kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ТЕБАЙ Т?РМАНЖАНОВ МЫСАЛДАРЫНЫ? К?РКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrr

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ТЕБАЙ Т?РМАНЖАНОВ МЫСАЛДАРЫНЫ? К?РКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ »

ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВ МЫСАЛДАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Байкадамова Гулсим Сейткалиевна


264 мектеп-лице264 мектеп-лиценіңбастауыш сынып мұғалімі. Қызылорда қаласы. Қазақстан Республикасы


Қазақ балалар әдебиетінде айырықша жеміс беріп келе жатқан сатиралық жанр үлгісі – мысал.

Хайуанаттарды жәй қызықтау бұрын қазақ балалар поэзиясында кездесе қоймас еді. Бұрын қазақ ақындары хайуанаттарды персонаж ретінде әрқилы әрекет беріп бейнелегені мәлім. Қазір жәй қызықтау, сұлулық объектісі ретінде жырлау басым. Бұл, әрине, зоологиялық өлеңдер емес, адам озбырлығын хайуанат арқылы әшкерелеу. Бұл – мысал жанрының еншісі болса, бірсыпыра мысал – Өтебай ақын еншісі. Бәлкім, Эзоптың мысалдарын қазақшаға аудару тәжірибесі септесті ме, әйтпесе, балалар әдебиетінің табиғаты жетелеп әкелді ме, әйтеуір, Ө.Тұрманжанов мысалды өндіре жазған ақын.

Балалар қаламгерлері өздерінің мысал жазып отырғанын ескермеген бе, әлде оқушысы бала болғандықтан ба, әйтеуір, осы жанрда туған дүниелерге «ертегі» деп айдар тағып қоя берген. Оның екінші бір себебі – халық ауыз әдебиетінде мысалдың ертегіден енші бөліспегендігінде жатқан болуы да да мүмкін. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов пен профессор Есмағамбет Ысмайылов: «Хайуанат жайындағы әңгіме-аңыздардың екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез-құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа бейне, тұспал, мысал есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылықпен алысу үшін мысал етіп алу болған» [1, 21-б.], – деп жазыпты. Дәл танылып айтылған осы пікірдің өзінде мысал мен аңыз-әңгіменің аражігі ажыратылмай, бірге сипатталған. Осы дәстүр кейін балалар әдебиетінде сақталып қала берген. Ал, шындығында ертегі басқа, аңыз-әңгіме басқа, мысал басқа. Бұлардың әркайсысы әр түрлі жанр үлгілері. Сол секілді қазақ балалар әдебиетінде «ертегі» атымен беріліп келген көп шығармаларға жанр шартымен қарар болсақ, олардың мысал екендігіне көз жеткізуге болады. Әсіресе, қазақ балалар әдебиетінің қарт қаламгерлері Сапарғали Бегалин, Өтебай Тұрманжановтар көптеген мысалдарын ертегі райында жариялап келген екен. Балалар әдебиетінің екінші бір буыны Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Әнуарбек Дүйсенбиевтер ертегі мен мысалдың ара жігін ажырата қолданыпты. Көркемдік құралдарының еркіндеу араласып кетіп жататындығына қарамастан, қазақ балалар поэзиясында ертегі мен мысал екі бөлек отау тігіп, жанр шарты бойынша өмір сүруге тиісті. Қазақ балалар поэзиясында қазір екі жанр екі бөлек өмір сүре бастады да. Белгілі сатира зерттеушісі, профессор Темірбек Қожакеев «Қазір сатиралық жанрлардың біздегі ең көп жазылып жүргені осы мысал» [2, 45-б.], – деген пікір түйгенде, мысалдың балалар әдебиетіндегі көрінісін де ойға алған болуы керек.

Иә, сол көп жазылып жүрген мысалдың бірсыпырасы – балалар несібесі, балалар поэзиясының еншісі. Қабылдау аясы шақтаулы – бала оқушыға арнап мысал жазу оңай ма? Әрине, жоқ. Қиынның қиыны. Әлімсақтан бері айтылып келе жатқан ақиқат – поэзия сезім жемісі. Ал, ұлы сыншы В.Г.Белинский «Мысал ақыл поэзиясы» – деп жазыпты. Біздіңше, ұлы сыншы мысалдың сезім жемісі ретінде бірден төгіліп, мөлдіреп ақ қағазға түспей, он ойланып, тоғыз толғаныстан туатындығын, айтар ойын астарға бүгіп, қоғам, адам бойындағы мерезді мінді хайуанаттан персонаж тауып, оны сол хайуанаттың сырт келбеті, әрекет ерекшелігіне сай икемдеу, сәйкестендіру жолдарының қиындығын еске алған болар. Сонымен бірге, ол «...мақал-мәтелге қарағанда, мысал поэзияның жоғары түрі, жоғары тегі...» – деп те пікір тербепті. Бұл пікірді әлгі айтылған жанр шарттарының қиындығына қарамастан, мысалдың мөлдір поэзия болуы керектігін айтқан ұлығатты ой деп танимыз. Жанрға қойылар осы талаптарға балалар әдебиетінің шартымен қарасақ, міндет тіпті ауырлай түседі. Мысалдың балалар әдебиетіндегі тағдыры осындай.

Мысал жанрының ең байырғы негізін салушы Эзоп тарих ғылымының ежелгі аталары Геродоттын, Плутархтын айтуларына қарағанда, біздің ғасырымыздан бұрынғы 620-560 жылдары өмір сүрген. Ол ертедегі грек халқынын перзенті. Эзоп о баста Самосц Иадмон дегеннің басыбайлы құлы болған. Кейінірек басына бостандық алған соң, Лидия патшасы Крезаның сарайында қызмет еткен. Патша оны Дельфияда тұратын бір сәуегей абызға түрлі сый-сияпаттар беріп елшілікке жібереді.

Қазақ фольклорынан сусындап өскен ақын халық шығармашылығын терең зерттеуді әуел бастан-ақ қолға алған. Ол бала тәрбиесінің қайнар көзі халық шығармасында екенін жақсы түсініп, өзінің шығармашылық өмірінде, талай ертегі-аңызды арқау ете отырып жандандыра түсті. Қарапайым тілмен балалар жүрегіне жеткізе білді. Сондықтан да оның жалықпай, талмай жинақтап қазақ мақал-мәтелдерінің бес жинағын құрастырды. 1966 жылы Ө.Тұрманжанов қазақ ертегілерін орыс тілінде әзірлеп, баспадан шығарды. Ө.Тұрманжанов аудармамен де айналысты. Ақын аударған Эзоптың, Л.Н. Толстойдың, И.А.Крыловтың мысалдары қазақ балаларына бәсіре туынды болып кетті. Ол Лев Толстойдың өзінен-ақ балаларға арналған елуге жуық мысалдарын, М.Горькийдің «Кішкене ғана», «Тұз басында» атты әңгімелерін аударған. Мұнда қарапайым адамдардың ішкі жан дүниесі, еңбек адамының қажымас қайраты, қиындыққа мойымас күш-жігері түпнұсқадағыдай айқын суреттелген. «Әртүрлі халықтың қызғылықты ертегілері» атты кітапты өзі аударып, құрастырды.

Өтебай Тұрманжанов балалар әдебиеті саласында жазған шығармаларының негізгі тақырыбы – еңбекке баулу. Бұл үшін ол еңбек зейнетін суреттейтін, сонымен қатар берік ынтымақ пен мызғымас бірлік идеясын паш ететін шығармалар жазды. Оның «Қарлығаш, дәуіт, жылан», «Жолбарыс», «Құмырсқалар, аралар, – қиыспас дос құдалар», «Төрт өгіз туралы ертегі» т.б. сияқты басқа да поэмалар мен мысал-өлеңдерінің бәрінде де тәрбиелік мән жатыр.

Осы кезге дейін Эзоп жазды делінетін мысалдардың ұзын саны 650. Осының ішінен белгілі балалар ақыны Өтебай Тұрманжанов аталарыңның кезінде таңдап, іріктеп қазақ тіліне аударған 73 мысалы жинақ болып шыққан.

Сан алуан қиындыққа қарамастан қазақ балалар поэзиясында мысалдың айы оңынан туған қызықты үлгілері бар. Ақынның аты аталған жерде шығармасы, шығармасы айтылған жерде аты жүретін әдеті. Ал енді Тұрманжановтың есімімен қабат жарыса еске түсетін туындылар қандай? Бұл сұраққа жауап беру таңдамалының сапасына жауап беру болып табылады. Дел осы тұрғыдан келгенде, біз сөз еткелі отырған аға автордың атымен қосанжар жүретін шығарманың бірі, бірі болғанда көп дүниенің алдынан табылатын серкесі – Өтебай Тұрманжановтың «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» аталатын мысалы. Бұл – балалар әдебиетіндегі мысал-поэма үлгісі. Ауыз әдебиеті асыл қайнарынан қанып өскен қаламгер аталмыш поэмасында әлденеше сипатты қабыстырып, ұштастырып пайдалана білген. Ол, біріншіден, фольклорлық баяндау сарынын ұстанған.


«Ертеде бір орманда,

Өзі салған қорғанда,

Бір топ ара тұрыпты» [3, 292-б.], деп бастайды автор поэмасын. Сондай-ақ, поэманың түйінінде өтірік өлең сипаты бар.


Мініп алып бір қойға,

Мен де болдым сол тойда,

Аралардан бал жедім,

Ондай тәтті көрмедім.

Құмырсқадан нан жедім,

Ондай дәмді көрмедім – деп түйеді ақын.

Мысал ұғымды да ұтымды жазылған. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқалары тақілетті, етек-жеңі жинақы, сайдың тасындай жұп-жұмыр. Композициясы құстаңдайланып қызық өрілген. Үнемі өсіп, өрбіп отырады. Өтебай Тұрманжановтың аталмыш шығармасының бірнеше тілдерге аударылу сыры да осында жатса керек.

Осындай сабаққа биология, орыс әдебиеті мұғалімдерін шақыруға болады. Себебі, биология мұғалімі мысалда кездесетін жануарлар, жәндіктер туралы қысқаша хабарлама жасаса, ал орыс әдебиеті мұғалімі қай елдің мысалында болмасын «қасқыр», «арыстан» – әділетсіздіктің, «қара күштің»; түлкі – қулық, зұлымдықтың; қоян – қорқақтықтың иесі болып суреттелінетінін әңгімелейді. Мысал жанрын оқытудың тиімді жолдарын іздену де әр мұғалімнің білімі, шеберлігіне байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ ертегілері, Алматы, 1957, I том, 21-бет.

  2. Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар, Мектеп, 1983, 45-бет.

  3. Тұрманжанов Ө. Таңдамалы шығармалар. Екі томдық /Өлеңдер. Жоғары класс оқушыларына арналған./ 1-2 том. – Алматы. Жазушы, 1975. -278 б.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?ТЕБАЙ Т?РМАНЖАНОВ МЫСАЛДАРЫНЫ? К?РКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор: Байкадамова Гулсим Сейткалиевна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192389


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства