Тақырыбы:« Әкем, шешем және мен » толағай отбасылық эстафеталық сайыс Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, денсаулық негізі қимыл, спорт екенін балаларға ұғындыру. Ата – аналардың балабақшаға тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата – аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу. Саламатты Қазақстанның ұлағатты ұрпақтарын қалыптастыру. Қажетті құралдар: Доптар, кеглдер, жалаушалар ,кенгуру т.б. Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер және оқушылар! «Тәрбие көзі –салт-дәстүр» атты 29.02-05.03. арасында өтіп жатқан апталықтың бір бөлігі «Әкем,шешем және мен» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. Спортты серік ете біл, Жақсы азамат боласың. Жеңімпаз болу оңай ма, Арман болған талайға? Болмасаң да ұқсап бақ, Жарысқа түсіп қалайда Бұл эстафетаны ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз – үлкен іске үн қосу, салауатты өмірге үндеген Елбасының саясатын насихаттау. Олай болса құрметті қонақтар және спорт жанкүйерлері, жарысқа қатысушы топтарды қарсы алайық! 1. « Тұлпар » командасы 2. « Қыран » командасы 3. « Жұлдыз » командасы 4. « Көк байрақ »командасы 5. « Тұлпар » командасы Бүгінгі мерекелік шараға құттықтау сөз айту үшін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Айнұрға сөз беріледі. Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз Думанға қызық келіңіз Әділқазы ел сенген, Өнерге баға беріңіз. - деп жарысты бастамас бұрын бүгінгі ойынға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар. 1. 2. 3. (Әділ – қазылар алқасы «3», «4», «5» деген ұпаймен әр ойынды бағалайды.) Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыстың бағдарламасы: «Таныстыру» «Кедергіден допты жерге ұру арқылы өту» «Скакалкамен секіру» «Бір аяқпен секіре жүгіру» «Топтасып жүгіру». Сонымен ойынымызды бастаймыз. «Таныстыру».Әр топ өз командасын таныстырады.Ұранын айтады.Эмблемасын табыстайды. 2.«Кедергіден допты жерге ұру арқылы өту» 3.«Скакалкамен секіру» 4.«Бір аяқпен секіре жүгіру» 5.«Топтасып жүгіру». Қорытынды. Көрсетті міне өз өнерін балалар, Сайыстың да соңы келіп таянар. Жеңімпазды анықтайық кәнеки, Әділқазы сайысты әділ бағалар, Сөзді әділдікпен шешетін қазылар алқасына береміз. Мінекей құрметті спорт сүйер қауым біздің бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. « Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй» - деп ендігі кезекті әнге берейік. 1._Серикбаева Жұмагүлдің орындауында___ «Қазақстаным» әні Енді сөз кезегін әділқазыларға береміз. Қорытынды. (Жеңімпазды атау) Құттықтау. Алғыс хат Жеңімпаз командаға сыйлық. Жүргізуші: Әкем, шешем көңіл қойса, дем беріп Спортты біз сүйер едік тең көріп Салауатты өмір салтын сақтайық Спорт қана қамалымыз ең биік – деп бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. |