысындағы әйелдер арасында жасалған көрінеді. Тәжірибе көрсеткеніндей, сарымсақты көп қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны басқа сарымсақты сирек қолданатын әйелдерге қарағанда аз болыпты.
Парсылықтар геморойды сарымсақтың түтінімен булап емдеу әдісін қолданады. Шағындау темір құтының түбіне қатты қыздырыл-ған кірпішті салып, одан кейін үстіне ұсақ етіп кесілген сарымсақты салады. Сарымсақ күйіп, түтіндей бастағанда сырқат құтының үстіне отырып емделеді. Бұл әдіс қажетінше қайталанады. Ежелгі римдіктер сарымсақтың қасиетін танып, оны легионерлерге күнделікті тамаққа қосып беріп отырған. Ертеде кейбір елде сарымсақты тұмар ретінде тағып, аурудан сақтанған. Сарымсақтың негізгі қасиеті оның құрамындағы эфир майы мен фитонцидте. Қолқаны қаритын эфир майы 2-3 метр аумақтағы микробтарды жойса, ондағы фитонция түрлі аурулардың таяқшасын 5 минутте өлтіреді, астың қорытылуын жақсартады. Асқазан, ішек, жүрек ауруларының да бірден-бір емі – сарымсақ. Ол қан айналымын реттейді, аурудың асқынуына жол бермейді. Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада мың сан ауруға ем.

Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада мың сан ауруға ем. Қытай халық медицинасы сарымсақты салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. Бірінші күні 30 грамм сарымсақ қабылдау қажет. Осылайша ай жарым ішінде мөлшерін күннен-күнге көбейте 90-120 грамға дейін жеткізеді. Ал ай жарымнан кейін сарымсақтың мөлшерін керісінше біртіндеп азайтып, бастапқы кезеңдегі 30 грамға дейін төмендетеді. Осы кезеңде күніне бірнеше рет сарымсақ буымен дем алу қажет, ал арқа мен кеудені өсімдік майымен 1:1 араласқан сарымсақтың сөлімен сүртеді.

Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнатады. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосады. Мұны күшті жөтел кезінде сағат сайын ішуге болады. Қатты тұмауратқанда, көп сипаттағы салқын тию белгілері (түшкіру, жөтелу, қызу көтерілу т.б.) білінгенде, тамақ ауырғанда, ангина, бұлшық ет пен сіңірлер ауырғанда бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отырады. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет.

Тұмау, қолқаның қабынуы, өкпеге салқын тигенде 300 грамм сарымсақты ұсақтап, шарапқа араластырып, бетін мұқият жауып, 30 минут қояды. Сосын 200 грамдай қалдығын бір литр “Кагор” шарабына сүзіп құйып, қоспаны екі апта тұндырып қояды. Қойыртпақты мезгіл-мезгіл шайқап қойған жөн. Тұнбамен арқа мен кеудені бір-екі рет ысқылап сүртіп тұрған пайдалы.

Жүрек ауруларына да сарымсақ – таптырмайтын ем. Бір литр балға он лимон сөлін қосып, оған он сарымсақты ұсақтап араластырып, тығыз жабылған ыдысқа салып қояды. Ол қараңғы, салқын жерде бір апта тұруы тиіс. Сосын күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдайды. Әр қасықты жұтқан сайын арасына бір минут үзіліс жасап алған жақсы. Бұл қоспа демікпесі бар стенокардияға өте пайдалы. Тіпті бірер адым жүрген сайын ентігіп қалып, тыныстап алатындардың өзі осындай тұнбаны қабылдағанда сауығып кеткен.

Ағзадағы холестериннің деңгейін төмендетуде де сарымсақ жақсы көмектеседі. Ол үшін күн сайын өрік, шие, қара өріктен алынған қойыртпақты 15-20 грамнан қабылдап, бұған қоса, бір шай қасықтан күніне үш рет сарымсақ майын немесе 1/3 шай қасық сарымсақ ұнтағын қабылдап отыру қажет.

Ал бастапқы инфаркт кезінде тамақ мәзіріне сарымсақ майын, сарымсақ шарабын, сарымсақтың өзін араластыру керек. Бұл инфаркті тежейді.

Жүрек ұстамасының дамуын тоқтату үшін сарымсақтың тазаланған бір шағындау талын жұтып жіберген дұрыс. Қалтаңызда нитроглицерин болмай қалған кезде осылай істесеңіз, жүрегіңізді бүрген ауру із-қайым жоғалады.

Бұрынғы өткен емшілер жүрегіне қан толып, тынысы тарылған адамға сарымсақты тұзға батырып, содан соң стакан толы шарапқа араластырып ішкізген. Бұдан кейін ауру адамның пештің түбіне жылы жерде терлеп жата тұруына мүмкіндік береді. Сол кезде қан дененің барлық жеріне тарап кетеді де, ол адам тез сауығады.

Қант диабетін ауруды да сарымсақпен емдеуге болады. Сарымсақтың 100 грамм кесіндісіне бір литр қызыл шарап құяды. Қоспаны жарық түсетін жылы жерге екі апта қояды. Мезгіл-мезгіл араластырып, сүзбеден өткізіп қойған да артық болмайды. Сосын мұздатқышта сақтау керек. Дайын болған емдік тұнбаны 1-2 ас қасықпен күніне үш рет тамақ ішер алдында қабылдайды. Сондай-ақ сарымсақтың үш-төрт басына (ұсақтап туралған) 500 мл. қайнаған су құйып, бетін орап 20 минут бұқтырады. Сосын күні бойы шай сияқты іше беруге болады. Диабетке арналған емнің тағы бір түрі - ұсақтап туралған бес-алты бас сарымсақты 500 мл. қара суға салып, жақсылап араластырады. Күннің көзіне бір сағат бұқтырады. Мұны су сияқты шөлдегенде іше береді.

Беттегі безеу, бөртпе, терінің тағы басқа іріңді жараларына сарымсақтан былайша емдік тұнба жасайды. Төрт жүз грамм сарымсақты ұсақтап шыны құтыға (бутылка) салады. Үстіне шамалап спирт құйып, күннің көзіне сұйықтық сары-жасыл түске енгенше (мезгіл-мезгіл араластырып) қою керек. Бұдан соң сүзгіден өткізіп алған жақсы. Оны қабылдағанда алғашқыда бес тамшыдан, сосын әр күн сайын оған бір тамшыдан қосып сумен ішеді. Осылайша күн сайын көбейтіп, 25 тамшыға жеткізгенде, керісінше, күн сайын бір тамшыдан азайтып, қайтадан бес тамшыға жеткенше қабылдайды. Қажет болған жағдайда бұл емдеу курсын қайталауға болады. Тұнбаны жараға жағып, терінің зақымданған жерін сүртсе де артық етпейді. Іш өту және жұқпалы іш аурулары өте қауіпті. Бұл ауруларға, әсіресе, балалар бейім келеді. Әрине, дәріханада іш ауруларына қарсы неше түрлі дәрмек бар. Алайда табиғи қауіпсіз ем қолданғанға жететін ештеңе жоқ. Осы ауру түрлерінен емделуге де сізге тағы сарымсақ көмекке келеді. Мұндай жағдайда бөлшектенген қараот (портулак) жапырағын (бір ас қасық) бір стакан ыстық суға салып кішкене қоя тұрады, сосын 30 минут қайнатып, оған бір-екі бас ұсақталған сарымсақ қосады. Қымтап орап, жиырма минуттай тұндырып, сүзгіден өткізеді.

Жұқпалы іш ауруларында осы тұнбаны 1/2 стаканнан күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Жұқпалы іш ауруларынан емделгенде күн сайын тәулік бойына бір бас сарымсақты тұтастай жеген дұрыс. Бұл аурудан тез жазылуға көмектеседі. Ал іш өткен кезде 2-3 грамм сарымсақ ұнтағын күніне екі рет тамақтан кейін қабылдайды. Мұның тиімді әсері бірден байқалып, іш өту тоқтайды, адамның тамаққа да тәбеті оянады. Негізінде сарымсақ ұнтағы адамды қауіпті жұқпалы іш аурулары қоздырғышынан да қорғайды. Жұқпалы іш аурулары және асқазан ішек жолдары ауруларынан емделу үшін карболен ұнтағын (дәріханалық препарат) сарымсақ сөлімен 1:1 етіп араластырып, жылы пешке (духовка) сарымсақ сөлін кепкенше ұстайды. Оны 1/3 шай қасықпен күніне үш рет тамақтан 20-30 минут бұрын қабылдау керек. Карболен ұнтағына сіңген сарымсақ сөлі тек асқазан, ішек жолдарына түскенде қайтадан жайлап бөлініп шығады. Бұл тәсіл сарымсақтың емдік қасиетін одан сайын күшейте түседі. Бұл емді сондай-ақ тамақтан, жеміс-жидектерден уланғанда, дәрі-дәрмектік заттармен өте қатты уланғанда, асқазан бүріп ауырғанда, іш өткенде күніне үш рет (тамақтан 30 минут бұрын) қабылдау керек.
Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі.

Сарымсақ – теріге сыздауық, сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Мысалы, шағындау шүберекті өсімдік майына шылап алып, артық майын сығып, ортасына ұсақтап туралған сарымсақ салып, сыздауықтың (тағы басқа жаралардың) үстіне жапсырып таңып тастаса, сыздауықтың қабығы тез жарылып, қабынуы тоқтап, ауруы басылады. Жараның үстіне танған сарымсақты күн сайын ауыстырып тұру керек. [1]



Спиртті сарымсақ тұнбасы

Жас ұлғайған сайын адамның тәнінде қо-қыстар, қан тамырларында қан катпалары жиналып, соның салдарынан миокард инфаркті, инсульт, жүрек қыспасы (стенокардия), склероз және әртүрлі ісік аурулары пайда бола бастайды. Олардың алдын алып, тәнді жасартудың ертеден келе жатқан мынандай бір амалы бар: 350 грамм сарымсақты жуып тазартып, майдалап турайсыз да, 200 грамын бөтелкеге салып, үстіне 200 грамм 90 пайыздық таза спирт құясыз. Аузын мұқият жауып, салқын, қараңғы жерде 10 күн тұндырып қойып, кейін қалың дәкеден өткізіп алынған сұйық тұнбаны ауызы жабық бөтелкеде 2-3 күн сақтасаңыз дәрі дайын болады. Тұнбаны ширек стакан салқын сүтке тамызып тамақтан бұрын 11 күн бойы ішесіз. Қай күні, қай мезгілде қанша тамызу қажеттігі мына кестеде көрсетілген:

күндер

таңертең

түсте

кешке

1-күн

2

2

3

2-күн

4

5

6

3-күн

7

8

8

4-күн

10

11

15

5-күн

13

14

15

6-күн

15

14

13

7-күн

12

11

10

8-күн

9

8

7

9-күн

6

5

4

10-күн

3

2

1

11-күн

2,5

2,5

2,5

Осы ретпен 11 күн ішкеннен кейін кері тәртіпте (яғни 1-күні 2,5 тамшыдан бастап ары қарай) тағы да 11 күн ішсеңіз, тек аталмыш аурулардың алдын алып қана қоймай, тәніңіз жасарып, көзіңіздің көру қабілеті де жақсара түседі. Ескерту: Бұл амалды 5 жылда 1 рет қолдан-саңыз болады.



Мәзір: Сарымсақ қосылған палау

Палау халқымыздың ең сүйікті, сондай-ақ әзірленуі оңай тағамдарының бірі. Палау басу өнері әр қалада ғана емес, әр отбасында әрқалай болады. Оның әзірленуін қыз-келіншіктер тұрмақ, бойдақ жігіттер де білетін болар. Бүгін біздің оңай әрі тез дайындаланатын палау мәзірімен таныс болыңыз. Сондай ақ бұл палаудың ерекшелігі сарымсақтың қосылуында.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«Сарымсақ» тақырыбына ғылыми зерттеу жобасы

Автор: Жандос Жанель Русланқызы

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414069


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства