Кіші ?ылым Академиясы, Жоба та?ырыбы "Дельфин", Жоба жетекшісі: Аппасова Е Ж
Кіші ?ылым Академиясы, Жоба та?ырыбы "Дельфин", Жоба жетекшісі: Аппасова Е Ж
Дельфин – с?т?оректілер класыны? кит т?різділер отрядына жататын тісті киттер тобыны? бір т??ымдасы. Дельфиндер тропиктік ж?не ?о?ыржай белдеулерді? те?іздерінде тарал?ан. Кейбір т?рі полюстік белдеу те?іздерінде де кездеседі. К?біне топ ??рып тіршілік етеді. Дельфиндерді? жиырма туысыны? елудей т?рі бар. Б?ларды? дене пішіні ж?мыр, ?зынды?ы бір – он метр. К?пшілік т?рлеріні? басы ж?мыр ж?не т?мсы?ы ал?а ?арай шы?ы??ы келеді. Кей т?рлеріні? ар?асында ора? т?різді ар?а ?анаты бар. Жалпа? ??йры? ?анаты денесімен горизонталь ба?ытта орналас?ан. Алды??ы ая?ыны? с?йектері ?ыс?арып, сауса? с?йектері т?тасып ескекке айнал?ан. Арт?ы ая?ы м?лдем жойыл?ан. Дельфиндер ескек ая?тарымен суда ?те же?іл ?рі жылдам (са?атына елу километрге дейін) ж?зеді. Жал?ыз танау тесігі т?бесінен ашылады, сол ар?ылы дельфиндер о?тын-о?тын су бетіне к?теріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жа?сы жетілген. Тістері к?п. Терісінде т?ктері болмайды, терісі ?те серпімді келеді. Тері астында?ы май ?абаты жа?сы дамы?ан. Дельфинні? ?аныны? ??рамында гемоглобинні?, б?лшы? еттеріндегі ерекше а?уызды зат – миоглобинні? к?п болуы денесіндегі газ алмасу?а ?олайлы жа?дай жасап, су астында ?за? уа?ыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Оларды? ж?йке ж?йесі ?те жа?сы дамы?ан. Миы ?лкен, алды??ы ми сы?арларыны? сырты к?птеген сайшалар мен иірімдерге б?лінген. Дельфиндерде ?р т?рлі дыбыс тол?ындарын шы?аратын ж?не ?абылдайтын ?те к?рделі есту ж?йесі (эхолокация) жа?сы дамы?ан. Олар ?здерінен ?те н?зік ультрадыбыс тол?ындарын шы?арып, оны? кері ?айт?ан жа??ыры?ын ?абылдай алады. Сол ар?ылы ?орегін ?стайды, ?з ?йірін табады, суда?ы ?р т?рлі кедергілерді алдын ала сезеді. Дельфиндер екі жылда бір-а? рет ?рпа? береді. Ірі т?рлері елу, ?са?тары отыз жыл?а жуы? тіршілік етеді. ?ол?а тез ?йренеді, адам ?йреткен жатты?уларды шебер ?айталайды. Дельфин туралы жазыл?ан а?ыздар, деректер (адамды судан ??т?ар?ан, кемелермен ?атар ж?зіп серуендеген, т.б.) к?п. Ертедегі грек, италия те?гелерінде дельфинні? бейнесі со?ыл?ан. Аспанда?ы ж?лдыздарды? бірі дельфин аталады. М?ны? б?рі дельфин мен адам арасында?ы жа?ын ?арым-?атынасты а??артады. ?зен дельфиндері – жеке бір т??ымдас, оны? бес – алты т?рі бар. Олар Амазона, Ориноко, Ганг ?зендері мен ?ытайда?ы Дунтинху к?лінде кездеседі. ?азір дельфиндерді м?хитариумдарда, дельфинариумдарда ?олдан ?сіріп, т?рлі ?ылыми-зерттеу ж?мыстары ж?ргізілуде. Дельфинні? кейбір т?ріні? Жапонияда, А?Ш-та, Соломон аралында к?сіптік ма?ызы бар. Оларды? таби?атта саныны? азаюына байланысты 1966 жылдан аулау?а тыйым салын?ан. Мысалы, Калифорния те?із до?ызы деген т?рі Халы?аралы? таби?ат ?ор?ау ода?ыны? «?ызыл кітабына» енгізілген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кіші ?ылым Академиясы, Жоба та?ырыбы "Дельфин", Жоба жетекшісі: Аппасова Е Ж»
Мазмұны
КІРІСПЕ 2-бет
Дельфин туралы мағлұмат. Биологиялық сипаттамасы. 3-бет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Дельфиннің түрлері мен ерекшелігі 4-5-бет
Дельфинді қолда ұстаудың ерекшелігі. 6-бет
Дельфиндер адамды не үшін құтқарады? 7-бет
ҚОРЫТЫНДЫ
Ең әдемі, ең ақылды балық - дельфиндер жайлы қызықты деректер. 8-бет
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 9-бет
КІРІСПЕ
МАҚСАТЫ:
Дельфин туралы мағұлмат алу, оны қолда үйретудің ерекшелігін оқып – білу. МІНДЕТТЕРІ:
Дельфинге қатысты материалдар жинастыру.
Тапқан материалдарды іріктеп, жинақтау.
Дельфин жайлы білімімді тереңдету.
НЫСАНЫ: дельфин
ПӘНІ: дүниетану
БОЛЖАМ: дельфиннен адамдар мейірімділікті үйренеді
НӘТИЖЕСІ: жоба жұмысын рәсімдеу
І. Дельфин туралы мағлұмат
Биологиялық сипаттамасы
Дельфин – сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы. Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Кейбір түрі полюстік белдеу теңіздерінде де кездеседі. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Дельфиндердің жиырма туысының елудей түрі бар. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір – он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы дельфиндер оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жақсы жетілген. Тістері көп. Терісінде түктері болмайды, терісі өте серпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Дельфиннің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттеріндегі ерекше ақуызды зат – миоглобиннің көп болуы денесіндегі газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миы үлкен, алдыңғы ми сыңарларының сырты көптеген сайшалар мен иірімдергебөлінген. Дельфиндерде әр түрлі дыбыс толқындарын шығаратын және қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Олар өздерінен өте нәзік ультрадыбыс толқындарын шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдай алады. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз үйірін табады, судағы әр түрлі кедергілерді алдын ала сезеді. Дельфиндер екі жылда бір-ақ рет ұрпақ береді. Ірі түрлері елу, ұсақтары отыз жылға жуық тіршілік етеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды. Дельфин туралы жазылған аңыздар, деректер (адамды судан құтқарған, кемелермен қатар жүзіп серуендеген, т.б.) көп. Ертедегі грек, италия теңгелерінде дельфиннің бейнесі соғылған. Аспандағы жұлдыздардың бірі дельфин аталады. Мұның бәрі дельфин мен адам арасындағы жақын қарым-қатынасты аңғартады. Өзен дельфиндері – жеке бір тұқымдас, оның бес – алты түрі бар. Олар Амазона, Ориноко, Ганг өзендері мен Қытайдағы Дунтинху көлінде кездеседі. Қазір дельфиндерді мұхитариумдарда, дельфинариумдарда қолдан өсіріп, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дельфиннің кейбір түрінің Жапонияда, АҚШ-та, Соломон аралында кәсіптік маңызы бар. Олардың табиғатта санының азаюына байланысты 1966 жылдан аулауға тыйым салынған. Мысалы, Калифорния теңіз доңызы деген түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
ІІ. Дельфиннің түрлері мен ерекшелігі
өп. Амазон өзенінің дельфині мамыр-шілде айларында, cу деңгейі көтерілгенде көбейеді. Олар жақсы көреді, сондай-ақ есту қабілеттері де жақсы дамыған. Одар өздерінен ерекше ультрадыбыс шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдау арқылы өз жемтігін табады.
U Ақ дельфин (лат. Delphinapterus leucas) - нарвалдар тұқымдасының ақ дельфин түр тармағына жататын сүтқоректі. Туыстың жалғаз түрі. Дене ұзындығы 6 м, салмағы 2 т, басы дөңгеленген, кішірек. Дене түсі жасына байланысты өзгереді: жаңа туған дельфин (ұзындығы 1,5-1,6 м) ақшыл-сұр соңынан караяды содан кейін түсі сүрланады ересектерінің түсі ақ. Арктика, Чукотка, Беринг және Охота теңіздерінде таралған, кейде оңтүстік аймақтарында кездеседі. Балық және шаянтәрізділермен қоректенеді. Жүйелі түрде орын ауыстырып тұрады жазда су жағалауымен ашық теңізде, қыста жусарда мекендейді. Балық соңында өзенге 100 шақырымға дейін жүзіп көтеріледі. Еріксіздікке төзімді. Шектелген кәсіпшілік нысаны.
Қара теңіздің дельфиндері. Дельфиндер эхолокацияның көмегімен дәлдік орнатады. Алдын ала толқын жіберіп, ол алдындағы объектіге соқтығысып, одан пайда болған толқын жауап ретінде қайта келеді. Бұл дегеніміз әлгі дельфиннің алдында не күтіп тұрғанынан хабар береді деген сөз. Міне, осындай әдіс арқылы түнде көз көрмейтін қараңғыда да олар қорегін ұстай алады. Егер де бір алда қауіп төніп тұрса, одан да әлгінде айтқан әдіс бойынша оңай құтылып кетеді.
Адамдардан кейінгі ең ақылды тіршілік иелері ол дельфиндер екен. Салмағы бойынша дельфин миының салмағы адам миының салмағынан жоғары. Яғни, дельфинда 1,7 кг ми болса, адамда бұл көрсеткіш 1,4 кг құрайды. (Адамның миы дельфиндікінен 300 грамға кем екем)
Дельфин ұйықтап жатса да түріне қарасаң олай деп айту қиын. Иә, дельфиндер осылай ұйықтайды. Олар ұйықтағанда милары жартылай жұмыс жасайды. Мидың екі бөлігі кезек-кезек қызмет атқарады. Бір бөлігі ұйықтағанда, екінші бөлігі сергек күйде тұрады. Бұл мидың қызметі қандай? Ұйқы кезінде дельфиннің денесін жоғары көтеретін осы ми бөлігі болатын. Жоғары көтерілген дене бір тыныстап алады да, қайта ұйқыға кетеді. Мұндай ұйқы түрі тек қана дельфиндерде ғана кездеседі.
r Аталықтарының ұзындығы 1,5 м-ден 3 м- гедей Амазондық дельфин. Амазон өзенінің дельфині басқа дельфиндерге қарағанда еріншек болып келеді. Олар 30 жылға жуық өмір сүреді. Бұл дельфин шөбі мол таяз суларда олжасын оңай ұстайды. Сондай- ақ олар таза суда тіршілік етеді. Денесінің үстіңгі жағы-қоңырқай. Құйрық жүзбеқанаты әлсіз болғандықтан, суда тез жүзе алмайды.
Ал аналықтары 2 м-ге жуық болады. Салмағы шамамен 161 кг дейін жетеді. Амазон дельфині жайын, пиранья және шаянтәрізділермен қоректенеді. Ол Амазон, Венесуэла, Ориноко өзендерінде, сонымен қатар Колумбия, Эквадор, Солтүстік Перу, Бразилия және Боливияда тіршілік етеді. Амазон өзенінің бойын мекендейтін халықтар арсында осы бір дельфин жайлы аңыз- әңгімелер өте көп.
Күңгірт дельфин. Күңгірт дельфиннің денесі шағын. Дене тұрқы- шағын. Қып- қысқа тұмсығы сүйірлеу болып келеді. Бұл дельфиндердің ең ірісі Перу Республикасы маңындағы мұхит суларында кездеседі. Күңгірт дельфиндердің ұзындығы 1- 1,5 метр аралығында.Ол балықтармен, анчоустармен және асшаяндармен қоректенеді. Ең ірі күңгірт дельфиннің ұзындығы 2 метрге жуық. Жотасынан тұмсығына дейінгі аралық ақшыл сұр түсті болса, бауыры мен көкірегі- ақ түсті. Тұмсығы жоқ, басы тыныс алқымынан тұмсық ұшына дейін жалғасып кеткен. Адамдардан үрікпейді. Топтасып өмір сүреді. Олардың бір үйірінде 100- ге тарта дельфин болады. Жаңа туылған дельфиннің салмағы 5 келі, ал ұзындығы 60-70 см аралығында болады.
Күңгірт дельфиндер- ақтұмсықты дельфиндер, ақ бауырлы Атлант дельфиндері, ақ бауырлы Тынық мұхиты дельфиндері, Крест тәрізді дельфиндер және Пил дельфиндері сияқты дельфиндердің түріне жатады. Аналықтары 2-3 жылда бір рет балалайды.
Күңгірт дельфиндерді алғаш рет 1828 жылы ағылшын ғалымы Джон Грэй сипаттаған. Оларда «қарақоңыр» немесе «күңгірт» деген мағынаны білдіртетін «Дельфинус оскурос» деген латын атауы берілген.
ІІІ. Дельфинді қолда ұстаудың ерекшелігі
Олар топтасып, бірге жүреді. Содан болар, алып акуланың өзі қорқады. Жақында ғалымдар дельфиндердің туыла сала ат қоятындарын анықтады. Бір ысқырған кезде бірнеше дельфиннің ішінен тек біреуі ғана бұрылатын болған. Дельфиндер көп жағдайда адамдарға ұқсас келеді. Аналық дельфиндер 12 ай көтеріп, 8 ай емізеді. Ұйықтаған кезде миы екіге бөлінеді. Яғни, бір бөлігі демалып, ал қалғаны жұмыс істейді. Бұл суда жақсы жүзіп, бір орында демалуына, дауыл тұрғанда суға шашалып қалмауына көмектеседі. Жаңа туылған кезде анасының жанында көмекші болуы керек. Өйткені, сәби делфиньге тыныс алуды үйретеді. Дельфиннің миы 1700 грамм. Салыстыру үшін айтсақ, адамның миы 1400 грамм. Адамға қарағанда, ми қатпарлары екі есе артық.Сондықтан дельфиндердің миы адамдарға қарағанда екі есе артық жұмыс істейді дейді ғалымдар.
Дельфинге қалам ұстауды, доппен ойнауды үйрету үшін, ол дельфиннің қабілетіне байланысты. Кейде бір-екі рет көргеннен-ақ үйреніп алады. Негізі дельфинге іс-қимылды үйрету үшін алты ай уақыт кетеді. Жаттығу кезінде «мен мынаны жасай аламын» деп өздері көрсетеді. Біз қағазға жазып аламыз. Егер селсоқ жүзсе, оның бүгін ешнәрсе жасамайтынын білеміз. Көбіне доппен ойнағанды, суға қарғып секіргенді жақсы көреді. Күнде жаттығу жасайды. 1-1,5 жастан бастап дельфиндерді сахнаға шығара бастайды. Теңізде болса, 40 жасқа дейін өмір сүреді. Ал қолға үйретілгендері 50 жылға дейін. Өйткені, уақытында тамақ ішеді, дәрігерге де көрінеді. Осының барлығы оның өмірін ұзартады.Тапсырманы орындағысы келмейтін кездері де болады.
Олар да адам секілді, балық беріп, еркелетеміз. Суда адам секілді жүзеді. Өйткені, желбезегі жоқ, өкпемен тыныс алады. Егер өкпесіне салқын тисе, жөтеледі. Сол үшін жақсы күтім керек. Әсіресе, суды теңіздің суына айналдыру қиын. Арнайы тұз қосамыз. Бұл дельфиннің терісіне әсер етеді. Қызыл балықты, уылдырықты жақсы көреді.
Өздеріне тән мінездері болады. Барлығын еркелеп, қуланып жүріп жасайды. Кейбірі өте еңбекқор әрі ұмытшақ. Дельфиндердің әртүрлі дыбыс шығаратын және қабылдайтын есту жүйесі жақсы дамыған. Дыбыс арқылы тамағын тауып жейді, қауіпті сезеді.
Сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуге де әсері бар. Адамдар дельфинмен сөйлескенде, сипағанда оның энергиясы көбірек бөлінеді. Осы кезде ауру адамдар дельфиннен шипа алады.
ІҮ. Дельфиндер адамды не үшін құтқарады?
Суға батып бара жатқан адамды дельфиннің құтқаратыны туралы алып-қашпа әңгімелер сонау антика дәуірінен бері айтылып келеді. «Дельфин не үшін адамның құтқарушысы?» Бұл сұрақ ғалымдардың жылдар бойы бас қатырған сауалына айналды. Дегенмен, олардың бұл сұраққа жауаптары да жоқ емес.
Ең алдымен дельфин де адам сияқты ауамен тыныс алады. Сондықтан, дельфиндер ауа жетпей қалатындардың жағдайын жақсы біледі. Ауа жетпей қалған кезде дененің жансыздануы оларға таныс болғандықтан, бізге көмек көрсетуге асығады екен.
Ал кейбір ғалымдар дельфиндер адамдарды өздерінің туысқаны деп есептейдідеп санайды.
Дельфиндер өте қызыққұмар әрі ақылды болып жаралған. Дегенмен олар тек қана адамдарды құтқаруға асықпайды. Олар жыбырлаған кез келген нәрсені (қалқыған ойыншық, жүзіп жүрген ағаш т.б.) жағаға итеріп шығарып тастайды екен. Оларды да өздері сияқты тұншығып, дем ала алмай қалады деп санайтын шығар...
Дельфиндер кейде тұмсығымен соғып акуланы да өлтіріп қоятын кездері болады. Тіпті акуланың өзі дельфиннен қорқатын сәттері жиі кездеседі.
Дельфиндерде иіс болмайды және иіс сезбейді. Бірақ ащы, тұщы, қышқыл, тәттіні бірден айыра алады.
Ү. Ең әдемі, ең ақылды балық-дельфиндер жайлы қызықты деректер
Дельфиндер жалғыз өмір сүрмейді.
Жалпы әлемде теңіз дельфиндерінің 32 түрі және 4 өзен дельфиндері бар.
Ежелгі Грецияда дельфинді өлтіргендер ауыр жазаға тартылатын болған. Гректер дельфиндерді "әулие балық" деп атайтын болған.
Плиний, Геродот, Аристотель, Элиан секілді атақты философтар дельфиндердің аяушылығын, достығын және адамгершілігін сипаттаған.
Дельфиндер тістерін тек құрбанын ұстап қалу үшін пайдаланады, алайда қорегін шайнауға қолданбайды. Себебі оларда жақ бұлшық еттері жоқ.
Кейбір дельфиндер алпыс сөзді ажырата алады. Мұндай мөлшерді сөзден 2000-ға жуық сөйлем құрауға болады.
Дельфиннің өкпесіндегі бір шай қасық су оны оп-оңай батырып жібереді.
Дельфин шығарған ауа жылдамдығы сағатына 160 километрден асады.
Дельфиндер адам сияқты қорегінің дәмін ажырата алады.
Кейде дельфиндер өздерінің тұмсықтарымен акулаларды да өлтіре алады.
Ғалымдардың пайымдауынша, дельфин дауысын дұшпанын қорқыту үшін пайдаланады.