Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлы? топтарында ойын ар?ылы о?ыту»
Мектепалды даярлық топтарында ойын арқылы оқыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті:
-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін қойды.
Технология грек сөзінен яғни өнерпаздық, шеберлік,іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Инновациялық білім беру деп – тұлғаның жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
Оқытудың жаңа технологияларын былай топтастыруға болады:
1.Ізгілікті тұлғалық технологиясы.
2.Ойын арқылы оқыту технологиясы.
3.Проблемалық оқыту технологиясы.
4.Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.
5.Бағдарлап оқыту технологиясы.
6.Топтық және ұжымдық оқыту технологиясы.
7.Дамыта оқыту технологиясы.
8.Өзіндік дамытутехнологиясы.
9.Ақпараттық технологиясы т.б.
Оқыту технологиясы – әдістер мен құралдардың жиынтығы.
Жаңа технологияның педагогикалық негізгі қағидалары: Балаға ізгілік тұрғысынан қарау. Оқыту мен тәрбиенің бірлігі. Балалардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту. Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту.Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту.
Жаңа технологиядан балалардың жас ерекшелегіне сай ойын арқылы оқыту
технологиясын алдыңғы қатарға қоямын.
Ойын арқылы оқыту технологиясы- оқу тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қамтитын, дидактикалық жүйелер. Ойын баланың шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
Ойын арқылы оқыту технологиясы арқылы қиын тақырыптарды да, балалардың санасынақиындық түсірмей жеңіл қабылдату ол мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.
Ойын түрлері өте көп: ойын –сабақ, ойын-жаттығу,сергіту ойындары, логикалық ойын-есептер,сөздік ойындар, дидактикалық мақсаттағы ойындар т.б. ойындар оқушыны жан-жақты дамытып білімд ітез игеруіне көмектеседі.
Математика сабағымда «Санауға көмектес», «Кім зейінді», «Сиқырлы шарлар», «Қате есепті тап»,«Қай сан қате жазылған», «Аңдар, үй жануарлары қонақта», «Сиқырлы шарлар» ойыны.
«Шашылған сандар» ойыны.
1 4
10 6 3
7 5 9
8 2
Балалар цифраларды тура және кері тез атап санап шығады.