kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды шы?армашылы? іс -?рекетке баулуды? ?ылыми -теориялы? негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ел президенті Н.Назарбаевты? ?аза?стан хал?ына арнал?ан Жолдауында “Бізді? болаша?та?ы жо?ары технологиялы? ж?не ?ылыми ?арымды ?ндірістері ?шін кадрлар ?орын жаса?тауымыз ?ажет” деген с?здері бар. Демек, о?ушыларды? ?ылыми зерттеу ж?мыстарына ?ызы?уын ?алыптастыру, шы?армашылы? ?абілетін дамыту, ?азіргі техниканы тиімді пайдалану м?дениетіне т?рбиелеу – мектепті? басты ба?ыттарыны? бірі. Б?л салада ат?арылатын ж?мыстар жетерлік.

“Баланы? шы?армашылы? ?абілетін ашу, оны ал?а ?арай дамыту ?шін е? бастысы жа?дайлар жасау ?ажет”.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды шы?армашылы? іс -?рекетке баулуды? ?ылыми -теориялы? негіздері»

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі


Шығармашылық жұмысым :

Оқушыларды шығармашылық іс -әрекетке баулудың ғылыми -теориялық негіздері

Құбаева Нұргүл Боранбайқызы



Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

Шығармашылық —бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн.

Бірінші—адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

Шығармашылық — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.

Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы—ол баланың өзін-өзі қалып тастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсетсек:

Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері кесте №1

Дәстүрлі сабақ

Шығармашылық сабақ

Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру;
Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру.

Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу

Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру;
ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау.

Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.

Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті.

Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.

Сабақ тақырыбына көзқарас — кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас.

Сабақ тақырыбына көзқарас — мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.

Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.

Оқушыларымен осы бағытта жүргізілген жұмыстарға тоқталайық.

Оқушылардың зейінін жаттықтыруға жеке дамытуға берілген тапсырмалардың кейбіреулерін таныстыра кетейік.Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі.

Шульте кестесі

Зейінді дамытуға бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.

Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.

Кему ретін атау.

Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау.

Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7…(жұптасып) 2, 4, 6, 8…

Топпен жұмыс істеу. 1–5 тура және кері сана. 6-10 санау.

Осы кесте бойынша бірнеше шығармашылық жұмыс т. б.

5

14

12

23

2

16

25

7

24

13

11

3

20

4

18

8

10

19

22

1

21

15

9

17

6


Оқушылардың байқағыштығын дамытуға арналған тапсырма. Суретте барлығы неше үшбұрыш бар? Мақсаты: үшбұрышты басқа фигуралар арасынан ажырата және тани білуге үйрету.Мұнда, пішіндері мен орналасу ыңғайына қарай ең көп фигураны табу. Кеудесі, бас киімі үшбұрыш (жауабы)


Екінші, үшінші сыныптарда шығармашылық ізденіске баулуға мынадай тапсырмаларды ұсынып, нәтижесін алуға болады.

Екі адам 2 сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнайды? Бөшкеде 90 л су болды. Оның 9 дан бір бөлігі есік алдындағы гүлдерді суғаруға, ал қалғанының жартысы жеміс ағаштарын суғаруға жұмсалды. Жеміс ағаштарын суғаруға неше литр су жұмсалды?

Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің логикалық түйінін түсіне білуге үйрету.

Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дүниетану пәні — жоғары сыныптардағы биология, география, физика, химия,тарих пәнінің бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да, бастаыш мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамын. Енді сол жұмыстарымыздың кейбір түрлеріне тоқталып өтейік.

Су. Судың қасиеті. Бұл тақырыпты өту барысында оқушыларды топқа бөлемін. Тәжірибелер жасау барысында оқушылар судың түссіз, мөлдір екеніне, оның ағатынына, жұғатынына, жабысатынына және табиғатта 3 күйде кездесетініне көздерін жеткізеді деп төмендегідей кластер құрастырады:


Сабақты қорыту мақсатында әр топқа тапсырма беремін:

I топ-эссе жазады
II топ-сурет салады
III топ-өлең шығарады

ЭССЕ «Су-тіршілік көзі»»

Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.

5 жолды өлең:

Су
Мөлдір, түссіз
Ағады, жұғады, жабысады
Ол бізге өте қажет
Сусын

19 слайд

Өсімдік пен жануарлардың байланысы.


Оқушыларға ой тудыратын сұрақ қоямын: — Егер адам осы ағашты кесіп алып тастаса не болар еді?


— Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)


Венн диаграммасы (кез-келген екі затты салыстыру)

ББҮ кестесі (кез келген тақырып)

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не үйрендім?




Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.

Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:

Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

Мәтін бойынша мақал құрастыру.

Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)

Өлең, мақалдар құрастыру.

Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

Кейіпкерге мінездеме беру.

Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.

Рөлге бөліп оқыту.

Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

Диалог-ертегі.

Образға кіру.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.


«Талдау және қиялдау»

Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Мен елімді сүйемін» әңгімесі балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.

Оқығанның ойы озық

Мәтінді оқушыларға іштей оқыту арқылы жазушының көңіл-күйін түсіну.

Тапқыр болсаң ,тауып көр

Мәтінді дауыстап мәнерлеп оқыту

Сұрақтарға жауап алу:

-Жазушы туған ел неден құралады дейді?

-Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді?

-Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты?

-Туған елдің тілі барша жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?

Мәтіндегі негізгі ой неде?

-туған тіл, туған ел, туған жер.

Жүйрік болсаң, шауып көр

Туған ел, туған жер дегенде адамның бойын қандай сезімдер билейді?

( Шаттық, қуаныш, мақтаныш)

Ендеше осындай сезіммен тірек сөздер арқылы өлең құрастыру, сурет салу, әңгіме құрастыру және оқыту


Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.

«Халықтың тәжірибесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ» — деген болатын ұлы педагогтарымыздың бірі — К.Д. Ушинский. Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тіліндегі кемістікті жоюды да ойластырған. Соған орай жаңылтпаштар шығарған. Жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп, сөз қадірін түсініп, ой… қиялы дамиды, тәлім алады, тілі ширайды, есте сақтау қабілеті дамиды.

Сабақта жаңылтпашты, мақал -мәтелдерді құрғақ жаттатпай шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын. Мысалы:

Халқымыз мақал–мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал… мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта мынандай тапсырмалар жүргіздім. Тақтаға әр түрлі жабайы құстардың, жануарлардың суреттері ілінді де, бұлардың ертегі кейіпкерлері болатындығы ескертіліп, әр жануардың қасына:

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отансыз адам… ормансыз бұлбұл.
Қорқақ мың өледі, ер бір рет өледі.
Ел іші… алтын бесік.
Отан… оттан да ыстық.



Оқушыларды шығармашылыққа баулу, білім деңгейін жетілдіру — ұзақ әрі жүйелілікті қажет ететін процесс. Оқушының дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеріле береді.

Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамытуда сабақта қолданатын әдістерім: «Топтасыру» стратегиясы, «Кубизм» стратегиясы, «Ой қозғау», «Бес жол өлең» , «Венн диаграммасы» , «Терме диктанты» , «Галереяны шарлау» , «Суретке қарап әңгіме жазу» , «Суретке қарап мақал айт», «Артығын тап». Ақын,жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау. Мәтін бойынша мақал құрастыру,Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру (тақырып бойынша,жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы).

Оқушы үшін тиімділігі:

1.Еркін сөйлеуге мүмкіндік береді.

2.Тіл байлығы жетіледі, сөздік қоры дамиды .

3.Ұжымдық іс-әрекетке дайындайды.

4.Топта бір –бірінің ойын тыңдайды, пікір таластырады .

5.Шығармашыл белсенділігі артады, ақыл – ойы дамиды .

Мұғалім үшін тиімділігі :

1.Оқушылардың үлгерімі артып, Еңбегінің нәтижесін көреді .

2.Оқу әдістерін тиімді қолдану шеберлігі артады,білімді шығармашылықпенмеңгерту дағдысықалыптасады .

3.Оқытудың ғылымилығын арттырады.

4.Әдістемелік қоры жинақталып, жұмысы жеңілдейді.

5.Өз білімінтолықтырып, өз ісіне сын тұрғысынан қарайды .

Нәтижем:

  • 1. Оқушылар бір-бірін тексеріп, өзгеге пікір айтуға үйренеді.

  • 2. Оқушы өзін еркін ұстап, өз ойларын ашық айтуға үйренеді.

  • 3. Оқушының білім сапасы көтеріледі.

  • 4. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі артады.

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері арқылы сабақты қызықты өткізуге тырысамын.

Кез-келген ақпараттың тарихын талқылай білуге, бұл ақпараттың бүгінгі күнгі қоғамдық өмірдегі орны жайлы өзіндік қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.Осы жұмыстың нәтижесінде шығармашылық талпынысқа бейім оқушылар дараланып көріне білді.

Мұғалімнің бойынан қажарлы еңбекті талап ететін сала – ғылыми білгірлік деп білемін. Өмірдің күйбеңімен басылып қалмай, өмір ағымынан қалып қоймауға тырысамын.Компьютерді жетік меңгеріп, сабақтарыма көрсетілімдерді өзім жасап жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланып жүрмін. Шығармашылықтан да қол үзбеймін. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер,өмірге икемделген,жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  

Қорыта келе, мен өзіме мұғалім ретінде білім беруші, тәрбиелеуші, екінші ата-ана, сырлас-дос, қатал талапкер, адал сыншы, адами деңгейі жоғары адамзаттың қалыптасуына ықпал етуші тұлға болуға тиіспін - деп талап қоямын.





Оқушыларымның мектепішілік

шараларға қатысы





























Білім сапасы





























Оқушыларымның республикалық

жетістіктері






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
О?ушыларды шы?армашылы? іс -?рекетке баулуды? ?ылыми -теориялы? негіздері

Автор: ??баева Н?рг?л Боранбай?ызы

Дата: 18.03.2016

Номер свидетельства: 307377


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства