kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы» мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы» мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақ»

Логопедтің сабақ жоспары.

Тақырып: «Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы» мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларына арналған сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру, білім – білік дағдысын қалыптастыру; Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді.

1) Дидактикалық ойындар 2) Қозғалыс ойындары

3) Грамматикалық ойындар 4) Фонетикалық ойындар 5) Лексикалық ойындар

1.Ойын-шығармашылық, ойын еңбек. «Ойлан тап, қандай түс» ойынын ойнатамын. Ойынның мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, зиінге, санауға ,пішіндерді тез табуға үйрету.

2. «Моншақ»ойыны
Ойынның мақсаты:

Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.

Ойынның шарты:

Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.

Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.

3.«Жоғалған әріп» ойыны. ...ор, ...алық, ...ота, та...а, ...оран.

4.«Кім тапқыр?» Антонимдері бар мақал - мәтелдер жазу. Мысалы: Ашу-..., ақыл-...

5.«ЖАЛҒАСЫН ТАП» ОЙЫНЫ Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады. 1.Оқу –білім азығы, білім-ырыс қазығы.

2.Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады.

6.«Сөзден сөз тер» БАУЫРСАҚ

(Жауабы: Бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау...)

7.Айлардың атауын дұрыс жазылуы: - қаңтар - ақпан - наурыз - мамыр - маусым - қыркүйек - қараша - қазан - желтоқсан - тамыз - шілде - сәуір «Адасқан әріптер» ойыны

Сиқырлы ағаш” ойыны.

Ойынның мақсаты:
 Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.


Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.
Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:
Сұрақтар:
1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?

8.«Дұрыс және кері оқығанда мағынасы өзгермейтін сөздер». Аға, ана, апа, ата, іні, қазақ, кезек, ала, аша, ара, қызық, шаш, надан.

9.«Ұйқасын тап» ойыны. Бұл ойын арқылы балалардың білсем деген ұғымы артып, белсенділігі танылады. Өзінше ноян Қорқақ кім ( Қоян) Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (Шымшық) Бата алмас тіпті, үсті тікен (Кірпі) Өңеші кең таңдайын, дәнге тосты (Комбайн)

10.Халық арасында кең тараған ойынның бірі- «Сақина тастау». «Сақина тастау» ойыны алдымен ойын шартын түсіндіру. «Түн» деп бұйрық беру арқылы балаларды «ұйықтатып», сол кезде алақандарының арасына алдын-ала сұрақтар жазылып сақина тәрізді дөңгелектелінген түрлі-түсті қағаз «сақиналарды» салып , «Күн» дегенде, оқушылар «оянып», мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Ойынның шартын түсіндіру Қызға да, ұлға да бірдей тапсырма беріледі. Аңның атын жаз. Сөзде неше дауысты дыбыс бар? Жуан және жіңішке дыбыстардың астын сыз.

Ұтымдылыққа, шыдамдылыққа ойын ұтқырлыққа, талаптылыққа,тапқырлыққа адамгершілікке, белсенділікке, шапшандыққа

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге оқушы ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады.

Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма деген пікірінен бала өміріне ойынның маңыздылығын көруге болады. Абай Құнанбайұлы

Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?
Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Каймулдиева Акмарал Амандыковна

Дата: 16.01.2018

Номер свидетельства: 450255


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства