kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?УШЫЛАРДЫ? ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ?АБІЛЕТІН ТОПТЫ? Ж?МЫС АР?ЫЛЫ АРТТЫРУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін топты? ж?мыс ар?ылы ?алай арттыру керектігі жайлы баяндама.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?УШЫЛАРДЫ? ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ?АБІЛЕТІН ТОПТЫ? Ж?МЫС АР?ЫЛЫ АРТТЫРУ»

Арыстанбек Тазагүл Базарқызы

«Глазунов орта мектебі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ТОПТЫҚ ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ АРТТЫРУ


Білім беру жүйесі Қазақстанның ұлттық даму саясатында белгіленген басымдылық қатарында ерекше орында тұр. Білім сапасын арттырудың көзі – оқытудың тиімді жолдарын қолдану.

Ал оқушылардың білім сапасы – ұстаздардың шығармашылыққа, нәтижеге бағытталған еңбегінің нәтижесі. Ғылым мен техника қарқынды дамып отырған бүгінгі күнде оқушының даралық қасиеттерін ескеру, жеке мүмкіндігін ашу, қабілетін, дарынын дамыту, таным деңгейін арттыру әр мұғалім мен бүтін мектептің міндеті болып табылады.

Жан-жақты дамыған шығармашыл ұрпақты тәрбиелеу жолыда өз тәжірибемде топтық жұмысты қолданамын. Осы тұрғыда оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін мұғалім ретінде төмендегідей қажетті жағдайларды тудыруымыз қажет:

- ең алдымен шығармашылық көңіл-күй тудыру арқылы  оқушылардың назарын бір нәрсеге бағыттау;

- шығармашылық жаттығу, ойын, тапсырмалардың мазмұны балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлестіре жасау;

- оқушыларды шығармашылықпен айналысуына  қолайлы жағдай туғызу;

- шығармашылық бағытқа оқушыларды жүйелі, саналы түрде қалыптастыру.

Оқушылардың топта жұмыс істеу әрекеттерін зерделей келе, оларды шығармашылыққа бағыттауда тиімділігі мол екенін аңғаруға болады. Топтық жұмыста оқушылардың қарапайым кеңістікте орналасуы да олардың өзін-өзі реттеуіне, өзіндік қасиеттерді қалыптастыруына біршама әсер етеді. Бір-бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда, қарама-қарсы отырған оқушылардың арасында байланыс біршама тиянақты орнайды. Оқушылар ролдерді өздері таңдап алу құқығына ие. Әр топ ұсынылған сұрақ пен тапсырманы саралайды.

Әр ролдегі оқушы өз міндеттерін атқаруға мүдделі.

Топтық жұмыстың ерекшеліктері:

біріншіден, оқушы өтілген сабақ материалын түсінбесе, мұғалімге тура сұрақ бағыттай алмайды. Ал топтық жұмыс әрекеті барысында оқушы түсінбеген тақырып төңірегінде бір-бірімен ақылдасу мүмкіндігіне ие, сондай-ақ, игермеген тақырыбын мұғалімнен сұрайды;

екіншіден, айналадағы болып жатқан мәселелерді өздігінен анықтайды; үшіншіден, әрбір топ мүшесі топтың нәтижеге жетуі білім бағдарламасындағы тапсырмалардың орындауынан ғана емес, өздігінен жаңа білім мен дағдыларды керек ететіндігін түсінеді;

төртіншіден, оқушылар өз көзқарастарын тұрақтандырады, ұсынады және дәлелдей алады;

бесіншіден, оқушылар топтық жұмыс әрекетінде жинаған білім, біліктерінің тиімді қолдану мүмкіндігін түсінеді;

алтыншыдан, оқушылар өзара және мұғаліммен пікірлесу арқылы қарым-қатынастық дағдыны қалыптастырады;

жетіншіден, оқушылардың серіктестік сезімі мен өзара ынтымақтастық байланысы мен шығармашылық дағдылары дамиды.

Топтық жұмыс оқушыларды шығармашыл ойлауға, кез-келген ақпаратты ойластыра отырып талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге жетелейді. Оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту үшін олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойластырып, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізіп отыру қажет. Олар өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі таңдап алыну керек. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы бақылау жұмыстар, тәжірибе, зерттеу жүргізу, мәтін, сызба, суреттермен жұмыс жасау сияқты әрекеттер оқушыларды ойлануға, шығармашылыққа, өздігінен ізденіске жетелейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұнды тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырса аталған мәселе нәтижелі болғын . Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде топтық жұмыс оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға үлкен ықпалын тигізеді.

Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін топтық жұмыста қолданған кезде оқу материалын түсінуде белсенді болғанын, оқушыларға топ болып жұмыс істеу ұнағанын;  бастапқы күндегіден кейін оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнай бастағанын, сабақта көп сөйлемейтін оқушылардың өз пікірін айтуға дағдылана бастағанын, оқушылардың арасында бір-біріне сын айтуға үйренгенін және жауапкершіліктері пайда болып топтық жұмыс кезінде барлық оқушының қатысатынын айтуға болады.

Менің ойымша, оқушылар бүгінгі күні шығармашылық тапсырмаларды орындауды табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.


Әдебиет.

1. ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы (2012), www.cpm. Kz

2. Сил С. Оқушыларды біріккен топтық жұмыста диалогқа қалай итермелеу керек? Мұғалімдердің Ұлттық зерттеу кеңесінің есебі. 2006 ж.

3. Тренерге арналған нұсқаулық,Үшінші (негізгі) деңгей (2012) www.cpm. kz2.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
О?УШЫЛАРДЫ? ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ?АБІЛЕТІН ТОПТЫ? Ж?МЫС АР?ЫЛЫ АРТТЫРУ

Автор: Арыстанбек Тазаг?л Базар?ызы

Дата: 14.05.2016

Номер свидетельства: 326490


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства