kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка на тему "C?раулы с?йлем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1) Білімділік:  с?раулы с?йлемні? айтылу мен жазылуын ?йрете отырып, балаларды? байланыстырып с?йлеуін же?ілдету, белсенділігін арттыру. Жатты?у ж?мыстарын орындау ар?ылы сызба бойынша с?йлем ??ру?а ?йрету   

2) Дамытушылы?: о?ушыларды? с?здік ?орын молайту, ?з ойларын д?рыс жеткізе білу да?дыларын ?алыптастыру, о?ушыларды? бай?ампаз іскерлігін, шы?армашылы? ойлау ?абілеттерін арттыру.

3) Т?рбиелік: ауызбіршілікке, ?стамды??а, адалды??а, досты??а, ?ділдікке, жылдам ойлау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? типі:  жа?а білімді ме?герту

Саба?ты? т?рі: топты? ж?мыс

Саба?ты? ?дісі: с?ра? – жауап, т?сіндіру, о?ыту, ??гімелету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка на тему "C?раулы с?йлем"»

Қазақ тілі




Сабақтың атауы

Сұраулы сөйлем

Сілтеме

Ғаламтор,қазақ тілін оқыту әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі таратпалар,суреттер т.б

Жалпы мақсаттар

1) Білімділік: сұраулы сөйлемнің айтылу мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сызба бойынша сөйлем құруға үйрету

2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

3) Тәрбиелік: ауызбіршілікке, ұстамдыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, оқыту, әңгімелету

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Суреттер арқала топқа бөлу өздері спикерді сайлайды  топ аттары (АҚШ, МАИ,БҰҰ) . Бүгінгі сабақты өздерің бағалайсыңдар, әр топ бір-бірін жест арқылы бағалайсыңдар. Бағалау критерий (жасыл-өте жақсы,көк-жақсы, қызыл-нашар) және стақандармен ( өте жақсы болса жасыл стақан үстінде, жақсы болса көк стақан үстінде, нашар болса қызыл стақан үстінде)

Ынтымақтастық атмосферасы

Қазақ тілі- анаң, атаң,

Қуат алар Отан да одан.

Қазақ тілі-халық тілі,

Тіл аманда – халық тірі.


Күлімде, күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шақ!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

  Үй жұмысы орындалған дәптерлерін тексеру.

«Сәйкестендір» тесті бойынша үй тапсырмасын бекіту

жазушы сурет салады

ақын әңгіме жазады

суретші өлең шығарады

-Біз әңгімемізді мына тапсырмаларды орындап болған соң жалғастырамыз.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

-Күн ретін жазайық, менің сендерге мынадай жұмбағым бар.

Екі К күресті,

Арқаларын тіресті.

Бұл қай әріп? Әрине Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық. Жарас жарыста жеңіске жетті.

Енді сұрақтарға жауап берейік.

-Сендер жаңа «Сәйкестендіру» тесті арқылы қандай сөйлем құрадыңдар?

–Хабарлы сөйлем.

-Ал, енді осы сөлемдерді қолдана отырып, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. Жазушы не істейді? Ақын не істейді? Суретші не істейді?

-Мен не істедім?

-Иә, мен сендерге сұрақ қойдым. Ал ол сұрақтарды не үшін қойдым?

-Дұрыс сендерден жауап алу үшін қойдым. Сонымен, жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемдерді сұраулы сөйлемдер деп атайды. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.

-Бір атай мен әжейдің көп сұрақ қойғыш немересі болыпты. Ол таңертеңнен кешке дейін: «Ол неге ондай? Бұл неге олай істеді? Т.б.» сұрақтар қойғыш екен. Бірақ атай мен әжей де оның сұрақтарына ерінбей жауап бере береді екен.

Мына шар қайдан пайда болды? Қасында хат бар сияқты. Қанекей,

балалар мұнда не жазылғанын барлығымыз оқиықшы.

Құпия шарды жарайық,

Таң - тамаша болайық.

Ішіндегі сөзжұмбақтан,

Баланың атын табайық. /бір оқушы шарды жарады/

-Ішінен шыққан мына сөзжұмбақты шешіп, баланың атын табайық.

, ,


М




Жауабы: Марал

-«Марал» деген сөздің қандай мағыналарын білесіңдер?

Ал , енді мына «лотоны» шешсек, келесі жұмысымыздың түрін табамыз.

«Лото» ойыны Слайд №10

2

1

3

2

4

1

4

1

2

9

40

50

50

6

40

70

2

10

о

қ

у

л

ы

қ

п

е

н


1

 

1

4

1

7

ұ

1000

9

80

ж

ұ

м

ы

с



- Белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген жыр жинақтарының авторы. Бөкей ордасында 1937 жылы дүниеге келген. Біздің оқулығымызда 1-жаттығуда Қ.Жұмағалиевтің өлеңін оқиық.

/І топ 1-ші шумағын, ІІ топ 2-ші шумағын оқиды/

-Сендер өз шумақтарыңда не жайлы айттыңдар? /Ітоп/

-Ал сендер ше? /ІІ топ/. Ол сұрақтарға өзіміз жауап беріп көрейікші.

«Зейінді болсаң, тез ойлан» айдары бойынша.

-Жаңбыр қалай құйып тұр? Неге ысиды күн күйіп? Аспан неге көкпеңбек? Таулар неге тым биік? Слайд №13-15

-Балалар бұл сұрақтарға сендер бүгін шамаларың келгенінше жауап беруге тырыстыңдар. Маралдың сұрақтарына жауап беру үшін менің сендерге айтар кеңесім: «Бұл кім? Бұл не?» ІІ томдық және «Негеш», «Бәрін білгім келеді», «Балалар энциклопедиясы» сияқты кітаптардан ізденуге болады. Келесі сабаққа осы сұрақтардың жауабын дайындап келіңдер.

Сергіту сәті

-Енді оқулығымыздағы 3-жаттығуға қарайық. Мұнда мынадай сызбалар берілген. «Кім зерек?» ойыны





.

- Маралдың мына суретіне қарап, бұл сызбалар бойынша сөйлем құрайық.

/І топ жоғарға екі сурет бойынша екі сөйлем, ІІ топ төменгі екі сурет бойынша екі сөйлем құрайды/

-Бұндай екі адамның сөйлесуін диалог дейміз.

Ой толғаныс

Балалар бізге Маралдан мынадай ашық хат келіп отыр, оқиықшы.

Достар!

Мен сендердің білімдеріңе риза болдым. Сендерді алда келе жатқан мерекелеріңмен құттықтаймын. Сендерге мына сыйлықты жіберіп отырмын. Қабыл алыңдар.

Марал

-Балалар Марал алдағы қандай мерекелер жайлы айтып отыр?

-Тәуелсіздік мерекесі және Жаңа Жыл мерекесі. Осы мерекелер жайлы бір-біріңе сұрақ қойыңдаршы.

-Ал қойған сұрақтарың қалай жасалып тұрғаны жөнінде келесі сабақта айтатын боламыз. Енді бізге жіберген Маралдың сыйлығын көрейік. Оған не деу керек?

-Рахмет.

Үй тапсырмасы

5 - жаттығу

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Кері байланыс

 Кері байланыс (оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады/ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Разработка на тему "C?раулы с?йлем"

Автор: ??лыбаева Ханзада Оша?бай?ызы

Дата: 08.01.2016

Номер свидетельства: 273769


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства