kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МЫСАЛ ЖАНРЫ Ж?НЕ ОНЫ О?ЫТУДЫ? ИННОВАЦИЯЛЫ? ЖОЛЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrrr

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МЫСАЛ ЖАНРЫ Ж?НЕ ОНЫ О?ЫТУДЫ? ИННОВАЦИЯЛЫ? ЖОЛЫ »

МЫСАЛ ЖАНРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛЫ


Омиралиева Айгуль Данкибековна


264 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Қызылорда қаласы. Қазақстан Республикасы



Әдеби жанр (французша genre-тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма: 2) әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.

Жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптардың көбінде әдебиеттің тегі – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, мысалы эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең келемді үш түрі белгіленеді де шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге – роман, эпопея тәрізділер жатады. Бұл ретте лириканы да дәстүрлі әдетпен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, сонет, эпиталама дегендей ондаған түрге бөліп жатпай-ақ, саяси не философиялық лирика, махаббат, не табиғат лирикасы деген секілді санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады. [1.290 б].

Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында. [2.110 б].

Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады. Қазақ әдебиетінде мысал жанры Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыс мысалшысы И.А.Крыловтың туындыларын қазақы түсінікке лайықты етіп аударады. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді. [3.127 б].

Мысал жанрына түсінік беруде А.Байтұрсынұлы анайы әдебиеттегі мысалдар, сыпайы әдебиеттегі мысалдар деп бөліп қарастырады. Мұндағы айтылатын анайы әдебиеттегі мысалдар мен сыпайы әдебиеттегі мысал екеуінің арасындағы айырмасы - анайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар да түрлі табиғат тәсілімен тіршілік ететіндігін көріп, олар да адамды ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін-бірі алдайды, арбайды деп білген. Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты олардың да істерін әңгіме қылған. Онан хайуанаттар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көз жеткеннен кейін мақұлықтар турасында ертектер өтірікке саналып, бірте-бірте жоғалып, тек мысалдар ғана қалған. «Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты» деген, «Тышқан шаңырақтағы еттің сасыған-ай» депті деген сияқты мысалдар хайуандар турасынан сөйлеген ертектерден қалған мысалдар. Түйенің алданып қалуы, тышқанның шаңырақтағы етке бойы жетпеген соң сасық деп кемітуі туралы әңгімелер, ертектер болмаса, ондай мысалдар халық тілінде болмас еді. Мұндай мысалдардың пайда болуына себеп болған ертегіде айтылған хайуандардың ісіне адамдардың істерінің де ұқсауы. Қолы жетпеген нәрсесін жамандайтын мінез адамда да бар. Сондай мінезді адамдардың кемшілігін көрсеткісі келгенде қазақ тышқанның «Шаңырақтағы еттің сасыған-ай» дегенін мысалға келтіреді.

Анайы әдебиеттегі болған хайуандар мінезі мен адам мінезін көрсету мақсаты сыпайы әдебиетте де бар. Мақсат жағынан бір-бірінен айрылмайды. Айрылатын жері айтылуында. Анайы әдебиетте хайуанның мінезі құр мысал болады да, сонымен айтушы қанағаттанады да қояды. Сыпайы әдебиеттің мысалы мінезінің ұқсауымен қатар айтылуының әдемілігін де бірдей еске алады. Мінезінің ұқсауы қандай келісті болса, әңгіменің де сондай келісті болуын көздейді. Мұнда ұқсатуы да, әңгімесінің айтылуы да екі жағы бірдей қызғылықты болып, тыңдаушыға екі жағы бірдей әсер етеді. Мысалдарға бұлайша түр шығарушылардың ең шебері Франция жұртында Буттен (1759-1831), орыста Крылов (1763-1844) болған. Олардан бұрын ескі түрмен (Эзоп), рунда (Бедір) болған. Крылов мысалдарының ішінде Эзоптан, Лабонтеннен алғандар да бар.[4.168 б].

Әдебиетті оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира, оның негізгі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби-теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ. [2.110 б]. Мысалы 5-сыныпта өтілетін Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» атты мысалын алайық.


Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысал өлеңі

Білімділік мақсаты: Мысал өлеңге анықтама бере отырып, өлеңнің

мазмұнын, тақырыбын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушының ойлау, мәдениетті сөйлеу, мәнерлеп оқу

нақышын қалыптастыру, сана-сезімін дамыту.


Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке,

қарапайымдылыққа, көпшіл болуға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, талдау.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері, география, әдеп.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат, маркер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сынып оқушыларын түгендеу.

3. Назарларын сабаққа аудару.

4. Жаңа сабақ.

5. Үй тапсырмасын беру.

6. Білімдерін бағалау.

Жаңа сабақ


1-слайд. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы бұрынғы Торғай облысында, орта дәулетті шаруа отбасында дүниеге келген. Жазықсыз жалаға ұшырап, 1938 жылы атылған. А.Байтұрсынұлы халқымыздың тарихында үлкен орны бар қоғам қайраткері, тамаша оқулықтар жазған педагог, дарынды ақын, шебер аудармашы, ірі ғалым болған.

Орыс ақыны И.А.Крыловтың мысалдарын Абайдан соң Ахмет Байтұрсынұлы аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургте кітап етіп шығарған болатын. Ахмет аударманың қазақ оқушысына, халық ұғымына жақын да түсінікті болуына, шығармада көрсетілген тұрмыстық-әлеуметтік мәселелердің қазақ халқына да ортақтығына, айтылатын ойдың салмағына, беретін ғибратына баса назар аударған. Сондықтан ол кітап Ахмет Байтұрсынұлының төл туындылары қатарынан орын алады.

2-слайд. Мысал жанрына түсініктеме беру. Жанр дегеніміз не? Мысал дегеніміз не?

Әдеби жанр (французша genre-тек, түр) термин ретінде екі шартты мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма: 2) әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.

Жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптардың көбінде әдебиеттің тегі – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр.

Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында.

Кіріспе сөз. Мұғалім мысал өлеңді мәнерлеп оқып береді.

Топпен жұмыс. (Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді).

1-топқа тапсырма: Әке мен баланың өзара диалогін тауып, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу.

2-топқа тапсырма: Автор сөзін тауып мәнерлеп оқу.

3-топқа тапсырма: Өлеңнің түйінін табу, мақал-мәтел, нақыл сөз айту.

3-слайд. Сөздікпен жұмыс.

Сарша тамыз - өте ыстық

Бек - өте

Шырақ – мұнда: айналайын

Жырақ – алыс

Пормың – формаң, пішінің

Көкке қарап – аспанға қарап

Шекірейіп – басқаларды менсінбей

Теңгермейтін – тең көрмейтін

Сұқтанба – мұнда: таңданып қарама

Тәкаппар – ешкімді менсінбейді

4-слайд. Жетекші сұрақтар:

1. Әкелі-балалы кісілер қайда келді?

2. Әкесі қандай шаруашылықпен айналысады?

3. Баласы егін алқабын аралап жүріп нені байқады?

4. Әкесіне қандай сауал қойды?

5. Әкесі не деп жауап берді?

6. Өзге бидайлар неліктен басын төмен қаратып тұр?

7. Аспанға қараған бидайдың сөзіне қосыласыңдар ма?

8. Автор өлеңді қандай жолдармен түйіндеген?

Бекіту.

  1. Жанр дегеніміз не?

  2. Мысал дегеніміз не?

  3. А.Байтұрсынұлы кімнен мысал аударды?

  4. «Егіннің бастары» атты мысал өлеңде ақын не айтпақ болды?

Қорытынды. Бүгінгі мысал өлеңнің қорытындысы мақтаншақ, тәкаппар, бойкүйез сынды жаман әдеттен бойды аулақ салуды дәріптейді. «Тәкаппарды тәңірі сүймес» деген нақыл осыдан қалса керек.

Үйге тапсырма.

  1. Міндетті тапсырма: А.Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысал өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.

  2. Еркін тапсырма: Эссе, мысал өлең жазу, өлең мазмұнын суретке түсіру, жақсы мінез тақырыбында мақал-мәтел, нақыл сөз жазып келу.

Бағалау. Оқушы білімін бағалау.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Зейнолла Қабдолов. Сөз өнері. – Алматы: Санат, 2002 ж.-290 б.

  2. Қанипа Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 1997 ж.-110 б.

  3. Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай. Оқулық. Әдебиет 5-сынып. – Алматы: Атамұра, 2010. -129-130 бб.

  4. Ахмет Байтұрсынұлы. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003 ж.-168 б.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
МЫСАЛ ЖАНРЫ Ж?НЕ ОНЫ О?ЫТУДЫ? ИННОВАЦИЯЛЫ? ЖОЛЫ

Автор: Омиралиева Айгуль Данкибековна

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192391


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства