kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Критериалды ба?алау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама  та?ырыбы:

КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУ — САПАЛЫ БІЛІМ беру

Ма?саты: м??алімдерге формативті, жиынты?, критериалды, дискриптор ба?алау т?рлері туралы а?парат беру. Критерийлер ?оя отырып критериалды ба?алау ж?не формативті ба?алау жиынты? ба?алау жасау?а ж?не болаша?та саба?тарда ?олдана білуге ?йрету

К?тілетін н?тиже:  М??алімдер ба?алау туралы а?парат алады, к?нделікті ?здері ба?алап жат?ан т?рлерімен салыстырады, топты? ба?алау ар?ылы критерий жасауды ?йренеді, ба?алау пара?шасын жасайды, болаша?та саба?та ?олдану?а бейімделеді.

К?рнекіліктер:  Слайдтар, ватман, маркер, стикерлер, пікір а?ашы

Аны?тамасы: Критериалды ба?алау-

б?л  білім  беруді? ма?саты мен мазм?нына  негізделген  о?ушыны?  о?у- танымды?  ??зырлы?ын ?алыптастыруда  алдын-ала  белгіленген   жетістіктермен салыстыру ?рдісі

 Критериалды ба?алауды енгізуді? ма?саты:

  •  Мектепте о?ыту сапасын жо?арлату
  • Мектеп  о?ушыларыны? білімін  халы?аралы? стандарт?а с?йкестендіру.   

  Білім сапасын ба?алау ж?йесінде  жа?арту м?селесі:

  • Бес балды? ж?йені? ?азіргі заман?а сай білім ж?йесін ?ана?аттандыра алмауы
  • О?ушы танымында?ы ?згерістер мен білім саласында?ы ?алыптас?ан

?айшылы?тар

  • ?леуметтік с?раныстарды? ?згеруі

 

?станымдар негіздері:

1.  Ба?амен о?ушыны? ж?мысы ба?аланады
2.  Дескрипторлар о?ушы?а алдын-ала белгілі   болуы шарт
3.  О?ушы ?з білім де?гейін аны?тай алуы ?ажет
4.  На?ты білімділік ма?сатты ба?алауы ?ажет

Критериалды  ба?алауды? басты  ерекшелігі:

  • алдын-ала ?сыныл?ан ба?алау ш?кілі;
  •  аны?, ай?ындылы?ы;
  •  ба?аны? ?ділдігі;
  •  ?зін ба?алау?а м?мкіндікті? берілуі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Критериалды ба?алау»

Баяндама тақырыбы:

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ — САПАЛЫ БІЛІМ беру

Мақсаты: мұғалімдерге формативті, жиынтық, критериалды, дискриптор бағалау түрлері туралы ақпарат беру. Критерийлер қоя отырып критериалды бағалау және формативті бағалау жиынтық бағалау жасауға және болашақта сабақтарда қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:  Мұғалімдер бағалау туралы ақпарат алады, күнделікті өздері бағалап жатқан түрлерімен салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий жасауды үйренеді, бағалау парақшасын жасайды, болашақта сабақта қолдануға бейімделеді.

Көрнекіліктер: Слайдтар, ватман, маркер, стикерлер, пікір ағашы

Психологиялық сәт

Мұғалімдерге «Отшашу», «Тосын сый » тренингін өткізу.

Қатысушылар қағазға «Сізді не күтіп тұр?»деген сұраққа жауап жазады.Жазылған қағазды жәшікке салып араластырамыз. Содан соң бір-бірден алып, тосын сыйды алады.

Аудиторияда психологиялық ахуал тудыру


Топқа бөлу Туған күндеріне байланысты бөлінеді

Ой қозғау

Топта шулап отырған оқушыны назарын, зейінін сабаққа аудару үшін және басқаның пікірін тыңдап оны талқылату үшін не істер едіңіз?

Мұғалімдер сабақтағы бағалау түрлерін талқылап өздерінің ойларын айтады.

Топ мүшелеріне ақ қағаз үлестіріледі. Оған әрбіреуі пілдің суретін салады.

Сағаттың тілімен бір-біріне ауыстырады, бағалайды. Содан кейін критерий арқылы бағалайды. Әділ бағалауды түсінеді.


1

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

2

Сурет салуда бетті үнемдей алмады

3

Өшіргішті жиі пайдаланған.

4

Ақ парақтың дәл ортасына салынған.

5

Талапқа сай, сурет салуда ауытқулар (сәл қисық, лас т.б) бар.

6

Әдемі салынған

7

Оқушының суретке икемі бар екендігі байқалады. Бояулары қанық, түзу, өшіргішті пайдаланбаған. Ойы жүйелі.



«5» - 23 - 28 балл (100%-89%)

«4» - 15 - 22 балл (75%-88%)

«3» - 9 - 14 балл (61%-74%)

«2» - 0 - 8 балл (60%-дан төмен )

Міне, біз өзіміздің жұмысымызды бағаладық.Бұл критериалды бағалау.

Мұғалімдерге критериалды , формативті , жиынтық бағалауды қалай жүргізу керектігін түсіндіру

Критериалды бағалау  бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.

Критериалды  бағалаудың басты  ерекшелігі:

—          алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

—          анық, айқындылығы;

—          бағаның әділдігі;

—          өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

    Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.

Анықтамасы: Критериалды бағалау-

бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

  • Мектеп оқушыларының білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:

  • Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы

  • Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан

қайшылықтар

  • Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі


Ұстанымдар негіздері:

1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады
2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шәкілі;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Критериалды бағалаудың функциялары:

Бағалау функциялары

Ынталандыру Белсенділік Түзету Дамытушы


Принциптері

Нақтылық Әділдік Жүйелілік

Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы:

  • Критерий бойынша оқушының оқу жетістіктері деңгейлі белгіленеді

  • Нақты балдар немесе бағалар қойылады

Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:

  • Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау

  • Тұлғаны нәтижеге жеткізу

  • Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау

  • Қалыптастырушы лық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтау

Критериалды бағалау :

  • Қалыптас-тырушы бағалау

  • Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.

  • Жиынтық бағалау

  • Бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды



Қалыптастырушы бағалау:

  • Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.

  • Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді.

  • Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалау:


  • Жиынтық бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.

  • Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.

  • Жиынтық бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.

Қолданылуы:

  • Жиынтық бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек.

  • Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.

  • Әрбір жетістік балмен және дескриптор арқылы белгіленеді.

  • Тоқсан соңында әр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінеді.

Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийі


Критерий

Жетістіктердің ең жоғарғы деңгейі

А

Түсіну

6

В

Талдау (мәтінмен жұмыс)

6

С

Стиль және тілді қолдану

8

Барлығы

20


Мазмұндаманы критериалды бағалау

Критерий

Жетістік

Дескриптор

А

(max 6)

Түсінуі

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1

Мәтінді түсінбеген, тақырыпты аша алмады.

2

Мәтінді түсінген, мазмұндауда жоспардан ауытқу бар.

3

Мазмұны тақырыпқа сай, көптеген фактілер бұрмаланған.

4

Мазмұны тақырыпқа сай келеді,бірақ ойын баяндауда дәлсіздіктер кездеседі.

5

Мазмұны тақырыпқа сай, бірақ қажетті қорытындылар жасай алмады.

6

Мазмұны тақырыпқа сай ,мәтінді толық түсінген, тақырып ашылған, өзіндік ой- пікірін орынды қолданған.


Критерий

Жетістік

Дескриптор




В

(max 6)

Талдау,

Мәтінмен жұмыс

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1

Оқушының сөздік қоры өте жұтаң , сөздердің орын тәртібі сақталмаған.

2

Сөйлемдері қысқа, сөйлемдер арасындағы байланыс сақталмаған.

3

Абзац арасындағы байланыс сақталмаған

4

Сөздік қоры дамыған, бірақ сөз қайталаулар кездеседі.

5

Тіл байлығы әдеби тіл нормасына сай, бірақ ой жүйесінде ауытқулар бар.

6

Оқушының сөздік қорының кең екендігі байқалады.Сөз қайталаулар, орынсыз қолданылған сөздер кездеспейді.Ойы жүйелі.


Критерий

Жетістік

Дескрипторлар





С

(max 8)

СТИЛЬ және тілді қолдану

0

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады.

1

10 орфографиялық, 6 пунктуациялық қате Стилдік біркелкілік сақталмаған,сөйлем құрылысы бір үлгіде.

2

8-9 орфографиялық, 5 пунктуациялық қате Стилдік біркелкілік сақталмаған,сөйлем құрылысы бір үлгіде.

3

7 орфографиялық, 4 пунктуациялық қате кездеседі.

Стильдік ауытқулар бар.

4

5 орфографиялық, 3 пунктуациялық қате кездеседі. Стильдік ауытқулар бар.

5

4 орфографиялық, 2 пунктуациялық қате кездеседі. Стильдік ауытқулар бар.

6

3 орфографиялық, 1 пунктуациялық қате кездеседі. Стильге сай жазылған.

7

2 орфографиялық, 1 пунктуациялық. Стильге сай жазылған.

8

1 жеңіл орфографиялық немесе 1 пунктуациялық қате кездеседі.Стиль бірлігі сақталған.








Бағалау шәкілі:

«5» - 17 - 20 балл (100%-89%)

«4» - 14 - 16 балл (75%-88%)

«3» - 12 - 13 балл (61%-74%)

«2» - 0 - 11 балл (60%-дан төмен )

Критериалды оқытудың маңыздылығы:

Мұғалім үшін:

  • Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.

Оқушы үшін:

  • Берілген бағалау критерийлерін түсіну,қолдану,жұмысын бағалай білуі.

Ата-ана үшін:

  • Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы.


Критериалды бағалаудың пайдасы

  • Критериалды бағалау артықшылықтары:

  • Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

  • Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .

  • Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;

  • Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;

  • Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;

  •  Критерий арқылы  бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;

  • Білім берудің сапасы артады.


Нақтылық

Әділдік

Ынталандыру

Белсенділік

Жеке тұлға

Ендеше , өз топтарымыз бойынша мына суретке қарап мәтін құрамыз. Бағалау критерийін бірге жасау,әр топ бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс:

Бүгін мен не білдім?

Сізге бағалау түрлері ұнады ма?

Сізге не ұнамады, не түсініксіз болды?

Сіздің ұсыныстарыңыз


Стикерлерден алған ақпарат






















НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Критериалды ба?алау

Автор: Гумарова Айнагуль Гилмановна

Дата: 23.11.2015

Номер свидетельства: 257097


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства