kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Нан-дастар?ан байлы?ы" атты т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Нанды ?астерлеуге, нан-дастар?анны? байлы?ы екендігін, нанны? адам ?міріндегі е? ма?ызды ас екендігін, оны? о?ай жолмен келмейтіндігін айтып ??ындыру. Нанны? ?алай дастар?ан?а келетінін айтып, о?ан к?птеген адамдар е?бек еткендігін т?сіндіру.

?мірден ал?ан білімдерін, т?сініктерін жетілдіру.

Е?бек адамдарын сыйлай, нанды ?астерлей білуге т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: Нан, бидай,комбайн,диірмен т.б суреттер. Пісірілген нан т?рлері. ?лестірмелі суреттер.

Саба?ты? барысы: 1.?йымдастыру б?лімі.

Психологиялы? дайынды?:

Аспанымыз ашы? болсын

К?німіз жары? болсын

Деніміз сау болсын,

Нанымыз к?п болсын

Еліміз аман болсын.

Хор: «?аза?ы дастар?аным»

К?рініс: Бауырса? ертегісіні? сахналы? ?ойылымы.

? Дастархан к?ркі нанменен,

Тойды? с?ні ?нменен

Нан дастар?ан?а ?алай келеді?

?орытынды.

Нан ?и?ымын шашпа?дар,

Жерде жатса баспа?дар.

Теріп алып ?астерлеп,

Тор?айлар?а таста?дар!-дей келе, б?гінгі "Нан-дастар?ан байлы?ы " атты т?рбие са?атымызды ая?таймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Нан-дастар?ан байлы?ы" атты т?рбие са?аты »

Нурсултанова Нургул Жарылкасынова Бастауыш сынып мұғалімі

Бейнеу ауданы Сам орта мектебі

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Нан-дастарқан байлығы

Сабақтың мақсаты:

  1. Нанды қастерлеуге, нан-дастарқанның байлығы екендігін , нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарқанға келетінін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.

  2. Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру.

  3. Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Нан, бидай,комбайн,диірмен т.б суреттер. Пісірілген нан түрлері. Үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық:

Аспанымыз ашық болсын

Күніміз жарық болсын

Деніміз сау болсын,

Нанымыз көп болсын

Еліміз аман болсын.

Хор: «Қазақы дастарқаным»

-Ән қалай аталады? Дастарқанға қойылатын ең қадірілі ас қалай аталады? Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз нан туралы болмақ.

2.Негізгі бөлім

« Нан- береке бастауы», «Дастарқан көркі-нан» , «Нан-дастарқан байлығы» дегендей, бүгінгі сабағымызды нан туралы өлең тақпақтан бастасақ.

1-оқушы: Нан-ардақты адал ас,

Кәрі-жас одан аттамас.

Нандай жоқ қой асыл дән,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарқаннан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

2-оқушы: Ей, балалар, балалар,

Болмаңдар, сірә нанға тар.

Өмірдің алтын арқауы,

Бар қасиет нанда бар.

3-оқушы: Даланың арынан,

Даланың таңынан

Даланың жанынан өседі,

Нан-жемісі ол кешегі

Нан-өмір,

Жеміспен алып келген кешегі

Нанға пірім деп, жарым деп табынам.

4-оқушы: Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан-өмірдің ана сүті арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

5-оқушы:Еліміздің құдіретін асырып тұрған, менің де,сенің де,

оның да мерейін үстем қып тұрған ол-Нан! Хормен:Нанды кім қорлайды, Аштықтан сол сорлайды.

-Балалар, нан неден алынады? (Бидайдан)

-Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме?

Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын.

Сахналық көрініс.

Бидай: Нан анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнім толып піскенде

Қауызыма сыймаймын.

Арпа: Күміс мұртты арпамын,

Ырыс құтты арпамын.

Еңбек етіп баптаған,

Еліме сый тартамын.

Тары:Ақ ,қарамын,сарымын. Мен өнімді тарымын. Халқым еңбек сіңірсе, Қайтарамын қарымын. Сұлы:Мен сұлымын,ұланның Тұлпарына ұнадым. Баптаған әр диқанға Басымды иіп тұрамын. Күріш:Күнді сүйген күрішпін, Күллі жұртқа ырыспын. Алсын деп ел мол өнім, Ала жаздай су іштім.

Көрініс: Бауырсақ ертегісінің сахналық қойылымы. Мұғалім:Бұрынғы өткен заманда бір кемпір мен шал болыпты.Бірде шал жалынып:

─Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші,-дейді.

Кемпір:Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

Шал: Әй, кемпірім-ай! Қаптың түбін тырнап көрсең ғой, бауырсақтық ұн табылып қалар.

Мұғалім: Кемпірі солай істейді: Қаптың түбін тырнап-тырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян: Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.

Мұғалім: Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:

Бауырсақ: Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған,

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қоян: Қой,бауырсақ, сенің өлеңің жақсы, сен одан да менің тапсырмамды орында. Ал балалар, қоянның бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.

Қоянның тапсырмасы: Нан дастарқанға қалай келеді? Оқушылар жауап береді.

Мұғалім: Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:

─Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған,

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу қиын емес.

Қасқыр: Жоқ, бауырсақ, өлеңнің керегі жоқ, балаларға бір сұрақ қоямын. Дұрыс орындаса сені жіберемін.

Қасқырдың тапсырмасы: Нан туралы кім тақпақ айтып береді? Оқушылар тақпақ айтады.

Мұғалім: Бауырсақ келе жатса оған аю қарсы шығады.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған,

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,

Сенен құтылу қиын емес бұл маған!

Аюдың тапсырмасы: Ұннан жасалатын тағамдарды атаңдар?

Мұғалім: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.

Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған,

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым.

Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу

Қиын емес бұл маған!

Түлкі: Оңай құтыла алмассың, менің тапсырмамды орында.

Түлкінің тапсырмасы: Нан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Оқушылар сұраққа жауап береді.

Түлкі бауырсақты бас сап жейін деп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.

Балалар: Жоқ, қу түлкі,олай болмайды, біз сенің тапсырмаларыңды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың- деп бауырсақты алып кетеді.

Түлкі ештеңе істей алмай жөніне кете береді.

Ал балалар бауырсақты жетектеп ата мен әжеге әкеліп береді.

Мұғалім: Ата мен әже балаларға алғысын білдіреді.

Қане балалар енді бауырсақтың қайдан,қалай келгеніне тоқталайық. Қырманнан,диірменнен,наубайханадан,дүкеннен дастарқанға келген. Нан-дастарқанның көркі.

Ерте қөктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып,дән себеді.Оны күтіп,баптайды.Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып,зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп,жаз бойы егін басында жүреді.

Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей,түн демей егін алқабында егін жинаумен болады.Жиналған егінді машинаға құйып,диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн тартады.Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып,вагондарға тиеп,қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп,қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарқанға қояды.

Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап айтқанда, Ақмола,Ақтөбе,Қостанай, Повлодар,Орал облыстарында бидай егіліп, өндіріледі. Бейнеу ауданында астық терминалы бар.Одан наубайханалық бидай ұны шығарылады. Біздің еліміз өте бай. Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен.

─ Дастархан көркі нанменен,

Тойдың сәні әнменен,- демекші, ендігі кезекте нан туралы мақал-мәтелдер айтайық.

1.Қоныс көркі-там,дастарқан көркі-....(нан)

2.Дастарқанында наны жоқтың

Тағамының....жоқ.(дәмі)

3.Нан болса,.... болады.(ән)

4.Тістем нанның қадірін, тарыққанда....(білерсің)

5. Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса ....(баспаңдар)







Ой қозғау.

Нан дастарқанға қалай келеді?



ұн тартады жер жыртады бидайды егеді

Нан дастарқанға қалай келеді?



нан пісіреді еңбекпен Бидайды орады

Қорытынды.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!-дей келе, бүгінгі "Нан-дастарқан байлығы " атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Нан-дастар?ан байлы?ы" атты т?рбие са?аты

Автор: Нурсултанова Нургул

Дата: 28.05.2015

Номер свидетельства: 216022


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства