"Ойын технологиялары ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту"
"Ойын технологиялары ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту"
Жа?а заман баласы – б?гінгі ?аза? ?о?амыны? ?лтты? ?азынасы. Баланы? ?абілетін ?аншалы?ты ерте ашып,дамытса,оны? н?тижесі де соншалы?ты жемісті болма?. Білім беру салаларыны? базалы? мазм?ны баланы? жеке басыны? икемділіктері мен танымды? ?абілетін, ?ызы?ушылы?ы мен білуге ??штарлы?ын арттыруды? негізі болып табылады. Ойын- о?ушы ойын дамытады.Ойын – о?ушыларды? есте са?тау ?абілеттерін арттырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ойын технологиялары ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту" »
Баяндама тақырыбы: «Ойын технологиялары арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып,дамытса,оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Білім беру салаларының базалық мазмұны баланың жеке басының икемділіктері мен танымдық қабілетін, қызығушылығы мен білуге құштарлығын арттырудың негізі болып табылады. Ойын- оқушы ойын дамытады.Ойын – оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттырады.
Оқытудағы ойынның міндеті:
білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып,ойын арқылы оқу және тәрбие ұштасады;
ойната отырып жаңа білімді меңгертеді;
танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейеді;
Әр түрлі ойындарға қызығушылығын арттыру,ойын барысындағы сергектігі мен қызығушылығын жетілдіру;
Логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды( ребус, сөзжұмбақ, суреттер,жұмбақ және т.б. тапсырмалар) түрлендіре қолдану;
Басқа балалармен қатар отырып, бірлесіп ойнату арқылы бір-бірімен қарым-қатынас орнату.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілетін жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. «Бала ойынмен өседі,дана оймен өседі» деген халық даналығында айтылғандай мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс,бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру,сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.Мектептерде пайдаланатын ойын-сабақ,ойын-жаттығу,сергіту ойындары,дидактикалық мақсаттағы ойындар сөздік ойындар,ұлттық ойындар баланы жан-жақты дамытып, өзін қоршаған ортамен,табиғатпен,қоғамдық құбылыстармен адамдармен, олардың еңбегімен,қарым-қатынастарымен танысуына көмектеседі. Балалардың жас ерекшеліктерін,қабілеттерін,ой-өрісін ескере отырып,сабақ барысында балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әр түрлі математикалық өлең есептер,сөзжұмбақтар,математикалық ребустар,жұмбақтар және жаңылтпаштар. Сандарды санауға, заттарды санап,олардың екі тобын салыстыруға, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орнын тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шыршаны безендіру», ойындарын ойнатуға болады. Ойынды математика дағдыларын қалыптастыру сабағында қолдана отырып,балаларды саналы ойлауға үйретеміз.
Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге,қиындықты жеңуге,төзімділікке баулиды. Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланың жақсы өз дәрежесінде меңгеруге әкеледі. Әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалармен ойлау қабілетін дамыту ойындарын ұйымдастыруға болады. Мысалы; «Сөз ойла, тез ойла»,»Балықшы», «Сөйлемді жалғастыр», «Кім тапқыр?», «Кім көп біледі?»
Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы бала неге үйренеді?
Ойын арқылы баланы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып,ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
- Балалардың ақыл – ойы кеңейеді;
- Өз бетімен еңбектену,іздену,жаңа нәрсені ойлап табу,талпыну
Қабілеттері ашылады;
- Логикалық ойлауы, ой белсенділігі артады;
- Өзін-өзі бағалай білуі , өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып
дамиды;
Интеллектуалды ойлау қабілеті дамиды;
Белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі,шығармашылық тапқырлығы үстей береді.
Ойната отырып жаңа білімді меңгертеді.
Танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейеді.
Қорыта келе айтарым, білім беру-оқушының пікірін бағалау,оқушыны тыңдай білу.
Белгілі орыс педагагог В.А.Сухомлинский айтқандай «Ойынсыз,музыкасыз,ертегісіз, шығармашылықсыз фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды».
Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасалған еңбегінің нәтижесі-сапалы білім болып табылады.
Бастауыш сыныптағы дидактикалық ойынның маңызы
Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарының басты талаптарының бірі-оқытудың сапасын арттыру. Бұл-сабақ формалары мен әдістері, мазмұнын жетілдіру,оны методикалық,білімділік,тәрбиелік жаңа сапалы деңгейге көтеру деген сөз.
Осы бағыттағы бірден-бір ұтымды жол – оқу процесінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану. Ол сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып,оқушының танымдық белсенділігін,ынтасын күшейтеді.
Мектеп реформасының талаптарын сай балаларды алты жастан бастап оқытуда дидактикалық ойындардың маңыздылығы бұрыдан да арта түседі. Бұл жастағы балалар үшін ойын-оқу,еңбек әрі тәрбие құралы.Сөйтіп,ойын сабақта жаңа мазмұндық сипатқа ие болуда. Ойын балаларды сабақта зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға негізгі ұғым түсініктерді меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады.
Бастауыш сынып мұғалімдері педагогикалық ғылыми жетістіктерін,оқыту әдістерін жан-жақты меңгерумен қатар,балалардың жасына сәйкес физиологиялық,психологиялық ерекшеліктерін де жетебілулері шарт. Мұғалімдер оқушыға өздігінен жұмыс істеудің бір сарынды ырғағын ұстанып, негізгі ұғымдарды қалыптастыруда оның өзіндік психологияляқ ерекшеліктерін ескермейді. Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптарға, оны ұйымдастыру, жүргізу методикасынажете мән бермейді.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып,өткен материалды берік меңгерту. Сондықтан да,ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы тиіс.Сонда ғана ол оқушының ойлау қабілетін дамытып,білімділік,тәрбиелік мақсаттарға жеткізеді. Дидактикалық ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт.
Дидактикалық ойынның ырғағын сақтау мұғалімнің шеберлігін танытады.Ойын тез қарқынмен жүргізілсе,оған көпшілік балалардың ойы ілесе алмай,басқалардың сөз бен ісін түсінбей қайталайтынын, ал ойын жай сылбыр жүргізілгенде оған деген ынта-ықыластың кеміп кететінін көрсетті.
Оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындардықолдануда әріптестерінің озат тәжірибелерін шығармашылықпен тиімді пайдаланып жүрген ұстаздар да бар. Әр мұғалім белгілі бір тақырыпты әртүрлі әдіс-тәсілдермен өтеді.
Мұғалімнің өзіндік методикалық икемі ғылым негізінен алған білімі,шеберлігі әдістерді дұрыс таңдап алып, ұтымды қолданғаннан танылады.
Балалардың таным қабілетін жетілдіріп, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойынды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан да өзім сабақта дидактикалық ойынды көп пайдаланамын. Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай белгілі бірмақсатта таңдап аламын. Ретіне қарай мазмұндас ойынды қайталай беруге тырысамын.Ол үшін өтілетін сабақ тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын сұрыптай отырып оны жүргізудің тиімді әдістерін ойластырамын. Сабақтың қызықты өтуі дидактикалық ойынның ұйымдастырылуына байланысты.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп,олардың ақыл-ойын,оқуға ынтасын жетік қадағалап,балаларды оқуға талаптандыратын түрлі әдістерді түрлендіріп отырамын. Сауат ашу, ана тілі,тіл дамыту кезеңдерінде балалардың тілін ұстартып,ойын нақты жеткізуге үйрету мен сөздік қорларын молайту мақсатында көп жұмыс түрлерін жүргізу үшін сабақта дидактикалық ойындарды орайлы пайдалану шарт. Сауат ашу кезеңінде оқу көрнекі құралдарын,тірек-сигналдарын, сюжетті суреттер мен ертегі мазмұнына сай болуы тиіс. Мәселен,сөздерді дыбысқа талдау,сөз құрастыру жұмыстарына педагао Ш. Амонашвилидің ойын әдісін пайдаланамын. Осыған мысал ретінде сабақтарда өткізілген дидактикалық ойындарды ұсынамын.
«Шашылған әріптер», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», т.б. Мұндай дидактикалық ойындар балаларды мұғалімнің айтқанын дұрыс ұғып,оны тыңдай білуге дыбыстарды ажыратып,сөз құрастыруға,оқушылардың ой-өрісін, дамытуға үйретеді. Дыбыстарды ажыратып,ауызекі сөйлеуге төсілдіруде ,тілін дамытуда дидактикалық ойындарды пайдаланған тиімді.