(6 мин) | «Конверттегі сұрақ» әдісін қолданамын.Төмендегі үш сұрақты конвертке жазып саламын. Жауаптарын жазып жапсыру үшін стикер таратамын. 1.«Баға дегеніміз не?», 2.«Бағалау туралы не білеміз?», 3.«Сабақты бағалау тәсілдері қандай?» сұрақтарын жазып ілу Жауаптарын талқылап болған соң «Шапалақтау» қалыптастырушы бағалауды қолданамын. Шапалақтау арқылы оқушылардың ұғу деңгейін көруге болатынын түсіндіремін. | Топта талқылайды Стикерге ойларын тұжырымдап жауаптарын жазады. Қалыптастырушы бағалау |
(15 мин) | Шебер-сыныптың тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын: Тақырыбы:«Критериалды бағалау жүйесін диктант жұмысында қолдану» І.Таныстырылымды слайдтан көрсетемін Таныстырылымды топпен талқылау: «Оқушының білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үдерісі-критериалды бағалау» анықтамасымен таныстыру а)Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийінің кестесін ; ә) А В С Д критерийлері, жетістіктері, дескрипторлармен таныстырамын.талқылаймын. б) Диктант жұмысын критериалды бағалау бетшесін таратамын, талқылауға ұсынамын./ А В С Д критерийлері, жетістіктері, дескрипторлар/ Пікірін қосқан,талқылауға қатысқан топты «2 жұлдыз, 1 тілек» қалыптастырушы бағалаймын . 2 жұлдыз таратамын, жақсарту мақсатында тілек білдіремін | Мақсатын слайдтан көреді, тыңдайды, танысады. Ой түйеді, көреді Таныстырылымды талқылайды А В С Д критерийлерімен, дескриптордың тапсырмалар бойынша орындау деңгейі екендіктерін түсінеді, талқылайды. Мұғалімдер сабақтарында қолданады. |
(15 мин) | Практикалық бөлім Критериалды бағалаудың негізгі сәттерін түсіндіру. Дескрипторлар бойынша диктант жұмысын топта бағалау. | Мұғалімдер топта диктант жұмысын тексеріп, критериалды бағалайды. Критериалды бағалаудың басты ерекшеліктерімен танысады |
(2 мин) | Рефлексия әдісі .«Аяқталмаған сөйлем» Не үйренгенін, қайта ойлап,қорыту мақсатында жеке үлестірме қағаз беремін.Үлестірме қағаздағы аяқталмаған сөйлемдерді ой қорытып аяқтайды. | Шебер – сыныпта 1.Мен білдім... 2.Тиімді болды... 3.Енді мен қолданамын... 4.Мен үйрендім... 5.Мен жасап қараймын... 6.Мен мынаны түсіндім... 7.Мен меңгердім... |