О?ушылар?а с?ра? ?ою ж?не оларды? жауаптарына ?арай ?рекет ету туралы есеп /ІІІ де?гейлік курс/
О?ушылар?а с?ра? ?ою ж?не оларды? жауаптарына ?арай ?рекет ету туралы есеп /ІІІ де?гейлік курс/
О?ыту мен о?ытуда?ы жа?а т?сілдер, диалогты? о?ытуда ж?не о?ыту ?шін ба?алау ж?не о?ытуды ба?алау модульдерін іске асыру ?шін с?ра? ?ою ма?ызды роль ат?арады. Сыныпта с?ра? ?ою ?лгісі «бастама- жауап- кейінгі ?рекет» нысаны бойынша ?ойыл?ан с?ра? екені аны?талады. Саба?та м??алім с?ра? ?ойады, о?ушы жауап береді, м??алім кейінгі ?рекет жасайды. Осындай ба?ытта о?ыту мен о?уда саба? бойы ж?мыс істелінеді, ??гіме ??рылады. « Б?л модель ??гімеге сыныпта бастама жасайтын ж?не де оны ба?ылап отыратын адам м??алім болатын жа?дайларды к?рсетеді» (Мерсер, 1995) Б?ндай сыныптарда о?ушыларды? білім алуында ы?пал ететіндетін далогтік с?хбат ??ру?а м?мкіндік берілмейді. (М??алімге анал?ан н?с?аулы?. 41 бет). ?азіргі уа?ытта жа?а педагогика ?ылымында?ы проблема – ол о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру болып табылады. Жа?а технологияны? ?діс-т?сілдері о?ушыларды? білімін толы?тыру?а к?мектеседі. Осы?ан орай озы? т?жірибе, жа?а технологияны? тиімді ?дістерін та?дап алып, оларды ?йлесімді, тиімді ж?не шы?армашылы?пен пайдалану ?стаз шеберлігіні? белгісі. Выготский о?улы?та?ы с?зді?, с?йлеуді? негізгі р?лі туралы пікірі эмпириялы? зерттеуде ?олдау тап?ан. Барнс 1971 сыныпта тіл ?аншалы?ты ?олданылса, о?ушыларды? о?уына соншалы?ты ?сер ететінін айтады. Барнс о?ытуды? м??алімді селсо? ты?да?анда ?ана емес, вербалды ??ралдарды ?олдану н?тижесінде, я?ни с?йлесу, талдау ж?не д?лелдеу барысында ж?зеге асатынын к?рсетті. Кейінірек Мерсер ж?не Ходжкинсон 2008 жылда?ы зерттеулері Барнсты? ертеректегі ж?мысына негізделе ??рылып, о?ыту барысында?ы диалог ат?аратын негізгі р?лге назар аударуды ма?сат етеді. ?азірді? ?зінде сыныпта?ы о?ушыларды? бірлескен с?хбаты ?лкен пайда келтіретін жеткілікті д?лелдер бар. [Н?с?аулы?, 39 бет].
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету туралы есеп.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер, диалогтық оқытуда және оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модульдерін іске асыру үшін сұрақ қою маңызды роль атқарады. Сыныпта сұрақ қою үлгісі «бастама- жауап- кейінгі әрекет» нысаны бойынша қойылған сұрақ екені анықталады. Сабақта мұғалім сұрақ қойады, оқушы жауап береді, мұғалім кейінгі әрекет жасайды. Осындай бағытта оқыту мен оқуда сабақ бойы жұмыс істелінеді, әңгіме құрылады. « Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді» (Мерсер, 1995) Бұндай сыныптарда оқушылардың білім алуында ықпал ететіндетін далогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді. (Мұғалімге аналған нұсқаулық. 41 бет). Қазіргі уақытта жаңа педагогика ғылымындағы проблема – ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі. Выготский оқулықтағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс 1971 сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селсоқ тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон 2008 жылдағы зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретін жеткілікті дәлелдер бар. [Нұсқаулық, 39 бет].
Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі - «Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету» болып табылады. Мектептегі іс тәжірибемді сыныпта дүниетану пәнінен өткіздім. Сұрақ қою-маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелері сұрақтар қолданылады. [Нұсқаулық, 41 бет]. Оқу процесінің тиімді болу үшін бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру керек. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынамалау, қайта бағыттау сияқты әр түрлі технологияларды пайдаландым. Сұрақтардың мәтіні оқушылардың толық жауап беруге, ойларын анық білдіруге көмектесетіндей етіп құрылуы қажет.
Сұрақтарды оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру керек дегенді ескере отырып, әр сабақта сұрақ қоюды әртүрлі стратегиялар арқылы қолдандым. Бірінші сабағымда «Ой қозғау» әдісі арқылы топтарға әртүрлі сұрақтар берілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бірден диалогқа түседі. Диалогқа түсу арқылы сабақтың тақырыбын тауып, бірлесе отырып мақсат қойдық. Тәжірибе кезінде өз сабақтарыма әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолданудың арқасында оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады. Мысалы, рөлдік ойындар, сұрақ жауап, «Ыстық орындық», топтастыру, «Серпілген сауал», жұппен, топпен жұмыс жасағанда, «Өрмекшінің өрмегі» т.б. Бұл стратегиялардың сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына көмек жасайды. Демек, білім оқушыларға дайын күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындау арқылы жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады.
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге, зерттеуге ынталанады, пәнге деген қызығушылықтары, белсенділіктері арта түседі, сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі, бір бірінен үйренеді, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізеді, оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Төртінші сабақта рөлдік ойыны барысында бір біріне сұрақтар қою арқылы тілдері жаттығып, образдарда ойнауға үйренеді. Бірінші сабақта «Серпілген сауал » тәсілі аясында оқушылар бір біріне доп лақтырып, сұрақ қою арқылы тақырыпты жан жақты қарастырып, сыни тұрғыдан жауап беруге мүмкіндік алды. Үшінші сабақта « Өрмекшінің өрмегі» стратегиясын қолдандым. Оқушылар шеңберге тұрып, бір біріне жіп лақтыру арқылы тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды. Нәтижесінде « өрмекшінің өрмегі» құрылды. Оқушылар әдемі өрмек құрылғанына қатты қуанды және ойын арқылы білімдерін жетілдірді. Сабақтың соңында кері байланыс кезінде «Мен бүгін сабақта не білдім? Не қиын болды? Не таңғалдырды?» деген сұрақтар түрі сабақты бағалауға, қорытындысын шығаруға мүмкіндік туғызады.
Сабақ барысында дұрыс қойылған сұрақ, оқушылардың тақырыпты жақсы меңгерулеріне, оны қолдана білулеріне ықпалын тигізеді.Сұрақ қою маңыздылы дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта алады. Оқушылардың тақырыпты түсуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданады деген пікір бар. [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41 бет]. Бірқатар сапалы сұрақтарды қоя білуге үйрету сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі кілті болып табылады.
Біз мектептегі тәжірибе кезіндегі оқушыларға сұрақ қою маңыздылығы туралы ІІ «Бетпе-бет» кезеңіндегі оқуда талқылаумен жалғастырдық. Ең алдымен тәжірибе кезінде оқушыларға «Сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету» тақырыбына теорияны тәжірибеде қалай ұштастыра алғанымызды анықтау мақсатында топ ішінде пікір алмастық. Әріптестерім тақырып төңірегінде тәжірибеде қолданған әдіс- тәсілдердің тиімді жерлерін айтып кетті. Мысалы, Динара өз сабақтарында «Кезбе тілші», Диана «Ыстық орындық» стратегияларын пайдаланып, оқушыларды диалогқа түсіре білді. Ботагөз және мен өз сабақтарымызда «Өрмекшінің өрмегі», «Серпілген сауал» стратегияларын қолдану арқылы оқушыларды бір біріне сұрақтар қойып, оларға жауаптарын айтты. Әріптестерімнің арасында сұрақ Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету әдісінде көптеген қиыншылықтар да кездескен. Кездескен кедергілерді анықтап, осы кедергілерден шығу жолдарын топ ішінде тауып, ортаға салдық. Бірлескен жұмыс нәтижесінде тәжірибе кезіндегі кедергілеріміз барлығымызда бірдей болғанын анықтадық: сұрақтарға жауап берген кезде оқушылардың тақырыптан ауытқып кетулері, жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап бере алмағандары, жауаптарының толық болмағаны. Аталған кедергілерден шығу жолдарын әріптестерім өз тәжірибелерінен дәлелдер келтіре отырып, бір біріне үлкен көмек көрсетті. Мысалы, Ботагөздің кез келген сұрақтың төңірегінде ойлануға уақыт беру керек дегені, Мақпалдың түрткі сұрақтар арқылы оқушыға көмек беруге болады деген ұсыныстары көңілімізден шықты. Топ мүшелері бірігіп ортақ кедергілерден шығу жолдарын анықтадық: төмен дәрежелі сұрақтар арқылы жоғары дәрежелі сұрақтарға жету, сынақтан өткізу, толық жауап беруге итермелеу, «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» сияқты сұрақтар оқушыға бағыт бағдар беріп отырады, қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?». Топ ішінде ақылдасып, «Өрмекшінің өрмегі» стратегиясына тақырып бойынша ойларымызды белгіледік.
Жұмысымыздың нәтижесін постерге түсіріп, басқа топтардың алдында қорғадық. «Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету» тақырыбы төңірегінде салған постеріміз мазмұнды және шығармашылық түрде жасалынды. Себебі, менің әріптестерім өз жұмыстарына сыни тұрғыдан баға бере алатындықтарын көрдім. Бүгінгі тақырыпқа байланысты өзіме алған тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибемде қолданамын деп ойлаймын. Әлі де болса сұрақ қоюдың әдіс-тәсілдерін үйреніп, тәжірибеде жетілдіруім керек. Әріптестерім теориялық білімдерін тәжірибеде ұштастырғаннан кейін болған өзгерістерді жинақтап, білімдерін толықтырды. Топ ішінде атқарылған жұмыс бізге пайдалы болды. Барлық топтардың таныстырылымдары жоғары дәрежеде орындалды. Тақырыпқа байланысты құнды пікірлерді назарға ала отырып, мұғалімнің сұрақ қоюы, оқушылардың бір бірінен үйренуі, еркін ойларын айтулары, топта пікірталасқа түсулері, тіпті, өзіне сенімсіз оқушылардың ойларын дәлелдеулері күнделікті дағдыға айналатынын байқауға болады. Сол себепті, сабақ барысында оқушыларымызды жоғары дәрежелі сұрақтар қоя білуге және оларға жауап айтуға дағдыландыруымыз керек деген тұжырымға келдік.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.