kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қош келдің, Жаңа жыл!»»

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке? Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Бисенғалиева Ұлмекен Қаби қызына беріледі. Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық. Ән: «Аппақ, аппақ жапалақтап» Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не? Балалар: Шырша! Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен? 1-оқушы: Жасыл шырша орманнан, Бізге арнайы келіпті. Ойыншығын балалар, Шыршаға әсем іліпті. 2-оқушы: Әсем шырша сәнденген, Өз аңдарын күтеді. Жаңа жылмен бірге біз, Орманға кеп жетеді. 3-оқушы: Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы, Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.) Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы! Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен) Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді? Балалар: Аязата, Ақшақар. Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық. Балалар: Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.) Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?! Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Қоян: Білсем бұйырмасын! Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па? Қоян: Жоқ. Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?! Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді) Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек? Қоян: Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды ) Алыстан Аязатаның дауысы естіледі. Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық! Балалар: Аязата, Ақшақар! Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар! Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ, Дайындалдым жыл бойы, Жолға шығар келді уақ! Шақырымды жүздеген Басып өту мен үшін Жаңа жылдың түнінде Жасыл шырша түбінде. Кездессем деп сендермен, Таратсам екен сыйлықтар, Одан асқан не сый бар. Қуаныш сыйлау балаға Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын! Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек) Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды. Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жұр екен, кім тауып береді екен маған? 4-оқушы: Мұздан моншақ тағынып, Күміс қырау жамылып. Ортада тұр Ақшақар, Көптен күтіп сағынып. 5-оқушы: Кел билейік сенімен, Деймін тартып жеңінен Еріп кетпе Ақшақар. Адамдардың демімен. 6-оқушы: Міне тағы келіп тұр, Жаңа бір жыл балалар. Жадыратып жер үстін Төрімізге ол шыққан. 7-оқушы: Аспан жерге төгеді, Ақ күмісін уыстап, Жаңа жылда келеді Бізге қарай жылыстап. 8-оқушы: Жүзімізге күлкі ойнап Қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап Шаттанамыз бәріміз. Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес. Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпақ айтқан балаларға. Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді? Ертегідей орманнан Көктей өтіп келеді. Сұңқар бойлы бір сұлу Табыңдаршы, аты кім? Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді) Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр.... Балалар: Жаңа жыл! Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....

Балалар: Аязата! Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі.... Балалар: Әдемі! Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын. Құтты болсын.... Балалар: Жаңа жыл! (3 рет) Жаңа жыл келеді. Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, Қоймын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім. Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар әндерін айтып, билерін билеп берсін.

Ән: «Келші Жаңа жыл»

Ән: «Көңілді күн»

Би: «Аяз Ата»

Ән: «Жаңа жыл»

Би: Үнді биі

Ән: «Шыршаға бардық»

Ақшақар ойын ойнатады. Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз! Ән: «Жаңа жыл!» Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен. Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер. Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын. Сау болыңдар, балал




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Автор: Отаралиева Бақытжан Еңсепқызы

Дата: 11.01.2022

Номер свидетельства: 597287

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Қош келдің, Жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(28) "k_osh_kieldin_zhan_a_zhyl_12"
    ["file_id"] => string(6) "448069"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515170379"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Қош келдің Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(24) "kosh_keldin_zhana_zhyl_3"
    ["file_id"] => string(6) "498077"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549037543"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Жа?а жыл жарыл?асын""
    ["seo_title"] => string(20) "zhanazhylzharylkasyn"
    ["file_id"] => string(6) "275308"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452537938"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства