kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін арттыру ?діс - т?сілдері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: О?ушыларды? шы?армашылы? белсенділігін арттыруда?ы ?олданылатын ?діс-т?сілдер.

           Ма?саты: Саба? ?стінде, саба?тан тыс кездерде о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін ?р-т?рлі ?діс-т?сілдерді пайдалана отырып дамыту, шы?армашылы? ?діс-т?сілдерді ?олдану ар?ылы балаларды шы?армашылы??а баулу.

             Жа?ашылды?ы: ?азіргі заман талабына сай ба?дарламалар, о?улы?тар,?дістемелер ?айта жасалып ?рт?рлі жа?а технологиялар ?олданыс?а енуде. ?лемдік ?рдістер мен Отанды? т?жірибеге с?йене отырып ?азіргі ?скекле? ?рпа?ты жан-жа?ты дамы?ан, ?з пікірі мен ойын аны? жеткізетін, ?р адам?а таби?атынан берілетін шы?армашылы? ?абілетін толы? іске асыруына ы?пал ететін ?діс-т?сілдерді ?олдану ар?ылы балаларды т?рбиелеп, жажа?ты дамыту заман талабы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін арттыру ?діс - т?сілдері»

Тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырудағы қолданылатын әдіс-тәсілдер.


Мақсаты: Сабақ үстінде, сабақтан тыс кездерде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып дамыту, шығармашылық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балаларды шығармашылыққа баулу.


Жаңашылдығы: Қазіргі заман талабына сай бағдарламалар, оқулықтар,әдістемелер қайта жасалып әртүрлі жаңа технологиялар қолданысқа енуде. Әлемдік үрдістер мен Отандық тәжірибеге сүйене отырып қазіргі өскеклең ұрпақты жан-жақты дамыған, өз пікірі мен ойын анық жеткізетін, әр адамға табиғатынан берілетін шығармашылық қабілетін толық іске асыруына ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балаларды тәрбиелеп, жажақты дамыту заман талабы.

Теориялық бөлім.

Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек , сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі ұлы еңбек.«Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады» дейді халық даналығы. Бастауыш мектеп оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудегі алғашқы басқышы қиын да, жауапты жұмыс.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір қиындығында өзін –өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылық әрекетке оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады.Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы тиіс.Оқушылардың қызығушылығын арттырып отыру үшін ұстазы сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып отыруы тиіс.

Олар мынадай:

  1. Тақырыпты терең ұғындыру, түсіндіру.

  2. Сабақта немесе сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі тақырыптарда пікірталас тудырып отыру.

  3. Логикалық ойлауын жетілдіретін тапсырмалар беру.

  4. Ойларынан тест тапсырмаларын құрап келу, есеп құрау, ертегі құрау, шағын мәтіндер құрау, өлең жолдарын құрау.

  5. Қиялдау арқылы сурет салғызу.

  6. Ана тілі сабақтарында мінездеме беру.

  7. Авторлар туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.

  8. Әр түрлі тақырыпта сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлеріне шығармалар жазу.

  9. Сабақ үстінде қосымша тапсырмалар беріп, орындауын қадағалау.

Бұл айтылған жұмыстарды барлық оқушыларға бірдей қолдану артық етеді. Өйткені әр оқушының қабылдау деңгейі әр түрлі. Барлық оқушы дерлік шығармашылықпен жұмыс істейді деу де артық етеді. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау деңгейі әр түрлі болады. Ал әр нәрсеге деген бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің белгісі.

Әр оқушының бейімділігі әр түрлі. Кей оқушы сурет салуға, өлең құрауға,ауызекі сөйлеуге, ребус құрауға икемді болуы мүмкін. Логикалық ойлау жылдамдығы да ұшқыр балалар болады. Әр баланың икемділігіне қарай тапсырмалар беру арқылы

шығармашылық деңгейін арттырып отыруы тиіс. Оны ұстаз әр пәнде байқап отыруы тиіс. Мұнда ұстаздың байқағыштығы жоғары болуы тиіс. Оқушы бойындағы бейімділікті байқай салысымен соған сәйкес тапсырмалар беріп дереу қолға алуы керек. Ол бейімділікке деген қызығушылықты солып қалмай тұрғанда алға жетелеу қажет. Сонда ғана оқушы қызығушылығын артырып отырады.

Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала жүрегіне жол таба отырып жұмыс істеу. Балалармен үнемі түрлі бағыттарда жұмыстар жүргізе отырып, ізденуге мүмкіндік беру керек.

Оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен жұмыстану керек.


1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей

Міндетті оқушылық деңгей.

Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі.

Мұндай тапсырмалар оқушыларға алдыңғы білімдеріне және оқушыға байланысты.

Бұл тапсырмаларды барлық оқушы орындай алуы тиіс.

Алгоритмдік деңгей.

Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды. Өтіп кеткен материалды оқушы талдап бұрынғы тапсырмаға сәйкес орындайды. Алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

Эвристикалық деңгей.

Оқушы өзі ізденіп өзі қосымша әдебиетті қолдана отырып жауап береді.

Эврика. Анализ бен синтез салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау.

Ребус, сөзжұмбақ,анаграмма

құрау.

Бұл шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен барабар.

Шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметтері , қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болуы керек. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы керек. Олар:

  • Шығармашылық қабілетін ерте бастан қолға алу;

  • Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

  • Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейде болуы;

  • Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу.

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлай білуге үйрету деген сөз.

Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір терең ісі.» - деп атап көрсете келіп тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді.

Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды.Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады.

Білім беру бағдарламасын құрастырғанда қандай да болсын әрекетке (көркем, техникалық, коммуникативті) тәуелді емес баланың дарындылығына бағытталған, оның тұлғасы шығармашылық әрекетте өзін-өзі ұстай алатындай болуы керек.

Шығармашыл бала өзінің құрбыларына қарағанда көптеген көзге түсетін қасиеттермен ерекшеленеді. Сол қасиеттердің ең негізгілерін атап өтейік:

  1. Білімпаздық- білгіштік-танымдық қажеттілік.

Бұл ұғым барлық балаларға тән, мейлі ол шығармашыл болсын, болмасын, әр бала білім құмар, көп жаңалықты қажет еткіш болады. (Л.И.Божович, Л.А.Венгер, А.Л.Запорожец, Н.С.Лейтес)

2. Мәселеге аса сезімталдық

Ешкім көрмеген, байқамаған жерден мәселені табу – шынайы дарынға ғана тән аса маңызды қасиет. (Д.Гилфорд, В.Лоуэнфелд, А.Н.Лук, А.М.Матюшкин, К.Осборн)

Шығармашыл балаға тән қасиеттердің ішінде ең маңызды орын алатын осы қасиет. Платонның айтуы бойынша таным – жай нәрсеге таң қалудан басталады. Шығармашылыққа бала дұрыс бағытталған педагогикалық жұмыс барысында үйренеді..

3. Дивергентті түрдегі тапсырмаларға бейімділік

Дивергентті түрдегі тапсырмалар дегеніміз- бағыттылығы бойынша жан-жақты, шығармашылық тапсырмалар. Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мұнда дұрыс жауаптар көп. Сол жауаптардың ішінен ең ыңғайлысын, дұрысын табу керек. Шығармашыл бала басқа тапсырмалардан гөрі дивергентті тапсырмаларды шешкенді ұнатады

4. Ойлаудың оригиналдылығы

Бәріне белгілі, қоғамда қабылданған идеялардан ерекше, жаңа идеяларды ойлап табу қабілеті – ойлау оригиналдылығы деп аталады. Бұл қабілет баланың қарым-қатынасына, тәртібінде, ойлауында, барлық дерлік әрекетінде байқалады. Оригиналдылық бала салған суреттерде, жазған шығармаларда және де барлық балалық әрекеттерінде байқалады.

5. Ойлау иілгіштігі

Шешім қабылдауды тез және оңай орындай алу қабілеті, ассоциативтік байланыстарды орната алу дегеніміз – ойлау иілгіштігі деп аталады. Ой иілгіштігінің жоғары деңгейі – сирек кездесетін құбылыс, сондықтан ол өте дарынды балаларға ғана тән. Ойлау иілгіштігі баланың тәжірибесіне байланысты (білім, дағды, іскерлік көлеміне және т.б.), барлық толығымен өмір тәжірибесімен анықталмайды.

6. Ақыл-ой нәтижелілігі

Бұл сапаны өте көп мөлшердегі идеаларды өңдеуге қабілет деп таниды. Дарындылықтың жарқын көрінісі болып табылады. Ойлар көп болған сайын оларды таңдауға, дамытуға, терең зерттеуге деген мүмкіншіліктер де көп болады, бұл дарындылықта шығармашылықтың дамуына ықпал болады.

7. Болжам жасауға қабілеттілік

Шығармашыл балалар өзінің құрдастарына қарағанда болжам жасауға қабілетті болып келеді. Болжам жасауға қабілеттілік барлық балаларға тән. Бірақ шығармашыл балаларда бұл қабілет жарқын көрінеді, олардың болжам жасауы тапсырмаларды шешу барысында ғана емес, сонымен қатар өмірлік шынай жағдайларда да көрінеді

8.. Қызығушылықтар және бейімділік

Шығармашыл балалардың қызығушылықтары мен бейімділіктері де басқа балаларға қарағанда ерекше. Мұндай балалардың қызығушылығы кең болғандықтан оның қабілетін қандай сала болсада әрқашан дамытып, қолдап отыру қажет. Сондықтан да баларды шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында мұғалімнің сабақтағы әдіс-тәсілдері ерекше маңызды.

Практикалық бөлім

Мысалы: әдебиеттік оқу пәнінде деңгейлік тапсырмалар: яғни бұл кезде оқушылар өз деңгейлеріне қарай тапсырмалар алады, немесе деңгей бойынша көтеріліп шығармашыл деңгей, эвристикалық деңгейге дейін барады. Мысалы: оқулықта «Өтірік өлең атты» тақырыпта балалар сурет бойынша өлең құрайды. Бұған барлық баланың шамасы келе бермейді. Тек шығармашыл бала ғана өз өлеңін оқып бере алады. Сонымен қатар осы пәнде балаларды топқа бөлу әдісі бойынша да шығармашылыққа жетелеуге болады. Әр топқа өз қабілеттері бойынша тапсырмалар беріп, өлең құра немес сурет сал, мәнерлеп оқы, эссе жаз деген тапсырмаларды беруге болады. Сабақ соңында әр баланы өздеріне бағалатып, түсінген, түсінбегендерін ақ, қара критерийлерге жаздырып алуға болады. Ақын, жазушылар туралы деректер табу сияқты жұмыстар шығармашылыққа баулиды.

Ал математика сабақтарында да жұптық жұмыс жасату арқылы бірінің білмегенін екіншісіне үйрету арқылы да қабілеттерін дамытады. Бұл сабақтада деңгейлік тапсырмалар беру өте тиімді. Оңайдан, қиынға, қиыннан күрделіге ауысып отыру да жақсы нәтиже береді. Мысалы: математикадан әр балаға 5 сұрақтан тұратын тест құрастырту, сурет бойынша мәселе есеп құрау, топқа бөлу арқылы әр оқушыға әртүрлі тапсырмалар беру. 1-топтағы 1 балаға амалдардың орындалуына байланысты тапсырма, 2 балаға мәселе есепті шешкізу, 3 балаға теңдеу шешу сияқты тапсырмаларды беріп, қиналған балаға топ болып көмектесу, түсіндіру тәсілдерін байқап көру балаларды жақындастырып, басқа топтан қалмау үшін алға ұмтылуға әкеледі.

Қазақ тілі сабақтарында ребус шешу, сөзжұмбақ құрау, ережелерді өздері шығару, мысалдар табу, талдау, бірін-бірі тексеру, өздерін тексеру, 5 жолды өлең құрау,әр сөзді сатылай комплексті талдау әдіс-тәсілдері шығармашылықпен жұмысқа жетелейді.

Дүниетану сабақтарында балаларға ауаны қорғау туралы, суды үнемдеу, табиғатты сақтау, отбасын құрметтеу сиқты тапсырмалар беріп, эссе жаздыру балалардың тіл байлығын дамытып отырады. «Сыйға- сый» тақырыбында оқушыларға әр топқа кейін өз бағыңды қалай орнатар едің , қандай ағаштарды орнатар едің , бақтарды қалай қорғар едің деген жетелейтін тапсырмалар беру арқылы шығармашылықпен жұмыс істетуге болады.

Қорыта келгенде, оқушыларды шығармашылыққа үйрету әр мұғалімнің шеберлігіне , іскерлігіне , тапқырлығына байланысты жүзеге асады. Шығармашылыққа үйретем деп балаларды шамадан тыс жүктеу де дұрыс емес. Әр баланың өз ерекшелігін, қабылдауын, тіпті көңіл - күйін де ескеріп отыру қажет. Шығармашылық жұмысқа әсіресе бала қиялының орны ерекше.Бұл жөнінде М. Жұмабаевтың айтқан тамаша пікір бар: «...Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті.» Сондықтан да қиял-құмар балалардың қиялын ұштау, дамыту біздің ұстаздардың қолында екені белгілі.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін арттыру ?діс - т?сілдері

Автор: Косаева Айгалым Станбакиевна

Дата: 08.11.2015

Номер свидетельства: 250074


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства