kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепалды даярлы? топ балаларыны? ойын ар?ылы тілін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Мектепалды даярлы?топ балаларыны? тілін дамытуында ойындарды? р?лі зор. Ойын ?стінде балаларды? тілі дамып, бір зат?а бейімділігі, ?ызы?ушылы?ыартады. Ойын мазм?ны мен т?ріне ?арай: мазм?нды – бейнелі, ?имыл – ?оз?алыс, дидактикалы?, ??рылыс кейіптендіру ойындары боп б?лінеді. Мазм?нды – бейнелі ойында бала ойын мазм?нын т?сінікті етіп жеткізуге тырысады, о?ан ?ажетті ??рал – жабды?тарды табу?а талпынады , оларды дайындау ?шін е?бектенеді, ал е?бек ?жымды? іс – ?рекетке біріктіріледі ж?не шы?армаылы? іс –?рекетке ба?дарлайды. Ойын жа?дайы о?ан аралас?ан ?рбір баладан тіл ?арым – ?атынасы дамуыны? белгілі бір де?гейінталап етеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлы? топ балаларыны? ойын ар?ылы тілін дамыту »

Мектепалды даярлық топ

балаларының ойын арқылы

тілін дамыту



Р.Сағатова,

20 орта мектеп тәрбиешісі



Мектепалды даярлықтоп балаларының тілін дамытуында ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардыңтілідамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығыартады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды – бейнелі, қимыл – қозғалыс, дидактикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары боп бөлінеді. Мазмұнды – бейнелі ойында бала ойын мазмұнынтүсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал – жабдықтарды табуға талпынады , оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс – әрекетке біріктіріледі және шығармаылық іс –әрекетке бағдарлайды. Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым – қатынасы дамуының белгілі бір деңгейінталап етеді. Егер бала ойынның барысына қатысты өз тілегін анық айтуғамүмкіндігі болмаса, егеролбірге ойнап отырған өз жолдастарының сөз арқылы берілген нұсқауларын түсінуге қабілеті жетпесе, онда ол құрдастарына мысал болады. Құрдастары мен түсіну қажеттілігі ұйқасымды тілдің дамуына себепші болады. «Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстіндебаланың күш – қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағылығыартып, тапқырлық, сезімталдық, инициатива көрсету секілдіқасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойындаұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап төзімділікке үйренеді» – деген болатын.

Балалардың қозғалысқа құрылған дидактикалық ойындарды меңгеру өзіндік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың әрбір жас кезеңіне сәйкес келетінойындардың мүмкіндіктері мол. Ойынның мектепалды даярлық топ балаларына тәрбиелік тұғырдан ықпал ететін мүмкіндіктердің бар екені күмәнсіз: дұрыс ұйымдастырылған ойын балалардыңтілін дамытып қана қоймайды, сабаққа, еңбекке баулиды. Мектепке дейінгі шақта ойын іс – әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл баланың көп уақытын өзіне қызықтыойындар мен өткізгенде емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызып, тілін дамытуғаықпал ететіндігімен байланысты.

Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс – әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандайда бір рөлдіалады да, сол рөлге сәйкес іс – әрекет жасай бастайды. Бала өзінің аты немесеқорқынышты аңныңорнына тұрса да, көбіне сол ересек адамды: анасын, тәрбиешісін, ұшқыштыжүргүзушінібейнелейді. Айналасындағыларға қатыстыміндеттер - баланың өз басына алған рөлді орындау қажет екендігінсезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алғанрөлін дұрыс орындаудыкүтеді және талап етеді. Мысалысатып алушының рөлінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығынтүсінеді.Дәрігердің рөлі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындайотырып, бала ойынға қатысушылардың рөлін орындай басқалардың құқықтарына ие болады. Мәселен, сатып алушының рөліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген заттыжіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқұғы бар.

Сонымен қатар оқыту жайшылықта нашардамитын, біраз жекелеген ерекшеліктер арқылы көрінетін тіл дамуындағы сапаларды да қамтиды. Балалар ойын кезінде бір-бірімен қарым-қатынас жасауды сүйеді. Алайда, мектепке дейінгі баралрдың бірдей тілдің дұрыс қалыптаспауының салдарынан ойын кезінде қарым-қатынас жасауда еркін араласа алмайды. Балалардың тілін дамытыда заңдылықтпрды ескере отырып жасалған жоспарлы ойын арқылы оқыту тәсілдері баланың тілін қалыптастыруды жетілдіреді.

Күнделікті тәжірибеде көрсетіп жүргендей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс башшылықжасалған жағдайда, олардың ақыл-ойы, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды. Баланың талғамын, қызығушылығын, тілін дамыту барлығы ойын арқылы жүзеге асырылады.

Ауызша ойналатын дидактикалық ойындардасұрақ, өтінішкелсімді білдіретін дауыс ырғақтарынаеліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау, топтастыру үшін тапқырлық, байқағыштық, зеректілік көрсетеді. Құрылыс ойынын да әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келсімді болуын жоспарлайды, қадағалайды.

Балалардың тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қырлы, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман- тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлікке құлшынысы көрініс табады. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттарды да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан,әрі қызғылықты. Олар, «Алақан соқпақ», «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Аңдардың айтысы» т.б. Мәселен, «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп,олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттарәлемі жөнінде нақты ұғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтасып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Тақырыбымызға орай таңдап алынған мектепалды даярлық топ балалары мен ойналатын ұлттық ойындар: «Қасқыр қақпан», «Арқан тарту», «Ақсерек-көксерек», «Айгөлек», «Асық ойыны», т.б. балалардың ширақтық, қозғалыштық, жинақылық сияқты жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, тілі дамып, сөздік қоры молаяды жеке және физиологиялық дамуын жетілдіре түседі деп ойлаймыз. Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ескерткіштердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б.ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, оларөз рөлінжәне ойын логикасын жасайды. Сонымен қатар, бұл ойындар балаларды кішіпейілділікке бауырмашылдыққа тәрбиелейді. Балалардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамытады.

«Бүркітті ауылы»,

Қарқаралы ауданы,

Қарағанды обылысы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мектепалды даярлы? топ балаларыны? ойын ар?ылы тілін дамыту

Автор: Са?атова Рахилаш

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171146


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства