«Оқушының білім жетістігін бағалауда дискрипторларды қолдану»
«Оқушының білім жетістігін бағалауда дискрипторларды қолдану»
Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – сапалы білім негізі.
Мақсаты: 12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату 2. Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Коучинг сессиясының міндеттері:
Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.
Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.
Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.
Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу.
Күтілетін нәтиже:
Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;
Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;
Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.
Түйінді идеялар: «Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.
Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Оқушының білім жетістігін бағалауда дискрипторларды қолдану»»
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Оқушының білім жетістігін бағалауда дискрипторларды қолдану»
(Коучинг)
Киенбаева З
2017 жыл
Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – сапалы білім негізі.
Ұлы педагог Ы.Алтынсарин «Оқытушы бағалағанда олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау керек» деп, айтқандай, оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі-білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі
Мақсаты: 12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: 1.Мектепте оқыту сапасын жоғарылату 2. Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Коучинг сессиясының міндеттері:
Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.
Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.
Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.
Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу.
Күтілетін нәтиже:
Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;
Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;
Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.
Түйінді идеялар: «Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.
Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту.
Сабақ барысы.
Бойыңда білімің бар екен, одан басқалар да өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғызыңыз.
Томас Фуллер
Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату. Мұғалімдер қоржыннан шиыршықталған қағаздардың бір-біреуін алады. Қағаздарда сабаққа қатысушылардың есімдері жазылған. Әр мұғалім қағазда жазылған әріптесінің атын атап, оған өзінің жылы лебізін, тілегін айтады.
Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушылар үлестірілген бағалау түрлері қалыптастырушы баға , суммативті баға, жиынтық баға, өз-өзі бағалау,арқылы үш топқа бөлініп отырады.
Ой шақыру.
Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады. Мына суретке мұқият қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені аңғаруға болады? Ол өзін қалай сезініп тұр? Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады?
Тағы да екілік! Кеше де, бүгін де, ертең де... Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма?
Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу.
«Дейін және кейін» стратегиясы.«Дейін»: алдымен мұғалімдерге өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын. Әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын постерге жазады, оны тақтаға шығып қорғайды. Бір топ жауап бергенде қалған екі топ олардың жауаптарын тыңдап, әр топ бірін-бірі бағалайды. Бағалап болғаннан кейін оларға бағалау критерийі ұсынылады:
Тақырыптың ашылуы
Дәлелдердің нақтылығы
Қалай бағалауға болады?
Сөйлеу мәнері
Сабақтың қай тұсында пайдалануға болады?
Постердің рәсімделуі.
Жауаптарыңыз критерийлерге сай келе ме? Егер мен бұл критерийлерді тапсырманы орындатпас бұрын, алдын-ала бергенде сіздердің жауаптарыңыз да, бағаларыңыз да басқаша болып шығар еді.
Топтар, енді осы критерийлер бойынша өздеріңіздің жауаптарыңызды бағалап көріңіздер және топтар бірін-бірі қайтадан бағалаңыздар, қай топтың жауабы жақсырақ деп ойлайсыздар? Салыстырыңыздар.
Енді ойланыңыздар, не маңыздырақ, адамның өзін-өзі бағалауы ма немесе басқаның бағалауы ма? Сіздер өзіңізді қалай бағаладыңыз, басқа топтар сізді қалай бағалады? Салыстырыңыздар, өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалауда алшақтық бар ма? (Критерий бойынша дұрыс бағаласа, алшақтық болмайды).
Дәстүрлі оқытудағы бағалау мәселесіне келетін болсақ, бұл тек мұғалімнің құзіретіне жататын сабақтың ең бір жауапты кезеңі болатын. Және оқушылар көбіне өзіне қойылған бағаға келіспеушілік білдіріп, өз реніштерін білдіріп жататын, тіпті кейде, әсіресе, тоқсан соңында олардың ата-аналары да мектепке келіп дауласып, баға мәселесіне байланысты үлкен шу шығып жататыны жасырын емес. Бүгінгі таңда осындай проблеманы шешудің бір жолы – оқушының жетістігін критерий арқылы бағалау. Бағалау критерийлері оқушыларға да, ата-аналарға да түсінікті болуы керек. Кейде белгілі бір тапсырма бойынша оқушылар критерийді өздері де ұсынуы мүмкін, бұл – олардың оқуға деген қызығушылығының оянғаны. Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?
Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:
1. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы 2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар
3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Ұстанымдар негіздері:
1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады. 2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт. 3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет. 4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; 2. анық, айқындылығы;
3. бағаның әділдігі; 4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:
-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.
-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.
-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау.
-критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.
-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.
-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.
-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.
Критериалды бағалаудың функциялары:
Ынталандыру Белсенділік Түзету Дамытушы
Принциптері: Нақтылық Әділдік Жүйелік
Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы:
Оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді.
Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау 2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу 3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау 4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады. Қалыптастырушы бағалау- Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді; кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.
Тоқсан соңында әр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінеді.
Осыны ҰМЫТПАҢЫЗ! Оқушыларға тапсырманы берердің алдында олараға бағалау критерийін ұсыныңыз, сонда оқушы алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды. Оқушыларға бірін-бірі бағалауға, өздерін өздері бағалауға мүмкіндік беріңіз. Сонда сіздің жоғарыдағы суреттегідей мектептен күнде екілік алып келетін оқушыларыңыз жойылады.
Топтық жұмыс. Кластер жасау. Әр топқа тапсырма беріледі:
топ: Критериалды бағалауды пайдалану оқушыларға не береді? Критерий арқылы бағалау оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.
топ: Критериалды бағалаудан мұғалім не ұтады? Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.
Топ: Критериалды бағалаудың ата-аналарға пайдасы бар ма?Ата-аналарға: баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;баласының оқу үрдісін бақылай алуға;баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Оқу үдерісіне критериалды бағалауды енгізудің себебін талдау
-Бағалаудың түрлері
Топтар өз кластерлерін қорғайды. Топтар бірін бірі толықтырады, ой бөліседі. Олардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін немесе өзім толықтырамын:
Критериалды бағалауды пайдаланудың тиімділігі мен берері
Оқушы
Мұғалім
Ата-ана
Өзінің тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтайды
Өз жұмысына сараптама жасауға үйренеді
Өзінің білім деңгейін алдын-ала болжайды
Өзінің және сыныптастарының білім деңгейіне сын көзімен қарауға үйренеді, сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды
Критерийдің көмегімен өз білімін бағалауға мүмкіндік алады
Оқушының білім деңгейін анықтайды, дамуын қадағалайды
Әр оқушының мүмкіндік деңгейін біліп отырады
Оқушыға оқудың қай тұсы қиындық туғызатынын анықтайды
Оқушының кемшіліктеріне назар аударта отырып, оның дамуына бағыт береді
Мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланыс орнайды
Баласының білім деңгейі жайлы объективті дәлелдеме алады
Баласының оқудағы жетістіктерін, оның дамуын қадағалайды, біліп отырады
Критерий көмегімен баласына оқуда қолдау көрсете алады
Баласының не үшін баға алғанын біліп отырады
Ата-ана мен мектеп арасында кері байланыс орнайды
Баға үшін дау-жанжал туындамайды, баға критерий бойынша әділ қойылады
«Дейін және кейін» стратегиясы. «Кейін»: мұғалімдерге тағы да өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын.
Сriteria
Критерий
Descriptor
Дескриптор
The level of achievement
Жетістік деңгейі
А.Мазмұны
Тақырып мазмұны ашылмады
0
Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру қажет
1
В. Безендірілуі
Бояуы қанық емес, сурет салмаған
1
Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді.
2
Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған
3
С.Баяндау шеберлігі
Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды
1
Ойды жеткізе білді, бірақ шешендік жетпеді немесе қайталана берді, қыстырма сөздер көп қолданылды.
2
Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады.
3
Д. Шығармашылық
Тақырыпты өзге қырынан аша білді
3
Жаңашылдық идея болды.
3
Мұғалімдер осы сұрақ бойынша «Дейін» не білгендерін және «Кейін» не біліп шыққандарын салыстырады, қорытынды шығарады. Өз түсініктерін қорғайды, дәлелдейді.
Бағалаудың түрлері. Мұғалімдерге бағалаудың түрлері туралы суреттер арқылы түсіндіремін:
Оқу үдерісіне критериалды бағалауды енгізудің себебінталдау:
Қорытынды. Жоғарыдағы «Тағы да екілік» суретіне қайта оралу: Қалай ойлайсыздар, суреттегі баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасын ояту үшін не істеу керек?
Рефлексия. Әр мұғалімге өзін-өзі бағалау парақшалары үлестіріледі, олар бүгінгі сабақтан алған өз білімдерін берілген критерий арқылы бес балдық жүйе бойынша бағалайды:
№
Критерийлер
Игеру деңгейі
1
Бірін-бірі бағалаудың тиімділігін білемін.
1
2
3
4
5
2
Өзін-өзі бағалау білудің пайдасын түсіндім.
1
2
3
4
5
3
Критериалды бағалауды өз тәжірибемде пайдалана аламын.
1
2
3
4
5
4
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрендім (топтық жұмыс, психологиялық ахуал, т.б.)
1
2
3
4
5
5
Бағалаудың түрлерін білемін («Білім ағашы», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Кері байланыс», «Алты қалпақ»).
1
2
3
4
5
№
Критерийлер
Игеру деңгейі
1
Бірін-бірі бағалаудың тиімділігін білемін.
1
2
3
4
5
2
Өзін-өзі бағалау білудің пайдасын түсіндім.
1
2
3
4
5
3
Критериалды бағалауды өз тәжірибемде пайдалана аламын.
1
2
3
4
5
4
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрендім (топтық жұмыс, психологиялық ахуал, т.б.)
1
2
3
4
5
5
Бағалаудың түрлерін білемін («Білім ағашы», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Кері байланыс», «Алты қалпақ»).
1
2
3
4
5
Кері байланыс. «Үш минуттық тыныштық»:
1Тақырыптың ашылуы
2Дәлелдердің нақтылығы
3Қалай бағалауға болады?
4Сөйлеу мәнері
Сөзімнің соңында айтарым, бүгінгі алған білімдеріңізбен басқа да әріптестеріңізбен бөлісіңіздер. «Бойыңда білімің бар екен, одан басқалар да өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғызыңыз», - деген Томас Фуллердің сөзін ұмытпаңыз.