Мастер - класс О?УШЫЛАРДЫ ШЫ?АРМАШЫЛЫ? Ж?МЫСТАР?А БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Мастер - класс О?УШЫЛАРДЫ ШЫ?АРМАШЫЛЫ? Ж?МЫСТАР?А БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Развитию творческих способностей личности в учебных заведениях уделяется очень немного внимания. Общеобразовательная программа предусматривает развитие творческих способностей младших школьников, но уже в старшей школе предметы, связанные с искусством практически отсутствуют. По желанию дети могут заниматься творческой деятельностью, посещая различные кружки и секции. Но, как оказывается, желание посещать дополнительные занятия возникает очень редко, если родители не принимают активного участия в развитии ребенка.
Раскрытие творческих способностей школьников
Если с самого детства творческому развитию ребенка не уделялось достаточного внимания, то раскрыть его способности в старшем возрасте будет немного сложнее. Это связано с тем, что у маленьких детей отсутствует негативный опыт самовыражения, и они не боятся проявлять свои способности. Так же в младшем возрасте дети только начинают познавать мир, а их действия не скованы шаблонами и стереотипами, которые появляются с приобретением опыта. Что бы вызвать интерес к творчеству и раскрыть способности школьника необходимо предоставить ему на некоторое время полную свободу действий во время досуга, и пронаблюдать какой деятельности он посвящает свое время. Проблема, с которой сталкивается большинство родителей – это отсутствие у детей желания заниматься чем-либо в свободное время.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мастер - класс О?УШЫЛАРДЫ ШЫ?АРМАШЫЛЫ? Ж?МЫСТАР?А БАУЛУ ЖОЛДАРЫ »
ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Шебер сыныптың тақырыбы:Оқушыларды шығармашылық
жұмыстарға баулу жолдары
Оқушыларды өлең жазуға баулу
жолдары
І жақта жансыз затты жандандыру арқылы хат түрінде, сурет бойынша, берілген тақырыпқа байланысты мәтіндер мен өлеңдерге шығарма жаздырту
Шебер сыныптың мақсаты:
Білімділік мақсаты:Оқушылардың қабілетіне, дарынына әсер ету,
шығармашылық жұмыстарға баулу
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың таным белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ізденімпаздықпен жұмыс істеуге баулу
Тәрбиелік мақсаты:Рухани ішкі дүниесін байыту, ана тіліне деген
сүйіспеншілігін ояту
Шебер сыныптың міндеті:Сауатты жазуға, ой оралымдарын дәл бере білуге үйрету
Шебер сыныптың түрі:Сыни тұрғысынан ойлау арқылы
шығармашылыққа үйрету
Шебер сыныптың әдіс-тәсілдері:
Шебер сыныптың көрнекіліктері:сурет, маркер, жұмбақ т.б
Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту (сұрақ-жауап бойынша жүргізіледі)
- жұмбақ жазу
ІІ Мағынаны ажырату барысындажекелей, жұппен, топпен жұмыс істелінеді. Қос жазба күнделігі екі бағанадан тұрады. Бірінші бағанаға сабақ барысында өзіне ұнаған жерлерін, ал екінші бағанаға жүргізілген жұмыстар туралы пікірін білдіреді.
І Оқушыларды өлең жазуға баулу жолдары (мағынаны ажырату кезеңінде жүргізілетін жұмыстар)
Оқушылармен төменгі сыныптан бастап, жоғарғы сыныптар аралығында жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың түрлері көп. Солардың бірі - өлең жазуға дағдыландыру жолдары. Ол төменгі сатыдан басталғаны абзал. Тақырыпты өту барысында бірден шығармашылықпен жұмыс істеу барлық балалардың қолынан келе бермейді.Өлең ырғағы, ұйқасы жайлы жалпы мәлімет берілген соң, сөздік қорлары өздігінен сараптай қолдануға талаптанады. Ауызша, жазбаша төмендегідей тапсырмалар орындалады.
Оқушылар шумақтың ІІ, ІҮ тармақтарында түсірілген ұйқастық бунақтарды орнына қояды. Кейінгі тапсырмаларда екі тармақты толық шумаққа айналдырады. Келесі тапсырмаларда бір тармақты өлең жолын толық шумаққа келтіреді. Берілген ойды үлгі бойынша жалғастырып әкетуге, қисынды (логикалық) ойлауға дағдылана бастайды. Оқушы ойын ұштау үшін шығармашылық тұрғыда белгілі бір өлшемдер аясында ұйқас түрлері жайлы кеңірек мәлімет беремін. Берілу ретін сақтай отыра өлең жазады (ұйқастық бунақтарды мұғалім өзі береді). Одан әрі оқушының көзқарасын жеткізу мақсаты қойылады. Ол үшін үлгі беру арқылы жазбаша жыр немесе қара өлең шығаруға тапсырма беріледі. Бұл кезеңде өлеңнің ұйқасы, ырғағы жайлы мәліметтерді оқушы толық меңгеруі қажет. Тақырып беру арқылы ойын қатаң қалыпқа сыйғыза жеткізуі керек. Қара сөзбен берілген мәтінді өлеңмен жеткізуі немесе танымал ән әуеніне басқа сөз (жаңа мәтін) жазғызамын.
Оқушылардың өлең жазуға баулу жолдары осылайша бір қалыпқа түсіп, өлең жаза бастайды. Эстетикалық талғамына әсер етіп, шығармашылық қабілеті жоғарылайды. Шығармашылыққа бейім оқушылардың көбі ішкі дүниесі жағынан да, рухани жағынан да бай және нәзік болып келеді. Оқушылардың қабілеттерін одан әрі дамыту әр ұстаздың парызы деп санаймын.
- психологиялық дайындық
музыка көмегімен би қимылын жасату (Бір оңға,бір солға)
І. Қызығушылықты ояту
- сурет қою сол бойынша өлең құрастыру
- Жұмбақ жасыру
1. Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады.(Мысық)
2. Туа сала мұрт өсірген мырза, Пеш түбінде жатқанына ырза.(Мысық)
3. Ерінсе құйрығымен ойнайды, Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды? Бұл не?
ІІ. - Топтық жұмыс суретін салу
- салынған сурет бойынша санамақ құрайды
- бір-біріне ауысып, шағын ертегі құрату
жанына кейіпкерлер іліп қою тақтаға
ІІІ. Ұжымдық жұмыс
тақтаға өлең құрау
Мен мияу мысықпын, Өзім сондай пысықпын. Қастық ойлар дұшпанға, Арам тамақ тышқанға. Жолбарыстай атылам, Тісті аямай батырам.
Адал екен бұл мысық, Ала мысық, сұр мысық. Піскен сүтті кеседен, Жалап ішіп тұр екен.
Көп жұмысты күнімен, Келгендей ақ қиратып. Отыр мысық тілімен, Үш тал мұртты ширатып.
Өзі жап-жас,мұрты бар Ет пен сүтке ұмтылар Тастамайды жылы үйде Түкті тонын шұп-шұбар
әр топ жеке жаңылтпаш құрайды
Ой қозғау
- Мысық туралы не айта аламыз? (әр топ өз ойын айтады)