kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қызыл, жасыл, сары" үгіт- насихат шарасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру;

  Бағдаршамның, жол белгілерінің маңызын түсіндіру;

  Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің міндетін ұғындыру;

  Жол қауіпсіздігін сақтау арқылы өз өмірі мен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қызыл, жасыл, сары" үгіт- насихат шарасы»

Сынып сағаты

Үгіт -насихат «Қызыл, жасыл, сары» .

2 қауіпсіздік сабағы «Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері» (10 минут)

ЖЖЕ №1 Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері.

Күні

15.09.25

Сынып жетекші

Э.Қ. Берентаева

Сынып:

Қатысушылар саны: 2

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

 Оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру;

 Бағдаршамның, жол белгілерінің маңызын түсіндіру;

 Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің міндетін ұғындыру;

 Жол қауіпсіздігін сақтау арқылы өз өмірі мен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.


АПТА ДӘЙЕКСӨЗІ

«Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!»

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Басы

Кіріспе

Жүргізуші:
– Балалар, біздің өміріміздегі ең маңызды нәрсе – қауіпсіздік. Әсіресе, жолда жүріп-тұрғанда сақ болған абзал. Бүгін біз жол ережесін қайталап, бәрімізге үлгі болатын ұран айтамыз.

Адам өміріндегі ең басты құндылық – ол қауіпсіздік пен денсаулық. Көшеде, жолда жүргенде әрқайсымыздың міндетіміз – ережелерді қатаң сақтау. Себебі, жол ережесін білмеу немесе оны бұзу – қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Жолдағы қауіпсіздікті сақтау – тек жүргізушілердің ғана емес, әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Сондықтан бүгінгі іс-шарамызда біз бағдаршам белгілерін, жаяу жүргіншілердің міндетін қайталап, жолда сақ болудың маңызын еске саламыз.

Көрініс

Екі машинаның соқтығысуы.

Екі көліктің жүргізушісі жол бойында жүріп келе жатып, жол ережесін білмегендіктен екі көлік иесі бір-бірімен қарсы жолда соқтығысады (машина дыбысы, сигнализация ).

Бұл не масқара? Ужжжжжас. Сіз менің көлігіммен не істедіңіз?

Менің еш кінәм жоқ. Бәріне сіз кінәлісіз. Қарсы жолға шыққан сізсіз.

Екі көлік иесі бір-бірімен ұрысып, басқа көлік жүргізушілеріне кедергі келтіріп,


келеңсіздік туғызады. («Кукарела» әні)

Сол аралықта МАИ қызметкері келеді (МАИ қызметкері көлігінің дыбысы).

-Жол полиция қызметкері Аға лейтенант Кесекбаева Мадина:

Бұл жерде не болып жатыр? Жол ережесін бұзып неге елді мазалайсыздар? Мән-жайды түсіндіріңіздер.

Біраз уақыттан соң:

Мен сіздерге жол ережесін түсіндірейін.

*************************

Бейбастық болма бекерге
Кездесер алдан көп қой сын
Қиылыстан әрбір өтерде
Айдалаға қарама.

***************************

Өз өмірің қолында,

Жол тәртібін орында.

*********************

Екі көлік жүргізушісінің ымыраға келіп, татуласуы.

*********************

– Ұлы сөзді тыңдаймыз
Жол тәртібін сақтаймыз.

********************

«Үгітбригада» тобының орындауында «Жол ережесін білейік, аман –есен жүрейік » әні.

Екі әншінің артында үгіт жүргізу мақсатында «Үгітбригада бишілер» тобы би билейді.

Бағдаршам сенімді
Сүйетін серігің
Сүйсең сүйген жеріңді
Сыйламайды сені кім?
********************

«Үгітбригада» тобының ұраны:

Бәрі:
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жол тәртібін білейік,

Аман – есен жүрейік

Қорытындылау:

  Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің!

Ақназ

Нұсқау белгісі

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.


Амир

Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан - жаққа.


Мадина

Міндеттеу белгісі:


Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолында
Абай бол, шартымды


міндетті орында.

Дәулет

Сақтандыру белгісі

Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.












Бағдаршам, көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан кестелер. Жол белгілері. Көлік суреті бейнеленген қорап, полиция қызметкерінің таяқ құралы. Аудио дыбыстау.




№5 мектеп - лицейі




"Қызыл, жасыл, сары" үгіт- насихат шарасы

("Дорожная гамота" онкүндігі)




Өткізген: Э.Қ. Берентаева

Сынып: 2А






2025-2026 оқу жылы

-



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"Қызыл, жасыл, сары" үгіт- насихат шарасы

Автор: Э.Қ.Берентаева

Дата: 20.09.2025

Номер свидетельства: 674435


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства