Просмотр содержимого документа
«Математика саба?тарында бастауыш сынып о?ушыларыны? танымды? ?рекеттерін белсендіру»
«Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін белсендіру»
Салтанбаев Жандос Кенесұлы
Бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Сайлыкөл шағын жинақталған бастауыш мектебі
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне – өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеу қазіргі жаһандану заманының алға қойған талаптарының бірі.
Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу- қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Бастауыш сынып балаларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін оқу үдерісінде үздіксіз дамыту, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда көрнекілік әдісін пайдаланудың маңызы зор. Сабақты тиімді пайдаланылған көрнекі құралдар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың тиянақты меңгеруіне көмегін тигізеді. Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту жолдарын айқындап көрсету». Әр сабағымызды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. Соның ішінде математика сабағында бірінші сыныптан бастап танымдық әрекеттерін белсендіру қажет.
Ол үшін оқушылар таңбалануын көзімен көріп, элементтерімен танысып, өз қолдарымен жазулары тиіс. Оқушылар барлығы математикада қолданылатын 10 цифрдың жазылуымен танысып, әр цифрды санмен сәйкестендіруге үйретіп, оларды бір-бірімен шатастырмауға жаттығуы тиіс. 10 көлеміндегі сандардың нумерациясын оқу барысында оқушылардың міндетті түрде игеруі тиіс, материалдарға санның натурал сандар қатарындағы орны мен сандар құрамы жатады. санның натурал сандар қатарындағы орнын анықтауға оны жадында сақтауда кесте цифраларды, сандардың қатарын қолдануға болады. ( Сурет 1 –Сандар қатары)
« Сандар қатары » суреті бойынша балаларға алдымен зат пен санды сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі. Мысалы: « Торғай нешеу » «Тиін ше », « Неше жапырақ бар » Соған сәйкес енде сандарды атайық. Тура санайық. Кім кері санап береді
Сандармен таныстыру кезінде сан мен цифрды қатар қарастыру қажет. Осы мәселені қарастыруда мына көрнекілікті қолдануға болады. Санның таңбасын – цифрды көрсетіп « оның көршілерін ата», « санағанда тікелей оның алдында келетін қай сан », « тікелей кейін келетін қай сан», «осыған дейінгі сандарды ата», одан кейінгі бір таңбалы сансандарды ата, оны көршілерімен салыстыр, сияқты жұмыстар жүргізуге болады. Мысалы: 4 цифрын көрсетейік делік. оқушылардың жауаптары төмендегідей болуы тиіс: «4-тің көршілері 3 және 5 санағанда төрттің тікелей алдында үш болады, одан тікелей кейін 5 болады, 4 – дейін 0,1,2,3 сандары, ал 4-тен кейін 5,6,7,8,9 сандары бар. 4 3 артық (4 3), ал 5-тен кем (5 4).» Кеспе цифрларды қолданып, сандардың орнын тапқызу мен байланысты жұмыс жүргізуге болады. Оны «орнын тап» дидактикалық ойыны арқылы ұйымдастыруға болады.
Мысалы:
0
3
6
9
2
5
9
Сандар құрамын анықтау үшін «жұбын тап» ойынын ойнатуға болады. «Үйшіктің» шатырына немесе шыршаның ұшар басына «8» цифры қойылады. «Үйшіктің»
әйнекшелеріне немесе шыршаның бұтақтарына мәні 8-ге тең болатын сандардың нормалары анықталып, сәйкес цифрлар қыстырылады. (Сурет 2 –Жұбын тап)
Мысалы: 8 дегеніміз 4 және 4, 8 саны 5 пен 3 тің қосындысына тең, 8 дегеніміз 2 және 6 –ның қосындысы, 7 мен 1 сандарының қосындысы 8-ге тең сияқты қорытынды оқушылар өздері, көрнекілікті басшылыққа ала отырып жасайды. сандарға амалдар қолдану көрнекілік әдісін пайдаланып, бір таңбалы саңдар ретін анықтауға және натурал сандар қатарын құруға үйрету.
а)Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныстыру жүзеге асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады,ал саннан 1-ді азайту барысында оның тікелей алдында келетін сан шығады, яғни сандар қатарындағы санға 1-ді қосып, келесі саннан 1-ді азайтып алдыңғы санды шығарып алуға болады.
ә) Оқушылар тура және кері бағытта санауға үйренеді, яғни кез келген саннан бастап өсу және кему ретімен санайды.
Қосудың ауыстырымдылық қасиеті негізінде сандар құрамын есте сақтауға арналған жағдайларды екі есе қысқарту:
«4 және 1», «3 және 2» 5 санының құрамын анықтайтынын білсе жеткілікті, өйткені егер 5= 4+1 болса, онда 5= 1+4; егер 5=3+2 болса, онда 5=2+3.
Төмендегі сөреге 1(2,3,4) дөңгелектерді алып қою, яғни 5= 4+1;5=3+2; 5=2+3; 5= 1+4
Екі беті екі түске боялған дөңгелектер: алма–кезек аударылып қойылады. 5= 4+1 5=3+2
Бірінші сынып оқушыларының көрнекі –образды ойлауы басым болады, сондықтан материалдары оқытып үйретуде көрнекілікті тиімді таңдап алу қажет. Олардың материалдарды көрнекіліктің көмегімен де тез әрі оңай, қиындықсыз игеретінін байқадық.
Оқытудың көрнекілік әдісін мектепке дейінгі ұйымдағы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің кез келген кезеңінде қолдануға болады.
Бірніші сыныптың математика сабақтарында көрнекілік әдісінің түрлерін қолдану, біріншіден білім берудің берік құралы болса, екіншіден балалардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білімнің сапалы берілуіне жағдай жасалады. Сондай –ақ қолданылатын көрнекі құралдардың мазмұнына орай білікті, шығармашыл, белсенді, ізденгіш, ұқыпты балаларды тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Рысбаев Е. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру // Бастауыш мектеп, №7, 2007 ж.
Смайлова З. «Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері» 9, 2004ж 27 – бет.
Оспанов Т.Қ. және т.б. Математика. 1- 4 сынып оқулықтары. Алматы: «Атамұра», 2001 ж.