kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі БЦСА балалардың қимыл-қозғалысын түзетуде ойын тәсілдерін қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

СтатьЯ о детях дцп дошкольных возрастов, о работе в игровой форме.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі БЦСА балалардың қимыл-қозғалысын түзетуде ойын тәсілдерін қолдану»

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БЦСА БАЛАЛАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСЫН ТҮЗЕТУДЕ ОЙЫН ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ


«№2 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ дефектологі Салғараева Ұ.Б.


Балалар церебральді сал ауруы соңғы жылдары ең кең таралған аурулардың бірі болып отыр. Балалар церебральді сал ауруы шала дамудың немесе онтогенезде мидың зақымдануынан пайда болады. Мұнда мидың “жас“ алаптары – үлкен жартышар терең зардап шегеді. Ол ерікті әрекеттерді, сөйлеуді және басқа да қызметтерді реттеп отырады. Балалар церебральді сал ауруы әр түрлі қимыл-қозғалыс, психикалық және сөйлеудің бұзылыстарынан көрініс береді. Олай болса, балалар церебральді сал ауруы салдарынан адам өмірі үшін ең маңызды деген, яғни қимыл-қозғалыс, психика, сөйлеу қызметтері зардап шегеді. Бала өмірінің бірінші айында балалар церебральді сал ауруы диагнозын қимыл-қозғалыс паталогиясын ескере отырып қояды.

Тірек-қимыл-қозғалысындағы (ТҚҚ) жарақаттар және туа біткен немесе жүре пайда болған аурулар 5-7% балаларда байқалады. Олардың негізгі тобын орталық церебральді сал аурумен ауыратын балалар (89%) құрайды, ол балалар қимылындағы кемістік психикалық және сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтармен үйлеседі. Шет елдік зерттеулерді қарастыратын болсақ, 50 жылдары БЦС таралуы 1000 балаға шаққанда Англияда 1, ал АҚШ-та 4 балаға сайкес келген. Рессейдегі БЦС таралуын 1999 жылы К. А. Семенова төмендегідей көрсетті: 1962 жылы — 1000 балаға шаққанда 0,4; 1972 жылы — 1,72 : 1000; 1982—89 жылдары — 5,6-8,9: 1000. БЦС пайда болу кезінде мидың жарақаттану уақытына назар аудару керек. Нақты әр 100 БЦС жағдайдың себебі: 30-ы ана құрсағында, 60-ы толғақ кезінде, 10-ы туылғаннан кейін. БЦС жағдайындағы кемістіктің құрылысы психикалық дамуға әсерін тигізеді. Психика дамуындағы кемістік механизмі күрделі және ол ми зақымдануының уақытымен, деңгейімен анықталады. БЦС кезіндегі психикадағы кемістік танымдық іс-әрекеттің сезім – ерік жүйесінің қалыптасуына зақым келтіреді.

Балалық церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды оқыту, тәрбиелеу, емдеу, кешенді түрде оңалту мәселелерін көптеген педагогтар, психологтар, дәрігерлер қарастырған: Л.О. Бадалян, Л.И. Виноградова, М.В. Ипполитова, Э.С. Калижнюк, И.И. Кириченко, К.А. Семенова, Т.И.Серганова, О.В. Степанченко, Л.М. Шипицына және тағы басқалары.[1,2].

Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы немесе аурудың айқындалуы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері бұзылған қозғалыс қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар Л.А.Данилова, М.В.Ипполитова, Е.М.Мастюкова, Е.Ф.Архипова және басқалары церебральды салдығы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді.[3,4]. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді.

Түзете-дамыту жұмысының мақсаты дер кезіндегі тілдік және танымдық даму, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен қоғамда бейімделуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін бірізділікпен дамыту және түзету, қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын атауға болады:

Балалардың церебральды салдығымен зардап шегетін балалар үшін түзете-дамыту жұмысының ерте басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар басқа да қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен, өмірінің алғашқы аптасынан және айынан бастау керек.

Түзете-дамыту жұмыстары бұзылған және сау сақталған қызметтерді толығымен зерттеп білу негізінде ғана жүзеге асады. Сабақ кезіндегі дифференциалды ыңғай баладағы мүмкіндіктерді ескеру мен «оның жақын даму аймағында» орналасқан жаттығулар жүйесін құруды ескереді. 

Зерттеу жұмыстың мақсаты - Балалар церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл-қозғалысының бұзылыстарын түзетуде ойын тәсілдерін қолданудың нәтижелігін қарастыру.

Зерттеу жұмысының нысаны- Балалар церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл-қозғалысының дамуы.

Зерттеудің пәні қимыл-қозғалыс бұзылыстарын түзету.

Зерттеу жұмысының міндеттері: зерттеу мәселесі бойынша клиникалық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау; балалық церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың қимыл-қозғалысының бұзылыстарын түзетуге бағытталған ойын тәсілдерін қолдана отырып жүргізілетін іс-шаралар жүйесін өңдеу және құрастыру.

Зерттеу базасы - Алматы облысы, Қарасай ауданындағы № 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті.

Зерттеудің іс-тәжірибелік маңыздылығы - алынған мәліметтерді өз жұмыстарында логопедтер, педагогтар, емдік денешынықтыру жүргізетін нұсқаушылар, сонымен қатар балалық церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың ата-аналары қолдануы мүмкін.

Балалар церебральді сал ауруын зерттеудің негізін салушы ағылшын дәрігері, хирург – ортопед В. Литтл болып саналады. Ол ХІХ ғасырдың соңында аурудың клиникалық көрінісін сипаттап, оны туу кезіндегі қиындықтармен және нәрестенің шала дүниеге келуі немесе асфексиямен байланыстырды. В. Литтл аяқтың бұлшықеттерінің тонустарының жоғарылығына зейін аударды. Соңынан қолдың бұлшықеттерінің гипертониясының жағдайына сипаттама берді. Онтогенездің ерте кезеңінде мидың қалыптасуының зақымдануы бірқатар жағымсыз ықпалдарыдың салдарынан болуы мүмкін. Әсіресе жүктілік және туу кезіндегі зиянды факторларға көңіл ерекше бөлінді. Зиянды факторлардың ықпалы мен церебральді сал ауруының пайда болуы арасындағы біржақты байланысты анықтау әрдайым мүмкін болмайды.

Егер церебральді сал ауруымен 100 бала ауырса, оның 30-ы - құрсақта, 60-ы туу кезінде, 10-ы - дүниеге келгеннен кейінгі кезеңде пайда болады (Л.О. Бодалян, Л.Т.Журба, Н.М.Всеволожская).

Қазіргі таңда балалар церебральді сал ауруының жалпыға қабылданған өз жіктемесі бар. Онда аурудың ми жұмысының зақымдануының барлық формалары ескерілген. Осыған байланысты бұл жіктеме келесі бес формаға бөлінеді.

1. Спастикалық диплегия.

2. Гиперкинетикалық форма

3. Спастикалық гемиплегия

4. Атоникалық-астатикалық форма.

5. Гемипаретикалық форма.

ДЦП-ның əр түрлі түріндегі əлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін болжау жағдайы спастикалық диплегия жəне спастикалық гемиплегия кезінде сенімдірек болжам екендігін ескеру керек. К.А.Семенованың мəліметтері бойынша, əлсіз көрінетін гемипарезбен ауыратын науқастардың 70,8 % оқи алады, ал 29 % біршама төмен интеллект байқалады. ДЦП-ның гиперкинетикалық түрінде балалар қозғалыс кемшіліктеріне байланысты қиын бейімделеді, бірақ 60 % қолдың ұсақ қимылдарын қажет етпейтін жұмыстарды орындай алады; ДЦП-ның екі жақты гемиплегия жəне атоникалық-астеникалық түріндегі балалар үшін əлеуметтік болжам жағымсыз.[4,5].

Зерттеу жүргізу әдістерін ұйымдастырудағы негізгі әдістер:

- Құжаттармен танысу

а) жеке мәліметтер

б) медициналық карта

- Эксперимент

Көмекші әдістер:

- логопед және тәрбиешімен әңгімелесу.

Эксперимент бөлімі Алматы облысы, Қарасай ауданындағы № 14 ППТК. Зерттеуге жалпы 5 бала (7-8 жас) қатысты.

Медициналық құжаттардан алған мәліметтерді кесте бойынша ұсынып отырмыз.





1 кесте. Эксперимент тобына сипаттама


Аты-жөні

Диагнозы

Невропатолог

Психиатр

Арман Б.

Төменгі парапарез.

ПДТ

Диас Б.

Спастикалық диплегия.

ПДТ

Индира А.

Спастикалық диплегия.

ПДТ

Диана Ж.

Спастикалық диплегия.

ПДТ

Сұлтан Л.

Сол жақты гемипарез. Энурез.

ПДТ


Диагностикалық эксперимент жүргізу үшін біз И.С. Лопухинаның "Логопедия – ритм, речь, движение" атты кітабынан алдық.[6]. Іріктеліп алынған тапсырмалар:

1) қимыл-қозғалыс координациясына арналған:

"Жол бойымен" – ені 20 см болатын тақтай үстімен түрлі кедергілерді (тастар, ойыншықтар, таяқшалар) аттап өту.

"Секіру" – баланы қолынан ұстап бір орында секіруіне қолдау көрсетеміз. Содан кейін қолдауды азайта түсеміз.

"Секіріп өту" – бала екі аяғын қосып еденде жатқан лентадан секіріп екінші жағына шығу керек.

2) Қолға арналған жаттығулар:

"Маятник" – аздап еңкейеді. Қолдар төменгі жақта, параллель бойынша оңға-солға қимылдатамыз.

"Балерина" – тік тұрамыз. Екі қолды екі жағымызда ұстап тұрып аяқтың ұшымен көтерілеміз.

"Жел соққан ағаш" – қолды жоғары. Параллель бойынша оңға-солға қимылдатамыз.

3) Қимыл арқылы іс әрекетін жеткізу:

«Жүргізуші» - қиялдағы тұтқаны қолдарымен қозғалтып, шартты жолдарымен қозғала отырып, бірде онға, бірде солға бұрылады. Егер де жүргізуші жасыл, қызыл, сары түстерге дұрыс сезіне алса жақсы. (түрлі түсті дөңгелектер).

«Аула сыпырушы»

- А. Қолдары бірі жоғарыда, екіншісі төменде ойдағы сыпырғыштың сабын құшақтап алады. Кең қағулармен жолдарды сыпырамыз.

- Б. Қолдары күректің сабын құшақтар алады. «Қарды күрейміз».

«Отыншылар» - А. Бір-біріне қарама-қарсы тұру. Сол аяқты алдыға шығару. Оң қолымен ойдағы араны өзіне және өзгеге қарай қозғалту. Б. «Ағаштарды шабу». Аяқтарды иық белдеуімен бірдей қоямыз. Айқастылылған қолды бастың төбесіне қоямыз. Еңкейіп, кең қағулармен қолымызды төмен түсіреміз.

4) Қолдың қозғалысын тексеру.

Тексеру кезінде берілген санаттағы қозғалыстарға қарапайым жаттығулар ұсынылған:

- Қол екі жақта. Қолдарды иық деңгейінде көтеру және олармен бір сызық құрау;

- Қол алда. Қолдарды иық деңгейінде көтеру және қолдарды қатарластырып орналастыру;

- Қол жоғарыда. Қол тік көтерілген және бір-бірімен қатарлас орналастырылған.

5) Ұсақ моториканы тексеру.

Әдістемеге сәйкес келесі жаттығулар ұсынылған:

«Сырнай» - алдымен саусақтарды ашып содан соң қозғалтамыз. Сырнай ойынын елестету.

«Сиқырлы қалта» - көру қабілетін дамытады. Есте сақтау және сипап сезу арқылы заттарды тану. Ұсақ ойыншықтардың жиынтығын теріп қалтаға салу, ойыншықтарды дәл осындай жиынтықта балаға көрсету. Ол сипап сезу арқылы қалтадан дәл сондай жиынтықта ойыншықты таңдау керек.

«Ағаш матрешкалары»

Құрастырғыш, мазайка.




«Әтеш» саусақтарды «құлып» етіп айқастырамыз. Екінші қолды ашып жоғары қарай саусақтарды көтереміз, сонда әтештін қауырсыны сияқты көрінеді. Кейін керісінше екінші қолдың саусақтарын жоғары көтереміз
















Нақтылау экспериментінде жоғарыда аталған әдістемелер қолданылды.

Балалардың берілген тапсырмаларды орындауын үш балдық шкаламен бағаладық.

1 ұпай – бала үнемі көмекті қажетсінеді. Қимылдары нақты емес, жүйесіз. Бір қимылдан екінші қимылға қиындықпен ауысады. Баланың белсенділігі төмен.

2 ұпай – кейде көмекті қажетсінеді. Қимылы аздап нақтыланған. Баланың белсенділігі бірінші топқа қарағанда жоғарырақ.

3 ұпай – көмекті қажетсінбейді. Қимылы нақты. Бір қимылдан екінші қимылға оңай ауысады. Бала белсенді. (Мұндай балалар болмады).

Балалар алған балдарының нәтижесіне қарай екі топқа бөлінді. Бірінші топқа 2 балл алғандар кірді, ол қимыл-қозғалыс дағдысының орта деңгейі. Екінші топқа 1 балл алғандар жатқызылды- қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасуының төменгі деңгейі. Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер кестеде ұсынылды:


2 кесте. Экспериментальды топтың қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу деңгейі. (жалпы моторика)

Аты-жөні

алған ұпайы

Арман Б.

2

Диас Б.

2

Индира А.

1

Диана Ж.

1

Сұлтан Л.

2

Кестеде көрініп тұрғандай балалардың жалпы маторикасының қалыптасуы 60% орта деңгейде. Ал, 40 % төменгі деңгейді көрсетті. Жоғарғы деңгейді еш бала көрсете алмады. Эксперимент барысында балаларға заттарды аттап өту, қос аяқпен секіру, лентаның екінші жағына секіріп өту қиынға соқты. Бұл ең алдымен балалардың негізгі ақауына байланысты. Бұл балаларға тепе-теңдікті сақтау қиын.

Сонымен қатар ұсақ маторикасының қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу деңгейін қарастырдық. Алынған мәліметтер 3-кестеде ұсынылып отыр.


3 кесте. Экспериментальды топтың қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу деңгейі. (ұсақ моторика)

Аты-жөні

алған ұпайы

Арман Б.

2

Диас Б.

2

Индира А.

1

Диана Ж.

1

Сұлтан Л.

2


Кестеде көріп тұрғанымыздай жалпы және ұсақ маториканың қимыл-қозғалысының қалыптасу деңгейі бірдей. Ұсақ маториканың қалыптасу деңгейін бағалау жалпы маториканы бағалау саясаты бойынша жүргізілді. Балаларда кездескен қиындық саусақ қимылы нақты емес, қиындықпен жүзеге асады.


4 кесте Оқыту нәтижесі бойынша экспериментальды топтың қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу деңгейі. (жалпы моторика)

Аты-жөні

алған ұпайы

Арман Б.

3

Диас Б.

3

Индира А.

2

Диана Ж.

2

Сұлтан Л.

3



5 кесте Оқыту нәтижесі бойынша экспериментальды топтың қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу деңгейі. (ұсақ моторика)

Аты-жөні

алған ұпайы

Арман Б.

3

Диас Б.

3

Индира А.

2

Диана Ж.

2

Сұлтан Л.

3


Сонымен оқыту нәтижесі бойынша қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу деңгейінде ұсақ моторика мен жалпы моторикаға арналған жаттығуларды жасату нәтижесінде төмен деңгей болмады, кесте де көрсетілгендей жоғарырақ және белсенді көрсеткіштерге ие болдық.

Церебральды салдыққа шалдаққан балалармен жұмыс жасауда ерте кешенді және мақсатты бағытталған түзету жұмыстарының баланың жеке дара ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізу тиімді екендігін ұмытпаған жөн.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Основы специальной педагогики /Под.ред. Н.И. Назаровой. - М., Академия, 2002.

  2. Ляпидевский С.С. Невропатология. - М., Владос, 2000.

  3. Бадалян Л.О. Невропатология. - М.: Просвящение, 1982.

  4. Морозова Г.В., Ромасенко В.А. Нервные и психические болезни с основами медицинской психологий. - М., Медицина, 1982.

  5. 7. Цукер М.Б. Клиническая невропатология детского возраста. - М., Медицина, 1986.

  6. И.С. Лопухинаның "Логопедия – ритм, речь, движение" М-1999

  7. 8.Босых В. Г., Павловская Н. Т. Нарушение функции верхних конечностей при спастической диплегии: обследование и коррекция // Коррекционная педагогика. — 2004. — № 1 (3). — с. 52-59.

  8. Левченко И. Ю., Приходъко О. Г., Гусейнова А. А. Современные проблемы организации обучения и воспитания детей с церебральными параличами // Коррекционная педагогика: Теория и практика. — 2007. — №3 (21). — с. 5-14.

  9. Сековец А. С. Комплексная физическая реабилитация детей дошкольного возраста с нарушениями опорно-двигательного аппарата // Воспитание и обучение детей с нарушениями развития, № 5, 2008. с. 18-24.

  10. Сорокина В. Т. Взаимодействие психолога и логопеда при работе с детьми с церебральным параличом // Коррекционная педагогика, № 2 (8), 2005. с. 22-28.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектепке дейінгі БЦСА балалардың қимыл-қозғалысын түзетуде ойын тәсілдерін қолдану

Автор: Салғараева Ұлпан Бағдатқызы

Дата: 14.06.2019

Номер свидетельства: 514790


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства