kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Методикалық жұмыс. Тақырыбы "Дидактикалық ойындардың бала өмірін қалыптастырудағы рөлі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Различные виды логических заданий и игр для дошкольников

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Методикалық жұмыс. Тақырыбы "Дидактикалық ойындардың бала өмірін қалыптастырудағы рөлі"»

Дидактикалық ойындардың

бала өмірін қалыптастырудағы рөлі



ОЙЫН ДЕГЕНІМІЗ НЕ?


Ойын-мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті.

Бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас бүлдіршіннің өмірді тануы,еңбекке қатынасы,психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Ол өте ерте жастан басталып,адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады.Ал оқыту үрдісінде технологияның маңызды бөлігі болып табылады.

Ойын-тәрбие құралы. Ол ой-ақылды,тілді ұстартады.Сөздік қорды байытады. Ерік пен мінез қасиеттерін бекітеді,адамгершілік сапасын жетілдіреді.Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі,дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Ойын бала бойында ұйымдастырушылық, тапқырлық, адамгершілік, шапшаңдық, белсенділік, шыдамдылық қасиеттерінің пайда болуына және дамуына ықпал етеді.


Ойынның түрлері өте көп, соның ішінде ең маңыздысы-дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар-арнайы мақсатты көздейді, нақты міндеттерді шешеді.

Ал логика дегеніміз-бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайтын адам ойының нақты нәтежиесі болып табылады.

Логикалық ойлау-адамның интеллектуалды қабілеттерінің негізін құрайды.

Логикалық тапсырмалар баланың логикалық ойлау дағдыларын арттырады,

баланың оқуға,еңбекке белсенділігін арттырудағы басты құрал болып саналады.

Логикалық тапсырмалар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: баланың зейінінің,жадының қалыптасуына, ойлау,қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ал ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады. Сол себепті логикалық тапсырмаларды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.

Дидактикалық ойындар мен логикалық тапсырмалардың негізгі мақсаты:

-Бүлдіршіндердің ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту;

-Балаларды оқу-іс әрекетіне қызықтыру,логикалық ойларын дамыту;

-Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

-Таным әрекетін қалыптастыру,тиянақтау,пысықтау,алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.

Дидактикалықойындары мен логикалық тапсырмаларының міндеттері:

Танымдық: баланың тану,іздену әрекеттерін дамыту,өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға,қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.Әдептілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа,адамгершілікке тәрбиелейді.

Тәрбиеші-ұйымдастырушы,ақыл-кеңесші,ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы- олбаланың досы.

А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп,тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазған: «мен де педагог ретінде балалармен аздап ойнауға тиіспін.Егер мен тек ғана үйретіп,талап етіп,айтқанымды орындатып түрсам, онда мен,бәлкім,пайдалы ,бірақ жақындығы жоқ бөгде күш ғана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап етемін.»-деген.

Логикалық ойындарды ұйымдастыруда тәрбиеші мына міндеттерді орындауы тиіс:

-Дидактикалық ойынның талапқа сай келуін;

-Ойынның мақсаты қойылып,керекті көрнекіліктер мен материалдар алдын-ала дайындалып,оңтайлы жерге қойылуы керек;

-Дидактикалық таратпа материялдарының барлық балаға жеткілікті болуын қамтамасыз ету;

-Олардың эстетикалық талапқа сай келуі;

-Ойынға кірісер алдында ойынның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілуі;

-Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету ;

-Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың шешім қабылдай білуіне,ойлана білуіне жетелеу керек;


Бала құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес, неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынасты анықтап,схема бойынша жұмыс жасай біледі,заттарды әртүрлі кеңістікте елестете алады,оларды ойынша орындарынан ауыстыра алады.

Алты-жеті жастағы бала логикалық ұғымдық ойлауды ауызша пайдаланады.Қоршаған орта,ондағы адамдардың ролі мен орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі.Баланың ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы саусақтарының ұсақ бұлшықеттері мен қолының қимыл үйлесімділігімен байланысты екенін ескерген жөн. Суретті жақсы салатын және әдемі жазатын балалардың байланыстырып сөйлеуі мен ауызша логикалық даму деңгейінің жоғары болатын белгілі.

Логикалық тапсырмалар арқылы баланың ойы,қиялы, жүйелі сөйлеуі қалыптасады,сөздік қоры молаяды.Танымдық ұғымдары,ой-пікірлері,ой қорыту формалары дамиды.Логикалық тапсырмаларды барлық пәндерде қолдынуға болады. Қазіргі таңда олардың түрлері өте көп тараған.

Сауат ашу,тіл дамыту,көркем әдебиет” ұйымдасқан оқу іс-әрекет барысында мынадай логикалық тапсырмалар мен дидактикалық ойындар беруге болады:

-жоғалған буын; дыбысты ата;

-ұйқасын тап; ұқсас әріпті не затты тап;

-ребустар;жұмбақтар; жаңылтпаштар;

-суретке қарап сөйлем құра;

-кім шапшаң?; кім жылдам? ;

-мен бастайын,сен жалғастыр;

-артық сөзді тап; кімге не керек?;

-ажырата біл; не деу керек?; т.с.с.

Осы тәріздес тапсырмалар беру арқылы өтілген дыбысқа байланысты сол дыбыстан басталатын сөзді тауып, дыбыстық талдау жасайды,сөйлем құрастырады,әңгіме құрайды.

Логикалық тапсырмалар арқылы баланың ойлау, дербес сөз, сөйлем құрастыруы ,қалыптасып, қызығушылығы дамиды.

Бала осы дыбыстарды дұрыс қолдану арқылы орта буын,жоғарғы буын кезінде дұрыс,анық сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды,тілі дамиды,әңгіме құрауға үйренеді.Өз ойын еркін айта алатын жеке тұлға өсіп шығады. Сауатты болуы да осы сауат ашу кезеңінен бастау алады.

Ал «Қызықты математика» ұйымдасқан оқу іс-әрекет барысында мынадай логикалық тапсырмалар мен дидактикалық ойындар қолдануға болады:

-жұбын тап; көршісін тап; үлкен-кішісін тап;

-заңдылығын бұзбай боя немесе сыз;

-логикалық есептер;

-логикалық тақпақтар;

-логикалық сұрақтар; т.с.с.

Бұл пәнге байланысты логикалық тапсырмалар арқылы балалар:сандарды оң және кері санайды, санның реттік орнын табады,геометриялық пішіндердің атауын біледі,түрлерін ажыратады.Жоғары,төмен,алдында,артында,үстінде ұғымдары қалыптасады. Өмірмен байланыстырып геометриялық фигураларға ұқсас заттардың ерекшелігі,қасиеті,түрлері туралы біледі. Мысалы: кесек,қыш-төртбұрыш,оның саздан жасалатынын,оның үй тұрғызуға арналғанын, құрлысшыға қажет екенін түсінеді.Ал дөңгелекке - алма,қызанақ,қарбыз доп.шар, т.с.с. заттардың ұқсайтынын біледі.

Ал,”бейнелеу, мүсіндеу, жапсыру, еңбек” ұйымдасқан оқу-іс әрекет барысында:

-суретті аяқта;

-неге ұқсайды;

-жаңа пішіндер;

-бет- әлпеттің өзгерісі;

-заттың суретін аяқта;

-геометриялық пішіндерден сурет сал;т.с.с. логикалық тапсырмалар қолдануға болады.

Мұндай тапсырмалар арқылы баланың сенсорлық ойлау- зерттеу қабілеттері дамиды.Балалар өздерінің қиялдау,шығармашылық қабілеттерін көрсете алады.

Пәндерге қызығушылығы артады,эстетикалық талғамы дамиды.Қоршаған ортадағы пішіндер мен түстердің байлығын көре біледі,түсіне біледі.

«Айналаны тану,қоршаған орта» ұйымдасқан іс-әрекет барысында мынадай логикалық тапсырмалар мен дидактикалық ойындар беруге болады:

-сәулетті үй; тез тап; кімге не керек? ;

-суретшінің қатесін тап;

-жол ережелеріне байланысты тапсырмалар;

-жануарлардың төлдерін туып,қасына қой;

-қай жануар қайда мекендейді?;

-табиғат ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар;

-мамандық иелеріне байланысты тапсырмалар; т.с.с.

Мұндай тапсырмалар арқылы бала туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілікпен қарауға, оған қамқор болуға,табиғат сұлулығын көркем тілмен суреттей білуге қалыптасады.Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып,баланың ғылыми-зеттеу әдісіне қызығушылығы артады.Әр түрлі оқиғаларды ойлануға,сезінуге,сол оқиғадан өзін алып шығуға үйренеді.Сондықтан арнайы берілген логикалық тапсырмалар ұйымдасқан оқу-іс әрекет барысынан тыс уақытта да бақылау,саяхат,серуен, күнделікті өмірде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда маңызды рол атқарады.

Орыс педагогы К.Ушинский:’Кімде-кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе,алдымен оның ой қабілетін дамытуға тиіс.Сөздің қасиеті ой ойды дұрыс беру арқылы бағаланады’.-деген.Яғни,өз ойны дәлдеп айта білуді үйретуде баланың ақыл-ой тізбегін дұрыс,логикалық жолмен құрылуын қадағалау,белсенді ақыл-ой жұмысын ұйымдастырып,тапқырлығына жол ашып отыру қажет.

Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Солардың кейбір түрлері:

-Заттық дидактикалық ойындар;

-Сөздік дидактикалық ойындар;

-Үстел үсті дидактикалық ойындар;

Заттық дидактикалық ойындар-ойыншықтармен, түрлі ойын материялдарымен ұйымдастырылады.

Сөздік дидактикалық ойындарға-ауызша ойналатын ойындар жатады.

Үстел үсті дидактикалық ойындарға-үстел үстінде ойналатын ойындар жатады.

Дидактикалық ойындар мен логикалық тапсырмалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында өткен оқу іс-әрекеттерін еске түсіреді. Ал ұйымдастырылған оқу іс-әрекет ортасында көңіл-күйді сергітеді,ерік-жігерін дамытады,ынтасын арттырады.

Ал ұйымдастырылған оқу іс-әрекет соңында өтілген тақырыпты бекітеді,оқу іс-әрекетінде алған білімдерін жинақтау мақсатын көздейді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Сурумбаева Әдинай Самат қызы

Дата: 22.07.2017

Номер свидетельства: 424361


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства