kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?аланы? та?ырыбы: "Жа?аша о?ыту - заман талабы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?аша о?ыту - заман талабы. Сонды?тан да барлы? жауапкершілік м??алімдер ?ауымына ж?ктеледі. Жас ?рпа?ты б?секеге ?абілетті етіп т?рбиелеу ?шін, е? алдымен білім ?ажет. білім жо? жерде, еште?е де жо?. Б?секеге ?абілетті жастарды т?рбиелеу ?шін, жа?аша о?ыту, жа?а ?діс*т?сілдерді ?олдану керек. Сонда ?ана жа?аша о?ыта аламыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?аланы? та?ырыбы: "Жа?аша о?ыту - заман талабы"»

ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


Жолдасова Баян Махұлбекқызы

ОҚО, Сайрам ауданы №28 «Ақбай» жалпы орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


«Болашақта өркениетті, дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»

Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі күні тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу, білім реформасын жүзеге асыру алдыңғы орында тұрғаны баршамызға белгілі. Болашағымыздың жарқын болуына ықпал етіп, адамзат баласын алға қарай апаратын күш тек білімде ғана.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткендей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы жаңаша білім беру – әрбір ұстаздың міндеті. Еліміздің ертеңі - мектеп қабырғасында жүрген жас ұрпақ.Сондықтан да білім беру саласының жаңа құрылымы мен әдістемелік мазмұнының өзгеруі арқылы ұстаздардың алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдау, жаңа технологияларды меңгеру және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отыру, ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.

Бүгінгі заман сабағы – мұғалім оқушының ойлау қабілетінің жылдам және тұлғалық дамуына, білімді терең игеруіне, оның бойында адамгершілік негіздерін қалыптастыруды шебер қолданатын оқу үрдісі. Бүгінгі сабақ мектеп оқушыларының белгілі бір мөлшердегі білімді меңгеруімен шектелмей, тұлғаның жалпы дамуымен, оның танымдық және жасампаздық қабілеттерінің қалыптасуымен байланысты болуы тиіс.

Болашақта тәрбиелеп отырған шәкірттерімнің жан-жақты білімді болуына өз үлесімді қосу үшін, жаңаша оқыту үлгісін қалыптастыруда оқу, үйрену мақсатында және де қазіргі заман талабына сай нағыз білікті мұғалім болу үшін сындарлы оқыту бағдарламасының 7 модулі бойынша білім-біліктілігімді арттырғым келді. Білім берудегі сындарлы оқытудың теориялық негізін оқып, таныса отырып, жеті модулдің жаңаша әдіс-тәсілдерін бүгінгі күнде әрбір сабағымда қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім, сонымен қатар оқушылармен қалай жұмыс жүргізу керектігін үйрендім.

Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (Нұсқаулық 6-бет)

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы ( конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. (Hattie, 2009) . (Нұсқаулық 6-бет)

Бағдарламаның басым бөлігінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қарастырылған және сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлау қабілетін дамыту олардың бұрынғы білімі мен оқулықтан, мұғалімнен , сыныптастарынан алған жаңа білімдерімен бірге жүзеге асады деген ойға негізделген.

Сындарлы оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдері 7 модулді оқытудың негізгі өзегі – оқу модулі. Жеті модулдік оқытудың басты мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Ол оқушының жүйелі түрде жүргізілетін іс-әрекеті арқылы жүзеге асады, оқушы уақытының көпшілігінде өз бетінше жұмыс атқарады.

Бұрынғы қолданылып келген дәстүрлі сабақта мұғалімдер көп сөйлеп, ал оқушылар тыңдаушы еді. Ал бұл бағдарламада мұғалім - тек бағыт-бағдар беруші, ұйымдастырушы, оқушыларға тапсырманы үйретіп емес үйренетін жағдай тудырушы.

Теория кезінде 7 модулдің әдіс-тәсілдеріне тоқталдық. Осы кезде көп нәрсені түсінбей, дәстүрлі оқытудың қағидаларымен әркез салыстырып отырдым. Мұғалім тек бағыт-бағдар беруші болып, ал оқушылардың өзі ізденіп, өзі сұрақ қойып, сұрақтың жауабын бірлесе отырып тауып, бірін-бірі және өзін-өзі бағалай алуы керек дегенде, мүмкін оқушыларым бастауыш сынып оқушылары болғандықтан ба, «қалай болар екен?» деген күдігім болды. Әрбір сабағыма орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру кезінде, теория жүзінде оқып- үйренген білімімді тәжірибемде жүзеге асыруда жаңаша оқыту тәсілдерінің тиімді екенін түсіндім. Орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақтарымды жоспарлау барысында 7 модулді кіріктіре отырып, жаңа әдіс түрлерін қолдану арқылы сабақтың жақсы өту нәтижелеріне қол жеткіздім. Әр сабағымның барысында оқушылардың бойында сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын, көшбасшылыққа деген ұмтылыстарының пайда болғанын, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау арқылы сыныптастарының білімдеріне көп көңіл бөлетіндерін байқадым. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен жұмыс істеуді, ресурстарды тиімді пайдалануды, бір-бірімен пікірлесіп, өз ойларын еркін айтуға үйренді. Модуль бойынша жұмыс жасаудың тиімділігін және оның мұғалімге зор табыс әкелетінін білдім. Сондай-ақ, мұғалім оқушыға қандай да бір тапсырма беру үшін, ол сұрақ төңірегінде өзі әбден зерттеп, зерделеп, саралап алуы керек. Осы 7 модулдің әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып білім бергенде біз үлкен жетістіктерге жететінімізді, оқушылардың қызығушылығының артатынын, оқушыларды тез баурап алатынымызды және оқушының пәнге, сабаққа деген оң көзқарасын арттыруға мол септігін тигізетінін және оқушылардың «келесі сабағымыз қандай болады екен?» деген қызығушылықпен қарайтындарына көз жеткіздім.

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі бойынша әрбір сабағымның барысында оқушыларды міндетті түрде топқа бөліп отырамын. Алғашында оқушылар арасында аздаған түсінбеушіліктер болды, бірақ мен әр сабақ барысында өздері бірлесе отырып құрған топ ережелерін еске түсіріп отырдым, түрлі әдістер арқылы топқа бөлдім, соның нәтижесінде оқушылар топтық жұмыста біріге, ұйымшылдықпен жұмыс жүргізуге үйренді. Топтық жұмыс барысында дарынды балалар өз топтарына көшбасшылық жасап отырады. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін сұрақ-жауап арқылы менталді карта, постер жасату арқылы өз сабақтарыма енгіздім. Тақырыптарға байланысты тапсырмалар беру арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра білуге болады. Бала қаншалықты көп ойланса , жауаптың сапасы артады және дамиды. Сыни тұрғыдан ойлану арқылы баланың танымы артады. Мен балаларды сыни тұрғыдан ойландыру арқылы оқушылардың бойынан өздігінше ізденуді, өзара ұйымшылдықпен дәлелдеулері туралы көре білдім.

Оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту бойынша жұмыс баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына және шығармашылығын қалыптастыруына оң ықпал етеді. Сабақтарда сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып жұмыс атқару балалардың ойларын еркін айтуына, ойларын ұштауға, еркін сөйлеуге, өздеріне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары: бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация. Осы дағдылар арқылы оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Ал мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді (Нұсқаулық).

7 модулдің бірі АКТ-ны қолдана білу – заман талабы. Сандық технология - оқушылардың білімін арттырудағы басты құрал болып саналады. Сабақтарымда АКТ-ны жаңа білімді түсінуде слайдтар көрсету арқылы презентация түрінде, сонымен қатар дарынды және талантты балаларға тапсырма беруде де қолдануға болады. Өздері іздену арқылы керекті мәліметтерді алып, өз білімдерін жетілдіре алады. Дәстүрлі сабақтарда біз көбінесе слайдтардың орнына суреттер көрсетумен шектелген болатынбыз.

Әр сабағымның барысында «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі арқылы балаларға өзін-өзі бағалау және бір-бірін бағалту мүмкіншілігін беріп отырамын. Яғни, оқушы сабақтағы жасаған іс-әрекетіне баға бере алады, өзін-өзі бағалау арқылы оқуға деген қызығушылығы артып, өзін-өзі реттеуге үйренеді. Ал дәстүрлі сабақтарда оқушылардың білімін мұғалім баланың сабақ барысындағы білім көрсеткішіне қарай, бағалап отырады. Сондықтан да оқушылар мұғалімнің бағалауына үйреніп қалған. «Бағаны не үшін алды, жақсы баға алу үшін не істеу керек?» деген талдау жүргізілмеген. Ал жаңа әдіс-тәсілдер бойынша мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы және бағыт-бағдар беруші. Ал оқушы өзі ізденеді, өзін-өзі және сыныптастарын бағалайды. Мұғалім сабақ барысында оқушыларды марапаттап, «жарайсың», «өте керемет», «жақсы» деп ынталандыру мақсатында жігерлендіріп, формативті түрде бағалап отырады. Бұл оқыту үшін бағалау болып табылады. Мұғалім әр сабақта тапсырмаларға байланысты бағалау критерийін жасайды, сол бағалау критерийінің қорытындысы бойынша жиынтық баға шығарады. Бұл оқу үшін бағалау болып табылады. Мұғалімдер оқушылардың білімін баға мен сөздің көмегімен бағалайды. Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өзін-өзі реттейді, өз білімін анықтап , ары қарай оқу керектігін түсіне біледі.Бастапқыда бағалау кезінде оқушылар арасында түсінбеушіліктер болды, бірін-бірі жоғары немесе төмен бағалау салдарынан ренжушіліктер байқалды. Бұл кедергі болып саналатынын түсіндім және кедергіні жою жолдарын қарастырдым. Әр сабақ барысындағы тапсырмаларды жүйелеу арқылы, бағалау критериилерін балалармен бірлесе отырып түздім және оқушыларға бағалау кезінде қалай қолдану керектігін түсіндірдім. Оқушылар бұл тапсырманың орындалуы арқылы бағалау жүйесін түсінді.

Сонымен қатар оқушыларға сұрақтар қоюды Блум таксономиясы бойынша төменгі дәрежелі сұрақтан жоғары дәрежелі сұрақтар қою арқылы жоспарлаймын.Осылайша сабақ жоспарының құрылымын өзгерте отырып, оқушыларымды жаңа қырынан танып, оқушыларға көптеген мүмкіндіктер бере отырып, сабаққа деген құлшыныстарын, белсенділіктерін, ізденімпаздықтарын көре білдім.

Сабақтарымда 7 модуль тәсілдері арқылы оқушылардың білім сапасын көтере алатыныма сенемін. Оқушылар жаңа білімді өздері оқып, топта талқылау арқылы бірін-бірі оқыта алады, тақырып мазмұнын өздері түсініп, өздігінен ізденуге ұмтылады. Осы әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау барысында мұғалім де, оқушы да осы заманның жаңалықтарынан қалмай ізденіп отырса білім беруде ізгі өзгерістер болатынына сенемін.

Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барынша күрделі әрі , әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихай (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. (Нұсқаулық 34-бет)

Мұғалім оқушы жетістіктерін дамытудағы және мектеп жұмысын өрістетудегі негізгі тұлға болып саналады. Сондықтан да мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады. Шульман көрсеткендей «бас-кәсіби түсінік, қол-оқытудың тәжірибелік дағдылары, ал жүрек – кәсіби тұтастық». Демек, мұғалімдер өз мамандықтарының этикалық және моральдік дағдыларын ұстану керек. Сонымен қатар, олар төзімді, шыншыл, батыл, оқушыларға мейірім мен аяушылық, құрмет көрсете білетін, әділ болу керек.

Балалардың әрқайсысын дарынды да, қабілетті деп қарайтын болсақ, жеке тұлғаны дамыту мақсатында жаңаша әдіс-тәсілдерді тұрақты пайдаланып жұмыс жасасақ, ойлаған мақсатымыздың нәтижесін көре аламыз. Еліміздің болашағы – біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақты озық тәжірибелерді дұрыс таңдап, сапалы білімді оқушылардың бойына сіңіре отырып,бәсекеге қабілетті азамат, білімді ұрпақ, өркениет заманына лайықты азамат болып шығулары үшін білім алуда аянбай тер төгуге тәрбиелеуіміз қажет.

Мен өз тәжірибемде көптеген өзгерістер болғанын білдім. Алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданған жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабақтарыма кеңінен, жүйелі түрде жоспарлап пайдаланып, әріптестеріме оқыту барысының оң нәтижесін дәлелдей отырып, түсіндіріп, біріге отырып жұмыс жасауға шақырар едім. Жалпы әр баланың ішкі ойын ашып, оған нені оқу керектігіне бағыт-бағдар бере алсам және де өзімді осы жолда қалыптастырсам, жұмысымның нәтижелі болғаны деп түсінер едім.Осылайша, әріптестеріме де жаңа тәсілдің қолайлылығын насихаттай отырып, өзіммен бірге жұмыс істеуге шақырғым келеді.

Білім өмірімізді жақсы арнаға бұру үшін, бақытты да табысты өмір сүру үшін қажет. Осы қағиданы оқушыларымның санасына сіңіре отырып, бәсекеге қабілетті азамат, білімді, өнегелі, заман талабына сай үш тілді меңгерген тұлға ретінде тәрбиелеп шықсам деймін.

Құрметті әріптестер, сіздерге білімді де, өнегелі шәкірт тәрбиелеудегі ұстаздық еңбектеріңізге шығармашылық табыстар мен сәттіліктер тілеймін!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ма?аланы? та?ырыбы: "Жа?аша о?ыту - заман талабы"

Автор: Жолдасова Баян Мах?лбек?ызы

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272506


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства