kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый классный час на тему "Имандылык кiлтi- журекте"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Имандылық кілті-жүректе. Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дарыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый классный час на тему "Имандылык кiлтi- журекте"»

5 мектеп-лицей







Тақырыбы: «Имандылық кілті- жүректе»




Өткізген: Атраубаева Б.Қ.

Сынып: 4 Б









2019-2020 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Имандылық кілті – жүректе
1. Білімділік мақсаты:
Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу.
2. Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
Түрі: ашық сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мешіт салынған суреттер, нақыл сөздер, үнтаспа, құран және «Ислам тағылымдары» кітаптар, теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы деректер.
.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері.  Музыка ойнап тұрады.

-Әсем  әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.


Мұғалім: Халқымыз жан - жақты адамды « сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.
Міне, сол себепті біз «Имандылық кілті - жүректе» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салмақпыз.

Жүргізуші: Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.
Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.(Слайд)
Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз.
Осы орайда қасиетті өткізілгелі отырған «Имандылық кілті – жүректе» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Мұғалім: Иман - арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен  ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық  ойлайды, оларға мейір - шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны «иман жүзді адам» дейді.

Топтастыру стратегиясы – Имандылық қасиеттер

Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.
І. 1 - оқушы: Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.
2 - оқушы: Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.
3 - оқушы: Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.
4 - оқушы: Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.
5 - оқушы: Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.
6 - оқушы: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі.
7 - оқушы: Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді. Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман қауымы дүние - қоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге баулиды. Пітір садақаны ауру - сырқаулы, жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.
9 - оқушы: Аллаға сенудің пендеге берері көп. Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу жол табу – иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Ислам дінін тұтынатын мұсылманның бес парызы бар. Сендер, балалар, атап бере аласыңдар ма?
1. Құдай бірлігі Мұхаммед пайғамбар қасиетін мойындау
2. Намаз оқу
3. Ораза ұстау
4. Садақа беру
5. Қажылыққа бару.
10 - оқушы: Шариғат бойынша адам қылмыс жасамауы, маман сөз өтірік айтпауы керек. «Менде ғана болсын» деген өзімшілдік, біреуге қиянат, зорлық жасау діннен безген, діннен қорықпағандардың ісі, күнәхар болып есептелінеді.


ІІ. Абайла адасу! «Абайла, дін саудагерлері!» тақырыбында теріс бағыттағы діни ағымдардың іс - әрекеттері мен мақсат - мүдделеріне тоқталып оқушы пікірлерін білу.

Топқа мәтіндер беріледі. Олар соны оқып талқылайды. Соған байланысты топтастыру құылады.
Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт - дәстүріне қарама - қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта, миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде. Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні саналуы қынжылтады.
Исламдағы ұғымдар туралы оқушылардың айтқан пікірлері:

«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.

«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды.

«Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері - ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады. Осындай 7 адамнан тұратын топ 2008 жылдың желтоқсан айында ұсталған екен.

«Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты - «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс - әрекетіне тыйым салған.

«Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.

«Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді. Зиянды, жағымсыз әдеттермен мұсылмандар арасында жан - жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы қол жеткізуді көздейді.

Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды. Олардың мақсаты:
1) бейбіт жатқан мемлекеттерде азамат соғысын ұйымдастыру;
2) мемлекеттің экономикасын құлдырату;
3) ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу;
4) мемлекеттерге қару - жарақ есірткі заттарын тасымалдап апару. Ағым мүшелері біздің елімізде де кездеседі. Олар Ислам атын жамылып өз мақсаттарын, жаман істерін жүргізушілер. Олардан аулақ болайық.

«Уаһһабилер»Сауд Арабиясында дүниеге келген.
Мұхаммед ибн Абдуллуаһһаб деген адам астыртын жіберілген ағылшын тыңшыларымен байланысып, солардың ақыл - кеңесімен «Уаһһабия» деген ағымның негізін салған. Олар мәдениетті, өнерді мойындамайды. Уаһһабия ағымының белгілері:
1) мемлекет заңдарына бағынбайды; 2) пайғамбарымыздың кейбір хадистерін мойындайды; 3) әулиелерге зиярат жасауға болмайды деп есептейді; 4) садақа беруге мүлдем қарсы, мешітке кіріп намаз оқымайды; 5) мемлекеттің тәуелсіздігін нұқсан келтіреді. Өкінішке қарай, біздің мемлекетімізде де осы қауіпті ағым жолын ұстанушылар кездеседі. Олар ата - аналарын сыйламайды. Туыстарымен қатынаспайды. Бұл ағымда Ислам өркениеттің күш алып кетуінен қорыққан еуропалықтардың әрекеті бар.

Теріс бағыттағы діни ағымдардың мақсаты:
1. Басқа нұқсан келтіру, адамдарға деген жиіркенішті сезім тудыруды уағыздау.
2. Адам ойына үстемдік жүргізу.
3. Мемлекеттің, отбасының бірлігін, тыныштығын бұзу.
4. Халықтың патриоттық қатынастарын бұзу.
5. Мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келтіру және мемлекет заңдарына бағынбау..
Қорытынды. Міне, балалар бүгін біз теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы ой бөлістік. Елбасының 2050 стратегиясынан үзінді.
Н. Ә. Назарбаев: Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысады.
Мұндай ұлттың табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ ұстауымыз керек.












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Открытый классный час на тему "Имандылык кiлтi- журекте"

Автор: Атраубаева Бибигуль Кожашевна

Дата: 25.11.2019

Номер свидетельства: 528676


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства