kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ой серпілтер ойлы есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математикадан логикалы? есептер

Логикалы? жатты?улар

Есеп 1.

80 жас?а тол?ан ?ариядан: «Бала, немере ш?берелері?із ?анша?»- деп с?ра?анда ол: «Кемпір екуіміз ?анша балалы болса?, мені? балалрымны? б?рі де соншама балалы  бол?аны бар. Сонымен барлы? немерелерімні? саны ж?зді? жартысынан асса да мені? жасыма жеткен жо? »- деген екен. ?арияны? неше баласы ж?не неше немересі бол?анын сіз бір ойлап к?рі?ізші.?

Есеп 2.

Д?рігер ауру?а ?ш д?рі береді де жарты са?ат уа?ытпен ішуді тапсырады. Со??ы д?ріні ол к?зірден неше са?аттан со? ішеді?

Есеп 3

Самаур?а 30 шыны су сияды. Толы самаурдан жарты минутта 1 шыны су ??йылады. Егер самаурды? грантасы 15 минут ашы? т?рса ішіндегі су таусыла ма?

Есеп 4

Аралда 4 мемлекет бар. Оларды? ?р ?айсысы келесі 3 мелекетпен шекараласатын болса ?алай орналас?ан?

Есеп 5. 

Даримашты? ?йінде бірнеше жануар бар. Оларды? 4-тен бас?асы тауы?, 4-тен бас?асы ит, 2-ден бас?асы сиыр болса ?р жануардан нешеу бар?

Есеп 6.

Т?нгі са?ат 3-те жауын жауып т?р. Содан 72 са?аттан кейін к?н шы?ып т?ру?а бола ма?

Есеп 7.  Бассейнні? ауданы 1 га. О?ан 1000000л су ??йса шомылу?а жарайма?

Есеп 8.

Б?лб?л т?р?ын ?йді? 5-ші ?абатында. К?нн?р сол ?йді? 2-ші ?абатында т?рады. Б?лб?л ?йіне жеткенше 80 баспалда? басып ж?рген болса, К?нн?р неше баспалда? басып ?йіне жетеді?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ой серпілтер ойлы есеп»

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

Макин №5 орта мектебі КММ

Cламхан С.

«Ой серпілтер, ойлы есеп»

Математикадан логикалық есептер

Логикалық жаттығулар

Есеп 1.

80 жасқа толған қариядан: «Бала, немере шөберелеріңіз қанша?»- деп сұрағанда ол: «Кемпір екуіміз қанша балалы болсақ, менің балалрымның бәрі де соншама балалы болғаны бар. Сонымен барлық немерелерімнің саны жүздің жартысынан асса да менің жасыма жеткен жоқ »- деген екен. Қарияның неше баласы және неше немересі болғанын сіз бір ойлап көріңізші.?


Есеп 2.

Дәрігер ауруға үш дәрі береді де жарты сағат уақытпен ішуді тапсырады. Соңғы дәріні ол кәзірден неше сағаттан соң ішеді?


Есеп 3.

Самаурға 30 шыны су сияды. Толы самаурдан жарты минутта 1 шыны су құйылады. Егер самаурдың грантасы 15 минут ашық тұрса ішіндегі су таусыла ма?


Есеп 4.

Аралда 4 мемлекет бар. Олардың әр қайсысы келесі 3 мелекетпен шекараласатын болса қалай орналасқан?


Есеп 5.

Даримаштың үйінде бірнеше жануар бар. Олардың 4-тен басқасы тауық, 4-тен басқасы ит, 2-ден басқасы сиыр болса әр жануардан нешеу бар?


Есеп 6.

Түнгі сағат 3-те жауын жауып тұр. Содан 72 сағаттан кейін күн шығып тұруға бола ма?


Есеп 7. Бассейннің ауданы 1 га. Оған 1000000л су құйса шомылуға жарайма?


Есеп 8.

Бұлбұл тұрғын үйдің 5-ші қабатында. Күннұр сол үйдің 2-ші қабатында тұрады. Бұлбұл үйіне жеткенше 80 баспалдақ басып жүрген болса, Күннұр неше баспалдақ басып үйіне жетеді?


Есеп 9.

Оқушы үй тапсырмасын орындауға 2 сағат уақыт жұмсады. Ол осы уақыттың үштен бірін математика , қалғанының төрттен бір бөлігін қазақ тіліне, одан қалған уақытында шет тілдерінен тапсырма орындады. Әр сабаққа қанша сағат жұмсады?

Есеп 10.

Әсем мен Нұрка 18 сағатта кезігуге уәделесті. Бірақ Әсем 10 минут қалып жүрген сағатын 5 мин. Озып жүр деп ойласа. Нұрка 5 мин. Озып жүрген сағатын 10 мин. Қалып жүр деп есептеді. Олар өз ойларымен есептеп келген болса, кім неше минутбұрын келді.


Есеп 11.

4 қыз ән айтып ойнады. Әрбір әнді үшеуі айтып бірі музыка ойнаған еді. Алма ең көп 8 рет, Айнұр ең аз 5 рет ән айтты. Олар барлығы неше ән айтты?


Есеп 12.

11 үлкен қобдыйдың әр қайсысының ішінде 8-ден орташа қобдый. Олардың кейбіреуінің ішінде 8 кішкене қобдый бар. 102 дана бос қобдый болған болса, барлығы неше қобдый бар болғаны?


Есеп 13.

Үйірмедегі қыздардың саны ұлдардың санынан 3 есе аз еді. Жаңадан үш қыз қосылғаннан соң қыздардың саны ұлдардың санынан 2 есе аз болды. Алғашында үйірмеде неше оқушы болған?


Есеп 14.

1 м қабырғалы кубик құрастыру үшін 1 мм қабырғалы кубиктерден неше дана қажет?


Есеп 15.

Сіріңкенің 6 дана шырпысы арқылы 4 тең қабырғалы үшбұрыш жасауға бола ма?


Есеп 16.

Түнде су кеменің терезесінен 4м төмен еді. Су деңгейі сағат сайын жарты метр көтеріліп отырған болса, қанша уақытта су кеменің терезесіне жетеді?


Есеп 17.

Екі шаппашы шаршап келіп тамақтанбақ болып, біріншісі 35, екіншісі 25 бауырсақ шығарып қойғанда келесі бір адам келіп қосылды да 3-еуі барлық бауырсақты тауысып жеді. Жаңадан келген адам қалтасында жүрген 600 сомын беріп еді, екі шаппашы бөлісіп алды. Қалай бөліссе дұрыс?


Есеп 18.

Бір парақ қағазды ортасынан дәл етіп 6 қайта бүктеді де, одан 2 тесік шығарған болса, қағазда барлығы неше тесік пайда болды?





Есеп 19.

Суреттегі 7 шеңберді 3 түзу арқылы әр бөлікте 1 шеңбер боларлықтай етіп бөлуге бола ма?


Есеп 20.

Нүрбұлан 4 ағайынды. Біреуі одан 3 жас үлкен., келесісі 3 жас кіші, енді бірі 3 есе кіші жаста, ал әкесі одан 3 есе үлкен жаста болғанда олардың жастарының қосындысы 95 болды. Әрқайсысы неше жаста?


Есеп 21. 555, 111, 999, 444 сандарын қалдықсыз бөлетін төрт сан табыла ма?


Есеп 22.

Қатарласып тұрған үш адамның бірі өтірікші, бірі дипломат (өтірікте шан да айтады), бірі шыншыл.Олардың қайсысы қандай адам болғандығын төмендегі жауаптардан қорытындылап табыңыз. Сол жақтағыдан : Сенің қасыңда кім тұр? Оның жауабы- «шыншыл».Ортадағыдан. Сен кімсің? Жауабында ол «Дипломат». Оң жақтағыдан : Қасыңдағы кім? «өтірікші»- деді.


Есеп 23.

Бір күні тоты мен қолтырауын кезігіпті. Тоты өзінің 110 жаста екенін айтып, қолтырауынға: «Сіз неше жастасыз?» - дегенде. Ол: «Мен кәзіргі сенің жасыңдағы кезімде, сен менің кәзіргі жасымнан 10 есе кіші болған екенсің ғой» дейді. Қолтырауын неше жаста?


Есеп 24.

Саннан өзінің үштен бірін және төрттен бірін алғанда 10 қалды. Бұл қандай сан?


Есеп 25.

XIII=VII-VI сіріңке шырпысынан жазылған теріс теңдікті 1 шырпы қозғалту арқылы дұрыстап орналастырыңыз.


Есеп 26. Қандай сан өзінен басқа барлық санға қалдықсыз бөлінеді?


Есеп 27.

Тізбектелген үш санның ортасындағының квадраты қалған екеуінің көбейтіндісінен 1 мен артық болуға бола ма?




Есеп 28. 24 асықты әр қатарға 5 асықтан етіп 6 қатарға орналастыруға

бола ма?


Есеп 29.

Құндыз бен Жұлдыздың әр қайсысында 12 алмадан бар еді. Құндыз өз торынан бірнеше алма алып достарына берді. Жұлдыз Құндыздың торында қалған алманың санындай алманы жеп алды. Екеуінде барлығы неше алма қалды?


Есеп 30.

Қапта 24 кг шеге бар еді. Табақ таразыны пайдаланып 9 кг шегені ең аз дегенде неше рет өлшеп алуға болады?


Есеп 31.

Нұржан өз жасын жұмбақтағанда: «Мен 13 жылдан соң осыдан 2 жыл бұрынғы жасымнан 4 есе үлкен болам»- дейді. Ол неше жаста?


Есеп 32.

Қазыбек парақ қағазға жазған 2 таңбалы санын айналдырып қараса, ол сан 72-мен кемігенін байқаған. Ол неше деген сан жазған еді.


Есеп 33. Малдың етін сол қалпында қалай сақтауға болады?


Есеп 34.

Стол үстінде қағаз тұр. Оның үстіне суы бар стакан қойған. Стаканға қол тигізбей қағазды қалай алуға болады?


Есеп 35.

Әйнек ыдыстағы 1 вирус минут сайын 2 есе өсіп 137 минутта ол ыдыс толады екен. Алғаш ыдысқа 2 вирус салған болса, ол ыдыс неше минутта толар еді?


Есеп 36.

Бір ғана поез жүретін туннель (жер асты жолы) арқылы 2 поезд қарама-қарсы бағытпен жүріп өтті. Қалай өткен


Есеп 37.

Егер үш күннің алдындағы күн Дүйсенбінің алдындағы күн болса, бүрсігүні қандай күн?


Есеп 38.

100г су сиятын стаканда толы су тұр. Оған 100 дана инені бір-бірлеп салғанда қанша су төгіледі?



Есеп 39.

Түлкі 5 сәбіз, Қоян 4 сәбіз қосып ас әзірлеп отыр еді.Тырна келіп астарынан бөлісіп жеуді өтінді және өзі балық ұсьап әкеелетінін айтты.Олар келісіп асты тең бөліп жеді. Тырна 9 балық әкелген екен. Түлкі мен қоян қалай бөліп алса дұрыс болар еді?


Есеп 40.

100 оқушы ағылшын неміс тілдерінен дәріс алып соңғы сынын берді. Мұнда 10 оқушы ешбір тілді игермепті. Ағылшыннан 83, неміс тілінен 75 оқушы үлгерді. Екі тілді қатар игерген оқушы нешеу болды?

ЖАУАПТАР МЕН НҰСҚАУЛАР


  1. Сегіз бала 64 немере

  2. Бір сағат

  3. Қысымы азайғандықтан ол баяу ғана ағады, сондықтан таусылмайды.

  4. сурет салу

  5. 5 жануар, 1 ит, 3 сиыр, 1 тауық.

  6. Жоқ (ол да түнгі 3:00)

  7. Жарамайды себебі: 1л= 1дм куб болғандықтан судың тереңдігі 1 дм болады

  8. 20.

  9. Мат. 40, Қазақ тілі 20, шет тілі 60.

  10. Нурка 30 мин. Бұрын келді.

  11. Үш-үштен әндеткендіктен ән айтушылардың барлық саны 3-ке бөлінуі қажет.8+5= 13, 13+14= 27, 7 ән айтықан.

  12. 195. себебі 12 орташа қобдида 96 дана кішкене қобди болған. 6 орташа қобди бос болған. 11+88+96= 195.

  13. 6 қыз, 18 ұл.

  14. 1м куб= 10 мм кубқа, 10 тоғыз дәрежесі дана қажет.

  15. сурет салу

  16. Еш уақытта жетпейді. Себебі кеме сумен бірге көтеріліп отырады.

  17. 1)350 2) 250

  18. 128 тесік.

  19. сурет салу

  20. Нүрбұлан 15 жаста.

  21. 1, 3, 111, 37.

  22. Ортасында өтірікші, оң жақта шыншыл.

  23. Қолтырауын 200 жаста.

  24. 24.

  25. Теңдік белгісі мен алу амалын ауыстыру керек.

  26. 0.

  27. 2, 3, 4.

  28. 12, 126,3 алып 3+6 =9

  29. 7.

  30. 91,16.

  31. Сол қалпында себебі тірі мал.

  32. Қағазды ақырын орып отыру керек.

  33. 136.

  34. Біреуі таңертең келесісі түсте өтуге болады.

  35. Сенбі.

  36. Су төгілмейді. Себебі иненің көлемі өте кішкентай болғандықтан судың бетінің тартылыс күшін жеңе алмайды.

  37. Қоян 3. түлкі 6.

  38. 68.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ой серпілтер ойлы есеп

Автор: Сламхан Саулеш

Дата: 11.12.2015

Номер свидетельства: 265166


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства