kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Проект- жоба "?ялы телефонны? зияны"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Проект "Вред сотвых телефонов" (на казахском языке)

Ма?саты:         1.  Мектеп о?ушыларыны? арасында ?анша о?ушы ?ялы телефонды ?олданатынын табу;

 2.?ялы телефондарды ?олдану кезінде адамдар?а келтіретін зияныны? де?гейін зерттеу;

3.?ялы телефонды ?олдан?ан кездегі адамны? объективтік сезінуін аны?тау;

Міндеттері:    1.Жоба бойынша ?дебиетті ме?геру.

   2.Диагностика бойынша дайындау ж?не ?ткізу.Осы м?селе бойынша  сауалнама дайындап,ізденіс ж?мыстарын ж?ргізу.

  3.Жоба бойынша презентациялы? материал мен ??жаттарды дайындау.

     Болжам:   Б?гінгі ?мір талабына с?йкес электромагниттік с?улелерді? тірі организмге тигізетін залалын білу ?ажет.

        Электромагниттік с?улелерді? адам а?засына ?туі ?те зиян.Сонды?тан теледидар,компьютер ж?не ?ялы телефон ??ралдарыны? ?асында ?те жа?ын ?рі ?за? отыру денсаулы??а н?с?ан келтіретінін естен шы?армау керек.                      

    Зерттеу ж?йесі:  С?улені? адам а?засына тигізетін зиянын д?лелдеу;

    Т?жірибелік кезе?: Атал?ан зерттеу бойынша есеп дайындау.

    Зерттеу ж?мысыны? жа?алы?ы:    Электромагниттік с?улелерді? адам а?засына ?туі ?те зиян екенін т?сіндіру,хабардар ету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Проект- жоба "?ялы телефонны? зияны" »

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы

Кеңгір селосының №2 орта мектебі КММ











Жобаның тақырыбы: Ұялы телефонның зияны









Орындаған: Болат Аружан Досымбекқызы

Кеңгір селосының №2 орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы







Жетекшісі: Шутикова Дәмелі Мұратқызы,

бастауыш сынып мұғалімі












Жезқазған-2013





Мазмұны



  1. Кіріспе.......................................................................................................2

  2. Негізгі бөлім

Ұялы телефонның жалпы пайдасы мен зияны.....................................3

Телефонды қалай қолдану......................................................................4

Қызықты ақпарат.....................................................................................5

Ұялы телефонның адам денсаулығына зиянды әсері........................6-7

Оқушылармен ізденіс жұмыстары....................................................8-10

III. Қорытынды.............................................................................................11

IV. Әдебиеттер ...............................................................................................





































А н н о т а ц и я


Мақсаты:

1. Мектеп оқушыларының арасында қанша оқушы ұялы телефонды қолданатынын табу;

2.Ұялы телефондарды қолдану кезінде адамдарға келтіретін зиянының деңгейін зерттеу;

3.Ұялы телефонды қолданған кездегі адамның объективтік сезінуін анықтау;

Міндеттері:

1.Жоба бойынша әдебиетті меңгеру.

2.Диагностика бойынша дайындау және өткізу.Осы мәселе бойынша сауалнама дайындап,ізденіс жұмыстарын жүргізу.

3.Жоба бойынша презентациялық материал мен құжаттарды дайындау.

Болжам: Бүгінгі өмір талабына сәйкес электромагниттік сәулелердің тірі организмге тигізетін залалын білу қажет.

Электромагниттік сәулелердің адам ағзасына өтуі өте зиян.Сондықтан теледидар,компьютер және ұялы телефон құралдарының қасында өте жақын әрі ұзақ отыру денсаулыққа нұсқан келтіретінін естен шығармау керек.

Зерттеу жүйесі: Сәуленің адам ағзасына тигізетін зиянын дәлелдеу;

Тәжірибелік кезең: Аталған зерттеу бойынша есеп дайындау.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Электромагниттік сәулелердің адам ағзасына өтуі өте зиян екенін түсіндіру,хабардар ету.













І. Кіріспе

«Техниканың жетілгені сонша, адамның да қажеті болмайды.»

Е.Лец

«Ұялы телефон бізге ешқашан бос отыруға мүмкіндік бермейді»

М.Ларни

Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде, яғни 1947 жылы Bell Laboratories зерттеу орталығы мобильді телефон жасау туралы ұсыныс тастады. Одан кейін уақыт өте келе көптеген өнертапқыштар қалта телефонының үлгілерін жасап көрді.

1973 жылы Motorola DynaTAC компаниясы ең алғашқы портативті ұялы телефонның прототипін шығарды. 1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының әріптесі Мартин Купер өзінің бәсекелесі Джоэло Энгелоға қоңырау шалады. Бұл ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың ең алғашқысы болатын. Жоғарыда айтқан ұялы телефонның өлшемдері 22,5×12,5×3,75 см болса, салмағы 1,15 кг болған екен. Ал қазір мүлде басқаша.















2

Ұялы телефонның жалпы пайдасы мен зияны

Пайдасы мен зияны қатар жүретін бұл телефон…

Ұялы телефон – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Кішкентайлардың көпшілігіне қалта телефоны тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б. керек. Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді. Бұл да бір жағынан дұрыс нәрсе. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын (будильник), еске салғышын (заметка), сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп. Бірақ әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда. Ғалымдардың айтуынша, 10 жыл бойы күніне жарты сағат ұялы телефонмен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40 пайызға дейін ұлғаятын көрінеді. Ұялы телефондардың электромагниттік сәулелері жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер етеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері де осы сымсыз телефон екен.

Дейтұрғанмен де ұялы телефон қазіргі адамдардың ажырамас бөлігіне айналды. Керек десеңіз бәз біреулердің жұмысы ұялы телефонсыз бітпейтіндей. Қысқа қайырғанда ұялы телефон айтарлықтай маңызға ие. Денсаулықтан қымбат не бар дейміз, алайда ұялы телефонның зиянын біле тұра не істемек керек? Әйел адамдар үнемі ұялы телефондарын сөмкелеріне салып жүргені дұрыс. Ер адамдарға да қазір әмиян секілді шағын, ұстайтын

бауы (жіпшесі) бар сөмкелер (барсетка) шығарылған, сондай сөмкелерге салып жүргені абзал. Ал телефонмен сөйлескенде құлаққаппен (наушник)

немесе дауыс көтергішпен (громкоговоритель) құлақтан алыс ұстап сөйлескені жөн, бұл айтарлықтай зиян емес. 3

Ұялы телефондар күрделі медициналық аппараттардың бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан да оны ауруханаларға алып кіруге болмайды немесе өшіріп кіру қажет.

Көлікте отырып телефонмен сөйлесу апатты жағдайларға алып келеді. Сол үшін қазір көптеген елдерде көлікте телефонмен сөйлесуге қатаң тыйым салынады. Ереже бұзғандар айыппұл төлейді. Ал сөйлесетін жағдай бола қалса, құлаққаппен (наушникпен) немесе дауыс көтергішпен (громкоговоритель) сөйлескен жөн.



Телефонды қалай қолдану

Ұялы телефонды қалай қолдануды бәрі де біледі десек артық айтқандық емес. Біздің айтпағымыз бұл да емес. Біз телефонды қолдану кезінде ескеретін жағдайларды айтқымыз келіп отыр. Мобильді телефоны бар адамдар үнемі телефонын қасында алып жүруі керек. Себебі, бір танысыңыз маңызды шаруалармен қоңырау шалса, сіз алмасаңыз, біріншіден ол кісінің ашуын келтіресіз, екіншіден, дер кезінде тұтқаны көтермесеңіз кейіннен кеш болып қалуы мүмкін. Қоғамдық орындарда да сөйлесуге болмайды. Өзгелерге кедергі келтірмес үшін тасалау жерге немесе адамдар аз орындарда мүмкіндігіне қарай сөйлесерсіз. Қандай да біреу қоғамдық көлікте немесе көпшілік орында жүргенде қоңырау шалса, жұмысын қаншалықты маңыздылығын біліп алып, сәлден кейін қоңырау шалсам бола ма деген секілді өтініш жасап көрген абзал. Не болмаса мынанша уақыттан кейін қайта хабарласа аласыз ба деген өтініш те айтып көріңіз. Ең бастысы көпшілікке зияныңыз тимесе болды.















4

Қызықты ақпарат

2008 жылдың қазанында Вьетнам елінің Нгуен Суан Лин деген азаматы елдің назарына ерекше ұялы телефон ұсынды. GSMстандартында жасалған бұл телефонның салмағының 300 кг тартатындығы бізге ерекше деп айтқызып тұрған. Сонымен қатар, аталған ұялы телефонның биіктігі 3,2 м, ені болса жарты метр шығады. SMS жіберу функциясының болуымен қатар 2 мегапикселді бейнекамера мен Bluetooth-модулі бар, динамигінің қуаттылығы100 ватт, ең қызығы дисплей орнына 42-дюймдік теледидар орнатылған. Осылайша ерекшелігі жағынан алғашқы орынды иеленетін бұл ұялы байланыс құралы жарты жылда құрастырылыпты.

Достар бұл заманда ұялы телефоны жоқ адам жоқ шығар. Заман дамыған сайын Телефон түрлері көбейіп кетті. Әрбір адамда кем дегенде 1-2 телефон болады. Ұялы телефонның қандай маңызы бар? Жауабы: Ұялы телефон арқылы алыста жүрген достарымызбен, туысқандарымызбен байланыса аламыз. Сондай ақ қызықты ойындар ойнаймыз. Ұялы телефон арқылы интернетке, Mаіl.Ru агентке кіре аламыз. Әлемдік жаңалықтар, ауа-райы, сатылымдар, қызықты әңгімелер, бәрін көріп, біліп отырасыздар.Телефон түрлері өте көп. Сан мыңдаған! Және олар дамып, шығарыла береді.

'Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызды' деген осы.






















5

Ұялы телефонның адам денсаулығына зиянды әсері

Ұялы телефонныңда зияны болады. Ол вибрация, яғни діріл. Вибрация ойнағанда жүрегімізге әсер етеді екен. Сондай ақ телефонды қасыңа қойып жату да зиян екен!

Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес. Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады?

Ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.

1."Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді.

2.Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме

нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.

3.Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды

мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға

6

алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.

Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз.

Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз.

Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.

Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады.

Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз. Алайда кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, ұялы байланыс адам денсаулығына және өміріне өте қауіпті. Көптеген елдерде ұялы телефонның біздің – жүрек, ми, репродуктивті ағзамызға қандай әсер тигізетіні туралы зерттеу жүргізіледі. Электормагниттік сәулелер рактің пайда болуына ықпал етеді деген сөздер бізді үркітеді, бірақ оған дәл ұялы телефонның қатысы бар деген дәлел жоқ.Өйткені электормагниттік сәулелер тек ұялы телефоннан емес, сымдардан, антеннадан, техникалық құрылғылардан да шығады. Электромагниттік сәулелер көзге көрінбейді, иісі жоқ, сондықтан олардың әсерінен қорғану қиынға соғады. Зиянды сәулелерден қалай қорғануға болады? Ұялы телефон сіздің денсаулығыңызға зиян әкелмеуі үшін көп сөйлеспеуге тырысыңыздар.

Сөйлесу үшін гарнитураны қолданыңыз, бұл электормагнитті толқындардың басқа әсер етуінен қорғайды. Құлақшын және қатты дауысты қолдануға кеңес беремін. Электормагниттердің әсерінен адамның иммундық жүйесі зақымдалып, сіздің басыңыз жиі ауырады, ұйқыбас боласыз, сіздің ағзаңызға тез суық тиетін болып, микроб, вирустарға қарсы төтеп бере алмай қаласыз, көзге зиян тиюі де әбден мүмкін. Телефонды темір гаражда, автокөліктің қорабында, рөлде отырғанда пайдаланбаңыз. Өйткені электормагнитті сәулелер темір корпусынан көрінеді және ағзаға деген зиянды әсерін күшейтеді. Сонымен қатар көлік жүргізіп келе

жатқанда ұялы телефонмен сөйлесу көлік апатына ұшырауға да алып келеді, ал оның ақыры өлімге де апаруы мүмкін. Телефон төсегіңізде, жұмыс орныңызда жатпауы керек, ол жүйке жүйесіне зиянды әсер етіп, 7

ұйқының фазаларын бұзады.

Телефонды белде, кеудеде, шалбардың және пиджактың қалталарында салып жүруге болмайды. Электромагнитті толқындар ішкі ағзаға зиянды әсер етеді.

Сонымен қатар телефонды найзағай соғып жатқан кезде қолдануға болмайды.


























8

Кеңгір орта мектебінде ұстазымның көмегімен ұялы телефонды әрбір адамның,қоршаған ортада пайдалану мақсатымен оқушылардан сұрау жүргіздік.

Ұялы телефон адам өміріне керек пе?

А) керек, Б)керек емес,

Сенде ұялы телефон барма?

А)иә, Б)жоқ,

Ұялы телефонды сен не үшін қолданасың?

А)сөйлесу үшін, Б)байланысу үшін, В) екеуі де,

Ұялы телефонның адам өміріне зияны бар ма?

А) бар, Б) жоқ.

Ұялы телефон адам өміріне қалай зиянын тигізеді?

А) Ол адам өміріне және қоршаған ортаға,бұл бүкіл әлемдік мәселе.

Б) Мен білемін,маған бәрібір,

Ұялы телефонды неге жиі қолданасың ?

А) Мен күнде достарыма SMS жазам және қоңырау шалам.

Б) Мен телефонды сирек қолданамын.

Мектеп оқушыларының арасында ұялы телефонды пайдалану диаграммасы

Осы диаграмма арқылы біздің мектеп оқушылары ұялы телефонды қолдануы,Қазақстанның орташа пайызынан жоғары.Осы менің зерттеу жұмысымның өзектілігін көрсетеді.










9



5-сынып оқушылары арасында ұялы телефонның адам ағзасына тигізетін ықпалын білу деңгейінің диаграммасы.



Хабарлық деңгей 26 % - төмен

Телефондарды ұстау орындары

Оқушылардың 56 % ұялы телефондардың адам өміріне маңызды мүшелерге жақын қашықтықта ұстайды.







Өзін сезінудегі өзгерістер диаграммасы.

Балалардың көпшілігі ұялы телефонды қолданғанда өз ағзасындағы өзгерістерді байқамайды. 10

5 сынып оқушылары ұялы телефонмен қолдану уақыт диаграммасы

Оқушылардың көбі 77 % -ы ,ұялы телефонмен ұзақ уақыт сөйлеседі,мектеп оқушыларының денсаулығына кері әсерін тигізеді.















Қорытынды тұжырымдау

«Адам ағзасына ұялы телефон қандай зиян келтіреді? Телефонмен ұзақ сөйлесу біз үшін зиянды ма? Үйдегі компьютер ыңғайлырақ па, әлде жеке кіші компьютер ыңғайлы ма?» деген сұрақтарға біржақты жауап бере алмаймын.

Өйткені тіпті ғалымдар да бір шешімге келген жоқ. Бірақ мен осындай мәселелердің бар екенін білемін, әрқайсысымыз қауіпсіздік жұмыс шараларын қолдануымыз керек.Балаларға, ата-аналарға мәселелерді түсіндіріп айту қажет.

Адамның, жасөспірімдердің денсаулығын ешқандай ақшаға сатып алуға болмайды. Мектептерде ұялы телефонның зияны жайлы хабардар ету қажет деп ойлаймын.

Әдебиеттер тізімі.

1.Эйди Р.Ұялы телефон.-М: Знание,1995ж

2.Уикипедия Ашық Энциклопедиясы

3. Ол кім, бұл не?









11
















11










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Проект- жоба "?ялы телефонны? зияны"

Автор: Шутикова Дамели Муратовна

Дата: 28.12.2014

Номер свидетельства: 148605

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Проект  "?ялы телефонны? зияны" "
    ["seo_title"] => string(34) "proiekt-u-ialy-tieliefonnyn-ziiany"
    ["file_id"] => string(6) "148617"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1419786562"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства