А) Бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастырудың жолдары;
Ә) Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру;
Б) Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары;
ІІІ. Қорытынды
Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет дәрежесін алғаннан кейінгі негізгі мақсаттардың бірі – өз жеткіншегін жан – жақты дамыған, парасатты адам етіп тәрбиелеу болып отыр.
Ел президентінің Қазақстан халқына “Қазақстан 2030”жолдауында : “Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады” деген сенімі жай айтылған сөз емес.
Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны қайта қаралып, жаңару үстінде. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елге қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Яғни, білім мазмұнын жаңарту – қазіргі заман талабы. Бүгінгі қоғам талабына сай мемлекеттегі мұғалім ой – өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетану мәдениеті жоғары ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, терең білімпаз, шеберліктің шыңына шыққан ұстаз болуы керек.
Бастауыш саты – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осы орайда өзім сабақ беретін сыныпта жаңа педагогикалық технология элементтерін қолдана отырып, оқушыларға әр пәннің ғылыми негіздерін меңгертуге, оқушылардың ойлау және өз бетімен жұмыс істеуге әрекетін дамытуға оқытудың ең ұтымды әдіс тәсілдерін пайдалануға тырысамын. Әр мұғалім өміріне жетерлік білімді өз тәжірибесі арқылы жинақтайды. Қазіргі заман талабына сай мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізуге тырысады. Балаларға әріп танытып, өз бетінше оқу дәрежесіне жеткізу үшін асқан шеберлікпен бала жанын түсініп, оның жүрегіне жол таба білу керек. Осы мақсаттарда сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат аралас сабақ түрлерін өткіземін. Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне – жаңа технологияның өте тиімді екеніне көзім жетті. Бұл технологияның ерекшелігі білімді жатқа меңгеру емес, оқушылардың өз бетінше меңгеруге ұмтылатындығы, есту, көру қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша, жазбаша дамытуға бағытталады. Сонымен қатар, мен өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту жүйесін» де қолданып келемін. Деңгейлеп оқытудың ерекше бір тиімділігі оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізіп, өздерінің білім білік дағдыларын көрсете алуында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушылардың нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біліп отырады. Бұл әдісте мұғалім тек бағыт беруші ғана. Соның нәтижесінде оқушыларда білуге деген ерекше құлшыныс пайда болып, басқалардан қалып қоймауды ойлап, өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, тырысады, жарысады. Бұл технологияларды мен барлық сабақтарымда 18 оқушымен орындаймын, қолданамын. Тіл дамыту сабақтарында да қолданып, ең алдымен жұмыс түрлерін : мәтін құрату, мәтінді сөйлемге, сөзді буынға, дыбысқа талдату арқылы жүргізіп отырдым. Тіл дамытудың тиімді жолдарының бірі – жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, шешуін табу. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істеу – оқушылардың білімін шыңдап, стандарт деңгейді меңгеріп қана қоймай, олардың жеке шығармашылықпен жұмыс істеуіне зор мүмкіндік тудырады. Демек, жаңа технология оқушыны мынадай жетістіктерге жеткізеді.
Әр оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.
Әр оқушының жеке қабілеті анықталады.
Бір – бірімен жарысады, тырысады.
Әр оқушы өз деңгейімен қабілетіне қарай бағаланады.
Өзін – өзі бағалай алады.
Қорытынды жасай алады.
2 сыныптан бастап Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы бойынша математика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушыларды қалыптастыра бастаймын.
І деңгейлік тапсырма : мемлекеттік стандарт деңгейі, мұны орындауға оқушылар міндетті.
ІІ – ІІІ деңгейлік тапсырмалар күрделене түседі. Мұны орындауға оқушылар құқылы.
ІҮ деңгейлік тапсырманы шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойын дәлелдей алатындай қабілетті оқушылар орындайды. Оны барлық оқушылар орындай алмайды. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушының бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндікті ашып көрсету. Сондықтан деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, олардың қызығушылығын арттыруға тырысамын. Ертерек орындаған қабілетті оқушыға басқа балалардың жұмысын тексеруге рұқсат беремін, бұл оның өзіне деген сенімділігін арттырады, ал қалған оқушылардың еліктеуіш қабілетін оятады.
М. Жанпейісованың модульді оқыту технологиясы үлгілерін, математикада «Жылдамдық – қашықтық» тақырыбын өткенде «Қарлы кесек» , «Брейнг – ринг» ойындарын пайдаламын. Лысенкованың тірек үлгілерін «Өзара кері есептерді» оқытуда қолданамын. Бала бойындағы дербестік адамгершілік белсенділік қасиеттерін дамытуға Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясын ана тілі сабақтарында пайдаланамын.
В.В.Давыдов оқушыларды осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып, былай дейді: “Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын, ол түрлі варианттарын салыстыра алады.”-деді.
Бастауыш мектепте оқушылар жұмысын әшекейлеп ұйымдастыру формасында әр оқушы тек өзіне арналған (дайындығына және қабілетіне) байланысты тапсырмалар алады. Мұндай тапсырмалар ретінде оқулық пен басқа оқу құралдары мен мазмұндама, шығарма, әр түрлі бақылаулар өткізу т.б.
Тапсырма орындаудың жекелеп ұйымдастырудың екі түрі бар. Біріншісінде оқушы барша сыныпқа бірдей берілген тапсырманы өз алдына, басқалармен хабарласпай орындайды. Екіншісінде әр оқушы өзіне тиіс өзіндік жұмыстарын орындайды. Осылай әр баланың дайындығына орай жаттығулар беріп, оның алға ілгерілеуін қамтамасыз етуге болады. Оқушылардың өзіндік жұмысты орындау барысында өте маңызды мәселе–мұғалімнің тапсырманы орындауға бақылауы, оқушыларда кездескен қиындықтарға дер кезінде көмек беруі, яғни жұмыс барысында ол шәкірттерге жұмыстың дұрыс қолдануға кеңес беріп, сілтеме сұрақтар қойып, бағытқа салып отырады. Ал егер оқушылардың тапсырманы орындауға күші келмейтінін сезсе, жеке жұмыстарын доғарып, бүкіл сыныпқа қосымша түсініктеме, кеңес береді. Жеке жұмыстарды сабақтың барлық кездерінде де әр түрлі дидактикалық міндеттерді шешумен байланыстырып отырған жөн. Мысалы, жаңа білімдерді игеру және бекітуді ептілік пен дағдыларды қалыптасытру және орнықтыруда өткенді қорытындылау мен қайталауда бақылау кезеңінде, зерттеу – ізденіс әдістерін үйренуде.
Сонымен, оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру– күрделіде шығармашылық жұмысты қажет етеді.Қорыта келгенде , жаңа педагогикалық технологияны әрбір сабақта, күнделікті тәрбие жұмысында қолдана білсек, еліміздің жеткіншектерін тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетеріміз даусыз.
Пайдаланылған әдебиеттер :
М.И. Махмудов “Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру”. Алматы мектеп 1981ж.
А.А. Любинская “Бастауыш кластарда оқытудың актуалды проблемалары” Алматы мектеп 1987.
Г. Бегалиев “Бастауыш мектептегі оқу сабағы”. Қазақ мұғалімі 1988.
Т.Сабыров “Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары” Алматы Мектеп, 1998
М. Жұмабаев “Педагогика” Алматы Ана-тілі 1992.
В.А.Сухомлинский “Балаға жүрек жылуы” Алматы Мектеп, 1978